Материалдар / Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу құралы «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушыларына ғана емес, туризмдегі кәсіпкерлік мәселелеріне қызығушылық танытатын немесе ӛзінің туристік бизнесі бар адамдарға да арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
676
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

ДОМАЛАТОВ Е.Б., АХМЕТОВА Л.М.
Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері
Оқу құралы

Ӛскемен, 2020

ӘОЖ
КБК
Т
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
Әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды
(№ 9 хаттама, 10 мамыр 2020 ж.)

Пікір жазғандар:
Мадиярова Э.С., э.ғ.к., Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қауым. профессоры;
Кажиева Ж.Х., э.ғ.к., Шәкірім атындағы СМУ доценті;
Ордабаева М.А., PhD, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ аға оқытушысы
Д

Домалатов Е.Б., Ахметова Л.М.
Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері: оқу құралы. – Ӛскемен қ.:
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2020.- 210 бет

ISBN
«Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» оқу құралы сәйкес келетін
пәннің оқу бағдарламасына сай жазылған. Бұл құрал он бес тараудан тұрады.
Әр тарау туризм саласындағы кәсіпкерліктің негізгі сұрақтарын қарастырады.
Аталған оқу құралында логикалық схемалар, ӛзін-ӛзі тексеруге арналған
тапсырмалар, қосымша есептер, реферат тақырыптары, конспект, эссе, бақылау
сұрақтары және қолданылатын әдебиеттер тізімі ұсынылып отыр.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарында
«Туризмдегі кәсіпкерлік
қызметінің негіздері» пәнін оқитын білім алушыларға және туризмдегі
кәсіпкерлік мәселелері қызықтырады немесе ӛзінің туристік бизнесі бар
оқырмандарға арналған.
ӘОЖ
КБК

ISBN
© С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
© Ахметова Л.М., Домалатов Е.Б.
2

МАЗМҦНЫ
Кіріспе
ТАҚЫРЫП №1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
ТАРИХЫ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің алғашқы пайда болуы
1.2. ХІХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызмет туралы ой пікірлер
1.3. ХХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы
1.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
1.5.Алғашқы туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рӛлі
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №2. КӘСІПКЕРЛІК ҚҦРЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУ
ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ТҤРЛЕРІ
2.1. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары және жіктелуі
2.2. Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №3. ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ СЕРВИС ЖӘНЕ
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК
3.1. Туризмдегі кәсіпкерлік қызмет және оның ерекшеліктері
3.2. Туризм мен сервис саласындағы қызмет объектілері мен субъектілері
3.3. Туризм саласындағы кәсіпкерліктің түрлері мен формалары
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №4. ТУРИЗМНІҢ ІСКЕРЛІК ОРТАСЫ
КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ҚҦРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҦНЫ
4.1. Кәсіпкерлік ортаның мәні
4.2. Нарық кәсіпкерлердің ӛмір сүру ортасы ретінде
4.3. Кәсіпкерлік ортадағы сыртқы және ішкі факторлар
4.4. Туристік фирманың сыртқы және ішкі ортасы
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №5. НАРЫҚТЫҢ ЖҦМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
САЛАСЫНДАҒЫ ӚНДІРУШІЛЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫНЫҢ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
5.1. Сұраныс және сұраныс заңы
5.2. Ұсыныс және ұсыныс заңы
5.3. Нарықтық тепе-теңдік және сұраныс пен ұсыныстың икемділігі
5.4. Тұтынушы және оның мінез-құлқы теориялары
5.5. Туризм саласындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №6. КӘСІПКЕРЛІК ШЕШІМ
6.1. Кәсіпкерлік шешімдердің мәні мен жіктелуі
6.2. Кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау технологиясы
6.3. Кәсіпкерлік шешімдер қабылдаудың экономикалық әдістері
6.4. Кәсіпкерлік шешімдердің жауапкершілігі мен тиімділігі
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №7. КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР МЕН
3

