Материалдар / Ұстаз мәртебесі - Елбасы назарында
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстаз мәртебесі - Елбасы назарында

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мәртебесі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
299
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз мәртебесі – Елбасы назарында

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Ахметова Г.М. басқарып отырған №156 жалпы білім беретін мектепте биылғы оқу жылында 3665 оқушы білім алуда. Мектебіміз үш тілді, екі ауысыммен оқиды. 2018 жылдың басында мектебімізге қосымша ретінде 650 орындық жаңа ғимарат салынып, іске қосылды. Мектебімізде оқушыларды білікті де білімді 236 ұстаз білім нәрімен сусындатуда.

2018 жылдың 5 қазан күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Бұл жолдауда халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, тиімді сыртқы саясатты жүргізу, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Осы қарастырған мәселелердің ішінде білім саласы қызметкерлері де назардан тыс қалдырылған жоқ.

Елбасымыздың жолдауы мектебіміздің кезектен тыс педагогикалық кеңесінде талқыланды. Мұғалім мәртебесін көтеру жөніндегі Елбасының сөздері ұстаздарымызды бір марқайтып тастады. Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, саналы ұрпақ, білімді азамат тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Сөйлеген сөзінен, айтар ойынан әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа толы, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, адамгершілігіжоғары адам. Елбасының ұстаздарға рух беретін «Педагог мәртебесі туралы» заңды қабылдауы жарқын болашаққа бастайтын Жолдау болды. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі бұдан былай жалпы орта білім беретін мектептер үшін бірыңғай стандарт болатыны қуанышты. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатуда, өнегелі тәлім-тәрбие беру, оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді дарытуда ұстаздың еңбегі зор.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», - деген еді. Сол себепті ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», - демекші, болашақты түзегіміз келсе, болашағымыздың жарқын болғанын қаласақ, ұстаз мәртебесін көтеру – орынды да маңызды шешім. Осы жолдау дұрыс жолға қойылса, ел болашағы – жастар тәрбиесі, білімі, біліктілігі де оң шешімін таппақ.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!