Материалдар / Визуалды бағдарламалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Визуалды бағдарламалау

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған факультатив жоспары. «Визуалды бағдарламалау» курсы объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын қалыптастыруға, білім алушылардың жүйелік ойлауын дамытуға негізделген заманауи және сұранысқа ие курс болып табылады. Курс 10-сынып оқушылары үшін 34 академиялық сағатқа (аптасына 1 рет) арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2022
545
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсініктеме

10-11 сыныпта информатика пәнінен қолданбалы курс оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдени және ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық–коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ.

Визуалдық бағдарламалау —көрнекі құралдар арқылы қолданбалы бағдарламалар жазылатын бағдарламалау саласы. Курс визуалды программалау визуалды интерфейсі қолданбаларымен тез және жеңіл құруына үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда бағдарламашы бағдарлама мәтінін жазбайды, тек қана нәтижесінде не шығу қажеттігін көрсетеді. Бағдарлама мәтіні визуалды прототип көмегімен автоматты түрде құрастырылып шығады. Визуалдық бағдарламалау объектілік икемделген бағдарламалауға және OLE-технологияға немесе осыған ұқсас технологияларға негізделеді. Визуалдық бағдарламалау элементтері Visual С++Delphi сияқты нақтылы бағдарламалау тілдерінде және қолданбалы бағдарламалар жасау құралдарында кеңінен пайдаланылады. Визуалды программалау нысанға бағытталған программалауға негізделеді.



























Қолданбалы курстың негізгі мақсаттары:


  1. Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру

  2. Визуалды программалаудың технологиясымен танысу

  3. Есептерді шешу, жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту

  4. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау

  5. Жобалық жұмыс орындау кезінде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану, топпен және жұппен жұмыстарын жандандыру.






































Қарағанды қаласы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, педагог-сарапшы, информатика пәнінің мұғалімі Кажекбер Жаркынның «Визуалды бағдарламалау» курсының бағдарламасына


Пікір.

«Визуалды бағдарламалау» курсы объектіге бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын қалыптастыруға, білім алушылардың жүйелік ойлауын дамытуға негізделген заманауи және сұранысқа ие курс болып табылады.

Курс 10-сынып оқушылары үшін 34 академиялық сағатқа (аптасына 1 рет) арналған.

XXI ғасыр - ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заман талабына сай біліммен қарулануы тиіс. Оқушылардың жас ерекшеліктері, техникалық және ақпараттық жабдықтаулар ескерілген. Мұғалім теориялық материалды практикамен ұштастыра отырып жүргізуге және пәнаралық байланысты басшылыққа алған. Қоғамның қажеттілігіне байланысты есептеу техникасы мен ақпараттық технологиялардың дамуы информатика ғылымын шұғыл түрде дамытуға мүдделілік артып отыр. Оның негізгі ұғымдарын жүйелеп, тез игеру және оқыту әдістемелерін, теориялық негіздерін құру өзекті мәселе болып табылады.

Визуалдық бағдарламалау —көрнекі құралдар арқылы қолданбалы бағдарламалар жазылатын бағдарламалау саласы. Курс визуалды программалау визуалды интерфейсі қолданбаларымен тез және жеңіл құруына үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда бағдарламашы бағдарлама мәтінін жазбайды, тек қана нәтижесінде не шығу қажеттігін көрсетеді. Бағдарлама мәтіні визуалды прототип көмегімен автоматты түрде құрастырылып шығады. Визуалдық бағдарламалау объектілік икемделген бағдарламалауға және OLE-технологияға немесе осыған ұқсас технологияларға негізделеді. Визуалдық бағдарламалау элементтері Visual С++Delphi сияқты нақтылы бағдарламалау тілдерінде және қолданбалы бағдарламалар жасау құралдарында кеңінен пайдаланылады. Визуалды программалау нысанға бағытталған программалауға негізделеді.

Мұғалімнің ұсынып отырған 10,11-сыныптарға Визуалды программалаудың технологиясы тиімді әдістемелік құрал деп есептеймін. Себебі бағдарлама оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға негізделген. Бағдарлама арқылы оқушы өзінің алған білімін сыныптан тыс жерде тиімді қолдануға септігін тигізеді деген ойдамын.



Сын пікір білдіруші:

Академик Е.А Бөкетов атындағы

ҚарУ-нің математика және

ақпараттық технологиялар

факультетінің «Қолданбалы

математика және информатика»

кафедрасының доценті, PhD Р. Муратхан



Курс бағдарламасы

Тыңдаушылар 10-сынып оқушылары

Курс бағдарламасы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа негізделген.


Сабақтың негізгі бөлігі теориялық білімді тәжірибелік жұмыспен ұштастыру. Сонымен бірге оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындайды.

Курс визуалды программалау визуалды интерфейсі қолданбаларымен тез және жеңіл құруына үйренуге мүмкіндік береді.





Бағдарламаның мазмұны:

  1. Кіріспе

  2. Визуалды программалаудың технологиясы (1сағат)

  3. Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерімен танысу (2 сағат)

  4. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Терезе (2 сағат)

  5. Пішіндер және нысандар (2 сағат)

  6. Нысандар (2 сағат)

  7. Процедуралар және функциялар(2 сағат)

  8. Оқиға (1 сағат)

  9. Айнымалы. Айнымалының негізгі типтері. Айнымалыларды хабарлау(2 сағат)

  10. Типті типтен өгертетін функциялар(2 сағат)

  11. Жобаның интерфейсін құру(2 сағат)

  12. Қатені тексеру(2 сағат)

  13. Қадамдап бөлу(2 сағат)

  14. Тармақталу программасы(2 сағат)

  15. Жиым массив(2 сағат)

  16. Файл, файлдарды сақтау және ашу(2 сағат)

  17. Графикалық әдістер мен процедуралар (3 сағат)

  18. Анимация (2 сағат)

  19. Қорытынды сабақ (1 сағат)
















Курс бағдарламасы

Тыңдаушылар 10-сынып оқушылары

Курс бағдарламасы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа негізделген.



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе . Визуалды программалаудың технологиясы

1


Лекция

2

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерімен танысу


2


Лекция, практикум

3

Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Терезе


2


Лекция, практикум

4

Пішіндер және нысандар

2


Лекция, практикум

5

Нысандар

2


Лекция, практикум

6

Процедуралар және функциялар

2


Лекция, практикум

7

Оқиға

1


Лекция

8

Айнымалы. Айнымалының негізгі типтері. Айнымалыларды хабарлау

2


Лекция, практикум

9

Типті типтен өзгертетін функциялар

2


Лекция, практикум

10

Жобаның интерфейсін құру

2


Лекция, практикум

11

Қатені тексеру

2


Лекция, практикум

12

Қадамдап бөлу

2


Лекция, практикум

13

Тармақталу программасы

2


Лекция, практикум

14

Жиым массив

2


Лекция, практикум

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!