6
8
8
9
9
13
19
25
27
27
30
33
35
35
37
38
41
43
43
43
44
46
50

52
52
53
54
57
60
63
65
65
68
70
76
77
79

ТУРИЗМДЕГІ СЕРІКТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАР
7.1. Коммерциялық мәмілелер түсінігі, түрлері және жүзеге асару әдістері
7.2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруды ұйымдастыру
(технологиясы) мен келісім шарт мазмұны
7.3. Туристік кәсіпкерлік келісім-шарттың жалпы сипаттамасы, түрлері
7.4. Бизнесті дамыту үшін серіктестіктің рӛлі
7.5. Бизнес-серіктестік: артықшылықтары мен кемшіліктері
7.6. Турфирманың орналастыру компанияларымен ӛзара қарымқатынасының ерекшеліктері
7.7. Турфирманың кӛлік компанияларымен ӛзара қарым-қатынасының
ерекшеліктері
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №8. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ
8.1. Кәсіпкерлік капитал және оның мәні
8.2. Кәсіпкерлік капиталды қалыптастыру және оның жұмыс істеуі
8.3. Жаһандану жағдайында кәсіпкерлік капиталды қалыптастыру
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №9. ТУРИЗМДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ БИЗНЕС ИДЕЯ
9.1. Бизнес идея және оның генерациясы
9.2. Туризмдегі маркетинг түсінігі мен түрлері
9.3. Маркетингтік зерттеулер
9.4. Туристік компанияның маркетингтік мүмкіндіктерін талдау
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №10. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫ
10.1. Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен
болжамдау әдістері
10.2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
10.3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
10.4. Туризм саласындағы бизнес-жоспарлаудың ерекшеліктері
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №11. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР
11.1. Тәуекелділік, түрлері және табиғаты
11.2. Тәуекелділікті туғызатын факторлары
11.3. Туризм саласындағы тәуекел
11.4. Тәуекелділікті тӛмендету
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №12. ТУРИСТІК АГЕНТТІКТІ АШУ
12.1. Турганттікті ашу және оны тіркеу
12.2. Турагенттікті ашудағы типтік қателіктер
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №13. КӘСІПКЕРЛІК ІСТІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІЛІГІ
13.1. Бизнес этикасы және іскери қатынастар
13.2. Кәсіпкердің этикалық кодексінің негізгі постулаттары
13.3. Іскери этика түсінігі, даму тарихы мен жауапкершілік мәселелері
4

79
80
82
84
87
89
92
95
97
97
101
105
108
110
110
115
117
122
123
124
124
126
126
129
131
133
133
136
137
139
142
144
144
149
151
153
153
155
157

13.4. Халықаралық туризм саласындағы кәсіпкерлік этикасы мен
мәдениеті
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №14. ТУРИЗМДЕГІ ЕҢБЕК ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ
14.1. Туризмдегі басқарушылық жұмыстың мазмұны мен ерекшеліктері
14.2. Еңбекті ұтымды ұйымдастырудың негізгі бағыттары
14.3. Еңбек процестерін басқарудағы экономикалық бәсекеге қабілеттілік
14.4. Басқарушылық жұмыс мәдениеті
Практикалық сабағының жоспары
ТАҚЫРЫП №15. ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15.1. Туризм индустриясы мемлекеттік реттеу объектісі мен субъектісі
15.2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң принциптерi, мақсаттары,
басым бағыттары және тәсiлдерi
15.3. Қазақстан Республикасындағы туристік саясаттың бағыттары мен
міндеттері
15.4. Туризмді дамытуды мемлекеттік реттеудің негізгі функциялары,
әдістері мен құралдары.
15.5. Туризм мен қонақжайлық индустриясындағы лицензиялау,
стандартизация және сертификациялау.
15.6. Туризм саласын дамытудың және оның инфрақұрылымын
қалыптастырудың нормативтік-құқықтық негіздері
Практикалық сабағының жоспары
Емтихан сҧрақтары
Глоссарий
Әдебиеттер тізімі

5

159
162
164
164
166
173
177
180
182
182
182
184
185
187
191
196
198
200
206

Кіріспе
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында адамдардың экономикалық
тәуелсіздігі мен мүмкіндіктері бойынша ерекшелену процесі ілгерілей түсуде,
Қазақстанда бұл әлемдік трендтен шет қалып тұрған жоқ. Демалу мен
рекреацияға тең қажеттіліктің болуына қарамастан халықтың әртүрлі
жіктерінде оларды қанағаттандыру бойынша мүмкіндіктер әр түрлі болып
келеді. Осыған байланысты демалыс пен саяхаттарды ұйымдастыру үшін
мүмкіндіктерді іздестіру мақсатында туризм саласының жұмыс істеуінің
экономикалық аспектілерін неғұрлым терең зерделеу қажеттілігі туындайды.
Туризм ӛңірдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын дамытуға
үлкен әсер етеді. Отандық туризмді сапалы қайта құру үшін бір жағынан
бастама мен пайда сияқты ұғымдарды, екінші жағынан нарық заңдары мен ӛнім
сапасы сияқты тиімділікті байланыстыратын туристік кәсіпкерлік жүйесін
жетілдірусіз мүмкін емес.
Туристік қызметті жоспарлау, ӛндіру және іске асыру үдерісінде
туындайтын қатынастар жүйесіндегі кәсіпкерлік қазіргі заманғы туристік
нарықты қалыптастырудың негізі болып табылады.
Кез-келген пәнді игеру тек аудиториялық сабақтарға ғана емес, сонымен
бірге ӛзіндік жұмыстарға да негізделген. Сонымен қатар, бұл курсты оқу
бағдарламасына сәйкес оқытуда тікелей практикалық сабақтарға қарағанда
ӛзіндік жұмысқа кӛп уақыт бӛлінген. Әдетте, практикалық сабақтар ең күрделі
теориялық мәселелерді зерттеуге, сонымен қатар нақты мәселелерді шешуге,
жаттығуларға және т.б. бағытталады. Ол үшін дәрістер мен оқулықтар негізінде
мүмкін болатын мәселенің теориялық аспектілерін зерттеу түрінде дербес
дайындық қажет. Емтиханға дайындалу үшін де ӛзіндік жұмысқа кӛп кӛңіл
бӛлу қажет.
Бұл оқу құралы «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» пәні
бойынша оқу бағдарламасына сәйкес негізгі сұрақтары әдістемелік тұрғыда
жүйеленген мазмұнда баяндалған.
Қазіргі уақытта «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» бойынша
кӛптеген оқулықтар мен оқу құралдары бар. Сондықтан оқу құралын әзірлеу
кезінде авторлар «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің негіздері» пәнін оқытуда
әдістемелік кӛмекке, атап айтқанда практикалық сабақтарға дайындалу мен
курсты тереңірек меңгеру үшін қажетті материалдармен толықтыруға ерекше
назар аударуды жӛн кӛрді.
Білім алушылар кӛп жағдайда материалды зерделеу жүйесінде жеке
мәселелердің арасындағы байланыс пен логиканы кӛрмейді. Сондықтан
авторлар әр тақырыптың мәнін, ерекшелігін және орнын қысқаша анықтайды,
бұл осы оқу-әдістемелік құралдың ерекшелігі болып табылады.
Әр бӛлім бірнеше тақырыптан тұрады. Әрбір тақырыпты зерттеу келесі
құрамдас бӛліктерден тұрады: тақырыптың негізгі сұрақтарын бӛлу,
тақырыптың логикасы, алдыңғы және келесі материалмен байланыс, ӛңірлік
туризмнің ерекшеліктерін есепке алатын «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметінің
негіздері» курсының материалын дәйекті және қисынды түрде баяндау.
6

