Материалдар / туризм саласындагы ерекшелік «Туризмдегі инвестиция »
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

туризм саласындагы ерекшелік «Туризмдегі инвестиция »

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туризмдегі инвестиция »
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
242
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ     МИНИСТРЛІГІ

«МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ»МҚКҚ

 

 

Тіркеу № _______                                  «ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»

«____»_______202                                                     Директордың оқу ісі   жөніндегі орынбасары

_______Бисенова.А.Х

«____»_______2022ж

 

 

Курстық жұмыс

Пәні: Туристік қызметті ұйымдастыру

Тақырыбы: «Туризмдегі инвестиция »

 

 

 

 

 

Жұмыстың авторы:ТP-19-1 тобы


Мамандығы:0511000 «Туризм» 




Күндізгі бөлім студенті:                                                   Қайрулла А.

 

Ғылыми жетекшісі:                                                                         Базарова Г.Е.






Ақтау-2022 ж




ЖОСПАР

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4

1.Туризм саласындағы инвестиция.

1.1 Туризм ұғымы және түсінігі.........................................................................5-7

1.2. Туризм дамуына әсер етуші факторлар....................................................8-11

1.3. Туризм дамуында әлеуметтік –экономика..............................................12-13

2.Қазақстан Республикасында туризм дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау.

2.1. Қазақстан Республикасында туризм дамуының туристік-рекреациялық ресурстары және мүмкіндіктері......................................................................14-15

2.2. Қазақстан Республикасында туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттары...........................................................................................................16-18

3.Қазақстан Республикасында туризм дамуының болжамы.

3.1.Туризм дамуының болжамы және артықшылық бағыттары.................19-21

3.2 ЭКСПО 2017 көрмесіне орай Түркістан қаласында этноауыл салу......22-23

3.3.Этнобизнес..................................................................................................24-25

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................27



















КІРІСПЕ.

Тақырыптың өзектілігі. «Туризм» – деген сөз адамзат болмысына 19 ғасырда енді.Бүгінгі таңда өркениетті елдерде қаржының 35%-дейін туризмнен түседі екен. Сонан да болар, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы ғасырды туризм ғасыры деп атауға шешім қабылдаған.

Әлемде туристік қатынастардың шарықтай өскендігі соншалық, 2010 жылы 1 млрд. адамға жетіп отыр. Ал мамандар 2020 жылы туристік қатынастар 2,5 млрд. адам қамтиды деп болжамдауда.

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі, жұмыс істеуге, немесе іске жұмсалынуы тиіс


3


Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.



4



1.Туризм саласындағы инвестиция.

1.1 Туризм ұғымы және түсінігі.

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.

Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін - Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры.

5



Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 - жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең) тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.

Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады.

6



Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, Тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .

Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:

-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;

-қозғалудың уақытша сипаты;

-сапардың мақсаттылығы;

Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады.

7



1.2. Туризм дамуына әсер етуші факторлар.

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет.

Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді. Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте-табиғи-географиялық. Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.Сонымен қатар, еске алатын жайт, табиғат құбылыстары туристік белсенділіктің артуына да, әрі азаюына да әкелуі мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы кездегі күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық кампания, 1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен Чехия территориясында болған су тасқыны ( 1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік белсенділікті тежеді.

Тұтас алғанда табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар туризмның дамуына зор мүмкіндіктер тудырады және өзгермейтін құндылыққа ие. Адам оны тек өз қажеттілігіне орай бейімдеуі және туристік мақсаттарда қолдануда қолайлы етуі мүмкінЭкономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. 

8



Елдің экономикалықдамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады. Мемлекеттің экономикалық жағдайынан тек қана халықтың табысы ғана емес, сонымен қатар материалдық-техникалық база және туризм инфрақұрылымы да тәуелді. Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.

Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды. Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.

Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, пайыздық көрсеткіш, нақты валют айырбас курсының тербелісі де қосылады. Айырбас курсының өзгеруі күшті және әлсіз валютасы бар елдер арасындағы туристік ағымның көлеміне әсер етеді.Туризмның дамуы тек қана ұлттық қана емес, сонымен қатар әлемдік экономика экономикалық циклдың қай фазасында - өркендеу немесе құлдырауда – болуына да сезімтал. Бұған мысал ретінде , айтып өтетін жайт XX ғасырдың 80-жылдары экономикалық күйреу кезінде әлемдік туристік саяхаттар едәуір қысқарды.

