Материалдар / Тренинг сабақ:«Отбасы бала бақытының негізі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тренинг сабақ:«Отбасы бала бақытының негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен жұмыс барысында қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Отбасы бала бақытының негізі» ата-аналарға арналған тренинг

Тренингтің міндеттері:1) өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;2) баламен өзара қарым-қатынасты жақсы түсіну;3) баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

Тренинг мақсаты:Мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық  жаттығулар.Тренинг Бағдарламасы:1.  Сәлемдесу 2. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.3.  Ситуациялық сұрақтар.4.   «Тілек шамы» жаттығуы5.   «Ғажайып қалпақ»6.     Қорытынды.

Психолог:-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!Бүгінгі  біздің «Отбасы- бала бақытының негізі» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!  Ата-ананың  тілегі –баласының  жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.Баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

1.  «Танысу» жаттығуы.Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы түрлі елдердің амандасу түрлері бойынша амандасады.2. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.1.    Балаңыздың туған  күні? 2.    Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?3   Балаңыздың парталас көршісі кім?4    Балаңыз қандай өлшемді  аяқ киім киеді?5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?6   Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?8    Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?9.    Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?10  Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?11.  Бос уақытында қандай іспен шұғылданғанды ұнатады.12.  Балаңыздың ренжігенің қалай білесіз?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.5.Ситуациялық сұрақтар.Ата-аналар үстел үстінен  үлестірмелі қағаздарды  бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.1-Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?2-Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?5.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіздің қаражатыңыз жеткіліксіз,не істейсіз?6.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз? Тілек шамы жаттығуы.Отбасы, ыстық ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.- Ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті деп білейік.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!