Осы оқу құралының практикалық бӛлімінің әрбір тақырыбы қолданбалы
мәндегі бірқатар міндеттер мен тапсырмаларды қамтиды. Оларды шешу және
жағдайларды талдау арқылы оқытылатын материалды терең меңгеруге және
негізгі сәттерді бӛле отырып, теориялық білімді практикалық тұрғыда қолдану
саласын айқындауға кӛмектеседі. Бақылау сұрақтары әр тақырыптың
логикасына сәйкес құрастырылған, сондықтан білім алушылар оқылатын
материалды жүйелендіру мен ӛңдеу дәрежесін ӛзіндік бақылау үшін, сондай-ақ
аралық және қорытынды білімді бақылау үшін оқытушылармен да пайдалануы
мүмкін.
Оқу құралының соңында ұсынылатын әдебиеттер тізімі келтіріледі.
Тізімге білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін жоғары
дәрежедегі оқулықтар мен оқу құралдары енгізілген, сондай-ақ ең озық және
мазмұнды интернет кӛздерінің тізбесі де ұсынылған. Оқу құралын глоссарий
аяқтайды. Онда толық түсіндірумен экономикалық-туристік терминдердің
үлкен тізімі бар.
Оқу құралдарды оқу үрдісінде қолдану пәннің негізгі мәселелеріне назар
аударуға, ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді,
ӛйткені әр тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар курс материалын
меңгеруге кӛмектеседі.
Оқу құралы «Туризм» білім беру бағдарламасының білім алушыларына
ғана емес, туризмдегі кәсіпкерлік мәселелеріне қызығушылық танытатын
немесе ӛзінің туристік бизнесі бар адамдарға да арналған.

7

ТАҚЫРЫП №1. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ПАЙДА
БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1. Кәсіпкерлік қызметтің алғашқы пайда болуы
1.2. ХІХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызмет туралы ой пікірлер
1.3. ХХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы
1.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
1.5.Алғашқы туристік ҧйымдар және олардың туризм дамуындағы
рӛлі
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің алғашқы пайда болуы
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі мен
қабілеттерін айқындайды. Оның дамуы орта ғасырлардан бастау алады, ал оған
сол кездегі кӛпестер, саудагерлер, қолӛнер қызметкерлерінің іс-әрекеттері
дәлел болады. Бұл тауарлы ӛндірістің бастапқы және жабайы қарапйым түрі
болып саналады.
Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық
қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар – тауар)
формасында болғанын мысалға келтіре аламыз. Осы мәмілелердің табиғи
іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда
болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының
мақсаты – жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған
нышандар. Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі – сауданың
пайда болуы және ӛркендеуі болып табылады. Орта ғасырда кӛпестер,
саудагерлер, қолӛнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған деп
есептелінеді. Осылайша, халықаралық сауданың дамуы ӛткізу нарықтарында
қиыншылық тудыруымен байланысты кӛпестердің бірігуіне, сӛйтіп алғашқы
акционерлік қоғамдардың құрылуына - Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен
сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына
алып келді.ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
содан кейін акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы
Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Индия сауда компаниясы, ал ХVІІ
ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Қазақстанда да кәсіпкерлік қызмет ерте заманнан дамып келеді.
Қазақстанның кӛшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде
дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолӛнершілер, шеберлер
қолдан жасап, оларға ою-ӛрнектерді ойып, безендіріп, тоқыма тоқып, кілемдер
тоқып, іс тігіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды.
Алғаш рет «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» терминдерін ХVІІ ғасырдың
аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон
8

