Материалдар / Түбір мен қосымша
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Түбір мен қосымша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
304
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 46-сабақ. Түбір мен

қосымша

МЕКТЕП:№51 «Дәуір» ЖОМ КММ

КҮНІ: 02.12.2020

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Барлыбаева Т.


СЫНЫП: 3 «А» сынып

қатысқандар саны:18

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.3.1 мəтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.1.2 түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтап жазу.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Түбір мен қосымшаның жазылуын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы білімдер

Түбірлес сөздер.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.

Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) Ой қозғау!

«Сыңарын тап» ойыны.

(Терең – таяз, ыстық – суық, адал – арам, жұмсақ – қатты, жуан – жіңішке.)

Интерактивті тақта

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

5 минут

3.2.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі ойды анықтау.

33-жаттығу. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мəтін мазмұнымен жұмыс ұйымдастырылады. Мəтіндегі негізгі ой анықтатылады. Мəтінді мазмұндайды.

Оқулық

5 минут

(Т; Қ) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған

«Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мəтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-əрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.


2 минут

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау.

Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс- əрекеттеріне кері байланыс жасайды.


3 минут

(Ө; Қ) Өз көзқарасын білдіру.

Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме? Оны



түсінуге не себеп болды? сұрақтарына жауап беріп, өз көзқарастарын білдіреді.


1 минут

Ой сергек!

Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.


http://balapan.kazt rk.kz

4 минут

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Мəтін мазмұнына өз ойыңды қысқаша жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Мəтін мазмұнына өз ойын жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


Оқулық

2 дəптермен жұмыс

3 минут

3.4.1.2 (Т; Ж; Ұ; Қ) Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтап жазу.

Мəтіндегі қарамен берілген сөздердің жазылуына назар аудартылады. Бұл сөздердің түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін айтып, ой тұжырым жасайды.

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқиды. Жасаған ой қорытындысын оқулықтағы берілген ақпаратпен салыстырады. Түсіндіру, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.


Оқулық

4 минут

3.4.1.2 (Ө; Қ) Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтап жазу.

34-жаттығу. Суреттегі сөздерді жұптастырып жазады. Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды. Орындаған жұмыстарын түсіндіру, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.


Оқулық

2 дəптермен жұмыс

3 минут

3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

35-жаттығу. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


Оқулық

2 дəптермен жұмыс

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

4 минут




2 минут

(Ө; Қ) Бос уақытында немен айналысатынын жазу.

Бос уақытында немен айналысқанды ұнататынын жазып, өз ойын білдіреді.

Жазған жұмысын топта жариялап оқиды.


(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

2 дəптермен жұмыс



2 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!