Материалдар / "Үштілділік - заман талабы" дөңгелек үстел
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Үштілділік - заман талабы" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған дөңгелек үстел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2019
1294
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



6 «Орман ертегі» мектепке дейінгі ұйымы











(дөңгелек үстел)







Өткізген: орыс тілі маманы Жубанова А.Е.



















Ақтөбе, 2018 ж



Видеоролик «Үштілділік – заман талабы»

Picture 3

Бүгінгі таңда «Тіл» мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Көп тіл білу-заман талабы. Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осы орайда үш тілділіктің біздің қоғамға берер пайдасы мен кері әсері, сонымен қатар латын әліпбиіне көшу туралы тұжырымдаманың тиімділігі мен біздің болашағымыз үшін маңыздылығы туралы ой-пікірлеріңізді ортаға салу үшін бүгінгі «Үш тілділік – заман талабы» атты дөңгелек үстелге жиналған ұстаздар мен тіл жанашырларына қош келдіңіздер деймін.

Picture 4 Picture 5

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

  1. Қазіргі қазақ тілінің жағдайын ескере отырып, үш тұғырлы тіл саясатын қолдайсыздар ма?

  2. Біріншіден, ұстаз, екіншіден, ата-ана ретінде балабақша жасынан бастап балалардың үш тілді меңгеру туралы саясатқа қалай қарайсыздар?

  3. Үш тұғырлы тіл саясаты бірте-бірте біздің ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамызға қысым түсіреді деп ойламайсыздар ма?

  4. «Үш тұғырлы тіл саясатының» біздің жастардың бәсекеге қабілеттігін арттыра алады деп ойлайсыздар ма?

  5. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев үш тілді білім беру жүйесін дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы аясында 2018 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде, қандай да бір оқыту тіліне қарамастан, «Қазақстан тарихы» пәні – қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» – орыс тілінде және информатика, химия, биология және физика пәндері сияқты бірқатар пәндер ағылшын тілінде оқытылатындығын айтты. Осы үш тұғырлы тіл саясаты, нақтырақ айтсақ, техникалық пәндерді ағылшынша оқыту, ең алдымен, қазақ тіліне қалай әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?

Осы сұрақ аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан - Көптілділік - мәдени құндылық, тіл саясатының басымдығы. Дұрыс, жаһаниятта біртілді тұлға өзін комфортта сезіне алмасы айдан анық. Қазір көтеріліп отырған мәселелер өте дұрыс. Алайда, мына нәрсені түсіну керек: үштілділік, төрттілділік, онтілділік болсын, базалық тілдің негізінде қаланбаса - утопияға, тіпті зиянға айналады. Қазақстан тарихы мен әдебиеті төңірегінде ғана ана тілінде ой бөлісе алатын, ешбір жаратылыстану пәнінен ғылыми білімдерді игермеген, демек өз (қазақ) тілінде сол салада мықты маман бола алмайтын тұлға қоғам үшін қаншалықты пайдалы?

Видеоролик «Латын әліпбиі»



Picture 9 Picture 13

Қазақ елінің өткен тарихында әліпби бірнеше рет ауысты. 1929 жылға дейін араб әліпбиін қолданып, 1940 жылға дейін латын әліпбиін пайдаландық. 1940 жылдан күні бүгінге дейін орыс алфавитін қолданып келеміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Әрине, қоғам болғандықтан, көпшілік болған соң әр түрлі пікір болады. Соған байланысты бүгінгі дөңгелек үстелемізді бәрімізге таныс Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы сіздердің пікірлеріңізді білгім келді.

Picture 10 Picture 11

Picture 12

 

Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды

Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай?

Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 

 

Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды

 

Көк қалпақ

Көк қалпақ аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

 



Қорыта келгенде, бабаларымыз «бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам» деп бекерге айтпаса керек… Сол үшін білімнің артықтығы болмайды… Ал шет тілін үйрену бүгінгі заманның талабы, алайда «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!