Материалдар / Үлгілік оқу жоспарына сəйкес мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балаларға арналған вариативтік бөлімді ұйымдастыру бойынша әді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үлгілік оқу жоспарына сəйкес мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балаларға арналған вариативтік бөлімді ұйымдастыру бойынша әді

Материал туралы қысқаша түсінік
Əдістемелік құралда Үлгілік оқу жоспарына сəйкес мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балаларға арналған вариативтік бөлімді ұйымдастыру бойынша материал берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
2000
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Мектепке дейінгі ұйымдардаүлгілік оқу жоспарыныңвариативтік бөлімін ұйымдастырубойынша əдістемелік құрал

























2017жыл







Құрастырған: Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Магмурова Асель Бекетовна























Əдістемелік құралда Үлгілік оқу жоспарына сəйкес мектепкедейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балаларға арналған вариативтік бөлімдіұйымдастыру бойынша материал берілген.





















































МАЗМҰНЫ







Түсіндірме жазба -------------------------------------------------------- -

Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарындавариативтік бөлікті құрудың қағидаттары---------------------------- Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарындағы вариативтік бөліктің құрылымы жəне болжамдық иазмұны---------------------------------------------- Қорытынды ----------------------------------------------------------------

Қолданылған әдебиеттер -----------------------------------------------

Қосымша 1------------------------------------------------------------------















































ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Вариативтік білім беру – Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесіндамытудың негізгі ұстанымдары мен бағыттарының бірі.Жоспардың вариативтік бөлімі білім берудің вариативтілігін, мектепкедейінгі ұйым қызметінің басым бағытын көрсетеді, балалардың жекеерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып,оларға арналған білім беру қызметінің саласын кеңейтуді қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарыныңвариативтік компоненттері Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудыңмемлекеттік жалпыға міндетті стандартының: «Денсаулық», «Коммуникация»,«Шығармашылық», «Таным», «Əлеумет» білім беру салалары бойынша жаскезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесті ұйымдастырудықамтамасыз етеді.Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына Үлгілік оқужоспарының вариативтік бөлімін қолдануда көмек көрсету.Міндеттері:- тəрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қажеттіліктерінзерделеу;- ұйымдастырылған оқу қызметінің шеңберінен тыс тақырыптық бағыт,балалалардың қызығушылықтары бойынша топтарда заттық-кеңістіктікортаны қамтамасыз ету;- оның даралығына сəйкес тəрбиеленушінің тұлғасын дамыту;- белгілі білім беру ұйымының білім беру процесі жүзеге асырылатынаймақтық, демографиялық, климаттық жағдайларды ескеріп, білім берупроцесін үйлестіру;- балалардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне сəйкес, кіріктірілгенсабақ түрлері мен іс-əрекетке жағдай жасау;- дарынды балалармен жұмысқа инновациялық технологиялар менəдістерді қолдану.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНДАВАРИАТИВТІК БӨЛІМДІ ҚҰРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫМектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарында вариативтікбөлімді ұйымдастыруда келесі қағидаларды ескеру қажет:- əр жеке тұлғаның психофизиологиялық жəне жеке ерекшеліктерін,интеллектуалды дамуын ескере отырып, халыққа білім берудің барлықдеңгейіне қолжетімділік, сапалы білім алуға барлығының тең құқылығы;- психологиялық жайлылық (мейірімді атмосфера);- табиғилылық- баланың денсаулығы, психикалық жəне дене дайындығы,ерекшелігі, бейімділігі, жеке ерекшеліктері мен қабылдауының оның жаратылысымен сəйкес дамуы;- жеке тəсіл- баланы жеке тұлға ретінде дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;- кіріктіру-тəжірибелік-эксперименттік іс-əрекетті басқа іс-əрекет түрлерімен кіріктіру;- ғылымилық- балаларға шынайы ғылыми білім беріледі;- мазмұнның дамытушылық əсері- баланың жақын даму аймағындағы біліміне сүйену,баланың таным əдістерін меңгеруін қамтамасыз ету;- жүйелілік- баланы əлемнің біртұтас бейнесі туралы білімменқамтамасыз ету үшін, балаларға берілетін білімнің бір-бірімен байланысты болуы;- өлке тану қағидасы - аймақтық ерекшелікті ескеріп, мектеп жасына дейінгі баланың алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыруды қамтамасыз ету;- жеке тұлғаны білімге ынталандыру жəне дарындылығын дамыту. Аталған қағидалар білім беру мазмұнына қойылатын заманауиталаптарды анықтайды ( Қазақстан Республикасы «Білім беру Заңы» 3 бап). Түрлі білім беру мəселелері туралы талдау, реттеу жəне алынған деректерді бағалауды жүйелі түрде жинақтау үшін мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізіледі. Төмендегі талаптар орындалған кезде қажеттіліктері қанағаттандырылуы мүмкін:- білім беру қызметін көрсету арқылы балалар мен олардың ата-аналарының қажеттіліктерін анықтау;- білім беру ұйымының тақырыптық бағытына сəйкес білім беру ортасын жетілдіруге ықпал ету;- педагогтардың кəсіби шеберлігін жетілдіру;- педагогтарды жұмыстың сапасын жақсартуға ынталандыру. Балалармен жұмысты ұйымдастыру формасын таңдау қолданылатын əдіс-тəсілдермен тікелей байланысты:- жүйелі-əрекеттік: мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің мақсаты мен міндеттерін, оның мəртебесі мен жағдайын түсіну, ішкі жəне сыртқы байланыстардың əсерін ескере отырып, білім беру процесін вариативтік бағдарламалар мен технологияларды қолдану жағдайларымен тұтастай қамтамасыз ету;- жеке тұлғаға бағытталуы: педагогтардың кəсіби жəне жеке қасиеттерін дамытуға бағыттылықты, əрбір педагог пен баланың мүмкіндігін жəне қабілетін толық ашуды қамтамасыз ету;- жеке: мектепке дейінгі ұйымда əдістемелік жұмыстың жүйесін құрудажеке білім беру сұраныстарын жəне кəсіби құзыреттілік деңгейін есепке алу;- еркін түрде өзін-өзі анықтау: əр баланың өзін-өзі жетілдіру жолын өз еркімен таңдауы;- мотивациялық-ынталандырушы: іс-əрекетке түрткі болатын жəне қызығушылық тудыратын ынталандыру түрлерін қолдану;- түзету: педагогикалық мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктермен, оларды тудыратын себептерді уақтылы түзету;- үйлестірілген тəсіл: отбасында жəне мектепке дейінгі ұйымда тəрбиелеу арқылы ересектер мен балалардың ынтымақтастығын дамыту.







МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ВАРИАТИВТІК БӨЛІМДІЖОСПАРЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРБілім беру процесіне қатысушылар қалыптастыратын бағдарламаныңвариативтік бөлімі мыналарды қамтамасыз етеді:- мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ұйымдастырылуын түрлендіруді;- балабақша қызметінің басым бағыттарының болуын;- санитарлық-гигиеналық, аурулардың алдын-алу жəне сауықтыру іс-шараларын балабақшаның жағдайларын ескере отырып жүргізуерекшеліктерін;- балалардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен қабілеттіліктерін,сондай-ақ ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, нақты бір топтағыбалалардың дене, əлеуметтік-тұлғалық, танымдық-тілдік, көркемдік-эстетикалық даму ерекшеліктерін;- нақты мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылатын білім беру процесінің ұлттық-мəдени, демографиялық, климаттық жағдайларерекшеліктерін.Вариативтік білім беру процесі – білім беру мақсатына қол жеткізу үшінпроцеске қатысушылардың өзара байланысты əрекеті (Мектепке дейінгітəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты аясында).Бағдарламаны меңгеру барысында балалардың əрекетке ынтасының артқанынкөрсетуі тиіс.Қазіргі жағдайда балалардың дербес əрекетін белсендіруге көбірек көңілбөлу ұсынылады.Бастапқы кезеңде балалардың білімге деген қызығушылығы мен қажеттілігіне мониторинг жүргізу қажет, тəрбиешілер, психолог, əдіскер өткенкезеңге балаларды диагностикалық тексерудің нəтижелерін, балалардың білімді игергендігі, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерделейді. Балалардың білімге деген қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау үшін ата-аналармен сауалнама жүргізу ұсынылады. Баланың даму мониторингі жəне ата-аналармен жүргізілген сауалнама олардың сауалдарына жауап беретін жұмыстың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, келесі мəселелер ескерілуі керек:- мектепке дейінгі ұйымдар орналасқан жердің климаттық жағдайлары;- балалардың зияткерлік жəне шығармашылық қызығушылықтары;- мектепке дейінгі ұйымда əдіістемелік жəне материалдық қордың,аталған жас тобына арналған заттық-кеңістіктік ортаның болуы;- арнайы мамандардың жеткілікті болуы. Педагогикалық процесті əдістемелік қаматамасыз ету:- МДҰ заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру;- тəрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың орындалуы;- бағдарламаның, жеке білім беру салаларының орындалуы туралы мониторинг жүргізу;- заманауи талаптарға сəйкес əдістемелік қаматамасыз етудің мазмұнын жаңарту.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНДАҒЫВАРИАТИВТІК БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖƏНЕ МАЗМҰНЫНЫҢ ҮЛГІСІВариативтік компонент – мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, эксперимент жұмысы, педагогтердің шығармашылық жұмыстары, дарынды балалармен жұмыс, ұйымдастырылған оқу қызметтерінен тыс балалардың қызығушылығы жəне шет тілдерін үйрету бойынша жұмыс болып табылады.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сəйкес топтарда вариативтік жүктеменің жалпы апталық көлемі төмендегідей: Екінші кіші топ (3-4 жас) 1 сағат Ортаңғы топ (4-5 жас) 2 сағат Ересектер тобы (5-6 жас) 3 сағат Мектепалды даярлық сыныбы (6-7жас)4 сағат Вариативтік бағдарламаның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жеке, эмоционалдық, əлеуметтік жəне зияткерлік дамуын қалыптастыру болып табылады.Мектепке дейінгі ұйымдардағы үйірме жұмыстарының бағыттары:- табиғатпен берілген баланың шығармашылық əлеуетін дамыту;- шығармашылықты тануға мотивациялық дайындығын дамыту;- зияткерлік жəне рухани дамыту;- баланың шығармашылық өзін-өзі танытуы жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;- бала тұлғасының дамуы үшін жағдайлар жасау;- баланың психикалық жəне денінің саулығын нығайту;- педагогтың отбасымен ықпалдасты.Үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін білім беру бағдарламалары: инновациялық, авторлық технологиялардың, жұмыс бағдарламаларды таңдау қажет. Вариативті бөлімді күн тəртібінің шеңберінде өткізу мерзімі мектепкедейінгі ұйымның əкімшілігінің құзырында болады. Үйірме жұмысы мектеп жасына дейінгі балалармен мектепке дейінгі ұйымдарда күннің екінші жартысында, ал мектепалды даярлық сыныптарында күннің бірінші жартысында өткізіледі. Өткізу орындары: топ бөлмесі, музыка залы, бейнелеу өнері студиясы, денешынықтыру залы, АКТ арналған бөлме жəне т.б. Вариативтік бөлімді əрбір жас тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы кестесіне енгізу қажет. Ескертуде мысалы: ересектер тобында вариативтік бөлімнің жалпы саны – 3 сағат екеніні көрсету керек.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненттері Стандарттың «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Əлеумет» білім беру салалары бойынша бойынша жас кезеңдерін ескеріп, педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлі жас топтарына вариативтік компоненттің тақырыбын анықтауда мектепке дейінгі ұйымның қызметіне сəйкес келесі жұмыс бағыты ұсынылады:Вариативтік компонент«Денсаулық» білім беру саласыЖүзуШынықсаң шымыр боларсың!«Қауіпсіздік əліппесі»«Коммуникация» білім беру саласыЕртегілер еліндеҚазақ этнопедагогикасыЖас актерлар мектебі«Таным» білім беру саласыШахматМозаика (логика)Өзіміз жасаймыз (робототехника)Кішкентай зерттеушілерТуған өлкені біл жəне аяла«Шығармашылық» білім беру саласы«Шебер қолдар»«Би үйренеміз»АрттерапияВокалБисер тоқуҚұм терапиясыКішкентай суретшілер«Əлеумет» білім беру саласыБағдаршамБəрін білгім келеді«Сұлулық əлемі»Сүйікті қалам АстанаКүтілетін нəтиже:- тəрбиеленушілер мен ата-аналардың қажеттіліктері нақтыланады;- Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін жүзеге асыру мəселелері бойынша педагогтардың кəсіби құзіреттіліктерінің деңгейі артады;- дарынды балаларды табу, тақырыптық бағыт, топтағы балалардың қызығушылықтары бойынша əдістемелік материал жұмыс жоспарының вариативті копоненттеріне сəйкес жүйеленеді;- аймақтық, климаттық ерекшеліктерді ескеріп, білім беру процесі жүзеге асырылады;- балалардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне сəйкес, кіріктірілген сабақ түрлері мен іс-əрекетке жағдай жасалады. Аталған бөлімді əзірлеу – бұл педагогтың шығармашылық жұмысы жəнетəрбиеші мазмұнды іске асыру үшін өздігінен əдіс пен технологиянытаңдайды



