Материалдар / Ыбырай Алтынсарин
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебініңалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2020
198
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Б. Р. РЫСҚҰЛОВА, А. Ж. ҚҰТЖАНОВА, Э. С.
МАСАНОВА, Ж. Ш. МАХАНОВА

ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ
МАТЕРИАЛТАНУЫ
Оқулық

Қазақстан Республикасы Білім және гылым
министрлігі бекіткен

Алматы, 2011

ӘОЖ 687(075.8)
КБЖ 37.24 я 73 Р
94

Пікір берушілер:
Техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі А. Ч. Жомартов;
техника ғылымдарының докторы, профессор Р. О. Жылысбаева.

Б. Р. Рысқұлова
Р 94 Р Тігін өндірісінің материалтануы: Жоғары оқу орнының студенттеріне
арналған оқулық / Б. Р. Рысқұлова, А. Ж. Құтжанова, Э. С. Масанова,
Ж. Ш. Маханова. - Алматы: 320 б.
І8В^ 978-601-263-124-1
Бұл оқулықта табиғи, химиялық талшықтар және олардан алынған
жіптердің, тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылысы берілген.
Сондай-ақ иірім жіптердің қасиеттері, алынуы, өңделуі, боялуы және тігін
бұйымдарын дайындауда қолданылатын матаның, трикотаждың, беймата
материалдарының, табиғи және жасанды үлбірдің, тігін жіптері, желімдік,
астарлық, іштік материалдардың, және табиғи, жасанды былғарының,
фурнитуралардың, әрлеу материалдарының ассортименті қарастырылған.
Сонымен қатар тоқыма материалдардың сапасы және бағалау негізі
көрсетілген. Оқулық 050726 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы
және құрастырылуы» мамандығы бой- ынша жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған.

ӘОЖ 687(075.8)
КБЖ 37.24 я 73

© Рысқұлова Б.Р., 2011 © ҚР
Жоғары оқу орындарының !§В^ 978-601-263-124-1қауымдастығы, 2011

КІРІСПЕ
Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы
жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар,
механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған
өндірісті көрсетеді. Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда
кешендімеханикаландырылған және автоматтандырылған технология
қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына
қойылатын талап- тарды жоғарылатады. Тігін бұйымдарының сапасының
бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің
және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге
және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді.
Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша
дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен
жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық материалдарды қолдану арқасында жасалынады.
Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды
қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын,
олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Тігін
өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма
материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін
анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың
бағалануын білуі керек.
Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере
отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау,
оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол
себепті, суретші-модельер, құрастырушы және техно-лог тоқыма
материалдарымен жұмыс істегенде, оның қаси- еттерін біліп қана қоймай,
тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде
қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді
дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды
өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы
өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең
білу қажет. Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден
басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын
дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің
үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың эстетикалық қасиеті, сән
бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды
қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы
дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді.
Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше
топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи

