Материалдар / Ұлағатты ұстаздың жалғасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлағатты ұстаздың жалғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз, осынау киелі сөзде қаншама мән мағына адамды өмірге деген құштарлыққа жетелейтін, жеткізбейтін киіктей, нұрлы сөздер жатыр десеңізші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
351
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлағатты ұстаздың жалғасы

Әлеуметтік педагог Айтбай Гулмира Бекенкызы№68 МИББ кешені Ұстаз, осынау киелі сөзде қаншама мән мағына адамды өмірге деген құштарлыққа жетелейтін, жеткізбейтін киіктей, нұрлы сөздер жатыр десеңізші. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қайраткерлері де, бір адамға қарыздар. Ұстаз деген дихан сияқты, әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламаға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүруге, білуге, сүюуге, қадір-қасиетін білуге, адами қасиетке тәрбиелейді. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін, адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалынды, әр жүректен шыққан жылы сөзі, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Құрметті оқырман, осы мақаланы жазуға түрткі болған, әкеммен әріптес бола жүріп, мен Айтбай Гүлмира Бекенқызы Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданындағы 68 мектеп-интернат-бала-бақша кешенінде әлеуметтік педогог мамандығы бойынша қызмет жасаймын. Көптен бері көкейде толғандырып жүрген, Ақтоғай елінің тарихында аты, істеген еңбегі, өшпес даңқы қалған, атам Айтанның ұстаздық дара жолы мені қызықтырды. Атамыздың мәңгі есте қалған еңбектерін, жақсылықтарын еске түсіріп отыру, келешек ұрпақтың парызы, ұрпақ жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы деген осы шығар. Бір ғана Атам әулетінің ұстаздар династиясының өтлімі 2 ғасыр 59 жылды құрайды екен, аз уақыт емес. Осы уақыт аралығында қаншама пәк жандар дәріс алды десеңізші?! Сонау ықылым заманда Әл-Фараби бабамыз айтқан екен: «бес жастағы балаңды патшам де, он жастағы балаңды құлыңдай жұмса, он жеті жастағы балаңмен сырлас, мұңдас, дос бол», - деген екен. Бүгін әкеммен сырлас, мұңдас, дос бола отырып, Атам әулетінің ұстаздық дара жолы туралы сұхбаттасып, оны оқырманға жариялағым келді. Мына алмағайып заманда, кейде қолда бар алтынның қадірін, қасиетін, байқамай, білмей, елемей жатамыз. Бүгін ардақты Әкеммен сырласудың бір сәті түсті.
  • Әке, осы біздің әулет неге осы мұғалімдік мамандықты таңдады, қиындығын біле тұра?
  • Балам, бұл мамандықты тегіннен-тегін таңдамаған, өйткені бұл мамандықты ең бірінші Атаң Айтан Айтбайұлы қиындығында, қызығында көре отырып, оны жалықпай меңгере отырып, келешек ұрпаққа жол айрықта жол көрсетіп, жөн сілтеген, ақыл беріп, тағлым танытқан, ұлағатты ұстазға айналды.
  • Әке, Айтан атамның атағынан ат үркетіндей, бойында қандай ерекше қасиеттерге тоқталар едіңіз, соны толығырақ айтсаңыз, құлағым сізде?
