Материалдар / «WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» 5 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» 5 сыныпқа арналған. WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
451
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Апта: 19

Күні: 25.01.21

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Кузеубаева Г.К.

Алматы қаласы

126 МЛ

5 «Г» - сынып

Оқу-ісінің меңгерушісі


_______М.Т.Тұңғышбай

Сабақтың тақырыбы: «WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі»

Сілтеме:

  • 5-сынып оқулығы;

  • 5-сынып электронды презентациясы;

  • А-3 форматтағы ақ қағаздар;

  • Интерактивті тақта;

  • Жұмыс дәптері;

  • Компьютер;

  • Таратпа материалдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік мәні:

WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;

Дамытушылық мәні:

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік мәні:

Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Нәтиже:

  • WordPad мәтіндік редактордың ұғымымен танысады.

  • WordPad мәтіндік редактордың интерфейс ұғымымен танысады.

  • WordPad мәтіндік редактордың қызметін анықтайды.

  • WordPad мәтіндік редактордың интерфейс қасиеттерін талдайды.

  • Программаны ашу, жабу, сақтау қызметімен танысады.

Түйінді идеялар:

Қолданушы WordPad мәтіндік редакторымен не істейді.

Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат жазу программалары.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ және жаңа технологияларды қолдану сабағы.

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, сурет.

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Ледокол «Тілек» сыныпта психологиялық атмосфераны көтеру.

  4. Топқа бөлу «түстер».

  5. Бағалау парағын тарату.

  6. Рефлексия бағалау «Blов tree» (сабақтың басында)

  7. «Кім тапқыр?» өткен тақырыпты қайталау.

  8. Жаңа тақырыпты ашу «Ойлар себеті»

  9. Сабақ барысымен таныстыру және жаңа тақырыпты баяндау (кластер құрастыру).

  10. Сергіту сәтін өткізу.

  11. Практикалық жұмыс (Тапсырма №1)

  12. Бекіту: жаңа тақырып бойынша бақылау сұрақтарға жауап беру.

  13. «Венн» диаграммасы.

  14. Рефлексия бағалау «Blue tree» (сабақтың соңында)

  15. Сабақты бағалау «Үлкен саусақ» (жалпы сабақ бойынша)

  16. Топтарды бағалау «Ағашқа алма салу» (жеке топтарды бағалау)

  17. Үй жұмысын беру.

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Ледокол «Тілек» сыныпта психологиялық атмосфераны көтеру (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ледокол «Тілек» орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

«Түстер» арқылы 3 топқа бөлу (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Рефлексия бағалау «Blов tree» (сабақтың басында) (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Бағалау парағы (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

«Кім тапқыр?» өткен тақырыпты қайталау (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Жаңа тақырыпты ашу «Ойлар себеті» (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Қызығушылықты ояту ( 1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5-сыныпқа арналған презентация «WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, деректер және түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды.



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ ( мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (10 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты әр түрлі түстер арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

5-сынып оқулығында «WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» тақырыбын оқыту.

Әрбір топқа А-3 форматтағы қағаз таратылады. Кластер құрастыру барысымен таныстыру.

Жаңа материал презентация арқылы баяндалады.

Жаңа материал:

Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мн хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т. с. с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін. Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез - келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
♦ мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
♦ керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
♦ мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
♦ өз құжаттарыңды түзетуге;
♦ құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
● Мәтіндік құжаттарды құруға;
● Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
● Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
● Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad.
Редактор іске қосылғаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
(9, 10, 11, 12 слайд)
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз - жол – абзац - бет - мәтін.
Абзацтар бір - бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
Мәтінді түзеу тәсілдері;
Шегіністер мен интервалдар.

Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтар жаңа тақырып бойынша кластер құрастырады. Және топ басшылары шығып қорғайды.

Топтағы әрбір оқушы жаңа тақырыбын бөліп алып оқиды.

Оқушылар өздері оқыған тақырып туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар кластер арқылы анықтама беріп, түсініктерін схема арқылы жазады.

Сергіту сәтін өткізу « Жаттығу биі» (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін « » бейне роликті қосу және орында барысымен таныстыру.

Оқушылар қызығушылықпен орындайды.

Практикалық жұмыс №1 (5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды және ДК орындайды.

Бекіту. Жаңа тақырып бойынша бақылау сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже (4 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия бағалау «Blов tree» (сабақтың соңында) (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындау барысымен таныстыру.

Тапсырманы орындау.

Жалпы сабақты бағалау «Үлкен саусақ» (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.


Оқушылар жалпы сабақтың өтілу барысын бағалайды.

  • Үлкен сайсақ жоғары – 5

  • Үлкен саусақ орташа – 4

  • Үлкен саусақ төмен -3

Әрбір топты бағалау

«Ағашқа алма салу» (жеке топтарды бағалау) (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды. Бағалау барысын түсіндіру. Бағалау парағын қорытындылап баға қою.

Ағашқа алма ілу.

Қызыл алма -5

Жасыл алма -4

Сары алма -3

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. Және әрбір топтағы көсбасшы өз тобымен ақылдасып жалпы баға қояды. Бағалау парағын қорытындылап топтарға баға қояды. Ағашқа алма іледі.


Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге:

  • 153-157 беттердегі §19. «WordPad мәтіндік редактордың интерфейсі» тақырыбын оқып келу.

  • 158 беттегі бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру.

  • "Менің сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!