Материалдар / Ұлттық ойндардың пайда болу тарихы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлттық ойндардың пайда болу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындардың пайда болу тарихы Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, күрес, көкпар, бәйге сыяқты ойындары арқылы қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалып тастыру. Ғылыми зерттеу жұмысының міндеті:Қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
455
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















«Ұлттық ойндардың пайда болу тарихы»

БАЯНДАМАСЫ



Автор: Ануарбеков Талант ДТ-21-09-01 тобының студенті,

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Жетекші: Бауыржан Сәрсенбаев

























Ұлттық ойындардың пайда болу тарихы

Жоба авторы: І курс студенті Ануарбеков Талант

Жетекшісі: Бауыржан Cәрсенбаев


Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, күрес, көкпар, бәйге сыяқты ойындары арқылы қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалып тастыру.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеті:Қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.




































І Кіріспе

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз.

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың зама­нымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.

Бұл дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Осы арқылы балалық балдәурен шақта өзін қоршаған орта туралы түсінігі мен дүниет­нымын қалыптастырады. Ойын дегеніміз – білуге, білімге құштарлықты ұшқындататын құрал. Міне, мұның бәрі баланың көңілін ашатын, оны ойданойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақылой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтылары бар. Оның ішінде «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек – Көксерек», «Асық», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» сияқты ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеміз. Яғни таңертеңгі қабылдау кезінен бастап кешке баланың үйіне қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтаса жүргізіледі. Сондықтан бағдарлама бойынша арнайы өтетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимылқозғалыс ойындарын өткізу көзделген. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын бала санасына құйып, көз алдында көрсете отырып сіңіру оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа баулиды.





ІІ Негізгі бөлім

Қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- десе, Кеңес одағының батыры, қазақтың даңқты батыр ұлы – Б.Момышұлы: «Асық – үлкен халықтық тәрбие», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.

Этногроф ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бiзге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерiнде б.з.б. бiрiншi мыңжылдықта-ақ қалыптасқан деседі. Олардың iшiнде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерiнде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңiнен тарады. Жалпы бiздiң қоғамыздағы ұлттық ойындардың негiзi, шығу тегi халқымыздың көшпелi дастүрлі шаруашылық әрекеттерiнен бастау алады. Этнограф-ғалым Ә.Диваев өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Ол бірінші топқа рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топқа – қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Қазақтың ұлттық ойындарын кеңінен зерттеген этнограф халық ойындары баланың қимыл-қозғалысын дамытып, денесін шыңдап қана қоймай, денсаулығын жақсартушы бірден-бір пайдалы дүние екенін мойындаған. Сонымен қатар орыс ғалымы А.Алекторов та – қазақ балаларының ұлттық ойындарына кеңінен тоқталғандардың бірі. Ол өзінің «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегінде көшпелі қазақ халқының өмір сүру салтындағы ұлттық ойындардың алатын орнын, дүниеге келген сәбидің өсу динамикасына, олардың денсаулығының артып, дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы сол ойындардың пайдалы жақтарын ашып көрсеткен екен.

Қазақта 150-ге тарта ұлттық ойындар барын біліп пе едіңіз?! Оларды зерттеген Е.Сағындықов, Ә.Диваев секілді ғалымдар: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, жануарлар дүниесі, аңшылыққа байланысты ойындар, дене шынықтыру спорт ойындары деп бөліп қарастырады. Әрине, ол ойындардың бүгінде біразы ел есінен шығып, ұмытылып кетті.

Халық арасында кең таралған ұлттық ойындардың 5 түрінің шарттарына жекелеп тоқталуды жөн санадық.

Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің  жағасында,  Тұлпарсаз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының ажырамас құрамдас бөлігіне айналған.

1957 жылы Қазақстанда қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйге алаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді.

Көкпар – көптің көзайымына айналған ат пен жігітті сынға салатын тартыс түрі. Оның «дода және жаппай тартыс» деп аталатын екі түрлі әдісі біздің халық арасында кең таралған. Дода тартыс екі команда арасында өтетін болса, жаппай тартыста жеке шабандоздар өздігінше жеңіске жетуге тырысады. Көкпарда ер-жігіттің күшін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігі сыналады. Сондай-ақ, бұл спорт түрі жылқы малының да жүйріктілігін көрсетеді.

Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан 70-80 келі тартатын серкені өз командасының «отауына» түсіру. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады көкпар алаңы болады. Қай команда «отауына» көбірек серке салса, сол команда жеңіске жетеді.

Күрес – тарихы тереңде жатыр. Жеке адамның білек күші мен айла-амалы бірге сынға салынатын дода түрі. Мұнда жігіттер кіммен қарсылас болса да, қайрат, жігерлеріне қоса шеберліктерімен жеңіп шығуға тиіс. Қазақша күрес күні бүгінге дейін сақталып, халықаралық аренаға шыққан ең танымал ұлттық сайысымыз. Бұл – қазақ халқының осы спорт өнеріне ерекше ден қойып, тәлімдік маңызын ұстап қалғандығының белгісі болса керек.

