Материалдар / Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
275
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар.Күн сайын күндізгі ұйқыдан кейін. (ұзақтығы 5 - 10 минут)Таңертең ояна салып, бірден тұрып, жуынып, сабаққа не жұмысқа жинала бастайсыз. Толыққанды ояну үшін мына жаттығуларды жасап, ағзаңызды жаңа күнге дайындаңыз.Оянған бойда төсектен тұрмаңыз. 5 минут шамасында демалып, жай жатыңыз. Ал осы уақытта мына жаттығуларды орындаңыз.Көзіңізді жұмып, бірнеше рет тартылыңыз. Денеңіздің әр бұлшық еті созылып - тартылғанын сезініңіз.Бірнеше рет терең дем алыңыз. Мұрынмен дем алғанда, ішті жоғары көтеріп, дем шығарғанда ішті барынша тартыңыз.Алақандарыңыз бен аяқтарыңызды айналдырыңыз.Көзіңізді қатты жұмып, бірден ашыңыз.Жаттығулардан кейін жаныңызға жақын адамдар, жылы жерлер, жалпы жақсы заттар туралы ойлаңыз. Осылайша денеңіз бен ойларыңыз жаңа күнге дайын болады.Шапалақ.Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.Көңілді болғанда не істейміз?Ренжігенде...Қорыққанда...Қуанғанда...Таң қалғанда...Шапалақты тыңдаБалалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.Қанша дыбыс естідіңдер?Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.ГүлБалалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).Кім әлі ұйқыда?Тұру керек.Асығыңдар жаттығуға.1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу.Созылу.Балалар төсекте, бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.Қоңырау, қоңырау сылдырла,Ұл мен қызды оятып.Оянсаңдар егер де,Бір - біріңе күліңдер.Кемпірқосақ сал.Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.Қандай ғажап керемет,Әсем есік ашылды.Түрлі - түсті бояулар,Аспанда жайылып шашылды.Найзағай.Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Аяқтарын кеудеге жеткізу, қолдарымен құшақтау. Түзелу.Аспанда найзағай жарқырады,Балалар қорқып қашады.Қайық.Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жартылай тұрып, еңкею, тербелу.Жерде бұлақ жүреді,Қағаздан қайық жасайық.Суға оны жіберіп,Қайықпен бірге жүзейік.Мысық.Терезенің қасында,Орындықты тауып ап,Мысық ұйықтап жатады,Оян, қане мысығым,Жаттығуды жасайық.Бір бүйірден екінші бүйірге аунау.Оянайық бәріміз.Тәрбиешінің айтқанын орындайды.Көздеріңді ашыңдар,Кірпіктеріңді көтеріңдер.Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,Бір - біріңе жымиыңдар,Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,Іштеріңді тартыңдар,Көңіл күй көтерілді,Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,Жұдырықты қысыңдар,Енді біраз ашыңдар,Керіліңдер, созылыңдар,Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.Әтеш ұйықтап жатыр.Арқасымен жату, қол басында, аяқ бірге.Аяқ пен қолды жоғары көтеру,Әтеш оянды.Әтеш бидай іздейді.Отыру, аяқты бірінің үстіне бірін қою.1. Басты оңға бұру2. Қалыпқа келу3. Басты солға бұру4. Қалыпқа келу5. Сол жаққа қайталау.Басты бұру.Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,Қалыпқа келу.Қайталау, сол жаққаҚалыпқа келу.Алақаныңды көрсет.Қолдары иықта,Қолдарды алға созу, алақан көрсету.Қалыпқа келу.Қайталау, сол жаққа, алақан төменде.Қалыпқа келу.Мысық бірде жақсы, бірде жаман.«Төрт аяқтап» тұру.Арқасын бірде бүгіп, бірде түзеу.Аяқ ұшымен тұру.Кереуеттің қасында тұру.Өкшелер екі жақта, аяқ ұшымен тұру.Бәріміз бірге еңкейейік.Велосипед.Бірге секірейік.Бірге созылайық.Бірге қолымызды созайық.Бірге еңбектейік.Бірге тіземізді ұстайық.Бір орында секіру.Тыныс алу.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!