Материалдар / «Ұлттық жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» баяндама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ұлттық жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі» баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларға баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
681
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ«ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ КММ













«Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы» атты облыстық педагогикалық оқу







Секция: «Рухани жаңғыру –ғылым мен білімнің сапалы негізі»Тақырыбы: «Ұлттық жаңғыру -туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі»

Орындаған: Закариянова Зайнигуль Кизатовна «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі.





















Ұлттық жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі КіріспеЕлбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.





























Қазіргі кезде білім,тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының, дәстүрінің, ата-баба мұраларының алатын орны зор. Ежелгі түркілік тектен тараған халқымыздың інжу-маржандары, қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ғұлама абыздарынан мұра боп қалған асыл сөздер халқымыздың бойына, жастардың жүрегіне өшпес із қалдырумен келеді.Ата-заңымызда және басқа да маңызды құжаттарда айқындалғандай жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алуы және жан-жақты жетілуі, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтауы, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру- мемлекеттік саясаттың негізгі тармағы болып табылады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласы ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін, іргелі бағдарламалық бағыттағы құжат. Алғаш ойыма келген нәрсе: Елбасы қаламынан шыққан мына жазбаның мақала ауқымынан әлдеқайда кең, көтерілген мәселенің ірі екендігі. Мақаладан гөрі Елдің ертеңгі рухани, мәдени өсуінің бағдары, бағдаршамы дерсіз. Әр сөйлемде үлкен мән бар, ой бар, сұрыпталған сөз, іріктелген тіркес, көптен толғандырып жүрген ойдың әсерлі толқынысынан туған тұжырым бар.Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны! «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ үшін де аса маңызға ие,ұлы көшке бастар тағы бір игі бастаманы қолға алуды ұсынып отыр.Ол-латын әліпбиіне көшу жөніндегі бастамасы.Жалпы өз басым латын әліппиіне көшу –Қазақстандағы рухани жаңғыру бағдарламасының өзегі деп білемін.Осы жайында Республикалық «Ұлттық жаңғыру-туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі атты байқауға қатысып, «Латын әліппиіне көшудің терең логикасы» атты эсседе кеңінен баяндадым. Мен осы таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі «Туған жер» бағдарламасына тоқталып өткім келеді. Мәдениет және салт-дәстүрлерге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі -«Туған жер» бағдарламасы. Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істерімен қуаттанып, нығайтылуы тиіс. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Жалпы, «Туған жер» бағдарламасының кіші бағдарламасының біріншісі «Тәрбие және Білім». Кіші бағдарлама бойынша 3 базалық жоба: «Өлкетану», «Отаным тағдырым» және «Саналы азамат» қарастырылған. «Өлкетану» базалық жобасы  бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.Осы бағытта №1 Марқакөл орта мектебінде «Отаным -тағдырым» базалық бағытының «Менің Отаным-Қазақстан» жобасы бойынша 7-8 сынып оқушылары Марқакөл өңіріндегі «Ақнайман қырылған» тарихи орнына барып, ауылымыздың құрметті ақсақалы Қабдуали Аманжоловтың аузынан тарих сырларын біліп қайтты. «Мәңгілік ел –болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсында «Марқакөл туралы аңыз» тақырыбында драмалық көрініс қойып, облыста ІІІ орынға иеленді. «Өлкетану» базалық бағытының «Табиғат бесігі» кіші бағыты бойынша мектебіміз екі жыл қатарынан «Марқакөл мемлекеттік қорығы» ұйымдастыратын «Саябақтар шеруі» акциясында ауыспалы кубокті жеңіп алды. Бұл акцияда оқушыларымыз заманауи ұялар жасады, мектеп ауласын абаттандырды, «Құстар күнін» мерекеледі. «Өлкетану» бағытының «Тарих мұрасы» жобасы аясында мектебімізде мұражай жұмысы жақсы жолға қойылған.Бұл жерден ауылымыз жайлы, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ардагер ұстаздар жайында өте көп мәліметтер қоры бар. Өлкетану курсы бойынша тарих, қазақ әдебиеті сабақтары осы мұражайда өткізіліп тұрады.Қазіргі кезде отбасындағы әке тәрбиесінің рөлін көтеру, оларды бала тәрбиесі мен мектеп өміріне көптеп тарту мақсатында « Отбасы әлемі» жобасы аясында «Әкелер форумы» өткізіліп, бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары кеңінен талқыланды. Саналы азамат бағытының «Алтын қазына» жобасы барысында жерлесіміз, домбыра жасаудың хас шебері Ж. Тұрдығұловпен сәуір айында кездесу ұйымдастырылды, ол кісі өзінің қолынан шыққан музыкалық аспаптарын мектебімізге сыйға тартты. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Сондай перзенттердің бірі мектебіміздің түлегі Ш.Ж.Бижігітов робототехника кабинетінің ашылуына өз үлесін қоса білді. "Отаным – тағдырым" базалық жоба жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты дамытуға, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыруға, кәсіби маңызды қасиеттерді және дағдыларды, жұртшылықтың өмір, қоғам, әртүрлі салаларында белсенді ат салысуға көмектесу. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектептерде туған жердің тарихын танытудан басталады. Қоғамның басты рөлін тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, тәрбие мен оқыту және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде түсінуге көмектеседі.Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі. Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деуінің мәнісін терең түсіну абзал. Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасының маңызы өте зор. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық. Бұл бағдарламаның аясына тарихымыз да, руханиятымыз да кіріп кетеді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады. «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. «Туған жер» бағдарламасы білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүрізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді жерілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.Ақыл-ойы толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны анықРухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күшұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет.Осы орайда 5 сыныпқа арналған «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты сынып сағаттарының алатын орны өте үлкен. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне шарапатын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдеміз. Рухани жаңғыру-туған елдің тұтастығына,ынтымақтастығына ,ел болашағына берік ірге тас болатынына мен өз басым кәміл сенемін.ҚорытындыАталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді. Өйткені тамырынан үзілген бәйтерек ол жапырақ жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне тамырына сүйенбеген халық ұзаққа бармайды. Ойымның қорытындысын, Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.