3

және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік
қабыршықтар), фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін
бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар (баулар,
ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин).
Аталған топтағы тоқыма материалдары киімде әртүрлі қызметтер
атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан
немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш
кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін
қолданылады.Тоқыма материалдардың әр тобы өндіріс салаларына сәйкес
өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі
бағыттары сипатталады.
Тігін өндірісінде қолданылатын матаның, трикотаждың, бейматалық
тоқыма материалдардың негізгі қасиеттері олар өндірілетін талшықтардың
қасиетіне тәуелді болады. Тоқыма материалдардың қасиеттеріне көбінесе
қолданылатын иірімжіп түрлері, оның алыну тәсілдері, сонымен қатар,
матаның трикотаждың өңдеу әдісі, олардың жіптерінің өрімі, тығыздығы
және әрлеу ерекшеліктері көп әсер етеді. Киімге арналған материалдарды
құрайтын элементтері (талшықтар. иірімжіптер, өрімдер, әрлеулер) олардың
сыртқы түрлерінің дай- ындалуына және қасиеттеріне әсер ететіндіктен,
оларды құрайтын талшықтарды, иірімжіптің өңдеу тәсілдері, соңғы
тауарлық түр беретін бұйымды дайындау және әрлеу әдістері осы курс
тапсырмасы болып есептеледі.
Тігін өндірісінің материалтану оқулығы студенттерге қажетті терең білім
алуға, сонымен қатар оларды тәжірибеге қолдануға мүмкіндік жасайды.
Бұл оқулықтың негізгі мақсаты «Жеңіл өнеркәсіп бұйымда- рының
технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша студенттерге әр
түрлі киімдерді дайындағанда және қазіргі уақытта қолданылатын жаңа
тоқыма материалдарды оқып зерттегенде, өте зор көмек көрсетеді.
Оқулықты дайындағанда Мәскеу мемлекеттік
дизайн
және
технологиялық университетінің, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп
институтының, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің,
Алматы технологиялық университетінің «Тігін өндірісінің материалтану»
пәнінің оқыту тәжірибелері қолдынылды.
Бұл оқулыққа пікір берушілер құрметті ұстазымыз академик А. Ч.
Жомартовқа және профессор Р О. Жылысбаеваға осы оқулықтың
авторларының атынан ризашылығымызды білдіреміз.

4

1-БӨЛІМ
ТОҚЫМА ТАЛШЫҚТАРЫ
1.1 ТОҚЫМА ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды
дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз
өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.
Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық)
және штапельді болып бөлінеді.
Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жа- тады.
Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым
талшықтардан тұратын талшық (зығыр).
Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып
есептеледі.
Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және
жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі,
созылғыштығы,
сызықтық
тығыздығы
және
иілгіштігі,
ылғал
сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі
жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі
күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге,
сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа
сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына
қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.
Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи
және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және
минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық
үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және
синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады.
Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық
талшықты шағын кластарға бөлінеді.
Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне
байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді.
Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір
целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады.
Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен
құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.
Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды ас- бест
талшығы жатады.
Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді.
Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа

5

бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары
молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды
жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы
заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталынады.
Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланы- сты
гидратцеллюлозалы,
вискозды
(полинозды,
мыс-аммиакты),
эфироцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік)
талшықтар топшасы болып бөлінеді.
Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид,
энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс),
полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин),
поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен)
талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.
Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі
түрі жатады металдық және шынылық.
Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы
1.1сызбада көрсетілген.
Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін
жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан
тұрады.
Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен
өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған
үлестерімен өлшенеді.
Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға,
бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты
ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке,
жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.
Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды
көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу
үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда
жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады.
Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке
болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады.
Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол
иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің
көрсеткіші болып табылады.
Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі,
бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді.
Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және
оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады.
Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы
ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол
6

і

Тоқыма талшықгары

1.1 сызба. Тоқыма талшықтарының классификациясы

талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан
дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.
Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның
жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді.
Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік
қасиеті жоғары болуы керек.
Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге
қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік
үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды
қасиетінің бірі болып табылады.
Талшықан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың
киюге төзімділігін анықтайды.
1.2. ТАБИҒИ ТАЛШЫҚТАР
1.2.1. Өсімдік текті талшықтар
Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм
жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің
негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (2535 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта
өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның
өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі.
Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін
көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады.
Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады.
Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа
шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген.
Мақтаны жинау кезінде қауашақтан мақта-шикізат деп аталатын
тұқымды талшықтарды бөліп алады. Мақта тазалағыш зауатта, ар- найы
талшық бөлгіш машинада тұқымнан талшық бөлініп алынады. Алынған
мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды
мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі.
Талшықтар тұқымдардан тазаланғаннан кейін қысқа талшықтар
алынады, оны мақтадан жасалатын беймата материалдарын өндіру үшін
қолданады.
Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^)
тұратын, созылған пішіндегі өсімдік жасушасы болып келеді. Целлюлоза
глюкозаның қалдығынан жасалған полимер (қалдық саны 10000 жетеді).