(1650 – 1734 жж.) ғылымға енгізіп, оны «Коммерция табиғаты туралы жалпы
мақала» кітабында жариялаған. Р.Кантильон «кәсіпкер деп – тәуекел негізінде
пайда табу мақсатында ӛндірісті ұйымдастыратын адам» деген болатын.
Кейінірек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Франсуа Квисней сияқты
физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Р.Кантильон
сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ кейіннен бұл
ұғымды кеңейте отырып, бұл анықтамаға ӛндіріс процесін енгізді.
Ағылшын экономисі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) пікірінше, «кәсіпкер
– ӛзінің коммерциялық идеяларын жүзеге асырушы және пайда табу
мақсатында ӛндірісті ұйымдастыра отырып, тәуекелге баратын адам». Сондайақ, 1776 жылы А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеулер» атты еңбегінде кәсіпкердің сипатына кӛп кӛңіл бӛлген.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына ӛз үлесін қосқан және тұрпайы
саяси экономикасын бастаушыларының тағы бір әйгілі экономисі Жан-Батист
Сэй (1767-1832 жж.) болып табылады. Ол бизнес саласында ӛзінің
тәжірибесімен таныла отырып, 1810 жылы алғашқы рет кәсіпкерлік қызметтің
мәні мен оның қоғамдағы рӛлін негізгі ӛндіріс факторларының бірі дәрежесіне
дейін кӛтерді.
1.2. ХІХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызмет туралы ой пікірлер
ХІХ ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капиталист арасындағы
айырмашылықтарын кӛрсетудің мүмкіндігі пайда болды. Экономисттер
кәсіпкер мен менеджердің (капиталисттердің) арасындағы шекараны бӛлуге
тырысқанымен, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Америкада – Френсис
Уокер, Ұлыбританияда – Альфред Маршалл, Германияда – Мангольд және т.б.
зерттеушілер кӛптеген қиыншылықтармен кездесе отырып, барлық назарларын
кәсіпкерлік қызметке бӛлді. Зерттеушілер кәсіпкерлік қызметтің экономикалық
тепе-теңдік шарттары ретінде инновациялық компоненттердің маңыздылығын,
машина және технологиялық процестерді ендірудіңбелсенді рӛлін атап ӛткен.
XIX ғ.басында олардың жұмыстарында кәсіпкерліктің экономикалық,
ұйымдастырушылық және психологиялық белгілері ерекшеленеді, олар
кейіннен оның негізгі функцияларына ауысады. Сол кезде, XIX ғ. экономист
ғалымдар кәсіпкерліктің инновациялық сипатын кӛрсетті. Бұл кӛзқарас ХХ
ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында кеңінен қолданылады.
Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті дамыту үшін XVIII-XIX ғғ. ғалымэкономистердің кәсіпкер - капиталдың иесі, ӛз ісінің иесі, оны басқаратын,
әсіресе ӛз капиталының (ісінің) жұмыс істеуінің бірінші сатысында, меншік
иесінің жеке ӛндірістік еңбегімен функцияларын жиі қоса атқаратын деген
тұжырымы маңызды мәнге ие болды.
1.3. ХХ ғасырдағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы
ХХ ғасырда «кәсіпкерлік қызмет» туралы ӛздерінің ой-пікірлерін
білдірген бірқатар ғалым-экономисттер бар. ХХ ғ. екінші жартысы – бұл батыс
елдерінің кӛпшілігінде тәжірибелік ӛркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі. Осы
9

