Материалдар / WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары пәнінен "HTML тілінде кестелер құру" тақырыбында сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары пәнінен "HTML тілінде кестелер құру" тақырыбында сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары пәнінен презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
698
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК


Сабақ жоспары7

  Модуль /пән атауы:WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары

  Дайындаған педагог: Нұрғалиева Т.Т.

  1. Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ:

ІII курс, 2020-2021 оқу жылы, 18 VT-2,18 VT-3

Сабақ типі

Тәжірибелік

  1. Мақсаты, міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

  1. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Гончаров А. Самоучитель НТМL

Техникалық құралдар, материалдар

Дербес компьютер,Moodle

  1. Сабақтың барысы

4.1.

Ұйымдастыру

  1. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Оқушылармен амандасу

  3. Оқушыларды түгендеу

  4. Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.2.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Мәтінді форматтау.

  2. Суреттер тізімімен жұмыс.

4.3.

Жаңа сабақ

Курс тақырыбы: Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

Сабақ тақырыбы:

4.4

Жаңа сабақты бекіту

1.Кесте дегенімз не?Қандай бөліктерден тұрады?

2. HTML тілінің кестелермен жұмыс істейтін тэгтерін атаңыз

3.Кестеде қандай атрибуттар қолданылады?

4.Тәжірибелік жұмысты орындау

4.5.

Студенттерді бағалау.

  1. Сабақ бойынша рефлексия

«Борт журналы» құру

  1. Үй тапсырмасы

Гончаров А. Самоучитель НТМL

53-56 бет

  2021 жылғы «20» қаңтар











Тәжірибелік жұмыс №7


Курс тақырыбы: №2. Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

Сабақтың тақырыбы: № 7 Кестелер


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:

кесте тақырыбы;

бағаналар тақырыптары;

ұяшықтар.

Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу). Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi.Ұяшықтың ішінде мәтінмен қатар, сурет, шағын кесте де болуы мүмкін.HTML тілінің кестелермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:

<table>

<caption>

<tr> (table row)

<td> (table data)

<th> (table head)

<table> тэгі Web - құжатқа кесте құру үшін қажет. Тэг </table> тэгімен жабылады. Кестенің ұяшықтары <caption>, <tr>, <td> және <th> тэгтерімен құрылады.

<Caption> тэгі кестенің тақырыбын анықтайды. Тақырып тек қана мәтіннен тұрады. Тэг </caption> тэгімен жабылады. Тэгтің align атрибутының top мәні (үндеместен қолданылады) тақырыптың кесте басында, ал bottom мәні соңында болуын анықтайды.

Кестеде ұяшықтар қатарын анықтау. <tr> тэгі кестенің ұяшықтар қатарын анықтайды. Тэг </tr> тэгімен жабылады. Ұяшықтар <td> және <th> тэгтерімен құрылады. Тэг төмендегі атрибуттарға ие:

Кестеде қолданылатын атрибуттар:

align – атрибуты ұяшық мәтінін left – сол жақ шетке,

right – оң жақ шетке

center – ортаға туралайды. Үндеместен left мәні қолданылады;

valign – атрибуты ұяшық мәтінін браузер терезесінде тігінен туралайды. Қабылдайтын мәндері:

top – төменнен;

bottom – жоғарыдан;

middle – ортадан (үндеместен қолданылады);

bgcolor – атрибуты кесте ұяшығының фон түсін анықтайды.

Border- бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының қалыңдығы (мысалы: border=3) Bordercolor- кесте жақтауларының түсі

Width- кесте енін анықтайтын бүтін сан, мәні (%) пайызбен беріледі

Rowspan- бірнеше жолдарды біріктіріп, бір-ақ жол етіп біріктіру



ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ


Кесте жасау

1. Блокнот (Notepad++) программасын іске қосыңыздар.

2. келесі мәтін жолдарын теріңіздер.

Тапсырма №1

<HTML>

<HEAD>

<TITLE>Сабақ кестесі</TITLE></HEAD>

<BODY BGCOLOR=”#FFFFFF”>

<P ALIGN=CENTER>

<FONT COLOR=”RED” SIZE=”6” FACE=”KZ ARIAL”>

<B>Сабақ кестесі </B></FONT></P><BR>

<FONT COLOR=”BLUE” SIZE=”4” FACE=”Times New Roman”>

<TABLE BORDER=”1” WIDTH=100% BGCOLOR=”#99 CCCC”>

<TR BGCOLOR =”#CCCCFF” ALIGN=CENTER>

<TD>Уақыты</TD>

<TD>7а класс</TD>

<TD>7б</TD>

<TD>7в</TD>

</TR>

<TR>

<TD>8-30 – 9-50</TD>

<TD> Орыс тілі </TD>

<TD> Информатика </TD>

<TD> Тарих </TD>

</TR>

<TR>

<TD>10-00 – 11-20</TD>

<TD> Математика </TD>

<TD>Геодезия </TD>

<TD> Ағылшын тілі </TD>

<TR>

<TD>11-30 - 12-30 </TD>

<TD> Тарих </TD>

<TD> Сызба геометрия </TD>

<TD> Компьютерлік графика </TD><TR>

</TABLE>

</BODY>

</ HTML >




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!