400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі – ұлттық өнердің ұлағатын ұлықтаған ұжым

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі – ұлттық өнердің ұлағатын ұлықтаған ұжым туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі – ұлттық өнердің ұлағатын ұлықтаған ұжым

Қазақ халқының мәдени мұрасында қобыздың алар орны ерекше. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл киелі аспап – халқымыздың рухани болмысының, тарихының және ұлттық дүниетанымының ажырамас бөлігі. Қобыздың қоңыр үні ғасырлар бойы халықтың қуанышы мен қайғысын, арманы мен үмітін жеткізіп, ұлттың рухын асқақтатып келеді. Сондықтан жас ұрпаққа қобыз өнерін үйрету – тек музыкалық білім беру ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елжандылыққа тәрбиелеу, рухани мұраны сақтап қалудың маңызды жолы.

Қобызды меңгерген бала өнерге ғана емес, өмірге де тәрбиеленеді. Ол еңбекқорлыққа, төзімділікке, жауапкершілікке, сахна мәдениетіне, ұжыммен жұмыс істеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді. Музыканың құдіреті арқылы баланың эстетикалық талғамы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды. Ұлттық өнерді бойына сіңірген ұрпақ – елдің болашағының берік кепілі.

Осындай игі мақсатты жүзеге асырып келе жатқан шығармашылық ұжымдардың бірі – Ақтөбе қаласындағы Қалалық оқушылар Сарайының жанынан құрылған Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі.

Ансамбль 2009 жылы Қалалық оқушылар Сарайындағы қобыз сыныбының оқушыларынан құрылды. Құрылған күннен бастап ұжым облыстық және қалалық мәдени-көпшілік іс-шаралардың белсенді қатысушысына айналып, кәсіби шеберлігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жылдар бойы жүйелі еңбектің, шығармашылық ізденістің және жоғары орындаушылық мәдениеттің нәтижесінде ансамбль үлкен жетістіктерге жетті.

Ұжымның шығармашылық табыстары жоғары бағаланып, 2019 жылы «Кәусар» қобызшылар ансамбліне «Үлгілі» атағы берілді. Бұл – ансамбльдің ұлттық өнерді насихаттаудағы табанды еңбегі мен кәсіби деңгейінің лайықты бағасы болды.

Бүгінде Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі лауреаты атанып келеді. Ансамбль Қазақстанның ғана емес, шетел сахналарында да қазақтың қобыз өнерін насихаттап, ұлттық мәдениетіміздің абыройын асқақтатып жүр.

Ұжым Түркия елінің Стамбұл қаласында өткен халықаралық фестиваліне қатысып, қазақтың ұлттық өнерін лайықты дәрежеде таныстырды. Сонымен қатар Түркіменстанның Түркіменбашы қаласы мен «Аваза» ұлттық туристік аймағында, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Магнитогорск және Қазан қалаларында, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен халықаралық фестивальдерде өнер көрсетті.

Еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда және басқа да қалаларында ұйымдастырылған республикалық байқаулар мен фестивальдерде ансамбль бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ансамбль жоғары орындаушылық шеберлігімен ғана емес, қазақы нақыштағы сахналық киім үлгілерімен, ұлттық дәстүрді дәріптеген сахналық мәдениетімен де көпшіліктің көзайымына айналып келеді.

Ұжымның шығармашылық табыстарының артында қажырлы еңбек пен кәсіби шеберлік тұр. Ансамбльдің негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі – тәжірибелі ұстаз, қобызшы Асылханова Гульнар Асылханқызы. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпаққа ұлттық өнерді үйретуге, қобыз мектебін дамытуға және дарынды шәкірттер тәрбиелеуге арнап келеді.

Гульнар Асылханқызы республикалық және облыстық деңгейде өткізілетін педагогтердің кәсіби байқауларының, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, фестивальдер мен мәдени жобалардың белсенді қатысушысы. Оның шәкірттері жыл сайын республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ұстаз еңбегінің жемісін дәлелдеп келеді.

Ансамбльдің ең үлкен жетістігі – оның тәрбиелеген шәкірттері. Студияда бес жыл білім алып, ансамбль құрамында өнер көрсеткен көптеген түлектер бүгінде жоғары оқу орындарында «Қобыз» мамандығы бойынша білімдерін жалғастырып, кәсіби музыкант атанды. Олардың басым бөлігі Қазақстанның мәдениет саласында еңбек етіп, ұлттық өнердің дамуына өз үлестерін қосуда.

Қазіргі таңда ансамбль түлектерінің көпшілігі Ақтөбе қаласындағы өнер мекемелерінде, қазақ ұлттық аспаптар оркестрлерінде және түрлі шығармашылық ұжымдарда еңбек етеді. Олар өздері алған тәлімді кейінгі буынға жеткізіп, ұлттық өнер сабақтастығын жалғастыруда.

Ансамбль түлектерінің арасында ерекше мақтанышпен айтылатын шәкірттердің бірі – Бижанова Алуа. Ол қазіргі уақытта Венгрияда инженерлік мамандық бойынша жоғары білім алып жүргенімен, туған халқының өнерінен қол үзген жоқ. Қобызын өзімен бірге алып барып, оқу орнындағы профессорларға қазақтың қасиетті аспабы туралы әңгімелеп, ұлттық күйлерді орындап берген. Қобыздың ерекше үніне тәнті болған профессорлар оны үйлеріне арнайы қонаққа шақырып, қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтарын білдірген. Бұл оқиға қазақтың қасиетті қобызының әлем халықтарын да тәнті ететін құдіретін көрсетеді.

Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі – тек концерттік ұжым ғана емес. Бұл – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелейтін, өнерге баулитын, олардың шығармашылық қабілетін шыңдайтын үлкен тәрбие мектебі. Ансамбль құрамында тәрбиеленген шәкірттер сахна мәдениетін меңгеріп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді, елге деген сүйіспеншілікті және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі.

Бүгінде он алты жылдан астам тарихы бар Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі өзінің шығармашылық жолын табысты жалғастырып келеді. Ұжымның әрбір жетістігі – шәкірттердің тынымсыз еңбегі мен ұстаздың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Алдағы уақытта да ансамбль қазақтың қасиетті қобыз өнерін әлемге танытып, ұлттық мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қоса беретіні сөзсіз.

Ұлттық өнер – ұлттың жаны. Ал сол өнердің мәңгілік жалғасуына еңбек етіп келе жатқан Үлгілі «Кәусар» қобызшылар ансамблі – қазақ мәдениетінің мақтанышы, жас таланттардың қанатын қатайтқан шығармашылық ордасы.

Жаншина А.Т

Педагогика ғылымының магистрі Қобызшы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 тамыз
49
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі