Материалдар / Үздік оқырман 201 8 Мақсаты: Қазақ халқының көрнекті ақын жазушыларының шығармаларын насихаттау.Ұлттық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үздік оқырман 201 8 Мақсаты: Қазақ халқының көрнекті ақын жазушыларының шығармаларын насихаттау.Ұлттық

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Лидер Reader ON" іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
389
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үздік оқырман 201 8Мақсаты: Қазақ халқының көрнекті ақын жазушыларының шығармаларын насихаттау.Ұлттық сана сезімі жоғары,рухани ойлауы терең,ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқыту арқылы тәрбиелеу. Кітапханаға оқырман тарту.1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар, жас оқырмандар!2-жүргізуші:Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші білім,ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін білім сапасын артыруымыз қажет. Болашақ білімді жастардың қолында. 1-жүргізуші: 23-сәуір Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Үздік оқырман 2018» атты білім сайысына қош келдіңіздер.2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сөз бар, ендеше «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін сайысымызды бастайық. : 1-жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. Кел , оқырман тойын тойла кітаптыңШаттанатын мерекелі күн бүгін2-жүргізуші : О кітап бас иемін мәртебеңе,Игілік қазынасың бар адамға.Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,Жекізіп жолын тауып айта алам ба? – деп ақын жырлағандай, кітап біздің рухани құндылығымыз,теңдесіз байлығымыз.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі , талай жаңалықтың көзі осы кітаптар.

1-жүргізуші: Бүгінгі болғалы отырған сайысымызға қатысушы 5-6 –шы сынып оқушылары . Әділ қазы мүшелері таныстырылады1-бөлім: «Кітап менің жан азығым» - әр сынып ұранын айтады2-бөлім: « Жақсы кітап жан азығы» Өзі оқыған кітабін жарнамалау3-бөлім: « Кейіпкерлермен сырласайық»4-бөлім:«Мақал сөздің мәйегі.5-бөлім:«Ой маржаны кітапта»2-жүргізуші: 3-бөлім - бұл бөлімде карточкадағы үзіндіні оқып, кітаптың авторы мен атын табады. Карточкада екі сұрақ беріледі.1-карточка1.Абайдың төрт мезгілге арнаған өлеңдері қандай? (Жаз,Қыс.Күз,Жазғытұры)2.Жеті қат жерің мына төңкерілген,Жеті қат аспанменен көмкерілген..Адамзат оның бәрін ерте білген,Ертегіде табысқан ертеңімен(М.Мақатаев Фантазия)2-карточка1.-Ол ұят, - деді сол қазақ қарт, -Өлсеңде ожданнан безінбе!...Жас жігіт күлді оны мазақтап:Ұятың нан болса, езіп же.(Жұбан Молдағалиев)2.Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді.Денесі де бір аралық кейіпте.Бойы өскен.Қол аяғы ұзарған(М.Әуезов.«Абай жолы»)3-карточка

1.Таулардан өзен ағар сарқыраған,Айнадай сәуле беріп жарқыраған,Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,Аралап тау мен тасты арқыраған (Ы.Алтынсарин «Өзен»)2.Шығамын тірі болсам, адам болып,Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып.Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп надан болып. (С.Торайғыров. Шығамын тірі болсам, адам болып)4-карточка1.Кешкі астан кейін төр үйге кіріп, үстел шамды жақтым да ,сырттан ештеңе көрінбестей етіп, терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен айна тұр. Үстелімді соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, ойрандап жүрген ........ бетпе-бет келіп отырдым.2.Жақсылық көрсем өзімнен,Жамандық көрсем өзімнен.Тағдыр қылды дегендіШығарамын сөзімнен.5-карточка1.Тоқта балам атаң келед артыңнан!Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.Сенің сәби сәттеріңнің мысқалынАйырбастап ала алмай жүр алтынға. 2.Зытып келем, зытып келем.Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін.Қашуымның да,қорқуымның да балаға лайық себептері бар. Бір табын сиырды айдалаға тастап, қалаға қашып бара жатсаңыз , екі

