Материалдар / ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
2707
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТУРИСТІК ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ


Туризмде қызмет нәтижесі туристік өнімге байланысты. Туристік өнім – туристердің қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың тарапынан төленетін кез келген қызмет. Ондай қызметтерге қонақүй, көлік, экскурсия, аудармашы, тұрмыстық, коммуналдық, делдалдық және басқа да қызметтер жатады.

Туристік өнім тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынада туристік өнім – туристік индустрияның әрбір нақты секторының қызметтері (мысалы, қонақүй өнімі, туроператордың туристік өнімі, көлік кәсіпорынының қызметі және т.б.). Кең мағынада туристік өнім – туристік сапарды (турды) құрайтын тауарлар мен қызметтер кешені. Әдебиеттерде туристік өнімнің классикалық анықтамасы бар: Туристік өнім – туристің туристік сапар барысында туындайтын қажеттіліктер қанағаттандыратын заттай және заттық емес формадағы тұтыну құндарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңында туристік өнім туристке сатуға арналған турға құқық ретінде, ал тур – орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялық, гид - аудармашылардың және басқа да саяхат мақсатына байланысты көрсетілетін қызметтердің кешені ретінде анықталған.

Негізгі туристік өнім кешенді қызмет көрсету, яғни туристке бір «пакетте» сатылатын стандартты қызметтер жиынтығы болып табылады.

Туристік өнімге тән спецификалық ерекшеліктер:

  1. Туристік өнім – әртүрлі компоненттер арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесінің күрделігімен сипатталатын қызметтер мен тауарлар кешені.

  2. Туристік өнімге сұраныс табыс деңгейі мен бағаға қатысты аса икемді, бірақ көбінесе саяси және әлеуметтік жағдайларға байланысты болады.

  3. Тұтынушы туристік өнімді тұтынғанға дейін көре алмайды, ал тұтыну туристік қызметтің өндіру орнында болады.

  4. Тұтынушы өнімге дейінгі арақашықтықты өзі жүріп өтеді, тауарлар өндірісінде көп жағдайда керісінше болады.

  5. Туристік өнім кеңістік және уақыт сияқты айнымалыларға тәуелді, туристік өнімге сұраныс үнемі тербеліп тұрады.

  6. Туристік өнім ұсынысы өндірістің икемсіздігімен сипатталады. Ол тікелей орнында ғана тұтынылады. Қонақүй, әуежай, демалыс базасы басқа аймаққа немесе басқа мезгілге ауыстырыла алмайды. Олар уақыт пен кеңістікке бейімделе алмайды.

  7. Туристік өнім көптеген кәсіпорындардың күш-жігері арқасында жасалады. Олардың әрқайсысының өзіндік жұмыс тәсілдері, спецификалық қажеттіліктері және әр түрлі коммерциялық мақсаттары болады.

  8. Туристік өнімнің жоғары сапасына қол жеткізу көптеген «ұсақ-түйектерді» ескеруді қажет етеді.

  9. Туристік өнімнің сапасын бағалау субъективтілігімен ерекшеленеді. Тұтынушының бағалауына сатып алынған қызмет пакетіне тікелей қатынасы жоқ тұлғалар ықпал етеді (мысалы, жергілікті тұрғындар, туристік топ мүшелері және т.б.).

  10. Туристік өнімнің сапасына форс-мажорлық сипаттағы сыртқы факторлар ықпал етеді (табиғи жағдайлар, ауа-райы, туризм саласындағы саясат, халықаралық жағдайлар және т.б.).

Калькуляция дегеніміз өнімнің атқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтердің 1 өлшемге есептелген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға, өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздерге пайдаланады. Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктерімен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдісі қолданады. Халық шаруашылықтың түрлі салаларындағы қандайда бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді. Калькуляциялауды жасау мерзімі бойынша алдын ала және кейінгі болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляциясы өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі, шығын мөлшерін топтайды. Оған, жоспарлы (жобалық) нормативтік ( мөлшерлі ) калькуляциялау жатады.

Жоспарлы калькуляциялау өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады. Ол кезде жалақы, энергия, отын өндірістің технологиясы сондай-ақ резервтерді ескеріледі.

