400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш қазақ математика ғылымының профессоры – Әлімхан Ермековтың 132 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған іс- шара әзірлемесі «Шапшаң ойлап, шапшаң жүр» эстафеталық сайыс мерейтойына орай өткізгелі отырған сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайысымыздың мақсаты: Спорттық ойындарға бейімдеу. Барлық үйірмелердің жұмысын қамти отырып қызықты сайыс ұйымдастыру. Бұл сайыста шешендік өнер, менталды арифметика спорт үйірмесі және бастауыштағы баспалдақ, өлкетану, жас қаламгер, үйірмелерінің жұмыстары қамтылып отыр. Оқушыларды, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Логикалық және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш қазақ математика ғылымының профессоры – Әлімхан Ермековтың 132 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған іс- шара әзірлемесі


Сабақ тақырыбы:«Шапшаң ойлап, шапшаң жүр» эстафеталық сайыс меретойына орай өткізгелі отырған сайыс.


Өтетін орны. Егіндібұлақ ауылы. ДСО (денсаулықты сауықтыру орталығы)

Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы ілінген плакат, қима қағаздар, шеңбер, кітаптар.
Сайысқа қатысушы 4 топ болады. 1- топтың құрамы: 4 баладан тұрады. Бір топта жас ерекшеліктерін ұстана отырып топ құрадық. 1 топ мүшесі: 6-7 жас, 2- топ мүшесі 8-9 жас, 3- топ мүшесі 10-11 жас және ең ересек топ мүшесі 12-13 жас болады.
Сайысымыздың мақсаты:

Спорттық ойындарға бейімдеу. Барлық үйірмелердің жұмысын қамти отырып қызықты сайыс ұйымдастыру. Бұл сайыста шешендік өнер, менталды арифметика спорт үйірмесі және бастауыштағы баспалдақ, өлкетану, жас қаламгер, үйірмелерінің жұмыстары қамтылып отыр. Оқушыларды, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Логикалық және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.


«Шапшаң ойлап, шапшаң жүр» эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!


Жарыс алдындағы дене қыздыру жаттығуы барлық команда флешмоб билейді.


Қатысушылардың ойын жинақтау мақсатында бірнеше нейрожаттығулар жасаймыз.

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Сонымен қатар, біз психологиялық денсаулығымызды ойлап жан- жақты креативті және логиканы дамыту жаттығуларын үнемі жасауымыз керек. Бүгінгі өткізгелі отырған «Шапшаң ойлап, шапшаң жүр» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер. 




Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.

1. __________________________________________________________

2.___________________________________________________________

3.___________________________________________________________

4 ___________________________________________________________

Спорттық сайысымыз ең жоғарғы 5 ұпай, ең төменгі 2 ұпаймен бағаланады. 

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!


Олай болса ойын кезеңдеріімен таныстырып өтейік.

 Ойын 5 кезеңнен тұрады:

І - Кезең. Ойыншылардың төсбелгісі мен ұраны және спорттық киімі бағаланады.

І- кезеңнің мақсаты: Тәртіпке, бірізділікке және топпен жұмыс жасауға баулу.

Жүргізуші: Ал, енді бірінші кезеңіміз аяқталды сол кезеңнің қорытындысын әділ- қазылар алқасынан сұрайық.

  1. - топ_______________________________________________________

  2. топ_______________________________________________________

  3. топ_______________________________________________________

  4. топ_______________________________________________________

ІІ- кезең «Жарысайық бәріміз» бұл кезең топтың татулығын нығайту, спортқа деген сүйіспеншілігін және креативті ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.

ІІ- кезең. Ойын шарты: «Жарысайық бәріміз»


Төрт оқушы бір- бірінің белдерінен ұстап жылдам жүре отырып, кедерегілерден өтіп «Кескінді жалғастыр» ойынын саламыз /берілген суреттен немесе сызықтан қандай да бір зат немесе жан- жануарлар шығару./ кескіннен қандай бір сурет салғаннан кейін бірінің белінен бірі ұстап кері қайтады. («Кескінді жалғастыр» яғни «Друдлы» ойыны креативті ойлау қабілетін дамытады, қандай бір пішіннен сурет құрастырып шығаруға мүмкіндік береді./ )

Жүргізуші: Ал, енді бірінші кезеңіміз аяқталды сол кезеңнің қорытындысын әділ- қазылар алқасынан сұрайық.

  1. - топ___________________________________________________

  1. топ_________________________________________________

  2. топ_________________________________________________

  3. топ_________________________________________________

Осы кезеңнің қорытындысын айтып болсақ, келесі кезеңмен таныстырып және түсіндіріп өтсем деймін. Кәне олай болса біздің спортшы және ақылды ойыншыларымыз мұқият тыңдап, түсініп алуларыңыз сұралады. Бұл кезең биылғы жылы Қазақстан Республикасының күнтізбесіндегі атаулы күндер болып саналатын ҚР ұлы тұлғаларына арналады. Біз спортпен ғана шұғылданып қоймай, ақылымызды да шыңдап отырайық деп шештік. Олай болса келесі кезеңнің шарты мен мақсатына тоқтала кетсем деймін.

