Материалдар / Web-жобалау. HTML (HyperTextMarkupLanguage — "гипер мәтіндік белгілеу тілі") , CSS (CascadingStyleSheets — каскадты кестелер стилі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Web-жобалау. HTML (HyperTextMarkupLanguage — "гипер мәтіндік белгілеу тілі") , CSS (CascadingStyleSheets — каскадты кестелер стилі

Материал туралы қысқаша түсінік
Web-жобалау. HTML (HyperTextMarkupLanguage — "гипер мәтіндік белгілеу тілі") , CSS (CascadingStyleSheets — каскадты кестелер стилі)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2022
451
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Нысан

2020 жылғы 6 сәуірдегі

130 бұйрығы

     

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
(білім беру ұйымының атауы)


Оқу сабағының жоспары

(теориялық немесе өндірістік оқыту)


Web-жобалау. HTML (HyperTextMarkupLanguage — "гипер мәтіндік белгілеу тілі") , CSS (CascadingStyleSheets — каскадты кестелер стилі)

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы Информатика

ПедагогКожанова Гулнур Канатовна дайындады

2022 жылғы "11" сәуір

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ І, 1081

Сабақтың түрі Құрастырылған сабақ

2. Мақсаты, міндеттері Оқушыларға web жобалау негіздерін, HTML – гипермәтін тілі мен CSS стилдерін таныстыру. «Тег» ұғымын және олардың қызметін түсіндіру. Қарапайым веб парақшаларды жобалауды үйрету.

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі Web-парақшаларын әзірлеуде HTML-тегтерін қолданады, web-парақшаларын жасауда CSS қолданады.

4. Қажетті ресурстар Дербес компьютерлер, интернет желісі, смартфондар, бағалау және QR код парағы, магниттік тақта, электронды оқулық Информатика 10 сынып оқулығы (жаратылыстану- математика бағыты автор:Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл)

https://www.plickers.com/classes/624f11186e116b0011e7d6f1 plickers.com веб сайтында тест тапсырмасы

https://prezi.com/p/edit/8l9yfivf-mtm/ prezi.com веб – сервисінде жасалған презентация

https://learningapps.org/display?v=p01jknwwt22 learning apps порталында тест тапсырмасы

https://learningapps.org/display?v=phtwgfw2j22 сәйкестендіру тесті

https://padlet.com/gulnur8949/kgzm6a1d5opssrwd Padlet тақтасында кері байланыс сауалнамасы

https://forms.gle/87rX8S13W61dmQiG8 гугл формада бағалауды жүргізу




5. Сабақтың барысы

Оқушылармен амандасып, түгендеу, кабинеттің сабаққа әзірлігін тексеру

6. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша студенттерді топтарға бөліп постер қорғату:

  • Виртуалды шындық дегеніміз не?

  • Кеңейтілген шындық дегеніміз не?

  • Виртуалды шындық қандай салаларда қолданылады?

  • Кеңейтілген шындық қандай жағдайларда қолданылады?

https://www.plickers.com/classes/624f11186e116b0011e7d6f1 plickers.com веб сайтында тестілеу жүргізу. QR код арқылы жауаптарын сканерлеу.


7. Жаңа сабақты түсіндіру: HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді web-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. HTML тілінде web-бет немесе сайт құру үшін кәдімгі блокнот қосымшасын қолдануға болады. Кодты блокнотта жазамыз да, сақталу орнын көрсетіп, Файл ... ретінде сақтау (Сохранить как) Файл атауы nаmе*.html, ал Файл типтеріне Барлық файлдарды (Все файлы), кодировка бөлімінен UTF-8 кодтауын таңдап, Сақтау батырмасын басамыз (21-сурет). Жұмыс нәтижесін браузермен ашып қараймыз.

HTML тiлiнде колданылатын командалар «тег» деп аталады. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз. Жұпты тегтерде бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы, <html> тегтiң жұмысын ашады да, келесi </html> тегi оны жабады . Жұпсыз тегтер – тег ашылып, жабылуды қажет етпей қолданыла беретін тегтер.

Тег атауы

Қолданылуы

<HTML> ….</HTML>

Бұл тегтер міндетті түрде бетінде болуы керек. Олар браузерлерге және іздеу жүйелеріне бұл HTML беті екенін айтады.

<BODY> ….</BODY>

Осы тегтер арасында парақтың барлық мазмұны көрінеді

<HEAD> ….</HEAD>

Осы тегтердің ішінде барлық тақырып тегтері орналасуы керек

<TITLE> ….</TITLE>

Бұл тегтер арасында браузердің жоғарғы жағында көрсетілетін бет тақырыбы жазылады

<CENTER> ….</CENTER>

Бұл тегтер ортасында орналасқан барлық нәрселерді ортаға түзетеді

<FONT> ….</FONT>

Бұл тегтер қаріпті, фонды, өлшемді және т.б. өзгертуге арналған. Бір сөзбен айтқанда, мәтінді пішімдеуге қатысты барлық нәрсе бір тегте конфигурациялануы мүмкін

