Материалдар / Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2020
662
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі

Биыл 2020 жыл, бірер күннен кейін, адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін тойлағалы отыр. Қанша уақыт өтсе де, түрлі өзгерістер болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді. Бұл Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда азайып бара жатқан соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың ерліктеріне тағзым ететін күн болып мәңгілікке қалмақ. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» - деп батыр Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, ер жүрек жауынгерлеріміз - Қазақстан халқына бейбіт өмір мен тыныштық, береке мен бақыт орнатып кетті. Сұм соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген, сол жылдарда қиындыққа төзіп, Отан үшін от кешкен аталарымыз бен апаларымыз ел есінде. Соғыс майдангерлері Отанға деген сүйіспеншілігімен, қайсарлығымен елін, жерін қорғауды ұрпағына үлгі етіп, тарихта өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Майданда қан кешкен жауынгерлер ерлігі, ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды!

Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуына және достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазір қашықтықтан оқып жатқан кезде де менің оқушыларым сыныптан тыс іс- шараларға қатысуды тоқтатқан емес. Оқушылары қазіргі жағдайда қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Отан үшін от кешкендер» тақырыбында өлеңдер оқып, эссе жазып, суреттер салу арқылы өздерінің Отанға және соғыс ардагерлеріне деген құрметтерін білдіруде. Сөз соңында айтарым, әр жеке тұлға Отан соғысы батырларының ерліктерін ұмытпаса деймін. Сол ата - бабаларымыздың ерліктерін жадында сақтай отырып, келешекте елін сүйер, жерін қорғар жас өрендер өсіп келері анық.

Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата- апаларымызға тағзым етіп бас иеміз. Ұлы жеңіс күні құтты болсын!






Алматы қаласы

Алатау ауданы

201 мектеп-гимназия мұғалімі

Райымкулова Мархабат Кыргызбаевна

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!