Материалдар / Ұйқының организмнің тіршілік әрекетін қайта қалпына келтіру және демалыс үшін маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйқының организмнің тіршілік әрекетін қайта қалпына келтіру және демалыс үшін маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
баяу және тез ұйқы фазаларын және қайда жүретінін түсінеді, ұйқы гигиенасының талаптарына мысал келтіріп, дәлелдейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3901
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 7.3СМектеп: 17 Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Патенова Р

Сынып: 7 Қатысқандар:Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Ұйқының организмнің тіршілік әрекетін қайта қалпына келтіру және демалыс үшін маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)7.1.7.8 ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттарыОқушылардың барлығы: ұйқының физиологиялық маңызын біледі. Оқушылардың көпшілігі: ұйқының физиологиялық табиғатын түсінеді.Оқушылардың кейбірі: баяу және тез ұйқы фазаларын және қайда жүретінін түсінеді, ұйқы гигиенасының талаптарына мысал келтіріп, дәлелдейді
Бағалау критерийлері

1. Кез келген бірнеше биологиялық ырғақты атайды және олардың себебінтүсіндіреді;2. Ұйқы дегеніміз не? Ұйқы кезеңдерін атайды;3. Тез және баяу ұйқы кезеңдерін атайды;4. Ағза үшін тез және баяу ұйқы қандай физиологиялық рөл атқаратынын түсіндіреді; 5. Оқулықта айтылған ғалымдардың түс көру туралы пікірлерін талдайды; 6. Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететінсызба сызады.
ДағдыларСын тұрғысынан ойлау;Ғылыми-зерттеу дағдылары; Қарым-қатынас дағдылары.
Тілдік мақсаттарТүс, баяу ұйқы, тез ұйқы, түс көрушілік
Құндылықтарға баулуӨмір бойы оқуға дайын болу;Қарым-қатынас жасау қабілеті;Жауапкершілік.
Пәнаралық байланысГигиена, психология, анатомия
Алдыңғы білімҰйқының маңызы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы





























Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды 3 топқа бөлеміз (Қима қағаздардың түсіне қарай). Өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында «Ыстық орындық» әдісі қолданылады. Бір оқушы ыстық орындыққа отырады, қалған оқушылар «Биологиялық ырғақ» тақырыбында дайындап келген сұрақтарын қояды.

Оқулықпен жұмыс. 159-162 бб аралығын оқу. Оқулықтағы мәтінмен танысып болған соң тапсырмаларды орындайды.





1-тапсырма. Кестені толтыру. Ұйқының фазалық салыстырмалы сипаттамасы



2-тапсырма. «Менен сұрақ – сенен жауап» әдісі.Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап айтады, керек жерін түртіп алады. 1. Ұйқы қандай фазалардан тұрады?2. Баяу ұйқының физиологиялық белгілері қандай? 3. Тез ұйқының физиологиялық белгілері қандай?4. Қалыпты және сау ұйқы үшін қандай гигиеналық талаптар қажет? 5. Түс көрушілік деген не? 6. Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызыңдар.

3-тапсырма. «Айырмашылығы неде?» әдісі. Оқушыларға ересек адамның әр түрлі кезеңдерінде электроэнцефалограмма арқылы мидың биоэлектрлік белсенділігі берілген. Оқушылар суретке қарап отырып, ұйқының кезеңдері мен фазаларын анықтауы керек, өз жауаптарын дәлелдейді.

Жасыл, сары, көк түсті қима қағаздар



Орындық







Оқулық









Кесте

















Сурет
Сабақтың соңы

«Миыңның суретін сал» әдісіОқушылар мидың суреті салынған параққа, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.Мидың суреті салынған парақша
Кері байланыс

Кері байланыс бутерброды

Саралау – оқушығамейлінше қолдаукөрсетуді қалайжоспарлайсыз? Қабілеттіоқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?Оқулықтан тыс қосымша мәліметтерді оқып, өз білімдерін толықтыру. Ғалымдардың ой-пікірлерімен таныстыру, тақырыпқа байланысты эссе жазуБағалау – оқушы білімінтексеруді қалай жоспарлайсыз?«Бағдаршам», «Кері байланыс бутерброды»

Пəнаралық байланысГигиена, психология, анатомия

Рефлексия«Бағдаршам» әдісі
ҚорытындыбағалауЕң жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)1: «Айырмашылығы неде?» әдісі2: «Миыңның суретін сал» әдісіҚандай екі нəрсе немесе тапсырмас абақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?1: Сәйкестендіру тесті2: ФИЛА кестесіОсы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1: Оқушыларға мәтіннен сұрақ өздеріне құрастырту2: РАФТ стратегиясы


Критерий Дескриптор
Ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіруҰйқы сөзіне анықтама берді


Тез және баяу ұйқы кезеңдерін атады


Ұйқының ағза үшін маңызын түсіндірді


Тез ұйқы мен баяу ұйқының айырмашылығын білді


Ұйқының фазалық салыстырмалы сипаттады, кесте толтырды


«Түс көру» дегенге анықтама берді


Адам және жоғары сатыдағы жануарлардың тіршілігі үшін ұйқының маңызын бағалады


Ұйқының ағза жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсерін көрсететін сызба сызды


Электроэнцефалограмма арқылы мидың биоэлектрлік белсенділігі берілген суреттен ұйқының кезеңдерін анықтады, өз ойларын дәлелдеді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!