Сметалық ( жобалық ) калькуляциялар жоспарлы калькуляцияның бір түрі ол жоспарланған және жаңадан игерілген бөлімнің негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляциялау жасау негіз болып табылады.

Нормативті (мөлшерлік) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорының өзінде пайдаланылып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданылады. Оның негізінде кеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормалары пайдаланылады.

Кейінгі калькуляция өнім шығарылған соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалады. Оларға нақты және шамаланған калькуляция жатады. Өнімнің өзіндік құнына нақты калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады. Олар жоспардан кәсіпорынға байланысты себептері бойыншада ауытқуы мүмкін калькуляцияның бір түрі нақты шығындар туралы есепті мәліметтің негізінде пайдаланылады. Шамаланған калькуляция-нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер және есетелген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляция негізінде құнына калькуляциясының және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу үлкен роль атқарады.

Туристік  өнімдердің  өзіндік  кұнына  қосылатын  шығын  құрамы БЕС №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» жəне оған əдістемелік ұсыныспен  реттелінеді. Осы құжаттарға сəйкес туристік өнімдер   өзіндік   құны  табиғи  ресурстар, шикізат,  материалдар, отын,  энергия,   негізгі  кұрал, еңбек ресурстары,  сондай-ақ  басқа шығындардың  өндірістік  процесінде  пайдалану  бағаларының
құнын  білдіреді. Туристік  өнімдердің өндірістік  өзіндік құнына  тікелей жəне жанамаға бөлінген шығындар қосылады. Тікелей шығындар — бұл туристік өнімдердің  өзіндік  құнын  тікелей  қосылуы   мүмкін   шығындар  (туристік өнімдерді  жəне өткізумен  байланысты  қызметкерлердің  еңбекақысы,  аударым
(21%  əлеуметтік  салық)  жəне  əдеттегінше  шығын  элементтерінің  аумағында ескеріледі. 

Жанама шығындар —бұл туристік  өнімдердің  өзіндік  құнына   оның  бөлінуі   бойынша  қосылатын  шығындар  (халықаралық телефонмен  сөйлесу  шығындары, Интернетке  кіргізудің  қызмет көрсету  төлемі;  жарнамалық  (каталогтар)  жəне  сувенирлік  өнімдерді  дайындау,  жылдық  ақы). 

Өндірістегі  процестегі  қызметтік  ролі  бойынша  айрықшаланатын,  олар кешенді  баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады. Туристік  өнімдерді  өндіру  шығындарын  топтастыру  экономикалық  мазмұнынжəне  БЕС 7 «Тауарлы-материалдық  қор есебі»  мен  оған  əдістемелік  ұсынысқа сəйкес  жүзеге  асырылады: 

а) экономикалық элементтермен: 

— материалдық шығындар; 

— еңбекақы шығындары; 

— аударым; 

— құралдардың тозуы;

— басқадай шығындар; 

ə) шығын баптары бойынша: 

— материалдар; 

— еңбекақы; 

— аударым; 

— үстеме шығындар. 

Турөнімді  сатып  алушы  немесе  турист  белгілі  бір  көрсетілетін  қызмет түрі  пайдаланады.  Толық  кешенді  көрсетілетін қызмет түрі екіге бөлінеді. 

Біріншісі — инклюзив-тур   деп  аталады,   немесе   авиа   тасымалдау қызметінде   барар  жəне  қайтар  жүру  жолының  ақысы  арнайы   тарифпен есептелу   арқылы  пайдаланушы  туристке жеңілдікпен  ұсынылған  турөнімнің жалпы  бағасының түрі.

Екіншісі — пэкидж-тур  деп  аталады  немесе  тасымалдау  қызметінің бағасы  турөнімнің  құрамынан  тыс  жеке  сатылған  түрі. Турөнімнің   өзіндік құнын   анықтау   үшін   арнайы   калькуляциялық  құжат  толтырылады. Калькуляциялаудың мақсатына қарай төмендегідей түрлері қарастырылады:

1.  жоспарланған  кезең  ішіндегі  мөлшер мен смета бойынша жасалынған баға. 

