Материалдар / Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын-алу жолдары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын-алу жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік ұсыныс ретінде, және мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
540
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің

алдын-алу жолдары.

Ф.Пайызова. Бастауыш сынып мұғалімі.

61 орта мектеп, Арал ауданы,Қызылорда облысы.

Әрбір мұғалім өзі сабақ беретін оқушының білімді болғанын қалайды.Білім негізінің бастауышта қаланатынын ескерсек,бастауыш сынып мұғалімдерінің жан-жақты білікті ұстаз болуы шартты екені түсінікті.Бастауыш сынып оқушылары әлі ойын баласы екені белгілі. Сондықтан оларды жалықпайтындай етіп жұмыс жүргізу керек.Бұл сабақты үнемі бір қалыпты емес,әр түрлі бағытта түрлендіріп отыруды қажет етеді.Ең негізгісі баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.Бала әр сабаққа белсене қатысып,өз бетінше іздене білуге үйренуі керек.Сонда ғана алған білім нәтижелі болары анық.

Оқытудың негізгі түрі болып сабақ есептеледі.Ал сабақтың құрылымы толық сақталып,кезеңдері жүйелі байланысып жатса,онда сабақ өз мақсатына жетті деген сөз.Сабақтың әрбір кезеңінің атқаратын ролі ерекше.Үй тапсырмасы мен сынып жұмысының арасында байланыс болғаны жөн.Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып,толықтырып отырса,онда олардың алған білімдері терең және берік болады.Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше.Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор.Себебі,үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі,ойлау қабілеті артып,өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады.Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға,қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады,сабақта алған білімдері мен біліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады,өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді,оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың шарттары:

1.Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы нақты нұсқау беруі қажет.

2.Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірмен,олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.

3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес,мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.

4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5.Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы,көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.

6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

7.Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім оның орындалу сапасына айрықша мән беріп,жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

8.Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса,онда ол оқушының ынтасын арттырып,үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.

9.Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра,оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген: І-ІІ сыныптарда – 1 сағат; ІІІ –ІV сыныптарда – 1,5 сағат; V- VІІІ сыныптарда -2 сағат; ІX-X сыныптарда – 2,5-3 сағат.

Сонымен қатар,оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді.Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін,олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып,оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс.Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет.Оны ата-аналар ұйымдастырып,бақылап,жағдай жасап отыруы тиіс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып,тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса,баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.Үй тапсырмасын орындаған уақытта теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстану қажет.Теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіреді.

Кейде балаларды сабақ үлгерімі нашарлап кетті дейміз де,оның себебін таба алмай қиналамыз.Мәселе баланың үйдегі дайындығы қандай,міне көп жағдайда түйткіл ой осыған келіп тіреледі.Үйге берілген тапсырманың қиыны да,жеңілі де болады.Кейбір оқушы қиын деп тапсырманы орындамайды.Мұндайға ешқашан да жол бермеу қажет.Ата- аналар тарапынан кейде «Үйге неге сонша қиын тапсырма бересіз,балам түгілі өзім де түсінбедім» дегендей ескертулерді естіп жатамыз.Оқулықта оқушы түсінбейтін ,орындай алмайтындай тапсырма берілмейді.Сондықтан ата-ана мектеппен тығыз байланыста болып,мұғалімдердің сабағына қатысып отыруы керек.

Кейбір ата-ана баласының математикадан берілген үй тапсырмасын өзі орындап береді.Бұл дұрыс емес,біріншіден баланың өз бетімен жұмыс жасауына кедергі жасайды.Екіншіден баланың өзіне деген сенімділігін жояды.Үшіншіден баланы жалқаулыққа үйретеді.Оқушыға көмектескенде,түсінбеген жерін түсіндіріп әрі қарай өз бетімен оқуына,тапсырманы орындауына бағыт берген жөн.Жазбаша жаттығуларды орындамас бұрын,сол жаттығуды орындаудың мақсаты,орындау үшін нені білу керектігін және соған байланысты тақырыпты тағы да жақсылап оқып,қайталау қажет.