8

С

Ло°5 - 0 - С 6НкА - О- С Ло05 - 0 -

Сурет 1.1- Мақтаның жапырақтары

9

Мақта талшығы бұйымда талшықтың жақсы тізбектелуін және
кеуектілігін қамтамасыз ететін, спираль тәрізді құрылымымен сипатталады.
Талшықтың беті кутикула деп аталатын, қорғаушы қабықты болып
келеді. Ол целлюлозадан басқа, майлы, балауызды заттардан тұрады, бұл
қасиет талшықтың химиялық беріктігін жоғарлатады. Кутикула аз су
сіңіргіштік пен ылғал тартқыштық қасиетімен сипатталады, ол талшықтың
сыртқы әсерлерге төзімділігін арттырады.
Талшықтың бұралаңдық қасиеті иіру үдерісінде маңызы зор, осы
қасиеттің арқасында жеке талшықтардың арасындағы сырғанаушылық
қасиеті төмендейді. Бұл талшықтан иірімжіп жасағанда, оның ұзындық
бірлігінде ширатылу саны төмендейді.
Мақтаның гүлі өзінің төменгі жағында үш гүлді жапырақшасы бар. Гүл
жапырақшалары мақта пісіп жетілгенде кебеді және талшықты жинау
кезінде ол қоқымнан тазаландырады.
Мақтаның цүрылысы. Мақтаның жеке талшықтары көзбен қарағанда 652 мм дейінгі ұзындықты, өте жіңішке (15-25 мм) талшық болып келеді.
Мақта талшығын микроскоппен қарағанда ирлеңді қабысып қалған құбыр
анық көрінеді. Талшықтың бұралаңдық қасиеті олардан берік иірімжіп алуға
мүмкіндік беретін жақсы тізбектелуін көрсетеді.
1.2-суретте көрсетілгендей жетілу дәрежесіне байланысты мақта
талшығының ирелең саны мен қабырғасының қалыңдығы әртүрлі бо- лады.
Жетілген талшықтар, құбыр енінің жартысына тең қалыңдықты
дамыған қабырғаларымен сипатталады, ирелең саны 1-10мм болып келеді.
Мұндай талшықтар ирелеңдік беріктігімен, иілгіштігімен, тізбектілігімен,
жұмсақтығымен, құбырда ауаның едәуір болуының арқасында жақсы жылу
сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді, бірақ жылтыр-лығы болмайды.
Жетілмеген талшықтар жұқарақ қабырғалы, кеңірек құбырлы және аз
бұралаңдығымен ерекшеленеді, олардың сапасы төмен.
Мүлдем жетілмеген талшықтардың целлюлозалық қабырғасы болмайды, бұралаңдық қасиеті жоқ, мұндай талшықтарды пайдалану жарамсыз болып келеді.
Қатты жетілген талшықтар өте дамып кеткен қабырғаларымен
ерекшеленеді, олардың құбыры шамалы, бұралаңдылық қасиеті жоқ.
Мұндай талшықтар жақсы беріктік және жылтырлық қасиетімен сипатталады, бірақ иілгіштігі және тізбектілігі аз, қаттылығы жоғары бо- лып
келеді,ол 1.3-суретте көрсетілген.
Мақтаның химиялық құрамы оның жетілуіне байланысты. Жақсы
пішкен талшықтар целлюлозадан
(95-96 %) және әр түрлі қоспалардан майдан, балауыздан, азотты және
минералды заттардан тұрады.

10

Сурет 1.2 - Микроскоппен қарағандағы мақта талшығының жетілуінің
әртүрлі дәрежесі
1-бойлық түрі; 2-көлденең кесіндісінің пішіні; а-піспеген талшықтар, б-қалыпты
жетілген талшықтар, в-қатты піскен талшықтар.