көзіңіз алақандай болатын сияқты.Бала да болсам, бақташымын ғой, сиырларым менен құтылған соң, әр сайдың бойын өрлей салған азғана егінге шүйгіп барады.(Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар») Муратова Нурайлым М.Мақатаев «Әттең, әттең»4-бөлім: « Мақал-сөздің мәйегі»1-жүргізуші: Мақалдың жалғасын табу немесе мәнін ашу.Әр дұрыс жауап 1 балмен есептеледі.1-оқырман1.Жыланды іннен қалай шақырады? (жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығады)2.Қар жана ма?(қалауын тапса қар жанар)3.Жері байдың ......(елі бай)4.Жау жағадан алғанда.....(бөрі етектен алады)5.Кіммнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)6.Ұяда не көрсең ,........(ұшқанда соны ілерсің7.Үлкенге құрмет,..........(кішіге міндет)8.Бой жетпеген жерге.........(ой жетеді)9.Тоқсан ауыз сөздің .........(тобықтай түйіні бар)10.Кісі елінде сұлтан болғанша.....(өз еліңде ұлтан бол)11.Не айтпай , жақсы жоқ? (жаман)12.Кімнің ертеңі таусылмайды (еріншектің)13.Еңбек ненің көркі (ердің)Ер – ненің көркі14.Ойнап сөйлесеңде .... (ойлап сөйле)15.Тіл тас жарады ( тас жармаса - бас жарады)1.Күш білімде, білім ( кітапта)

2.Оттан да ыстық не? (Отан)3.Әдепті бала - арлы бала...(әдепсіз бала сорлы бала)4.Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)5.Алыстан арбалағанша .....(жақыннан дорбала)6.Қына мен білім қайда бітеді? (қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді)7.Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)8.Ұланы бар елдің......(ұраны бар)9.Ақыл көпке жеткізеді, ....( өнер көкке жеткізеді)10.Қоянды қамыс өлтіреді , ерді (намыс өлтіреді)11.Ең тәтті не? (сүт-тәтті,баланың тілі тәтті)12.Жел тұрмаса ненің басы қимылдамайды (шөптің)13.Аппақ қарға болама?(Қарға баласын аппағым дейді)14.Не біліп, қалай сөйлеу керек? (Көп біліп аз сөйлеу керек)15.Қой мен қасқыр ойлана ма?(Қой амандығын , қасқыр арамдығын ойлайдй)5-бөлім: «Ой маржаны кітапта»2-жүргізуші:Бұл бөлімде әр сыныпқа 30 сұрақтан оқылады. Соған ұшқырлықтарыңмен сұраққа тез әрі дәл жауап бергендерің есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.Сұрақтар:1.Кітапхана дегеніміз не? (Кітапхана - кітап сақтайтын орын)2.Аннотация дегеніміз не?(Кітаптың қысқаша мазмұны)3.Қазақ әліппесін жасаушы кім?(А.Байтұрсынұлы)4.23-сәуір қандай мереке? (Халықаралық кітап күні)5.Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ақын.(А.Құнанбаев)6.1сағатта неше минут бар?(60 мин)