9



Әлеуметтік факторлар ішінен бірінші кезекте аталып өтілетін, бұл халықтың бос уақытының артуы (жұмыс уақытының қысқаруы, жыл сайынғы демалыс ұзақтығының артуы), бұл халықтың өмір деңгейінің артуымен қосылып келе жаңа әлеуетті туристердің ағымын арттырады.Бос уақыттың артуы қазіргі заманғы ғылыми – техникалық төңкеріспен байланысты, бұнда ой еңбегінің маңыздылығы артады да өндірістік және тұрмыстық кернеулер күшейе түседі. Бұның бәрі адамдардың дене тұлғаларының және психологиялық шаршауына әкеледі. Бұл қабілеттілікті арттыру үшінқосымша шараларды қабылдауды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруға көбіне туризм өз септігін тигізеді.

Халықтың бос уақытының ұзақтығы артуына байланысты туризмде екі тенденция байқалды – демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді саяхаттардың артуы. Туристік сапарларұзақтығы жағынан азайғанмен, жиілігі артты. Шетел әдебиеттерінде бұл құбылыс “аралықты саяхат” (“путешествия с интервалами”) деген атауға ие болды. Жылдағы бір ұзақ саяхат орнына, көптеген адамдар бірнеше рет қысқа мерзімді (жаз айында – екі апталық теңіз жағалауына саяхат; қыс айында – бір апталық тау шаңғылы саяхат; демалыс және мерекелердегі отбасылық сапарлар) саяхатты таңдайды. Бұндай саяхаттар туристердің белсенділігі мен қозғалысының (мобильділігінің) артуын көрсетеді. “Қысқа мерзімді” келушілер әдетте бір күнде, келген елді-мекенінде бір күн ғана болатындықтан, ұзақ мерзімді сапар шегуші туристерден гөрі көп шығындалады.

Сонымен қатар “аралықты сапарлар” бір жыл аралығында болғандықтан, туризмның ең бір негізгі қиындықтарының бірі – сұраныстың маусымдық өзгерісін жеңілдетуге көмектеседі. Әлеуметтік факторлар қатарына, сонымен қатар білім деңгейінің, мәдениет, халықтың эстетикалық қажеттіліктерінің артуы жатады. Зерттеулерге жүгінсек, адамдардың білім деңгейі мен саяхатқа деген икемділігі арасында тәуелділік бар. Бұл мәдениет және білім деңгейі жоғары адам өзінің бос уақытын туризм көмегімен қоршаған ортаны тануға, басқа елдер мен халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы, фольклоры және өнерімен танысуға рациональды жұмсайды .Соңғы уақытта, яғни XX ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық және әлеуметтік факторлар әсерінен батыс Еуропа елдерінде қоғамдық сана елеулі өзгерістерге ұшырады.

10



Рухани құндылықтар материалдық құндылықтардан маңыздырақ. Қазіргі таңда адам материалдық игілікті тұтынудан бұрын, жақсы әсер, өмірден ләззаталуға талпынады. Осыдан шығар қортынды, қоғамның тұтынушылық құрылымында туризмның орны және рөлі өзгерді. Туристердің қажеттіліктері де өзгерді: төменгіден-жоғарыға, жұмысқа қабілеттілікті арттырудан – адамның өзінің жекелей қабілеттерін жүзеге асыру және интеллектуалды сұранысын қанағаттандыру. Туризм дамуына әрдайым әсерін тигізетін фактор – демографиялық, олар : халықтың саны, олардың әр ел және аймақ бойынша орналасуы, жынысты – жастық құрылым, еңбекке қабілетті халық, оқушылар мен зейнеткерлерді атап өту, жанұялық жағдай және оның құрамы.

Әлемдегі тұтасымен және кейбір жеке аймақтарда халық санының артуы, туристер санының артуына пропорциональды әсер етеді. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, халықтың тығыздығы жоғары елдердің туристік ағымы халықтың тығыздығы төмен елдердегі гөрі интенсивті. Бұдан басқа, туристік қозғалыстың жасқа , жынысқа және жанұялық жайға байланысты өзгерісі байқалады. Өйткені туризмнің активті түріне 18-30 жас аралығындағы адамдар қызығушылық білдіреді. Бірақ, жалпы адамдардың туристік қозғалысы 30-50жас аралығында өз өрлеу шыңына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, отбасы құрмаған адамдар, отбасы құрған адамдардан гөрі мобильді, ал әйелдер ерлерден гөрі туризмг

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!