ҚОРЫТЫНДЫ Мектепке дейінгі кезеңде баланың толыққанды өмір сүруі үшін, тек оғанбілімді меңгертіп қана қоймай, өздігінен ізденуге, шығармашылықпен ойлайбілуге үйрету маңызды. Вариативтік компонент оқыту барысында дамытаоқыту қағидаларын жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық əдістер мен технологияларды енгізуді қарастыратын балалардың қызығушылықтары бойынша вариативтік бағдарламаларды қолданған жөн. Оқыту мазмұнының жаңартылуына сай баланың қалыпты психологиялықдамуына, жеке тұлға қасиетінің жан-жақты үйлесімді қалыптасуына, яғнисоңғы нəтижеге жетуге бағытталған мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделінқалыптастыруға (дене дамуы қалыпты, белсенді, білуге құштар, эмоционалдыелгезек, ересектермен жəне құрдастарымен өзара əрекет тəсілдерін, қарым-қатынас құралдарын игерген, өзі, отбасы, қоғам, мемлекет, əлем жəне табиғаттуралы бастапқы түсініктерге ие, мектепте оқуға қажетті біліктер мендағдыларды меңгерген) жағдай жасалады.Вариативтік бөлімнің мақсаты мен міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру педагогтарға балалардың белсенділігі мен бастамашылдығын дамытуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты вариативтік бөлім баланың толыққанды дамуына əр жастағы балалардың даму деңгейіне сəйкес келесі жасқа өтуінде сабақтастықты сақтай отырып ықпал етеді. Мектепке дейінгі ұйым педагогтары отбасымен бірлесіп балалардың денсаулығы мен жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды, өздерінің кəсіби шеберлігін арттырады. Вариативтік бөлімде дəстүрлі, инновациялық технологияларды қолдану, қызықты авторлық бағдарламаларды таңдау білім беру процесін жаңартуға бағытталған, педагог вариативтік бөлімнің мазмұнын жəне күн тəртібіндегі орны мен ұйымдастыру əдіс-тəсілдерін өзі анықтауға құқылы. Педагогтардың вариативтік бөлімде пайдаланылатын бағдарламаларды сауатты қолдануы мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарымен ұсынылған негізгі шарттарды жүзеге асыра отырып, тұтастай педагогикалық процесті қамтамасыз етугемүмкіндік береді.























ҚОЛДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы (27. 07. 2007ж.№ 319-III).2.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндеттістандарты (2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 ҚРҮҚ).3. Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқужоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусым №391 бұйрығы).4. Дыбина О. В. Неизведанное рядом: занимательные опыты иэксперименты для дошкольников / О.В. Дыбина, Н. П. Рахманова, В.В.Щетинина. – М.:ТЦ «Сфера», 2005.5.Дыбина О. В. Из чего сделаны предметы: сценарии игр-занятий длядошкольников/ О.В. Дыбина. – М.:ТЦ «Сфера», 20046.Иванова А. И. Естественно-научные наблюдения и эксперименты вдетском саду. Растения. / Детская энциклопедия/ А. И. Иванова – М.: ТЦ«Сфера», 2004.7.Костюченко М. Экспериментируем! / М. Костюченко// Дошкольноевоспитание . – 2006. - № 8. – с.19-228.Мартынова Е. А. Организация опытно-экспериментальной деятельностидетей 2-7 лет: тематическое планирование, рекомендации, конспекты занятий./Е. А. Мартынова, И.М. Сучкова. – Волгоград: Учитель, 2010.9.Рыжова Н. А. Волшебница – вода /Н. А. Рыжова. – М.: Линка-Пресс,1997.10.Шапиро А. Научные забавы / А. Шапиро// Детс
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!