Тоғыз құмалақ – бүгінге дейін өз дәрежесін ұстап тұрған ұлттық ойындарымыздың бірі. Тоғыз құмалақты төрт бұрышты тақтада ойнайды. Тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан сопақша келген ұясы, әр қатар үшін бірден жасалған екі қазан болады. Олардың түсі екі бөлек. Әр ойыншыға 81-ден құмалақ беріледі. Олар ұяларға 9-дан орналастырылады. Ойын шарты: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы адам өзінің кез келген ұяшығында бір құмалақты қалдырып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап ұяларға салып шығады. Егер ең соңы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты түгелімен, өз қазанына аударып алады. Ойын барысында ойыншылардың біреуінің ұясында 2 құмалақ қалып, оған қарсыласы ең соңғы тасын салып үлгерсе, ол үш тасты түгел алады да, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Бұдан кейін сол ұяға түскен тастар «тұздық» иесінің қазанына көшеді. Қазанына жалпы 82 құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.

Асық ойынын ер балалар ойнайды. Асықтың ең маңыздысы – сақа. Бір-біріне қарсылас болып екі бала немесе бірнеше бала екі топқа бөлініп сайысады. Ойынның негізгі шарты – бір-бірінен асықты көбірек ұту. Асықтың үштабан және алтыатар деген кең таралған екі түрі бар. Үштабан ойнау үшін жерге көлденең сызық сызылып, оған әр ойыншы бір бірден арасын сирек етіп кеней тігеді. Ойынға қатысушылар сақасымен тігулі кенейді атып, үштабан сызылған жерден асырып жіберуі керек, үштабаннан кеней шықпай қалса, сол секілді сақа тимей қалса ойынды келесі ойыншы бастайды.

Ал алтыатар ойынында кенейлермен қатар, сақасы шықпай қалған баланың сақасы шетіне қосылып тігіледі. Кімде кім сол сақаны жұлып кетсе жерде қойылған барлық кенейге иелік етеді. Бір кенейді жұлып кеткен бала құлатқан олжаны ғана қанағат тұтады. Әр ойыншыға алты рет кезек беріледі. Алты кезектен кейін шетте тұрған сақа аман қалса, кенейлер сол балаға беріледі.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.

Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.

Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.

Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.

М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.

Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

  1. Жалпы ойындар;

  2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

  3. Ашық алаңқайдағы ойындар;

  4. Қыс мезгіліндегі ойындар;

  5. Демалыс ойындары;

  6. Ат үстіндегі ойындар;

  7. Аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.























ІII Қорытынды

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.

Қазақ халқының тарихи көне жырлары мен лиро-эпостарының қай-қайсысында болмасын ұлттық ойындардың түрлерін кездестіреміз. Жырдың негізгі кейіпкері болып отырған ел қорғаушы батыр, жауынгер, мерген, әділетті төренің де бала кезі ойын үстінде көрінеді. Ойын арқылы бойындағы табиғи дарынын шыңдап, қалыптастырады. Бұл ұлттық ойынның бала тәрбиесіндегі таптырмас құрал екенін дәлелдейтін тағы бір дәйек. Тіпті қазақтың көптеген ұлттық ойындары халықаралық деңгейдегі додаларға сұранып-ақ тұр. Бірақ оны шетелдіктерге жеткізе білу жайы тұрмақ, өз ұрпағымызды толыққанды сусындату жағынан да қимылымыз шабан. Сондықтан өзгенің қаңсығын таңсық көрмей, ұлттық ойындардың беделін көтергеніміз абзал болар еді. Себебі халық ойындары – халықтық тәрбиенің басты құралы. Ал өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру бүгінгі ата-ананың басты міндеті.













Пайдаланылған әдебиеттер;

  1. https://egemen.kz/article/167991-ulttyq-oyyndary-%E2%80%93-babalarymyzdan-qalghan-asyl-qazyna

  2. Бутеев Б.О, Молдабай.Т «Асык в культуре казахского народа: традиция и преемственность»

  3. Энциклопедия. - Алматы, 2011

  4. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл

  5. «Қазақ халқының салт дәстүрлері» авторы : С. Қалиев, М. Оразаев Алматы 1994

  6. https://el.kz/news/obychai_i_traditsii/ulttik_oiindar_____ultimizdin_kundi_murasi/

  7. «Қырық қазына» авторы Ә. Доспанбетов Алматы 1997

  8. Нүсіпоқасұлы А. Тал бесіктен жер бесікке дейін /Алматы. 2014.

  9. Қазақтың Ұлттық энциклопедиясы 1томы.

  10. https://anatili.kazgazeta.kz/news/12782

  11. Т. Асқартегі. Асық – мергендікке тәрбиелейді. // Азия транзит. – 2004.

  12. https://e-history.kz/kz/news/show/1065/

  13. https://kitaphana.kz/refkaz/235-madeniettanu/2742-azati-ltti-oyindari.html

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!