уақытта, дамыған нарықтық экономикада кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар,
компаниялар) үй шаруашылықтарымен және мемлекетпен қатар маңызды
шаруашылық жүргізуші субъектілер болып табылатынын ескере отырып,
кӛрнекті ғалымдар осы ӛзекті мәселеге жүгінеді. Мәселен, Август Каминка
«Кәсіпкер – пайданы табу мақсатында ӛзі немесе басқа тұлғалардың кӛмегімен
кәсіпкерлік қызметті жүргізетін және оны жеке-дара немесе басқа тұлғалармен
біріктіре алатын тұлға» деп санайды. Демек, кәсіпкер – жеке кәсіпорынның иесі
болып табылатын, оны қаржыландыратын, оған басшылық ететін және пайда
алудың басты мақсаты бар тұлға. Ӛзге революцияға дейінгі ресейлік ғалым А.
Петражицкий кәсіпкер ӛз бетінше, жеке ӛзі және ӛз атынан шаруашылық
қызметті жүргізетін және «бүкіл мүлік тәуекелі» мен «ӛзінің барлық игілігі
үшін жауапкершілікті» кӛтеретін субъектіні есептеу керек деп санайды.
30-шы жылдары белгілі американдық кәсіпкер Генри Фордтың еңбектері,
ал 1953 жылы К. Рендолдың «еркін кәсіпкерліктің ұстанымы» атты қызықты
жұмысы жарық кӛрді. Шетелдік ғалымдардың кӛптеген экономикалық ғылыми
жұмыстары 1970 жылы жарияланды, ал соңғы 15 жылда кәсіпкерлік
мәселелерімен айналысатын ғалымдардың еңбектері белсенді түрде жарық кӛре
бастады деп сепетесек, бұл кәсіпкерлікті дамытудың оң тәжірибесін кеңінен
алуға, сондай-ақ кӛптеген қателіктерді болдырмауға кӛмектеседі деп
пайымдауымызға болады. Мәселен, Ф. Хайек, сияқты кӛрнекті экономист
ғалымдардың кәсіпкерліке деген кӛзқарасын қарастырайық. Экономикалық
теорияға үлкен үлес қосқан Й. Шумпетер және П. Друкер, Ф. Хайек пікірі
бойынша «кәсіпкер – шаруашылық жүргізуші субъект ретінде ерекше мінезқұлықпен, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер әлі байқамаған пайда
алудың түрлі мүмкіндіктерін анықтауға ұмтылыспен сипатталады». Ф.Хайек
қазіргі жағдайда кәсіпкерлер жоғары нарықтық бәсекелестік шеңберінде әрекет
ететінін және осы бәсекеде аман қалғандарды жеңетінін ерекше атап ӛтеді.
Сонымен қатар, австриялық танымал ғалым Й. Шумпемер, «Кәсіпкерлік
мамандық емес және мұндай жағдайда ұзақ уақыт бір орында тұруға
болмайды» деген. Ӛз еңбектерінде Й. Шумпетер қазақстандық кәсіпкерлік үшін
маңызы зор кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелері
баяндалған. Осылайша, кәсіпкерлердің мәні, олардың жеке қасиеттері, қызмет
уәждері және т.б. туралы ілім маңызды қызығушылық тудырады. Й.
Шумпетердің айтуы бойынша «Кәсіпкер деп – қызметтің жаңа
комбинацияларын жүзеге асыру арқылы, оның белсенді элементі ретінде әрекет
ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер». Шумпетердің пікірінше,
кәсіпкерлер адамдардың ерекше түрі және олардың қызметі ерекше мәселе
болып табылады, ӛйткені олар жаңа нәрсе жасау функциясын орындайды,
себебі, үйреншікті және сыналған нәрседен гӛрі объективті түрде жаңа нәрсе
жасау қиын. Й. Шумпетер кәсіпкерлік пайда теориясын жасады. Й. Шупетер
ӛзінің «Экономикалық даму теориясы» атты кітабында «Кәсіпкерлік пайда –
бұл барлық шығындарды жабудан кейін еркін қалған, ең алдымен кәсіпкер
тұрғысынан еркін қаражаттың бір бӛлігі», - деп жазды. Шумпетердің пікірінше,
кәсіпкерлік пайда - бұл жаңа комбинацияларды жүзеге асырудың нәтижесі.
Шумпетер бойынша кәсіпкердің мотивтері «одан да кӛп табу» поддевизі
10

қалыптасады. Ең алдымен, бұл ӛз жеке империясын құру арманымен
байланыстырады, бірақ кӛп жағдайда емес. Ал, ӛзінің империясы кәсіпкерге ісәрекеттер мен билік сезімін береді. Й. Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерлік
функциясы ең алдымен жаңа немесе ескі (бірақ жаңа тәсілмен) тауарларды
шығару үшін ӛнертабыстарды немесе әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану
жолымен ӛндірісті революциялаудан, шикізаттың жаңа кӛздерін, ӛткізу
нарықтарын ашудан, ӛндірісті қайта ұйымдастырудан және т.б. тұрады.
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны «факторлардың жаңа комбинацияларын», яғни,
ӛндірісті және әртүрлі жаңалықтарды жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік теориясын дамытуға белгілі американдық ғалым П. Друкер де
елеулі үлес қосты. Ӛз еңбектерінде ол француз экономисі Ж.-Б. Сэйдің
кәсіпкерлік теориясын дамытуда ерекше рӛлді атап ӛтті, ол 1800 жылы әлі де
кәсіпкер экономикалық ресурстарды «тӛмен ӛнімділік пен табыс саласынан»
«жоғары ӛнімділік пен табыс саласына» жылжытатынын айтты. П. Друкер
Сэйдің кәсіпкерлердің маңызды функциясы ретінде ӛндіріс факторларын
біріктіру туралы кӛзқарасын қолдай отырып, инновацияны жан-жақты
пайдалану керек деп есептеген. Друкер кәсіпкерлік және кәсіпкерлер туралы
Шумпетердің ойларының негізгі ережелеріне да оң қарайды. Оның пікірінше,
«кәсіпкер – ӛзінің жеке жаңа шағын бизнесін ашатын адам, бірақ кез келген
шағын бизнес кәсіпкерлік емес, тек жаңа нарықты құратын, жаңа сатып
алушыларды қалыптастыратын адам». Алайда, П. Друкердің пікірінше,
кәсіпкерлік принциптерін ірі және тіпті ескі кәсіпорындар қолданады. Шағын
кәсіпорын кәсіпкерлік ретінде жұмыс істеуі үшін ол шағын және жаңа
нәрселерге қоса ерекше қасиеттерге ие болуы тиіс.
П. Друкер кәсіпкерлікті ғылымға да, ӛнерге де жатқызуға болмайды деп
санайды. Бұл нақты қызмет, тәжірибе. Ғалымның пікірінше, кәсіпкерлік негізі
заманауи білім болып табылады. П. Друкердің пікірінше, жаңашылдық
кәсіпкерлердің ерекше құралы болып табылады, оның кӛмегімен бизнес пен
қызмет кӛрсету саласындағы ӛз ойларын жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндік
ретінде ӛзгерістерді пайдаланатын құрал болып табылады. Жаңа идеялар
«кәсіпкер» терминінің мағыналық негізін құрайды, сондықтан кәсіпкерлік
міндет «жасампаздық бұзу» болып табылады. Кәсіпкерлер ойлаудың
инновациялық түрімен ерекшеленеді. Инновациялылық – игіліктер жасау
мақсатында қолда бар ресурстарға жаңа қасиеттерді шабыттандыруға
бағытталған кәсіпкерліктің ерекше құралы. Друкер табысқа жетуге мүмкіндік
беретін тӛрт кәсіпкерлік стратегияны бӛліп кӛрсетеді:
1) бірінші басып, жаппай соққы жасаңыз;
2) тез және күтпеген жерден шабуыл;
3) «экологиялық тауашаларды» табу және басып алу;
4) ӛнімнің, нарықтың немесе саланың экономикалық сипаттамаларын
ӛлшеу.
К. Веспер, Г. Пиншот, Р. Хизрич, М. Питерс, А. Хоскинг және т. б.
сияқты белгілі шетелдік ғалымдардың кәсіпкерлік пен кәсіпкерлер туралы
маңызды ғылыми және практикалық ойлары да кәсіпкерлікті зерттейтін
ғалымдарға аса қызығушылық туғызады.
11