2. нақты баға турөнімге кеткен шығындардың нақты сомасы. 

3.  сметалық  немесе  жаңа  турөнімдерге  сметалық  құжат  арқылы жасалғн  жобалық баға. 

Туристік  өнімдерді  өндірудің  шығын  есебіне 8110 «Негізгі өндіріс», 8300 «Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 8400 «Үстеме  шығындар»  жинау — бөлу  шоты  жəне  «Алдағы  кезең шығындары» 1620 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті  шоттарға  алдын-ала жиналған
шығындар  ескеріледі,  ал  кредит бойынша есептен шығарылады. 8110, 8300, 8400 шоттарының сальдосы жоқ жəне есепті айдың  бітуі   бойынша  бұл   шоттарда дебет  бойынша   жиналған   шығындар  «Өткізілген  өнімдердің  (жұмыс, қызмет) өзіндік кұны» 7010 шоттың дебетінде есептен шығарылады. 

БЕС 7 «Тауарлы-материалдық қор есебі»,  ХҚЕС 2 «Қорлар» оған əдістемелік   ұсынысқа   сəйкес   туристік   өнімдердің   өзіндік  құнына  мыналар қосылады: 

— туристік кəсіпорындарды  туристік  өнімдерді  қалыптастыратын жұмысшы   күшімен  (қызметкерлермен)  қамтамасыз  ету шығындары; 

— аударым (əлеуметтік салық); 

—  көлік  шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (əуе, темір жолдары, су жолы); 

—  туристік  фирмалардың асырау, қызмет ету  жəне   басқару  шығындары;

— жаңа туристік өнімдерді əзірлеу жəне игеру шығындары; 

—  турды   жүзеге   асыру   бойынша   қызмет   көрсеткені   үшін  басқа жақтағы  кəсіпорындарға  (тұлғаларға)  төлемақылар;  

— контрагенттерге комиссиялық сыйақылар; 

— басқадай шығындар мен төлемдер. 

Туристердің   өнімдерді  өткізумен  түскен  табыстар  мен  шығындар  есебі 22.02.02 ж.  №296 — II «Қазақстан  Республикасында   туристік   қызмет   туралы»  заңда белгіленгендей,  қызмет 
көрсету  қолданыстағы  заңға  сəйкес  жазбаша  түрде  бекітілген келісім  шарт  негізінде  жүзеге асырылады. 

Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындардың көрсетілуі және құжатпен дәлелдеу тәсілдерінің жиынтығы жатады.

Қазақстандық стандартта бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік ұйымдарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің келесідей негізгі үш тәсілі қарастырылған: нормативтік, тапсырыстық, бөліністік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің «Стандарт-кост» және «Директ-кост» жүйесі бойынша шығындар есебінің әдістері қолданылады.

Бұл әдістің мәні – тікелей және жанама шығындар барлық шығарылған өнімдер үшін белгіленген шығын баптары бойынша есептеледі. Осыған байланысты өнім бірлігінің орташа өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлу арқылы анықталады. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын жаппай өндірістерде пайдаланылады. Бұл өндірістерде шалафабрикаттар және аяқталмаған өндіріс болмайды.

Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік есептің соңғы сатысы болып табылады.

Қорытындылай келе, қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтежесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі -калькуляциялаудың мәселелері өзгерді. Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады.

Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.Сонымен, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Туризмдегі бухгалтерлік есеп» Бейсенбаева А.К. 2008ж

  2. «Белсенді туризм әдіс-тәсілдерінің негіздері» Бесекей Е, Сайдуллаев С.З. 2012ж

  3. «Халықаралық туризм» Үстенова Ө.Ж, Жүнісбекова Б.Б. 2013ж

  4. http://netref.ru/shifindar-esebi-jene-onimni-ozindik-nin-kalekulyaciyalaudi-mai.html

  5. https://bigox.kz/ondiris-shygyndarynyn-esebi-men-onimnin-ozindik-kunyn-kalkulyaciyalau/

  6. http://emirb.org/a-k-bejsenbaeva-turizmdegi-buhgalterlik-esep.html?page=3


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!