Материалдар / Ұлттың қуаты тілінде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлттың қуаты тілінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
611
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттың қуаты тілінде



Қазақ тілім! Тәй-тәй басқан қылықты

ана тілім! Қазағымның маңдайындағы

жұлдыздай дара тілім!


«Қазақ тілі – кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай», - дейді М.Көбеев. Қазақ тілін біл де қазақты таны деп тұрғандай ғой тіліміз. Қазақ тілі дегенде қазағымның дархан даласы, самал желі, ыстық лебізі есіп, бір нәзік сезім жүрегінді баулап алғандай күйге енемін.

«Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі», - деген сөз өмір шындығы. Оған дәлел алпауыт, әлемді аузына қаратып, жаһанды өзіне бағындырған елдердің тілі шарықтап, өз халқы ғана емес, өзге де елдерде мойындалуда.

Тұңғыш елбасымыз «Тұғырлы үш тіл» деп жолдауларында үнемі айтып отыратын. Балаларымыздың шет тілдерін игергенін қалап тұрамыз, әрине көштен қалмағанымыз дұрыс. Болашақта басқа елдермен тереземіз тең болғанын да тілейміз. Бірақ «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегенді де ұмытпайық. Ұлы жазуышы Мұхтар Әуезовке біреу «Неге шығармаларыңызды орыс тілінде жазбайсыз?» - деп сұраған екен. Сонда жазушы «Орыс тілінде жазу үшін, орыс тілінде түс көру керек» - деп жауап берген екен. Қандай тектілік десеңізші! Әр қазақтың бойынан осындай тектілік болса, тіліміз жаңдана түсері сөзсіз.

Тілдің шын құдіретін, елдік белгісін, береке-бірлігін, өлшеусіз байлығын сезініп, тілінен қамал тұрғызатын, тілдің құдіретімен жерін, елін алапат күштен аман сақтап қалатын да қазақ баласы. Қазақ тіл бойымыздағы қанымыз, сан ғасырлық тарихымыз. Сонау Франция елінде ана тілінде ән шырқаған Әміре Қашаубаевтың қоңыр дауысы, қазақ тілінде шырқалған сазды үн әлі күнге дейін ұмытылған емес. Әлі де болса қазақ әндеріне, қазақ тілінің үніне сусындап жүр жат ел.

Көп ұлтты, бейбітшілікті ту еткен, жеріміз бен өмірлік мақсатымыз да бір елміз. Иә, әр ұлттың өз діні мен тілі бар, өз ұрпағына өз тілінде, өзіндік тәрбие беруге құқылы оған еш дауымыз жоқ. Дегенмен де қазақ еліндегі барша ұлт қазақ тілінде сөйлеп, бірін-бірі қазақ тілінде ұғынса мақсаты мен болашағы бір болмақ. Бірлік болса жетер мақсат та ортақ болады.

«Қазақ тілі өз ұлтындай еркіндікті, бейбітшілік пен берекені сүйетін дана тіл» - дейді Әбіш Кекілбаев. Әр қазақтың баласы, әр отбасы «Тіл – тәрбиенің негізі» деген ұғымды берік ұстанып, үлгі көрсетіп, бастау бастап, ұлылар айтқан сара жолды салуы керек. Үлкендеріміз көрегендігімен, жастары бірлігімен көрінсе ғана жемісті болары хақ.

Сонау қиян кескі заманда жерімізден, дінімізден, салт-дәстүрімізден жырақ болған шақтарда халықтың өзімен бірге ыстығы мен суығын да бірге көріп, бірге жүрген асыл байлығы, ана сүтімен санамызға дарыған ана тілі ғана. Қазақ тілі – қазақ елінің тұмары іспеттес дана да, дара. Тәуелсіздіктің негізі ұлттың тірегі.

Егемендігімізді алып, жоғымыз табылып, өшкеніміз жанданып, өлгеніміз тіріліп отыр. Тек әлі де басын тіктей алмай, тамырын тереңге жая алмай аласұрған тіліміз ғана.

Қазақтың сөзі – қазақтың өзіндей бірін-бірі құшақтасқысы келіп тұратын сөз. Олай болса, жұмған жұдырықтай жұмыла тілдің мәртебесі жолында барымыз бен бар жиғанымызды салып, ұлттың ғана емес барша Қазақстанның ұлттық тілінің деңгейіне жеткізейік. Ертеңіміз бен еліміз үшін тіліміздің асқақтыған ойлайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, тіліміз айбынды бола берсін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!