Классиктердің еңбектерінде ӛндіріс факторларын тұрақты біріктіруге, ең
үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге негізделген
кәсіпкерліктің жаңашыл, инновациялық қызметі туралы кӛзқарас нақты
жазылған. Осыған байланысты, ғалымдардың кәсіпкерлік ортада бәсекелестікті
дамыту қажеттілігі туралы, монополистік қызметті шектеу туралы, сондай-ақ
мемлекеттің еркін кәсіпкерлік қызметке араласуы туралы, салық, баж, пайыздар
және т.б. сияқты кәсіпкерлік реттеушілерінің рӛлі туралы тұжырымдары үлкен
маңызға ие болады. ХХ ғ. соңғы онжылдығында әр түрлі сала ғалымдары
(экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.)
кәсіпкерлік теориясының дамуына, оның маңызды сипаттарына, елдердің
экономикалық дамуындағы рӛліне елеулі кӛңіл бӛлді. Ӛз бизнесінде үнемі
табысқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жеке сипаттамалары елеулі зерттеулеріне
ұштасып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру бойынша практикалық
ұсыныстар әзірленді. Халықаралық конференциялар ӛткізіліп, алдын ала білім
беру кеңінен дамыды, кӛптеген елдерде кәсіпкерлікті, әсіресе шағын
кәсіпкерлікті қолдауда мемлекеттің рӛлі күшейе түсті.
Кәсіпкер түсінігінің қалыптасу эволюциясы тауар және қызмет кӛрсету
түрлерін ӛндіру, айырбастау және бӛлу үрдістерінің қалыптасу тарихымен
және ғылыми-техникалық прогресс деңгейінің дамуымен байланысты (1.1.
кесте).
1.1. кесте. «Кәсіпкер» және «Кәсіпкерлік» түсінігінің эволюциясы
Уақыты
Орта
ғасыр
1770ж
1776ж.
1797ж.
1830ж.
1876ж.
1890ж.
1910ж.
1911ж
1913

Анықтаманың
авторы

Анықтаманың мәні

Кәсіпкер – ірі кӛлемді құрылыс немесе ӛндірістік жобаны
орындауға жауапты адам.
Кәсіпкер тек нақты ақпараттарды ғана емес, капиталды да
А.Тюрго
иеленуі керек.
Кәсіпкер – кәсіпорын иесі және коммерциялық пікірді жүзеге
Адам Смит асырушы. Негізгі қызметі – нарықтық шаруашылық жағдайында
ӛндірісті басқару және ұйымдастыру.
Кәсіпкер – бұл алған ісіне жауап беретін: жоспарлайтын,
Карно Бодо бақылау жасайтын, ұйымдастыра алатын және кәсіпорынды
иеленетін тұлға.
Кәсіпкерлік – нарық кеңістігіндегі белгілі нүктедегі ӛндіріс
Жан-Батист Сэй факторының ұтымды комбинациясы. Кәсіпкер – бұл ӛндіріс
бірлігінің аймағында адамдарды ұйыдастырушы.
Кәсіпкер – бұл ӛзінің ұйымдастырушы қабілеттілігі арқасында
Фрэнсис Уокер
пайда алатын адам.
Альфред
Әрбір ынта білдіргеннің бәрі кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкер
Маршал
«табиғи» іріктеу заңына сәйкес жүреді.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл ұтымдылықтың жүзеге асуы (ал,
Макс Вебер ұтымдылық деп, ол фукционалды тиімділікті түсінді:салынған
қаржыны пайдаланудан жоғарғы түсім алу).
Кәсіпкерліктегі ең бастысы – инновациялық қызмет. Ең бастысы
Йозеф Шумпетер «...басқалар істемейтін істі істеу» және «...олар істегеннен
басқаша істеу».
Кәсіпкер - ерекше сапа иегері (тәуекелділік жасай алатын,
И.Фон Тюнен
стандартты емес шешім қабылдайтын және ӛз әрекетіне
-

