Материалдар / Тұғыры биік - Тәуелсіздігім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұғыры биік - Тәуелсіздігім

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік күніне сценарий тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
278
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балдырған» бөбектер бақшасы» МҚКК











Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ертеңгілік.

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік!»

















Тәрбиеші: Ермекова Жанбота Талгатовна

Май ауылы2016- 2017 оқу жылы





(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс шара сценарий)Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.Жүрг:  Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,Серпін таста мұңды жүрек түндігінШарықтайық, шаттанайық, тынбайықТәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Мультимедиялық тақтадан Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы слаид көрсетіледі.Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыздар:«Тәуелсіздік ел ұраны» әні орындайды.Жүрг: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жылы лебіздерді қабыл алыңыздар:Отан жерім, Отан суым,Отан қуат, нәр береді.Отан- ұран, Отан туым,Отан мәңгі гүлденеді!Қуат алған өзінен,Туған елдің ұлымын.Бақытты етіп өсірген,Отанымның гүлімін.

Шырқап көкке аспан- ән,Болашаққа бас қадам.Қазақ рухын биіктет,Ей, бас қалам Астана.

Елтаңбасы елімнің,Неткен әйбат, әдемі.Тұнығындай көңілдің,Ортада -аспан әлемі.

Тәуелсіздік жолында,Талай- талай тер тамған.Билігім өз қолымда,Еркіндігім Елтаңбам.

Он алтыншы желтоқсан,Тәуелсіздік алған күн.Мерекеге ел тосқан,Шырқатып ән салған күн.

Тәуелсіздік елдеміз,Қуанамыз күнде біз.Ата-бабам қалдырған,Қазақтың біз батырымыз!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,Мықты болсын елімнің керегесі.Татту тәтті боп халқымыз әрқашан,Кетпесін туған жердің берекесі.

Тәуелсіздік мақтанышым,Бізге бақыт сыйлаған.Бейбіт күнде мен тынышпын,Әрбір таңым нұр маған.

Отан деген атамекен,Отан деген туған жер.Отан ана- отан үлкен,Қазақстан туған ел.

Өзіңдікі еліңде,Өзіңдікі жерінде.Жаса Қазақстаным Тәуелсіздік төрінде.

Жүрг:  Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай              Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар-ай.

Би «Домбыра биі» қарсы алыңыздар.

Жүрг: Еліміз егемендік алып, міне сендер ана тілінде сөйлеп жүрсіндер. Тіліміз бен дініміз қайта оралды. Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер. Болашақтарың жарқын болатынына сенімім мол. Енді Отанымыз жайында ән шырқайық балалар.. Ән «Отан ана» орындалады , қарсы алыңыздар!Жүрг:  Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)3.Біз қандай елде тұрамыз?4. Рәміздерімізді атандар.Жүрг:  Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар мен азаматшалар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жүрг: Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы далаШуақ болып шашылмай жылына маСүй отанды шынымен сүйіп өт теГүл боп қадал ойына, қырына да.

Би: Балалардың орындауында заманауи би флешмоб «Жаса Қазақстан» тамашалаңыздар!

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Қош сау болыңдар!. «Көк тудын желбірегені» залдан шығады.Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!