ІІІ - кезең: «Кім ұқыпты,кім шапшаң?» бұл кезең әрбір ойыншыны ұқыптылыққа тәрбиелеу және жылдам ойлап құрастыруға баулу үшін ұйымдастырылған.

Кезеңнің шарты: «Кім ұқыпты,кім шапшаң?»

әрбір бала аяқтарының ортасына үрленген шарды қыстырып алып тиісті орынға барады да сол жерде келесі ойыншыны күтеді, барлық ойыншы жиналған соң конвертті ашып «Құрастырма» қағазын жылдамдатып құрастырамыз да орнымызға қайтып келеміз. (Құрастырма қағаздар: математик Ермеков Алимхан, Қожа Ахмет Яссауи, Спандияр Көбеев, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің суреттері ) Құрастырма логиканы дамытуға арналған жаттығу.

Жүргізуші: Ал, енді екінші кезеңіміз аяқталды сол кезеңнің қорытындысын әділ- қазылар алқасынан сұрайық.

  1. - топ_______________________________________________________

  2. топ_______________________________________________________

  3. топ_______________________________________________________

  4. топ_______________________________________________________

Әділ- қазылар алқасының шешімін тыңдап болсақ келесі кезеңнің шарты мен мақсатымен түсіндіріп кетсем деймін. Бұл кезеңде әрбір оқушының қазақ тілі мен шешендік өнерге деген бейімділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Әрбір ойыншы өз жас деңгейіне байланысты тапсырманы орындауы тиіс. Олай болса келесі кезеңді бастайық.


ІҮ - кезең: «Кім жылдам? Кім тапқыр?» Бұл ойынның басты мақсаты жылдамдыққа, ептілікке және тапқырлық пен өз тілін құрметтеуге бағытталған.

Кезең шарты: «Кім жылдам? Кім тапқыр?» Шеңбермен секіріп отырып белгіленген жерге кедергілерден өтіп барып

  • 1- ойыншыға берілген мақал мәтелдің басы беріледі сол ойыншы мақалды жалғастыру керек тапсырманы жылдам орындап, қайта қайтуы керек. Келесі ойыншыларда солай жасайды, берілген тапсырманы орындайды.

1. Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

2.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3 .Алпыстағы атаңды жыққанша, Алтыдағы атанды жық.

4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

  • 2- ойыншыға тапсырма бір сөзге фонетикалық талдау жасау керек. (неше буын, неше дыбыс, дауысты және дауыссыз әріптерді тауып жазу))

  • 3- ойыншы берілген сөзді оңнан солға қарай жылдам жаз (НАҚСЫУАС, НАРЙА, МЕТКӨК, ҚЫДНАС)

  • 4 – ойыншы Буыннан үш сөз құра мысалы: қор – жын, қой –шы, қар- быз, қыл- шық теп осы кезең ең жоғарғы ұпай 5, ең төменгі ұпай 2 санымен бағаланады

Жүргізуші: Ал, енді осымен үшінші кезеңімізде өз мәресіне жетті.Сол кезеңнің қорытындысын әділ- қазылар алқасынан сұрайық.

  1. - топ_______________________________________________________

  2. топ_______________________________________________________

  3. топ_______________________________________________________

  4. топ_______________________________________________________


Келесі кезеңіміз «Шапшаң жүріп, жылдам шеш» деп аталады. Олай дейтініміз бұл кезеңде математика пәніне мән берілген. Сондықтан құрметті ойыншылар ойын шартын мұқият тыңдап ұғып алайық.


Ү –кезең: «Шапшаң жүріп, жылдам шеш» бұл кезең спортқа бейімділіктерін арттыру , сонымен қатар математикалық есептерді жылдам шешу және логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағытталған.

«Шапшаң жүріп, жылдам шеш» Бұл ойынның мақсаты балалардың ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Бұл ойында ойыншылар екі қолын беліне қойып, жартылай отырып, жүріп барып 1- ойыншыға берілген математикалық тапсырманы шешуі керек, содан соң қайта орнына жүгіріп оралу керек. Осылай ойын жалғасын табады.


Әр кезең ең жоғары ұпай 5 және ең төменгі ұпай 2 санымен бағаланады. Бағалану уақытқа және тапсырманың дұрыс орындалуына байланысты болады.





 Жүргізуші: Ал, осымен бүгінгі ақыл мен сана, дене мен қимылға арналған сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасынан барлық кезеңнің қорытындысын сұрайық.

  1. - топ_______________________________________________________

  2. топ_______________________________

  3. топ_______________________________________________________

  4. топ_______________________________________________________

Біздің әділ- қазылар әрбір кезеңнің ұпай сандарын санап болғанша, біз барлық ойыншылар мен қатысушы ұстаздармен «Біз біргеміз, берік іргеміз» деп психологиялық ойын ойнайық.

Қорытынды сөз.Марапаттау рәсімі.

«Шапшаң ойлап, шапшаң жүр» атты сайысыздағы жеңімпаздарды марапаттауға Сөз кезегін оқушыларымызды жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салты мен барлық үйірмелерге баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды шыңдап келе жатқан Оқушылар орталығының директоры Нурлан Избасаровичке сөз кезегін береміз.

Жүлделеріңіз құтты болсын! Ізгі ниет,жақсы өнеге тозбасын


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12