12

жауапты болатын) және сондықтан да жоспарланбаған табысқа
үміткер болады. Кәсіпкертәуекелділік жасағаныүшінжәне
кәсіпкерлік шығармашылығы үшін табыс алуға тиіс.
Кәсіпкер ӛндіріс пен айырбастың дамуының негізгі
1921ж.
Ф.Найт
кӛрсеткіштерін болжамдайды және қосымша коммерциялық
әсер алуы мүмкін.
Кәсіпкер – шаруашылықты жүргізушінің ӛзіндік ерекшеленген
Джон Мейнард әлеуметтік-психологиялық түрі. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі
1936ж.
Кейнс
мақсаты – ең жақсыға ұмтылу, тәуелсіздік, мұраға бар
бағалықты қалдыруға талаптануы.
Дэвид
Кәсіпкер – бұл энергиясы мол, болмашы тәуекелділік
1961ж.
Макклелланд жағдайында әрекет ететін адам.
Кәсіпкер – бұл жоғарғы түсім табуда кез-келген мүмкіндікті
1964ж.
Питер Друкер
пайдалана алатын адам.
Кәсіпкер–бұлиницативалы,әлеуметтік-экономикалық
механизмді ұйымдастыратын, тәуекелділік жағдайында әрекет
1975ж. Альберт Шапиро
ететін және мүмкін болатын сәтсіздікке толық жауап беретін
адам.
Кәсіпкер – экономистерге, психологтарға, басқа да мамандар
1980ж.
Карл Веспер
мен саясаткерлерге әртүрлі болып кӛрінеді.
Интрапренерлік – фирманың ӛз ішіндегі кәсіпкерлік.
1983ж Гиффорд Пиншо Интрапренерлер жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайында
әрекет етеді, ал антрепренерлер жаңа кәсіпорын салады.
Кәсіпкерлік – бұл құны бар, жаңа қандай да болса бір затты салу
үрдісі, ал кәсіпкер – бұл осыған барлық қажетті уақытты және
1985ж.
Роберт Хизрич күшті жұмсайтын, ӛзіне түгел қаржыны, психологиялық және
әлеуметтік тәуекелділікті алатын адам, марапатқа алатыны ақша
және қол жеткенге қанағаттануы.
Кәсіпкер ӛзіне нарықтық жағдайда ұйымдастырылған
1988ж.
М.Алле
шаруашылықта жетекші рӛл алады.
Кәсіпкер – бұл бизнестегі негізгі фигура, ол ӛзіне ӛндірістің
1993ж.
Т.Ю.Горьков барлық факторларын бірыңғай шаруашылық үрдіске біріктіру
міндетін қояды.
Ескерту – Экономикалық әдебиеттерді талдау негізінде автормен құрастырылған

Сонымен, шетелдік теория мен практикада «кәсіпкерлік – қолда бар
қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет кӛрсету немесе
ӛнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру
процесі» ретінде қарастырылады.
1.4. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанда кәсіпкерлік туралы зерттеулер 90-жылдардың басында қайта
құрудың басталуымен байланысты. Қазақстан Республикасы 1991 жылы
тәуелсіздік алғаннан кейін, кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты
бірқатар заңдарды қабылдады. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына
«Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі
туралы» (1991 ж.), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992 ж.)
заңдары түрткі болды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен
бірінші орынға ӛндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар ӛндірушілер
арасындағы делдалдық та емес, сауда алға шықты.
13

ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
«Кәсiпкерлiк – азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті
пайдалану, тауарларды ӛндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді
кӛрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке
кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел
басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық
қызметі. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады».
Қалыптасуы шағын бизнестің алғашқы күндерінен бастап экономикалық
реформа
басымдылықтарының
бірі
болып
табылады
мемлекеттің
экономикалық саясаты. Кәсіпкерлік класс нарықтық экономиканың ажырамас
атрибуты, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі болып табылады.
Кәсіпкерлердің басым бӛлігі шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне
негізделген мемлекет экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана
қоймай, либералды және нарықтық құндылықтардан алшақтауға жол бермей,
қоғамдағы саяси процестерге ықпал ететін орта класс деп аталатын санатқа
жатады.
Қазақстанда нарыққа кӛшу дайындықсыз кенеттен болды. Бұл
постсоциалистік «экономикалық романтизм» кезеңі болды, Қазақстандық
басқарушы элита академик В. Шаталовтың басшылығымен ірі кеңестік
экономист-ғалымдар мен саясаткерлер тобының және Г. Явлинскийдің
«Яблоко» қозғалысының кӛшбасшысы 1,5-2 жыл ішінде нарыққа жедел ӛту
туралы кӛзқарасын ұстанған. Олар әлеуметтік-экономикалық дағдарысты
еңсеру мен экономиканы реформалауды стандартты үлгі бойынша синхронды
және жылдам жүргізуге болады деп есептеді. Нарыққа кӛшудің бастапқы
кезеңінде түбегейлі реформалар қандай да бір маңызды теориялық-әдіснамалық
дайындықсыз «марш» ретінде жүргізілді.
Экономикалық саясатты дамыған нарықтық елдердің тәжірибесін негізге
ала отырып, қысқа мерзімде мамандардың тар тобы жасады.
90-шы жылдардың басында Қазақстанда орын алған күрделі және қиын
жағдайда, ірі кәсіпорындар тоқтап және жүздеген мың адам жұмыстан
айырылған кезде, ел басшылығының жоспарлы шешімімен бағаларды
ырықтандыруды енгізілген болатын. Қазіргі таңда Қазақстан егемендігіне 25
жылдан астам уақыт ӛткеннен кейін экономиканың дамуын және онымен бірге
шағын кәсіпкерлікті дамытуды 4 кезеңге бӛлуге болады және олардың
әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші кезең - бағаларды ырықтандыру (1991-1992 жж.). Нарықтық
экономиканың алғашқы субъектілері – шағын кәсіпорындар – сауда және
қызмет кӛрсету саласында ырықтандыру кезеңінде, яғни ақша айналымы
жылдам болған жерде пайда болды. Ірі кәсіпорындар бірден ӛз ӛнімдерін
ӛткізу, негізгі және қосалқы ӛндірістерді жӛндеу, қызмет кӛрсету бойынша
кӛптеген шағын кәсіпорындармен танысты. Кооперативтердің және шағын
кәсіпорындардың ірі ӛндірістері жанынан ӛнімді жабдықтау және сату
жӛніндегі «қызыл» директорлардың жасауы, сондай-ақ кәсіпорындарды жаңа
сәнді «сегменттеу» сӛзімен жасанды ұсақтау ірі кәсіпорындар мен бұрынғы
14

