Материалдар / Туған жер -тұңған тарих атты тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туған жер -тұңған тарих атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер -тұңған тарих атты тәрбие сағаты .Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілген іс-шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2022
494
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Жұмыс орны атауы:

Педагогтің аты-жөні:

Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия

Мухамеджанова Муксина Мерхатовна

Күні:

16.11.2022

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 15 Қатыспағандар саны:5

Сабақтың тақырыбы:

«Туған жер- тұңған тарих»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды туған өлкеге деген қадір қасиетті

оята отырып, сол сүйіспеншілікті қалыптастыру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


І. Елбасымыз Н.Әбішұлының «болашаққа бағдар, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бағытталған бүгінгі «Туған жер – тұнған тарих» атты танымдық іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Кіріспе сөз:

Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.

ІІ. Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.

ΙΙΙ. Көкшетау – көк күмбездей төңкерілген,
Орманмен сексен көлі көмкерілген.
Аралы мұхит-түздің – алтын бесік,
Ауысқан ертегіге ертегіден.
Шортанды, Шалқар, Шабақ, Бурабайдың
Көлдері көздей сырлы, көктей айдын.
Теңіздің тетесіндей тентек өскен,
Толқыны жағаға ұрып шашады айбын.
Тамыры табиғаттың дәрі толған,
Аңқиды, шайқаса жел, жұпар орман. ІV.Оқушылар көңіл күйлерін көтеру мақсатында,бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады V. Слайд:

1.Көкшетау ескерткіштерінің тарихы (суреттер)

2.Тұғыры биік тұлғалар (суреттер)

3.Туған ел мақтаныштары (суреттер)

4.Ғалымдар, қаламгерлер (суреттер)

5.Ребустар (суреттер)

VΙ. Ендігі кезекті «Сергіту сәтіне» берейік

«Мақал-сөздің мәйегі»айдары. Оқушылар ауыз әдебиетіндегі мақал мәтелдер айтады.

VΙІ. «Сөйлемді жалғастыр» атты ойынына кезек берейік.Ойын оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке,жылдам ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді.

VIII.Оқушылар туған өлкесі, Көкшетау қаласы туралы өлең жолдарын жатқа оқиды.

Диас: Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей
Басқа тау ойды аспанға өрлетпейді.
Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді.
Көкшеде күңіренген Кенем қайда?!
Дариға, жүрегімді дерт өртейді.
Көкшені күндіз-түні мұнар басқан,
Қап-қара бұлттармен құшақтасқан.

Аяулым: Бауырында жер еркесі Көкшетаудың
Құзында көкті сүйген шыңыраудың
Желбіреп қызыл тулы аспандаған
Бақытты нұрына алып колхоз аулын.
Таусылмас Көкшетаудың сыр келбеті
Сия алмас сұлу сөзге жер суреті.
Сүп-сүйір қос өркешті айы туы
Тотыдай түрленіп тұр Сырымбеті.

IХ. Аянат: Ұлы да құдіретті Алла Тағала осындай кішкентай ғана жерде орман, көл, тауларды көз тұндырарлық әдемілікпен жаратқан. Кез-келген жанды ерекше сұлу табиғатымен баурап алатын бұл өлке жайлы аңыз-әңгімелер, мәліметтер өте көп. Бүгінде  қазақ даласының інжу-маржаны аталған Бурабай жайлы сыр шершетін болады.

Х. Іс-шараны оқушылар «Қарлы кесек» атты ойынымен аяқтайды.Ойын барысында туған жеріне, халқына тілектерін айтады.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Бейнеролик


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».

Рисунок 23





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!