Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Елбасы-ел тірегі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Елбасы-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2020
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балажан-1 балабақшасы»





















«Елбасы – ел тірегі»

«Қарлығаш» тобы







Тәрбиеші: Тұрсынбаева Н.Ж















2020 жыл

Тақырыбы:   «Елбасы ел тірегі»
Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,  елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген  сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Көрнекілігі:портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.
Барысы: Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)


Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

1,2,3 отырамыз тып-тыныш ,

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнаймыз ба? Көңіл күйіміз күн сияқты ашық болу үшін біз сұрақтарға жауап беруіміз керек!

  1. Біздің еліміз қай ел?

  2. Қазақстан елі қандай?.

  3. Елордамыз қай қала?

  4. Біз қай ауылда тұрамыз?

  5. Туған еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  1. Сендерге туған жерлерің ұнайды ма?

Тәрбиеші: Біздің еліміздің жері кең.

Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.

Ал, енді туған еліміздің ән ұранын тұрып айтайық.

Әнұран

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде тұңыш призезиден күні. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім екенін білеміз бе?

Балалар: Білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жылШамалған ауылыАлматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті1990 жылғы 24 сәуірден бастап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болған. Н.Ә.Назарбаевтің әйелі Назарбаева Сара Алпысқызы, Олардың 3 қызы бар, олар:

  1. Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы.

  2. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. 

  3. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. 


Көрініс:
Таңертеңгі шайдың кезі
Алижан-Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Кәусар-Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Алижан-Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Кәусар-Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Тәрбиеші: Анасы баласына ақ батасын беріпті.
Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Тәрбиеші: Ендеше балалар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнаған тақпақтары бар екен.

Ерасыл:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда шешпеген

Шешімдері болмайды.


Нұрислам Мырзахан:

Жаса, жаса Қазақстан,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!


Дарын:

Асқақтай бер, Қазақстан,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!


Айсана:

Тәуелсіздікті елге сыйлады, 
Бейбітшілікті қалады. 
Халқымыздың ажарлы,

Орындалып арманы.


Әдемі:

Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға!
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.


Бекназар:

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам!


Джайсанбек Нұрислам:

Отан,
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.


Амина:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.


Іңкәр:

Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны


Құралай:

Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен көркем, неткен сұлу
Осы менің туған өлкем!


Айзере:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы!


Муратов Нұрислам:

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын!


Ән: Нұр аға


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.


Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Бойымызды жазайық,

Белімізді жазайық

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.


Балалар, біздің еліміздің бейбітшілігін құрған Н.Ә.Назарбаев, сол бейбітшілік жалғаса берсін деп, сендерде үлес қосамыз деп, кезектесіп өз қолымызды қояйық! (Суретке гуашқа алақандарын матырып басады)
Тәрбиеші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасымызды елі сүйген. Сендерде еліміздің келешегісіңдер! Еліміздің елі сүйген, елін сүйген қалаулы азаматы болыңдар!








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!