Материалдар / Туретт синдромына шалдыққан балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туретт синдромына шалдыққан балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың бағыты туретта синдромы бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу. Әлеуметтік ортаға қалай бейімдеуге болады, оның себептері қандай сол туралы біле аласыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
451
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туретт синдромына шалдыққан балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу Мақала Әбдібекова Зинара Әбдібекқызы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 3-курс студенті Педагогика факультеті, Дефектология кафедрасы

Туретт синдромы - орталық жүйке жүйесінің генетикалық түрде анықталған бұзылуы, ол бала кезінен көрінеді және бірнеше қозғалтқышпен және кем дегенде бір дауыспен («вокал», « дыбыс ), күніне бірнеше рет пайда болады. Бұрындары бұл синдром сирек кездесетін өте қызық құбылыстардың қатарына жататын. Бүгінде  1000 баланың арасынан 10 балаға дейін бұл синдромға шалдығады. Бұның емі жоқ. Туретта синдромына шалдыққандардың зияткерлік көрсеткіші қалыпты. Яғни, олардың ойларында ақау болмайды. Олар оқи алады, жаза алады, түрлі салада еңбек ете алады. Дегенмен, оларға зейінін бір нәрсеге аудару өте қиын болғандықтан оқуды мектепте емес, үйден білім алып жатады. Синдромның негізгі себебі - дофамин гормоны арқылы басқарылатын жүйке жүйесіндегі ақаудың орын алуы. Сонымен қатар,  синдром тұқымқуалаушылық қасиетке ие. Егер ата-ана қанында бұл синдром кездессе, балада кездесу мүмкіндігі жоғары. Бұл аурудың алғашқы белгілері 4 пен 8 жас аралығында пайда бола бастайды. Алғашқы белгілер әдетте беттің, қолдың, аяқтың немесе терідің еріксіз қозғалысы болып табылады. Адам өзін басқарудан қалады. Адам еріксіз қимылдай береді. Көзін жиі жыпылықтатып, басын қайта-қайта сілкей беретін әдет пайда болады. Генетикалық және экологиялық факторлар этиологиясында маңызды рөл атқарады, бірақ аурудың нақты себептері белгісіз. Көптеген жағдайларда емдеу талап етілмейді. Әрбір оқиға үшін тиімді препараттар жоқ, бірақ науқастың жағдайын жеңілдететін дәрілік заттарды және емдеу әдістерін пайдалану ақталып жатыр. Бұл ауруды түсіндіріп, пациенттерге психологиялық көмек көрсету емдеу жоспарының маңызды бөлігі болып табылады. Синдроммен ауыратын науқастар арасында психикалық бұзылулар әлде қайда кең таралған: шизофрения, оспессиональды-компульсивтік бұзылыстар.1885 жылы осы синдроммен ауыратын 9 науқас бойынша баяндама жариялаған француз дәрігері және невропатологы Гиллис де ла Тореттенің есіміне Жан-Мартин Шарко ұсынды.Атақты адамдардың арасында дәл осы синдроммен ауыратын футболист бар. Ол – Тим Хорвард. Өзінің қолының жұмысын басқара алмайтынына қарамастан үздік қақпашылардың қатарында. Әлеуметтендіру дегеніміз - белгілі бір себептер мен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалпына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз - сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұсқан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған  деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекетерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі. Әлеуметтену- адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Біздің мақсатымыз –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл үрдістер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік адаптация (бейімделу)-жеке адамның ортаға бейімделуі, барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Әлеуметтік автономизация (оқшаулану) -ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі. Әлеуметтік ортаға енгізу - әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына қарай әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Синдром туреттаны қоғамға енгізудің қиындығы, бір жағынан бала дамуындағы дене және психикалық ауытқулары болса, екінші жағынан әлеуметтік жүйенің дұрыс қалыптаспағандығы, туретт синдромы бар баланы қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіреді. Осыған байланысты балалардың өмір сүруіне, дамуына кедергі келтірмеу үшін қоғамдық ортаны дайындап психикасымен жұмыс істеу қажет. Осыған орай жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеп көпшілікпен араластыру керек.Өйткені жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламын:— әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;— бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады.— өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық  мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық. Сонда қана балалар өз өздеріне шектеу қоймай даму үстінде болады және біздер дамыта отырып қоғамның қабылдауына үйрету.Голливуд шығарған "Перед классом" атты фильм бар еді. Осы киноны көру арқылы осындай сырқат бар екеніне көз жеткіздім. Мұндағы басты кейіпкер өзіндегі осы сырқаттың барына қарамастан алған бетінен қайтпай, айналадағы адамдардың əжуалағанына қарамастан, өзіне сене отырып, өзінің жүрегі қалаған мамандығына(ұстаз болу) қол жеткізеді. Нағыз мотивациялық фильм!!! Сіздерге де көруге кеңес беремін.









Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  • Терминологиялық словарь «Дефектология» - 348 б. Қарағанды-2015
  • Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс.- Астана: Парасат әлемі баспасы,2005.-180 б.
  • Сүлейменова Ф. Балалардың қимыл-қозғалысындағы бұзылыстарды түзету. 2016ж. .№5
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!