  • Балам-ау адам жасына жас қосқан сайын өткенін еске алмай, тіршілік ету мүмкін емес. Өткеніңді ұмытсаң, өшкеніңнің белгісі, өткеніңді еске алсаң өскеніңнің белгісі демекші, Гүлмира балам, бүгін мені жүрегімді бір толғандырып, өткенді еске алдырып отырсың ғой, жарайды, бұл да сенің өнегелігіңді, тәрбиелігіңді көрсеткеніңнің бір көрнісі деп білемін. Әкем туралы ойласам, күні кеше ғана жанымда жүргендей, басымнан сыйпап, қасымда тұрғандай, көкірегімде сайрайтыны рас. Әкем мен үшін, ұрпақ үшін, мынау жақсылығы мол жарық дүниеде, бұл әлемде ешкімде тең келмейтін, болмысы бөлек, тұлғасы, тұғыры биік, тылсымы тұңғиық, парасатты, ыждаһатты, кең пейілді, ақ көңілді, білікті де, білімді, өмірге еш уақытта жеңіл қарамаған, онымен өмір бойы күресе білген, қажырлы еңбегімен жеңе білген пәк жан еді. Өмір деген бір күндік сәуле екен, жалған дүниенің тым қысқа екен, қамшының қысқа сабындай өте шығатынынын біле тұра, әрбір жылын, айын, күнін бекер өткізбеген. Ардақты әкеміз өмірде біздерді дауылы мен селінен, аязы мен бораннан, қиындықтың бәрінен, жел жағымыздан пана, сая бола жүріп, әкем ұрпағы десе, ішкен асын жерге қойып, бала-бала деумен Жаратқанның бақ тілеуімен, мейрімімен, пейілімен, жан жүрегімен, алдындағы ұрпағын, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, үкілеп, аялап, ұлдарын ұяға, жалғыз гүлін қияға қондырам деп, пәк көңілімен шалқар тілеуімен бар өмірін сарп еткен, асқар Алатаудай пана, Сарыарқадай сая болған ардақты ӘКЕ еді. Жетеумізге де жеті диплом алуға әкеміз бен анамыз дәнекер болды. Әкем марқұм бір күндік дәурен үшін, бір күндік ас үшін, бір күндік күйкі үшін, бір күндік тіршілік үшін, жанын да, тәнін де сатпаған Тұлға. Өмірінде дау дамайға салынып, дүбірге еріп бұлқынбаған, жүрегінің лүпілін тыңдап, сол жүректің ақылына табынған жан. Әкем айтушы еді: «Өмір деген асау тұлпар сыяқты, кейде бұлқынып, жұлқынып мінгізбейді, кейде аяғыңнан шалып жүргізбейді, солардың барлығына шыдап, төзіп, қиындықтарға мойымай, қайта шыныға түсіп, қарсы жүзіп, шыңның шыңына шыққаның, жеңгенің», - деп бетіме қарап күлім қағатын. Төрт жасынан ата-анасынан айырылып, көк жетім атанған әкем, сол кездегі өмір, қоғам шынықтырды, өмірге деген құштарлыққа тәрбиеледі. Ер жете асылдың қасиетін, жақсының өсиетін ойына жинақтай отырып, жақсылықтың нарқын, сөздің парқын қас қабақтан түсіне отырып, тереңнен ойлап, алысты болжай білетін, табиғи дарынымен, ұлағатты ұстазға айналды. Қазақтың дараланған дархандылығымен, даналығымен, жалықпай ізденгіштігімен, парасаттылығымен алдыңғы шәкіртінің бойына осы бір кез келген пендеде бола бермейтін, адами болмысты, адами қасиетті мәңгілік өміріне дарыта білген аяулы да, абзал, асыл, ұстаздардың ұстазы атанды.
  • Әке атамның соғыс ардагері екенін, сол Ұлы Отан соғысында 50 күн, 50 түн тарихта ұлы шайқас атанған «Орел-Курск» доғасында ерлікпен шайқасқанын газетке жан-жақты жазғаныңызды оқығанмын. Атамның тағы да қандай ерекше қасиеттері бар, соған тоқталып өтсеңіз?
  • Әкемнің білікті де, білімділігі өз алдына, қызметте ұйымдастыру қабілеті ерекше болғанын, жас болсам да есімде қалыпты. Әркімнің шама шарқын біле отырып жұмсай білуі, нақты тапсырма бере білуі, артынан қорытындылап, өз бағасын нақты бере білетін. Мына деректерге көз жүгіртсек:
Еңбек жолы:
  • 1933-1935жж. Қарағанды кен училищесінде инструктор;
  • 1936-1937жж. Көкшетау педучилищесін бітірген;
  • 1938жж. Сарытерек колхозындағы жеті жылдық мектептің директоры;
  • 1939-1940жж. М. Горький атындағы мектептің директоры;
  • 1940-1942жж. дейін аудандық партия комитетіне нұсқаушы;
  • 1942-1945жж. Ұлы Отан соғысына қатысты;
  • 1945-1953жж. Сарытерек жеті жылдық мектеп директоры;
  • 1953-1956жж. Киров атындағы колхозда жеті жылдық мектеп директоры;
  • 1954 жылы Қарағандыдағы мұғалімдер институтын бітірді;
  • 1956-1959жж. Қарабұлақ ауыл советіне қарасты Сталин атындағы колхозда жеті жылдық мектеп директоры;
  • 1957 жылы Қазақ ССР Оқу Министрі «Ағарту ісінің үздік» төс белгісімен марапатталды;
  • 1959-1965жж. «Бірлестік» жеті жылдық мектебінде директоры;
  • 1965-1987жж. Сарытерек мектеп орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасады.