7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?(Т.Әубәкіров)8. .Қазақтың үш биін ата? (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.9.«Менің атым Қожа» кітабының авторы.(Б.Соқпақбаев)10.8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері. (Ертөстік)11.Қазақта қуанышты хабар жеткізушінің алғашқы сөзі қалай басталады?(Сүйінші)12.Ең бірінші бақытым халқым менің...... кімнің өлеңі,өлеңді жалғастыр (М.Мақатаев)13.Қазақстан жеріндегі ежелгі ең атақты кітапхананы ата. (Отырар кітапханасы)14.Мақатаевтың жырлаған үш бақыты?(Халық,тіл. Отан)15.Шоқанның туып өскен жері.(Сарыарқа)16.Зеңгібаба қай түліктің атасы (Сиыр)17.Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы (тіл)18.Абайдың қыс өлеңі қалай басталады? (Ақ киімді денелі ақ сақалды)19.Оян қазақ кітабының авторы (М.Дулатов)20.Абай қай жылдары өмір сүрді?(1845-1904) 21.Көшпенділер трилогиясының авторы кім?(И.Есенберлин)22.Соғыс кезіндегі қол бастаған ұран (ура)23.Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы? (тіл)24.Қазақтың тұңғыш шешені (Жиренше)25.Екі кісінің сөйлесуі (диалог)26.Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы? (1991жыл)27.Білгенің қанша,білмегенің қанша ?

28.Әнұранның авторы кім?(Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмеденов Н.Назарбаев.29.1-қыркүйек қандай күн? (Білім күні)30.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)1.Су атасы – бұлақ, сөз атасы - құлақ, жол атасы не? (Тұяқ).2.Тұңғыш қазақ әліпбиі қай тілде жазылды? (Араб)3.Абайдың туған жері (Семей облысы)4.Қаз дауысты батыр кім?(Қазыбек)5.Жағы қалақтай,мойны садақтай қай түлік?(Құлын)6.Сағаттың тілі нешеу?(үшеу)7.Қан мен тер романының авторы (Ә.Нұрпейісов)8.Қазақтың бес арысын ата.(Шәкәрім,Ахмет,Мағжан, Міржақып,Жүсіпбек)9.Сан есімнің сұрақтарын ата (қанша ? неше?)10.Баланың маңдайындағы бір шөкім шаш қалай аталады?(кекіл)11.Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)12.Ана жағынан туыс (нағашы)13.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан шығарма (М.Әуезов «Абай жолы»)14.Махаббат жаршысы деп қай жазушыны атайды? (Ә.Нұршайықов)15.Жер бетінің қағазға кішірейтіп салынған бейнесі?(карта)16.«Шұғаның белгісі» кітабының авторы (Б.Маилин)17.Үш жұртты атаңыз (ағайын жұрт,нағашы жұрт, қайын жұрт)18.Шығыстың қос шынарын атаңыз (Әлия Молдағалиева,Мәншүк Мәметова)19.100 жыл (ғасыр)20.Өзге елде Сұлтан болғанша ...(өз еліңде ұлтан бол)21.Мақал дегеніміз не? (нақыл сөз)

22.Исламның қасиетті кітабы (құран)23.Жеті қазына дегеніміз не? (ер жігіт,Сулу әйел,ақыл,білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық,жүйрік тазы)24.«Ұшқан ұя» кітабының авторын ата (Бауыржан Момышұлы)25.Адамның қай мүшесі- қорқақ,қай мүшесі – батыр? (көз,қол)26.«Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарған? (Тәуке хан)27.Рехстагқа ту тіккен адам? (Р.Қошқарбаев)28.Әр адамның шағын Отаны? (Отбасы)29.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(Шашу оңай,жинау қиын)30.Шет жүрсең тарығарсың......(Туған елді сағынарсың)Ән: «Қазақстаным»1-Жүргізуші: Кітап - жан айнасы. Оған қарап бойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ.Осы құндылығымыз ешқашан жойылмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан алып,сусындай берсін.2-Жүргізуші: «Ат бәйгесі білінбес, бәйгеге түспей, жарыспай» дегендей «Жылдың үздік оқырманы» өз мәресіне жақындап қалды, байқау нәтижесін анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.Ана уызымен қатар рухани уызға жарыған адам еш кемдік көрмесі анық.Олай болса, рухани мешітіміз саналатын кітапханаға жиі-жиі келіп тұрыңыздар.. Кітап патшалығымыз ғұмырлы болғай.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!