<B> ….</B>

Осы тегтер арасында жазылған барлық қаріптердің қалыңдығын өзгертеді

<I> ….</I>

Қаріпті көлбеуге өзгертеді

<U> ….</U>

Қаріптің астын сызады

<S> ….</S>

Қаріптің бетін сызады

<H1> ….</H1>

Бұл – тақырып тегтерінің тег кластарының бірі болатын <H1> … <H6> тегтері. Әдетте, бұл беттің атауы болуы мүмкін

<BR/>

Бұл – жабу тегін қажет етпейтін жұпсыз тег. Ол мәтінді келесі жолға ауыстырады

<IMG ALT = «сілтеме» SRC= «URL_сурет» >

Бұл – суретті көрсететін жұпсыз тег. src – суреттің мекенжайын көрсететін қажетті параметр (URL_Image орнына, сурет сақталатын мекенжайды тіркеу қажет)

<HR/>

Көлденең сызық беретін жұпсыз тег

<A HREF= “URL”> мәтін_сілтеме </A>

Сілтеме құруға арналған тег

BACKGROUND= “URL”

Фондық суретті анықтайды. URL орнына фондық сурет мекенжайы жазылады

BGCOLOR= “Түс

 

Кестенің түсін анықтайды. Бүкіл кез келген түсті таңдауға болады

BORDER =“Сан

Кескіннің айналасындағы жақтаудың қалыңдығын анықтайды

<TABLE> ….</TABLE>

Кесте жасау тегі. Осы тегтердің арасында кесте орналасады

<TR>

Жаңа жолды құрады

<TD>

Жаңа бағанды құрады


CSS (Cascading Style Sheets – каскадты стильдер парақтары) – браузердегі деректердің көрсетілуін анықтайтын стандарт. HTML құжат құрылымы туралы ақпарат берсе, ал CSS стильдер парақтары оны қалай бейнелеу керектігін қарас тырады. Әдетте HTML мәтіннің түсі мен өлшемін беру үшін пішімдеу тегтері арқылы жүзеге асырады. Сайттағы бірдей элементтердің параметрлерін өзгерту қажет болса, тегтерді табу және өзгерту үшін барлық беттерді шолуға тура келеді. CSS тілі HTML тілінің мүмкіндігін кеңейтеді. HTML құжаттарына қажетті бейнені береді. Көбінесе HTML және XHTML web-беттерді жобалау құралы ретінде пайдаланылады, сонымен қатар SVG, XUL және XML форматында құжаттардың барлық түрлері мен пайдалануға болады.


8. Жаңа сабақты бекіту


<HTML> <HEAD> <H3> 1081 тобы Информатика пәні</H3> </HEAD>

<BODY> <P> <B> 1081 тобы Информатика пәні </B>

<P> <I> 1081 тобы Информатика пәні </I>

<P> <U> 1081 тобы Информатика пәні </U>

<P> <S> 1081 тобы Информатика пәні </S>

<P> <TT> 1081 тобы Информатика пәні </TT> </BODY> </HTML>


Төлеген Айбергеновтың 85 – жылдығына орай ақын өлеңі мен суретінен веб – бет құру


<HTML> <center> <HEAD> <H3> Төлеген Айбергенов </H3> </HEAD>

<BODY bgcolor= "yellow" > <Font color = red>

<img src="aibergenov.jpg" width="130" height="130">

<P> <I> Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? </I>

<P> <I> Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен. </I>

<P> <I> Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, </I>

<P> <I> Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. </I></B>

</center> </FONT> </BODY> </HTML>






9. Сабақ бойынша рефлексия

  1. https://padlet.com/gulnur8949/kgzm6a1d5opssrwd сілтемесі арқылы Padlet тақтасымен кері байланыс орнату

«Информатика» әнін орындау (Сергіту сәті)

Бұл ғасыр – ақпараттың заманы,-

Оны игеру ғылымның да талабы

Талап етер ізденіс пен еңбекті,

Білімділер алаңы!

Басқаратын сан саласын еңбектің,

Орны бөлек екендігін білмес кім?

Дүниенің тетігіне қаланар,

Информатиктер!

Қайырмасы:

Информатика, жанашылдық арнасы

Озық технологияның заманы.

Компьютерді меңгереміз әрдайым

Жаңашылдық – болашақтың талабы.

Болашақтың берік қалар іргесін

Білім алып ақпаратта жүргесін

Қазақ елін өрге тартар өрендер -

Мына біз, студенттер

Біздер жаққан білім оты сөнбесін,

Технология алға басып өрлесін.

Дүниенің тетігіне қаланар –

Информатиктер!


Қайырмасы:


10. Жаңа сабақты қорытындылау

https://learningapps.org/display?v=p01jknwwt22 сілтемесі бойынша learning apps порталында





11. Үй тапсырмасы еркін тақырыпта веб құру үшін модель дайындау


12. Бағалау https://forms.gle/87rX8S13W61dmQiG8 гугл формада бағалауды жүргізу






























Ақтөбе құрылыс – монтаж колледжі



«Бекітілді»

Оқу – әдістемелік

кабинетінің меңгерушісі

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!