  • Әке 2018 жылы Ақтоғай ауданының құрылғанына 90 жыл, Сарытерек ауылының құрылғанына 90 жыл толмақшы. Осы торқалы мерекеге байланысты, Атамның ауданға және Сарытерек ауылына қандай қомақты үлес қосты?
  • Балам Әкем қайда және қандай еңбек жасағаны туралы жоғарыда нақты деректермен айтып өттім. Әкем марқұм Ақтоғай ауданы көлемінде елдің экономика, ағарту саласын өркендету барысында тынымсыз еңбек етіп, халқы үшін тер төккен азаматтардың бірі-бірегейі еді. Халқының ғұмырнамасымен өзектес бола отырып, сол кездегі қоғам, қай қиырға жіберсе де, қиядан көрініп, қай тереңге салса да, бойлап та, ойлап та, шыға білді. Қай істе де болсын қайраттылықтың, жігерліктің үлгісін танытып, биік шыңнан көріне білді. Елдің бетінде, желдің өтінде жүріп, ерік-жігердің үлгісін көрсетті. Аудандық партия комитеті «Ауданымыздың экономикасын өркедетуге ат салысайық» – деген үндеуіне орай, Сарытерек орта мектебін бітірушілері ауданымызда тұңғыш рет совхозда «Жалын», «Ұшқын», «Құрдастар» іріленген комсомол шопандар бригадаларын құруға ат салысты. Осы үндеудің басы-қасында Әкем марқұм болғанын еске аламын. Аудандық партия комитеті «Озат мұғалімі», «Озат насихатшы» деп бет плакатқа шығарып ауданға, облысқа іс тәжірибесін таратты. Ұстаздық, көп жылдық еңбегін партия жоғары бағалап, 1965 жылы СССР Жоғарғы Советі Президумының Указымен 30 желтоқсанда «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
  • Әке, Атам ұрпағына қандай өсиет, аманат қалдырды?
  • Басымыз қосылып қалғанда айтатыны: «ешкімнің ала жібін аттама, ақысын жеме, ешкімді сыртынан даттама, досыңа кек сақтама, сүрінгенге тіреу бол, адасқанға жол көрсет, мен бәрін білем дегеннен аулақ бол. Адалдық деген қасиетті мойныңа таққан тұмарыңдай бойыңа сіңіре біл, танымдылық белсенділігіңді, шығармашылық еңбегіңді, кәсіби деңгейіңді жылдан жылға шыңдай бер, ізденуден бір сәт жалықпа, өмірге деген құштарлықпен биікке қарай қалықта, артыңнан ерген бауырларыңа демеу, тіреу бол», - деп аманатында, тіршілігінде айтып кетті. «Құлындарым мен сендердің әр қайсыларыңның қызықтарыңа мәңгі тоймаймын», - деуші еді ардақты да сүйікті Әкеміз. Қасиетті Әкемнің аяулы Анамыздың бұл жалғанда қайта айналып келмейтін, өгіз, аттай желмейтін заманда, алтынға бергісіз ұлы тәрбиесін, үлгі істерін сағынышпен еске ала отырып, рухтарына ұрпақтары мәңгі тағзым етеді.
  • Әке, асқар Алатаудай болған Атам туралы әңгімеңізге үлкен рахмет! Сізде Атамның салып кеткен дара жолымен, зейнетін беріп, біздің қызығымызға тоймай, бақыттың бағында ғибратты ғұмыр Анамызбен бірге кеше беріңіз демекпін!
Әңгімеңізге көп рахмет!!!

№68 МИББ кешенінің әлеуметтік педагогыАйтбай Гүлмира Бекенқызы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!