Материалдар / Ұлттық кодтың ұлы қасиеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлттық кодтың ұлы қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬-ғыру» атты мақаласында «Әжеп¬тәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас¬тау алатын рухани коды болады" деген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2020
316
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұлттық кодтың ұлы қасиеттері

Қанатты сөздер:

1. Ұлттық код – рухани болмыс кілті

2 студент: Армысыздар қонақтар, ұстаздар мен студенттер!

"Ұлттық кодтың ұлы қасиеттері" атты  ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін:

1.Маңғыстаулық танымал ұстаз Ордалы Қосай


1 Оқытушы (Гульзира Б.): Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты мақаласында «Әжеп­тәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады" деген. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең бас­ты шарты – сол ұлттық кодты сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өткен еді.  Жоғарыда Мемлекет басшысы айтып отырған ұлттық код мәселесіне  тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. 
2 Оқытушы (Ляззат Қ.): Елбасы жаңғыру деген сөзді текке айтып отырған жоқ. Яғни, бұрын ұлттың жүріп өткен жолы бар еді. Ұлттық қасиет толығымен сақталған-ды. Соңғы бодандықтың дәуірінде жоғалған, ұмыттырған өмір салтымызға қайта оралу, тамырымызға оралу қажеттігі туындады. Ол ұлттың болмысы, ұлттың ерекшелігі – ұлттық кодтың ұлы қасиеттеріне қайта оралу еді. Ұлттық кодтың қазақилық 7 қасиетін жіктеп көрсеткен «Қазақ халқының ұлттық болмысы – рухани коды» танымдық формуласының авторы Маңғыстаулық танымал ұстаз Ордалы Қосай еді.

1 Оқытушы (Гульзира Б.):

Осы ашық тәрбие сағатымызды өткізер алдында студенттерге осы мақаланы оқуға кеңес берген болатынбыз.
Сіздердің көзқарастарыңызды білгіміз келеді, жалпы ұлт болмысын, ұлт ерекшеліктері туралы алған әсеріңізді бөліссеңіздер.
1 студент Мадина: Ұлттың жасауы (бас сүйегі, келбеті, қан құрамы, дыбыстауы, әуезі)

Қан құрамы туралы Жәнібек хан мен Өтебойдақ емшінің арасында болған әңгіме туралы айтқым келеді.

15-ші ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты: 
— Қандай ауруды емдеу қиын? 
— Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын. 
— Ал, оның алдын алуға бола ма? 
— Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек!

Жеті - қазақ үшін қасиетті сан. Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. 

2 студент Гулсара: Қазақ әуезі - - халық әндерінің ерекше қасиеттері жаныңды баурап ала жөнеледі. Ақансерінің "Балхадишасын" орындап бергіміз келеді.

"Балхадиша" әні. Айдана, Гулсара

2 студент Алтынай: Аты-жөні, тегі

Ұлт тарихы - жеке адамның тегіне тіреледі. Тектілік тарихы - ұлт тарихы. Әрбір адам өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп - тамырларын танып білуге ұмтылу керек. Әр баланың есімін қойғанда да мән беруі керек.


3 студент Ұлболсын: Тілі

Ана тілі – ол ұлтымыздың басты ерекшелігі. Кезінде батыр Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә», - деп жазған еді.

Тіл білместік:

- өз халқымыздың әдеби - мәдени бай мұрасын оқи алмайтын, оның құндылығын сезіне алмайтын қасыретке ұрындырды;

- қазақты басқаның бәрінің айтқаны жөн деп еліктейтін дүбәралыққа апарды, өзін - өзі қомсыну теориясын дамытты;

- қазақша сөйлесең жүре тыңдайтын, орысша сөйлесең тұра қалып тыңдайтын орта қалыптастырды;

- өсіп келе жатқан жаңа ұрпақ қазақ тілінсіз де күнелтеміз деген қасіретті ұғымды қалыптастырды.

4 студент Айдарова Эльмира: Біздің бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыз

21 ақпан – халықаралық ана тілі күнімен тұспа - тұс келіп отыр. Халықаралық ана тілі күні – 1999 жылдың 17 қарашасында болған ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30-сессиясындағы қаулысымен 2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында бекітілген. Бұл күн 1952 жылдың 21 ақпанында шығыс Пәкістанның (1971 жылдан Бангладеш)  Дакка қаласында (қазіргі Бангладештің астанасы) болған өздерінің ана тілі - бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен демонстрацияға қатысушы студенттерге қарсы қолданылған қатаң жазаға байланысты белгіленді. Бангладеште сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде аталып өтіледі.
4 студент Төлегенова Гүлдана: Күйі

Қазақ халқы тілмен жеткізе алмағанды күймен жеткізген. Ұлы ғұлама Әл-Фараби: "Күй арындаған кісінің арынын басады, көңілі түскен кісінің қабағын ашатын, жанын жадырататын қасиеті бар" деген. Күй - қазақтың иммунитеті, күйді танымасаң, күйді тыңдамасаң, ұлттың иммунитеті жойылады. Күй - қазақтың жаны, тілің жетпегенде жеткізетін құдіреті бар. Күй - қазақтың киесі.


Күй орындалады.

5 студент: Ділі

Бұл туралы Жүсіп Баласағұни "Адамға екі нәрсе керек тегі, бірі тіл, бірі ділің жүректегі" деп ХІ ғасырда сөз қалдырған. Демек, діл - жүректің лүпілі, қазақтың жүрегінің соғысы, жасаған иеміздің ұлтқа берген ерекше сыйы. Ол алты - қасиетке ие.

1. Бауырмалдық - отбасы құндылықтары, қонақжайлық, салт-дәстүр

2. Мәрттік, сөзге тоқтау - отбасы құндылықтары

3.Жомарттық - қонақжайлық

4.Айтыскерлік

5. Сенгіш, иланғыш - әдет-ғұрыптар

6.Бейімделгіш - әдет-ғұрыптар

6 студент: Топырағы, киесі

Әлемде 3 ұлт бар.Туған жерін аңсайтын және туған жерге шақыратын. Олар қазақ, неміс, еврей.

7 студент: Жады (ми қызметі)

Қазақ халқының есте сақтау қабілеті, жады тамаша. Біздің оқу орнымыз алты ай жырлап ""Қырымның қырық батырын" тауыса алмаған Мұрын жырау Сеңгірбекұлының атында. Ұлттық қасиеттерді меңгерген адам толық адам, ол өзінің кемшіліктерін сезініп, бойынан аулақ еткенде кемел адам санатына жатады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!