Материалдар / «Туған өлкем-жұмақ мекен» тәрбие сағат Есмагулова Р.С Бастауыш сынып мұғалімі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Туған өлкем-жұмақ мекен» тәрбие сағат Есмагулова Р.С Бастауыш сынып мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
634
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Туған өлкем-жұмақ мекен» 

Есмагулова Роза Сансызбаевна БҚО, Бәйтерек ауданы, Асан ауылы, Асан ЖОББМБК Бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие сағатының мақсаты: 
Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады. 
Болашаққа деген сенімі, үміт,ой-өрісі дамиды. Оқушылар еліміздің асыл мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді. 
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз, плакат. 
Барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
Психологиялық дайындық: 
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, 
Жер бетінің ажары ол – сәніміз. 
Туған өлке табиғатын аялап, 
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз. 
II.Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу. 
1. Біздің еліміз қалай аталады? 2. Рәміздеріміздің бірі 3. Орман неден құралады? 
4. Бал жинайтын жәндік? 5. Пайдалы қазба 6. Қамбар ата төлі 7. Рәміздердің бірі. 
8. Астанадағы Қазақстан символы? 
Қ А З А Қ С Т А Н ,Т У, ,А Ғ А Ш, А Р А, М Ұ Н А Й, 
Ж Ы Л Қ Ы 
,Е Л Т А Ң Б А ,Б Ә Й Т Е Р Е К 
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ту
ған өлкем-жұмақ мекен» деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қоса аласыңдар. 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі) 
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз – пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз. 
Осының барлығын ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап,болашақ ұрпағына аманат еткен. 
- Сенің туған жерің қалай аталады? 
- Ендеше, Қазақстанныің кешегі, бүгінгі күндерін айтып, ертеңін болжап көрейікші. 
Қазақстан кеше,бүгін,ертең … Кеше (өткен тарихқа шолу) 
1 –оқушы: Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді. Шолу жасап өтейін. 
• Жоңғар шапқыншылығы ; 
• 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс; 
• 1928-1932 жылдардағы аштық; 
• 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы; 
• 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. 
Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз. Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу) 
2-оқушы : Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
3-оқушы: Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде. 
4-оқушы : Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. 
5-оқушы : Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. 
Ертең ( «Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі күнге болжау жасау ) 
Үш тілділік;
Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.
Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.
Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.
Мұғалім: Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. - Осы бағдарлама жайлы не айта аласыңдар? 
6-оқушы: Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр. 
7-оқушы: Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жылдары Батыс Европа кітапханаларында құнды жазба деректерді іздестіріп, олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 
8-оқушы: 2004 жылы мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды. 
9-оқушы: «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері Айша-Бибі кесенесі, Арыстан баб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Ысқақ Ата, қорымдарында сияқты көптеген тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды. 
10-оқушы: Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда ғана емес шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті , Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды. 
Мұғалім: Дұрыс, айтасыңдар балалар! Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік. 
- Ал сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді қалай жеткізе аласыңдар? 
11-оқушы: Отан (М.Мақатаев ) Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, 
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. 
Мен оның қасиетті тілін сүйем, 
Мен оның құдіретті үнін сүйем. 
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, 
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. 
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, 
Бозторғайы бол оның шырылдаған! 
Отан! Отан! 
Бәрінен биік екен. 
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. 
Мұғалім: Балалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімге қатысты көптеген жаңашылдықтың жүзеге асып жатқанын білеміз. Соның бірі – үштілділік. Болашақта латын әріпіне көшетініміз де үлкен бастама болмақ. Ендеше, туған жерге деген ыстық ықыласымызды орыс, ағылшын тілінде де жеткізіп көрсек. 
Томирис, Әдемі,Айдана 
Туған жер туалы мақал-мәтел айту. 
Шығармашылық жұмыс: . 
Мұғалім: Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді («Ыстық орындық» әдісін қолдану). 
1-топ: 1.Еліміздің Ордасы қай қала? 
2. Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды? (30 тамыз 1995ж) 
3.Ұлттық валюта. 
2-топ: 1. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.) 
2.Мемлекеттік рәміздерді ата. 
3. Қазақтың үш биі кімдер? 
3-топ: 1. Тудың авторын атаңыз. (Шәкен Ниязбеков) 
2. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан) 
3. ЭКСПО көрмесі не жайлы болды? 
4-топ: 1.Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уәлиханов, жандарбек Мәлібеков) 
2. Тұңғыш Президент күні қашан? 
3. Қазақстанның көршілес елдерін ата. 
Хор: «Жаса, Қазақстан!» 
Қорытынды Құрметті оқушылар! Біз бүгін"
Туған өлкем-жұмақ мекен" атты ашық тәрбие сағатын өттік. Тәрбие сағаты барысында біз өлкеміз туралы көптеген мәліметтер алдық, біраз нәрсе білдік. 
- Айналайын! Атамекен, Ақ мекен! 
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?! 
Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай туған жеріміз, атамекеніміз біз үшін әрдайым ыстық.Өз жерімізді әрқашан қастерлейік, сүйейік, болашағына үлес қосайық. 
Рефлекция 
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іл
еді

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!