Үйде әрбір ата-ана,әсіресе бастауыш сынып оқушыларының ,оның ішінде бірінші сынып оқушыларының тапсырманы орындауына жиі көңіл аударғаны дұрыс.Осы жағдайда ғана бала оқуды жақсы үлгіріп шығады.Бірінші сынып оқушысының үйге берілген жазуды қалай орындағанын үнемі бақылап,әр элементті дұрыс,әріптерді бір-бірімен қосып жазуына жете мән берген жөн.Оқушы кейбір әріпті дұрыс жазбаса,оның жазылу үлгісін көрсетіп, солай жазуын талап ету керек.Оқуға берілген тапсырманы дұрыстап оқытып, сөздерді дұрыс оқи алмаса,буынға бөліп оқытқан дұрыс.Осылай дайындық жасау арқылы біртіндеп көздеген мақсатқа жетуге болады.

Ата-ананың көп қателесетін мәселесі : ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын бағасы жөнінде.Кейбір ата-ана баласын тек төрт пен бес алуы тиіс деп айтады.Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып екі немесе үш бағасы тұрған дәптердің бетін жыртуға немесе оны баяуға,басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады.Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды,бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек.Тек жақсы баға үшін оқыған балада таным қызметі мен қызығушылықтың жақсы дамуы екіталай.Сонымен қатар бала өтірік айтуға,тек өзіне пайдалы жаққа ғана әуестенуге ,менмендік секілді жағымсыз қылықтарға үйренеді.

Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек.Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі керек.Үй тапсырмасын орындау барысында оқушының өзіндік жұмыс жасауына дағдыландыруда ата-ананың көмегі зор.Мәселен,балалар бірінші сыныпты бітірер кезде Сауат ашудағы әрбір сөзді дұрыс мәнерлеп оқи білулері керек.Тез оқу дағдысы түрлі жаттығулардың нәтижесінде қалыптасады.Әрине,бұл жөнінде ата-ана тарапынан бақылау болуы керек.Бірақ «Осыны оқымай орныңнан тұрмайсың»деуге болмайды.Кітапты оқып көп отыра беру баланы жалықтырып жібереді.Баланың одан гөрі берілген тапсырманы дауыстап бірнеше минуттай оқығаны жөн.Осылайша күнде оқуы керек.Ата-ана баланың оқуын қадағалауға уақыт бөліп дұрыс бағаласа,баланың өзіне деген сенімділігі күшейе түседі.Тез оқуға дағдыландыру үшін мыналарды басшылыққа алған жөн:

Оқу жылындағы 1- сыныпта 1 минутта 20-40 сөз.Берілген үй тапсырмалары оқығанды ауызша айтып беру,әңгімедегі негізгі мәселелерді ажырата білу,жоспар жасау бағытында болғандықтан тез оқып үйренудің маңызы зор.

Үйде баланың сабаққа даярлығын жүйелі бақылап тексеріп отыру нәтижесінде баланың өзіндік жұмыс орындауға жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Яғни бастауыш мектептің өзінде-ақ үй тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға дағдыланған бала жоғары сыныптарда өз бетімен үй тапсырмасын мұқият орындайтынын өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр.Әрине,бұдан жоғары сынып оқушыларына бақылау жасаудың қажеті жоқ деген қорытынды тумайды.Ата-ана баласының үй тапсырмасын орындауын,уақытты тиімді пайдалануын үнемі бақылап,қамқорлық көрсеткен абзал.

Оқушыларға шамадан тыс тапсырма беріп қиындық туғызбас үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап,кездесетін қиындықтарды атап айтып,оларды меңгерудің жолдарын көрсетіп отырған пайдалы.Үйге берілетін тапсырманың көмегі мен сипаты әрбір жеке жағдайға,сыныптың даярлығы,жас ерекшеліктеріне байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады.Дегенмен,үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін.Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып,өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.

Үйге берілген тапсырмаларды тексеру – оқушылардың білімін бақылаудың маңызды тәсілдерінің бірі.Оны жеке сұрақ-жауап кезінде,дәптерлерді тексергенде және басқа жағдайларда жүргізуге болады.

Білім мен іскерлікті бағалау үшін мұғалім алдымен оқушылар әр сыныпта қандай білім мен іскерлік меңгеруі қажеттілігін білуі тиіс.Үйге берілген тапсырманың орындалуын және олардың жаңа материалды оқуға даярлығын тексеру мақсатында сабақтың басында жүргізуге болады.Ол үшін бұрынғы өткен материалдармен байланыстыра сыныпқа бірнеше сұрақтар беріледі.Ауызша сұрақ беру жаңа материалды оқуға кіріспе бола отырып,оқушылардың білім жағдайын анықтаудың құралы міндетін атқарады.Оқушылардан тек оқу материалын сұраумен шектелуге болмайды.Керісінше,оларға өтілген тақырыптар бойынша пысықтау қажет.Сонда өткен материалдар оқушының есінде ұзақ сақталады.

Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор.Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан әр алуан.Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың көлемі,әр түрлі құралдарды пайдалану,тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі,шығармашылық,дербестік дәрежесі,орындау мерзімі ескерілуі міндетті.

Үй тапсырмасының орындалуын толық қамтамасыз ету үшін оқушыларды өздігінен ізденуге баулу қажет.Бұл маңызды шара көпшілік жағдайда сатылап үйрету әдістемесі арқылы жүзеге асырылады.Осы мақсатта оқушыларға арнап оқылатын тақырыптардың қорытындылаушы жоспарын жасаған жөн.

Жазбаша сабақтың құрылымы үй тапсырмасын тексеру мен жаңа материалды игеруде бұрынғы өткізілгендерді қайталауды,жаңа материалды оқып,үйренуді және үй тапсырмасын қамтиды.Мұнда ескерілетін жай,құрама сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында үй тапсырмасын тексеру сабақ соңында жаңа материалды меңгерумен біріктіре жүргізіледі.

Үйге берілген тапсырмаларды тексеруді кешеуілдету,бірнеше күннен кейін жинап алу дұрыс емес.Сондықтан әрбір мұғалім оған бүкіл жылы барысында көңіл бөліп,тексерудің алуан түрлерін қолдануы керек.

Үй тапсырмасын беру – қазақ тілін оқыту үрдісіндегі ең басты да қажетті сабақтың құрылымдық кезеңдерінің бірі.Қазақ тілі бойынша оқушылардың теориялық білімді жете меңгермеуі көбінесе осы үй тапсырмасын дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесінде пайда болады.Үй тапсырмасы мен сынып жұмысының арасында байланыс болғаны жөн.Оның көлемі оқушыларға оншалық қиындық тудырмайтындай дәрежеде және өткен тақырыпқа байланысты болуы қажет.Егер берілген теориялық материал оқушылардың меңгеруі үшін қиындық келтірмейтін болса,онда бір тақырыпқа байланысты екі жаттығу беруге болады.Үй тапсырмасын түрлендіріп беріп отыру мұғалімнен шеберлікті қажет етеді.

Үй тапсырмасын орындау – күрделі еңбектің бір түрі.Оқушы үй тапсырмасының шартына түсінбегендіктен,қызықпағандықтан қате орындайды немесе тіпті орындамайды.Сондықтан үй тапсырмасын беруді сабақтың соңына қалдырып қоймай,сабақ аяқталуға 10-15 минут қалғанда немесе бағалаудың алдында жүргізген жөн.Міндетті түрде мұғалім үй тапсырмасын берер алдында оның шарты мен мақсатын толық түсіндіріп,бірер үлгісін өзі көрсетуі қажет және тапсырманы қалай түсінгендерін байқау үшін оқушылардың өздерінен сұрап,тексеруге болады.Үй тапсырмасын берерде жақсы және орташа оқитын оқушылардың үлгерімін есептей отырып тапсырған жөн.Өтіліп отырған материалды сынып оқушылары толық меңгерсе,олардың барлығына тең дәрежеде орындау талабы қойылады.Ал керісінше өтіліп отырған материалдың көлемі ауырырақ болып,оны жақсы оқитын оқушылар ғана меңгерсе,басқаларына қосымша шығармашылық жұмыстар тапсырған жөн.Өйткені,толық меңгерілген материалды қайталап оқу оқушыларды зеріктіреді,ой-өрісінің кеңеюіне кедергі жасайды.

Үйге берілген жаттығу жұмысы жазба түрде іске асумен бірге ауызша түрде де орындалғаны абзал.Үй тапсырмасының нөмірі,беті және орындалу шарты тақтада көрсетілгені жөн.Үй тапсырмасының жүйелі,нақты әрі толық орындалуы – оқушының жаңа материалды жете меңгеруінің белгісі.



Пайдаланылған әдебиеттер :

1.Әбиев Ж.Ә.,Бабаев С.Б.,Құдиярова А.М. «Дидактика -білім беру және оқыту теориясы».Дарын,Алматы- 2004.

2.Алпысбаева Г.,Көпбай Қ.,Досаева Г.«Мұғалім мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынастың тиімді әдістері».Қызылорда -2011.

3.« Бастауыш мектеп» журналы.№2. 2009.

4.« Сыр мектебі» газеті.№9 (276) 2011.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!