Материалдар / Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің оқушы кезімдегі ұстазым жайлы естелік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
178
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

Бәрі де тәрбиеден, мектептен бастау алады. Мен әңгімені бастамас бұрын өзімнің білім алған ,алғаш табалдырығын аттаған алтын ұя мектебім жайлы кішкене айтып өтсем артық болмас.

Шиелі ауданы ,Қазақстанның 30 жылдығы атындағы (қазіргі Бала би ауылы) №50 Абай атындағы мектепті Бакиров Асанбек ағай бірнеше жыл басшылық қызметін атқарган, өте білімді, білгір салмақты кісі болатын.Ол кісі есіктен кіріп келе жатқанда мұғалімдердің өзі алдынан кесе көлденең өтпейтін. Мектепте жан-жақты спорт- өнер сайыстарын ғылыми шығармашылық жұмыстар,және физикалық химиялық тәжірибе жұмыстарын жиі өткіздіре білген өте үлгілі, білікті басшы бола білген ұстаз болатын.

Алғаш 1985 жылдың қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттап , жүрегіміз алып-ұшып,күнде сол уақытта мектепке жеткенше асығатынбыз. Алғашқы ұстазым Иманбердиева Сақан апай күліп қарсы алатын.Сақан апай әр баламен жеке жұмыс жүргізіп, бізге бар білімін жігерін аяған емес.Бастауыштан орта буынға көшкенде Сақан апай бізді Бодықова Бегайым апайға тапсырды.Бегайым апайға қарап біз көп үлгі ала білдік. Апайдың өзін – өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, киім киісі, тілге шешендігі бәрі де бізге үлкен сабақ болды.Ибалы келін, инабатты көрікті тұлға , нағыз қазақ қызына тән сұлулықты апайдың бойынан табыла білді.Әр сабағын тиянақты,жинақы түрде түрлендіріп өтетін.Әр сабаққа келерде: «Бүгінгі сабақтан не аламыз?»- деп күтуші едік.Өз маманын дөп таңдаған нағыз тіл маманы.Қазақ тілі мен әдебиет сабағынан жоғары деңгейде білім алдық десем артық айтпаған болар едім.Бар баланы бірдей көріп,білгенін терең ұқтыра білген апайды ,осы кезде жиі еске алып отырамын.

Бір күні әдебиет сабағында біз ойламаған жерден апай: «Абиева тақтаға шыға қой,»-деді.Алдыңғы сабақта Абайдың «сегіз аяқ» өлеңін жатқа айтқан болатынбыз.Сегіз аяқты бізге домбырамен орындап беруімді сұрады. Мен біртүрлі ыңғайсызданып жарайды дедім. Мен бала күнімнен домбырада керемет әндер орындайтынмын.Апай колыма мектептің домбырасын ұсынды. Мен сегіз аяқ әнін керемет орындап шықтым.Сол сабақтан бастап әдебиеттен жазушыларды өткен сайын сабақтың қорытындысында сол жазушылардың әндерін үйрете отырып маган әнін айтқызып корытындылап отыратын.Сыныптастарым маған қалжыңдап бізге жақсы болды ғой сабақтан ән тыңдап көңілді қайтатын болдық қой дейтін.Міне қазір зулап жатқан өмір , сол мектепті бітіргелі 23 жыл өтіп кеткенін сезбей де қалыппыз.Осыдан 3 жыл бұрын 20 жылдық мектеп бітірушілердің бас қосу жиынында кездесіп төбеміз көкке жеткендей болдық.Бегайым апайдың келбеті сол қалпында өзгермегендей, биязы сабырлы күйі күлімдеп тұр. Ол кісіні мен өзім ерекше құрметтеймін, өйткені ұстаздық жолдың қыр сырын апайымнан алған тәрбием деп білемін.Сол ұстаздық жолды таңдадым.Жауапкершіліктің тік жолын ұстап,іске шеберлілігін көрсетіп,бізді соған баули білді.Бір қарағанда қатал көрінетін апайдың ішінен улкен ұяңдықты көретінбіз. Қазіргі таңда ұстаздардың рухын көтеретін шәкірттер молынан болғай деп тілеймін.Қазіргі заман талабы басқаша ,оқушының алдында барлық жағдай бар. Ізденуге мүмкіншіліктер көп.Сол мүмкіндікті жақсы бағалай білсе екен деймін. Әрине ұстазы жақсының-ұстамы жақсы болғай.

45 «АқОрда» мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Абиева Қарлығаш

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!