Сөйлейтін сөзімҚайырлы күн, құрметті әріптестер. Біз бүгін атақты педагог, КСРО Халық мұғалімі Нұрғалиев Құмаш Нұрғалиұлының құрметіне арналған «Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы» атты аудандық педагогикалық оқуға жиналып отырмыз. Бұл ғажап адамның өмірінің өзі – ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке,патриотизмге тәрбиелеуде, олардың азаматтық болмысын қалыптастыруда ғибратты өнеге болып табылады деп Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев айтып кеткен екен. Менің таңдаған тақырыбым Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Алғаш ойыма келген нәрсе: Елбасы қаламынан шыққан мына жазбаның мақала ауқымынан әлдеқайда кең, көтерілген мәселенің ірі екендігі. Мақаладан гөрі Елдің ертеңгі рухани, мәдени өсуінің бағдары, бағдаршамы дерсіз. Әр сөйлемде үлкен мән бар, ой бар, сұрыпталған сөз, іріктелген тіркес, көптен толғандырып жүрген ойдың әсерлі толқынысынан туған тұжырым бар.Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны!Сл 2,3.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ үшін де аса маңызға ие,ұлы көшке бастар тағы бір игі бастаманы қолға алуды ұсынып отыр.Ол-латын әліпбиіне көшу жөніндегі бастамасы.Жалпы өз басым латын әліппиіне көшу –Қазақстандағы рухани жаңғыру бағдарламасының өзегі деп білемін.Осы жайында Республикалық «Ұлттық жаңғыру-туған жер тұтастығы мен ел болашағының кепілі атты байқауға қатысып, «Латын әліппиіне көшудің терең логикасы» атты эсседе кеңінен баяндадым, сертификат алдым СЛ 4Мен осы таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі «Туған жер» бағдарламасына тоқталып өткім келеді. Мәдениет және салт-дәстүрлерге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі -«Туған жер» бағдарламасы. Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істерімен қуаттанып, нығайтылуы тиіс. Осы мақсатта мектепте «Тәрбие және білім» бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық жоспар жасалып СЛ 5,6 бекітілді, Өлкетану курстары бойынша тарих, қазақ әдебиеті, география,орыс тілі пәндерінің жылдық жоспарлары бар.Бұл жоспарда оқушылар туған өлкеміздің танымал тұлғаларымен,өнер қайраткерлерімен танысады, тарихи орындарға саяхаттау арқылы туған жеріміздің тарихымен терең танысады. «Өлкетану» бағытының «Тарих мұрасы» жобасы аясында мектебімізде мұражай жұмысы жақсы жолға қойылған.Бұл жерден ауылымыз жайлы, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар, еңбек ардагерлері, ардагер ұстаздар жайында өте көп мәліметтер қоры бар. Өлкетану курсы бойынша тарих, қазақ әдебиеті сабақтары осы мұражайда өткізіліп тұрады. СЛ 7,8,Нәтижесінде олар өз туған жерінің тарихын терең зерделейді, табиғатын қорғауға, абаттандыруға өз үлестерін қосады.СЛАЙДТАР БОЙЫНША СӨЙЛЕУ«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жас ұрпақтың бойына дарытатын мына біздер-ұстаздар қауымы деп білемінТәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.СОҢҒЫ СЛАЙДПЕН СӨЙЛЕУ   Назарларыңызға рахмет!







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!