Материалдар / Ы.Алтынсарин. "Атымтай Жомарт"5-сынып.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ы.Алтынсарин. "Атымтай Жомарт"5-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
310
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

Балалар мен үлкендер

Мектеп: ШҚО Семей қаласы « №30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Кудайбергенова Жазира Маликовна.

Сынып: 7-сынып

Пәні: Қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


М.Әуезов «Көксерек»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/Ж1Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөліктерін талдау


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың сюжеттік желісі бойынша мазмұндайды, таныс емес сөздердің мағынасын ажырата алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жоспар құра отырып, негізгі бөліктерді мазмұндай отырып, талдай алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: шығарма сюжетінің құрамдас бөліктерін талдап, бағалай алады.

Бағалау критерийі

1.Әдеби шығарманың сюжеттік желісі бойынша мазмұндайды

  • оқып келген шығармадан білгенін тиянақтай отырып, түсінгенін әңгімелейді;

  • сөздердің мағынасын ажыратады;

2.Жоспар құра отырып, негізгі бөліктерді талдайды

  • шығарманың сюжеттік желісін сақтай отырып жоспар құрады;

  • шығарманың сюжетіне байланысты берілген сұрақтарға топта графикалық органайзерлер дайындайды, қорғап талдайды;

  • негізгі бөліктерді талдап, баға береді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың сюжеттік желісі бойынша түсінгенін әңгімелейді, графикалық органайзерлер дайындайды,талдайды, бағалайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көкжал, қаншық, пішен, шылапшын, керенаулау, шірет, сойыл салым жер, сақаю, қашаңдау, шағырмақ, ереуілдеу, жүзіқара, сам, адыр, тұрқы.

Құндылықтарға баулу

Көксерек әңгімесінің идеясы арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтарының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеяларды мәтінді оқыту барысында іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, этнография

Алдыңғы оқу

3 мин

Қызығушылықты ояту. «Көксерек» фильмінен үзінді «Стоп кадр» тәсілі.

Сабақтың мақсаты мен критерийлері таныстырылады


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

10 мин


С.

Оқушылар шеңберге жиналып

"Қар кесегі 2"әдісі бойынша үйден оқып келген әдеби шығарманың сюжетін сақтай отырып мазмұнын толық айтып шығады. С.

Шеңберде тұрып топқа бөлінеді

Көкбөрі /Ақ қасқыр /Көкжал /Арлан

Қасқырлар туралы аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түп негізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Т.

«Прожектор моделі» арқылы таныс емес сөздердің мағынасын ажыратады. Сөздерді топтарға бөліп беру:

Көкжал – жыртқыш,қасқырдың арланы. Қаншық – қасқырдың ұрғашысы. Пішен – мал азығы үшін шабылатын шөп. Шылапшын – кір, қол жуатын жалпақша ыдыс. Керенаулау – енжар, самарқау, жалқау .Шірет – кезек.Сойыл салым жер – өте жақын қашықтықты білдіретін халықтық өлшем. Сақаю – күзету, аңду. Қашаңдау – алыстау. Шағырмақ – жарқыраған, қызуы мол күн. Ереуілдеу – дүрлігу. Жүзіқара – ұятсыз, арсыз. Сам – кешкі шам жағылар кез, ымырт. Адыр – бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан биік

қырқа, дөңес жер. Тұрқы – қасқырдың дене бітімі айтылып отыр.

Бейнематериал

http://alashainasy.kz/proza/muhtar-auezov-kokserek-52914/


Суреттер








Кеспе қағаздағы сөздер








Маркер

А3

Сабақтың ортасы



25 мин







1-тапсырма

ЖЖ

Шығарманың сюжеттік желісін сақтай отырып жоспар құрады. (5 мин.)

2-тапсырма

Т.

Топтар әдеби шығарманың құрамдас бөліктерін толық меңгеру мақсатында графикалық органайзерлер әзірлейді талдайды, қорғайды. (10 мин)

І топ. "Хикаяттар картасы" әдісі бойынша әдеби шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды.

ІІ топ. "Ромбтық жіктелім" әдісі арқылы ІІІ,ІҮ тарау оқиғаларының маңызды, маңызды емес эпизодтарын саралап жазады.

ІІІ топ. "Ақпаратты сүзу"әдісі арқылы

Ү тарау мазмұнындағы тірек сөздерді анықтайды. Маңызды емес сөздер ыдысқа ағып кетеді, тек маңызды сөздер ғана "сүзгіде" қалады.

ІҮ топ."Қарым-қатынас аймағы" арқылы ҮІ тарау оқиғалардың маңызды, маңызды емес эпизодтарын саралап жазады.

3-тапсырма

С

Органайзерлер негізінде негізгі бөліктерді мазмұндайды, талдайды.(10мин)



Маркер

Ватман А5




Сабақтың

соңы


7 мин






Ж.

Құрамдас бөліктерін талдап, бағалауда

"Галлереяға саяхат" тәсілі бойынша оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.

Кері байланыс.

"Шығу билеті", "Бағдаршам", "Тамаша идеялар", "Екі жұлдыз, бір тілек"


ҚБ. жүзеге асыру


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды жүйелі түрде беріп отырып, шығарманың мазмұнын меңгеруге бағыт беріледі;

шығарманың сюжеттік желісін сақтай отырып жоспар құра алады;

топтар әдеби шығарманың құрамдас бөліктерін толық меңгеру мақсатында графикалық органайзерлер әзірлей алады;

кейбір оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, құрамдас бөліктерін талдатып, бір-бірін өзара бағалатамын.



"Шығу билеті", "Бағдаршам", "Тамаша идеялар", "Екі жұлдыз, бір тілек"

«Бағалау парағы» арқылы

Тақырып тарих және этнографиямен байланысады.

АКТ-дан фильмнен үзінді көрсетіліп, тапсырмалар ұсынылады.

Түркілердің түп негізін көкбөрімен байланыстыру арқылы жалпыұлттық құндылықтарымызды жетілдіруге бағытталады.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!