бүкілхалықтық меншіктің пайдасын жекелеген топтар мен тұлғалардың
мүддесінде қайта бӛлуге алып келді. Республикада осы кезеңде 34,5 мың шағын
кәсіпкерлік субъектісі құрылып жұмыс істеді. Бұл кезде елімізде жұмыс
істейтіндердің жалпы санының 6,0%-ы ғана жұмыспен қамтылған, ал олар
ӛндіретін ӛнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің үлесі елдің жалпы ішкі
ӛнімінің 7,0%-ын құрады. 1992 жылдың аяғында Қазақстан кәсіпкерлерінің
бірінші форумы ӛтті, оған Қазақстан Республикасының Президенті мен ҚР
Үкіметі қатысты. Бұл форумда ТМД елдері тарихында алғаш рет Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы бағдарламасы анықталды.
Екінші кезең – мемлекеттің қатаң монетарлық және реструкциялық
фискалдық саясаты (1993-1995 жж.). Бұл кезеңде макроэкономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізу үшін елде ӛндірістік қызметті ынталандыратын
салық жеңілдіктері жойылды. 1994 жылы ӛндірістік қызметті ынталандыруға
және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған салықтық жеңілдіктерінің
теріс салдары болды. Ӛндірістік салада жұмыс істейтін кооперативтер, ЖШС
және шағын кәсіпорындар саны күрт қысқарды. Несиелік қаражаттың қол
жетімсіздігі және ӛз қаражатының жетіспеуі мен жоғары инфляцияның
салдарынан кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі бӛлігінің ӛндірістік саладан
сауда-делдалдық және коммерциялық қызмет саласына кетуі кӛптеп орын алды.
Салық нормативтердің қатаңдауы ӛндірістік қызметпен айналысуды тиімсіз
және перспективасыз жағдайға алып келді. Посткеңестік кезең жағдайында,
атап айтқанда, нарықтағы тауарлардың тапшылығы, іске салынған қаражаттың
тез айналымы тұрғысынан, кәсіпкерлер үшін «делдалдық» (челночті) бизнесті
ұсыну ерекше қызығушылық тудырды. Бұл саудадағы «делдалдық» бизнестің
гиперинфляцияны нығайтатын және аталған ресурстарға қол жеткізе алатын
тұлғалардың ӛте тар шеңберінің пайдасына бюджеттік және несиелік ақша
қаражатын қайта бӛлу кезеңі болды. Инфляция және валюталық операциялар –
банктік және онымен тығыз байланысты сауда-делдалдық қызметтегі
махинациялар сол кезде республика экономикасының нақты ӛндірістік
секторына қарағанда неғұрлым табысты болып шықты. «Қолма-қол – қолмақолсыз – қолма-қол» ақша сызбасы бойынша, «бас киім және бас киім» арқылы
ақша сатуға, 4 теңгеден долларды сатып алып немесе несие алып, ал бір
жылдан кейін оны 70 теңгеден сату арқылы, үстеме пайда алып немесе мүлдем
қайтармауға, бір нәрсе ӛндіруге қарағанда тиімді болды. Дәл осы кезеңде
ұлттық олигархия деп аталатын алғашқы ӛскіндер экономиканың қаржы-несие
және банк секторында ғана дамымай ӛсе бастады.
Банк және сауда қызметі экономиканың нақты секторына залал келтіруде
барынша табысты болды. 1995 жылы 1992 жылға қарағанда елдің ЖІӚ-дегі
шағын кәсіпкерлік субъектілері ӛнімінің үлес салмағы үштен бір бӛлігіне, 7,0%дан 4,7%-ға дейін тӛмендеді, ал экономик
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!