Материалдар / Уақыт арқылы бағдарлау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Уақыт арқылы бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
989
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балауса» тобыСабақтың технологиялық картасы



Білім саласы: ТанымПәні: ҚМТҚТақырыбы: Уақыт арқылы бағдарлау.Мақсаттары: Уақыт туралы түсініктерін кеңейту. Жыл мезгілдері, жыл аттары атауларымен таныстыру.Жыл мезгілдерін ажырата білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктері мен қажетті құрал-жабдықтары: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» әдістемелік құралы, Алматыкітап, 2014ж. «Математика» атты 32 карточкадан тұратын жинақ, ойыншықтар, жұмыс дәптері, қарындашӘдіс-тәсілдері:

Сабақ кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы







Қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсыну.- Балалар, далада күн суық болғанда қалай киіну керек? Ал ыстық кезде ше?- Кәне, қуыршаққа ат қойып, киім таңдауына көмектесейік.Жағдайға байланысты балалардың қызығушылықтары оянуы тиіс
Іздену-ұйымдастырушыТақтамен жұмыс:
  • Тақтаға қыз баланың суреті ілінеді. Балаға жыл мезгіліне сай киім таңдау керек. 21-кесте.
  • Тақтаға жылдың төрт мезгіліндегі ағаштардың суреттері ілінеді?
  • «Бұл қай кезде болады?» деп аталатын жұмбақ өлеңді оқып беру. Әр жыл мезгіліне арналған өлеңді оқыған сайын балалар соған сәйкес ағаштың бейнесін де табуы тиіс.
  • Дұрыс. Балаларды өз қалауы бойынша тақтаға шақыру. Таңдалған жыл мезгілі карточкасы бойынша тақтадағы қыз баланы «киіндіреді».








  • Сұрақтар:а/. Балалар, жыл мезгілдерін кім рет ретімен айтып береді?ә/. Әр жыл мезгілінде қанша ай бар? Кәне, бірге айтып көрейік. Хормен айтқызу.







    «Жыл мезгілдеріндегі адамдардың еңбегі» атты тақырыпта әңгіме жүргізу.1.Қыста адамдар немен айналысады?2. Көктемде ше?3. Жазда ата аналарың не істейді? Сендер ше?4. Күз мезгіілі несімен қызықты?5. Ал сендердің қайсың, қандай жыл мезгілін жақсы көресіңдер? Не үшін?Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтанБоран соғар сол жақтанҚар атысып ойнасақСуық өтер қолғаптан.Қалай, балалар, қысты естеріңе алдыңдар ма?Енді осы мезгілімізге оралайық, сабақты жалғастырайық.Дәптермен жұмыс:№1тапсырманы түсіндіру, орындату. Жекелей жұмыс: Дарын, Жанболат, Мадина.№2 тапсырма.Қолшатырды қай кезде ұстаймыз?Тапсырма: Ең үлкен қолшатырды ең кішкентай қолшатырмен сызық арқылы қосу
    Жыл мезгілдері туралы суреттерді тамашалайды.

    Жұмбақ өлеңнің шешулерін тауып, әр мезгілге сәйкес ағаштардың суретін көрсетеді.

    Балалар өз қалауымен сұранып тақтаға шығып, тақтадағы қыз қуыршақтың суретін «киіндіреді». Әр жыл мезгілінде киетін киімдерді таңдап, олардың атауларын дауыстап айтып, басқалары қайталайды. Қате айтылған сөздер болса, ескеріп, дұрыс айтылуын үйрету.Жауаптары.а/. Жаз, күз, қыс, көктемә/. Жаз айлары:маусым, шілде, тамызКүз айлары: қыркүйек, қазан, қарашаҚыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпанӘңгіме барысында балалар өз білімдеріне сай жауаптар береді. Әркім өзінің сүйікті жыл мезгілін атап, не үшін жақсы көретіні туралы өз сөзімен сипаттап береді.

    Сергіту сәті:Қолдарын көтеріп оңға иіледіҚолдарын көтеріп солға иіледі«Қар атысады»Қолдарын уқалайды.





    Дәптердегі тапсырмаларды жарыса орындайды.

    Рефлексивті-қорытындылаушыа/. Кәне, сан санауды бір қайталап өтейік. Тақтадағы карточкаларға қарап тура және кері санайық.Ал енді мен карточкаларды алып тастаймын, ойымызға түсіріп отырып бір санап өтейік.ә/. Мына тақта алдындағы «Жыл мезгілдері» атты дөңгелек көрнекілігімізге назар аударайық. Ол бекер тұрған жоқ.Мен жыл мезгілін атаймын:«Қыс». «Көктем». «Күз». «Жаз»Сұрақ: а/. Балалар, мен жыл мезгілдерін дұрыс ретімен атадым ба? Дұрысы қалай?ә/. Енді әр мезгілдің ай аттарын атаңдар.Өте жақсы, рахмет сендерге.Балалар тура және кері санауды карточкалардың көмегімен қайталайды.Содан соң көз алдына елестетіп ойша ретімен тура және кері санайды.



    Жыл мезгілдерінің ретін дұрыс атайды.

    Әр мезгілдің айларын бірге хормен айтып, естеріне сақтайды.


    Күтілетін нәтиже:Біледі:Жыл мезгілдері мен айлардың атауларын, сан санауды .Игереді: Әр жыл мезгіліне сай киім атауларын, адамдардың әр жыл мезгіліндегі еңбегінің ерекшеліктері туралы түсініктерді .Меңгереді:Жыл мезгілдерінің дұрыс ретін қоя білуді, ай атауларын, әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшіліктерін.



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!