Сурет 1.3 - Салыстырмалы әдіспен мақта талшығының пісіп жетілуін
бағалауға арналған эталондар

11

Мақтаның табиғи түсі - ақ немесе ақ сары, кейбір жағдайда қою сары
және жасылдау болуы мүмкін. Сипағанда талшық жұмсақ, жылы. Мақта
талшығы жылтыр болмайды, күңгірт болып келеді, ол 1.4-суретте
көрсетілген.
Піспеген талшықтар өте жұқа қабырғалы, кең кұбырлы және аз
бұралаңдық қасиетімен ерекшеленеді, олардың сапасы өте төмен.
Мақта талшығының қасиеттері:
мақта талшыгының ұзындыгы 12 - 55 мм, болғандықтан жіңішке және
берік иірімжіп алынады;
жіңішкелік қасиеті (көлденең кесілген сызықты өлшем) талшықтың
ұзындығына байланысты болып келеді. Талшық неғұрлым ұзын болса,
соғұрлым жіңішке болады. Мақта талшығының орташа жіңішкелігі - 0,015 0,025 мм;
қалыпты піскен мақта талшыгының беріктігі 4,8-5 кг (ылғалды жағдайда
20 % ұлғаяды) үзілу күшімен анықталады. Оның үзілу ұзындығы - 24-35 км,
беріктік шегі 25-35 кг/мм2;
үзу кезіндегі мақта талшыгының ұзаруы - 7-8 %;
ылғал сіңіргіштік басқа талшықтармен салыстырғанда мақта
талшығының осы қасиеті жоғары бағаланады, ылғалға төзімді.
мақта талшығы жоғары жылуға төзімді, оны 150°С температураға дейін
қыздыруға болады, 200 °С жоғары температурада талшық балқиды және ол
тұнық-қоңыр түске боялады.
Мақта талшығы күн сәулесінің әсерінен әлсірейді, өңделмеген маталарды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың
беріктігі 40% дейін төмендейді.
Мақта талшығы қызады, тұтанады және жақсы жанады, жану кезінде
жалынды өшіретін болса 200°С жоғары температурада талшық балқиды
және ол тұнық-қоңыр түске боялады.
Мақта талшығы күн сәулесінің әсерінен әлсірейді, өңделмеген маталарды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың
беріктігі 40 % дейін төмендейді.
Мақта талшығы қызады, тұтанады және жақсы жанады. Егер жану
кезінде жалынды өшіретін болса, онда жанып жатқан соңы бықсып
түтінденеді, түтіні ашық түсті болып келеді, жанған қағаздың иісі шығады.
Сілтінің әсері. Мақтаның талшығы сілтінің әсеріне төзімді. Суық
күйдіргіш сілтімен (күйдіргіш) өңдеу мақта талшығының құрылымы
өзгереді, ол - ісінеді және өзінің иілгіштігін жоғалтады. Мақта матасын суық
күйдіргіш сілтілі натрмен өңдеу арқылы тазалау мерсерлеу деп аталады.
Мерсерлеу матаға жылтырлық, үлкен беріктік қасиетін береді және
бояуға қабілеттілігін жоғарылатады.
Мақта матасын күйдіргіш сілті ерітіндісінде ауаны жіберу арқылы
қайнату кезінде мақта талшығының целлюлозасы ауа оттегісімен
қышқылданады және оның беріктігі азаяды. Сол үшін күйдіргішпен

12

Сурет 1.4 - Мақта талшығының жалпы көрінісі
ішкиімді жуғанда қайнату жабық ыдыста орындалады, ал ішкиімді
қайнатқаннан кейін бірден дұрыстап шаю керек.
Бейорганикалық және минералды қышқылдар (тұз, күкіртті. азотты) сұйытылған ерітіндіде мақта талшықтарын бұзады. Концентрацияланған
қышқылдар мақта талшықтарын ерітуі және шала күйдіруі мүмкін.
13

Зығыр. Зығыр өсімдігінің сабағының қабығының қабатынан алынатын талшықты зығыр талшығы деп аталады. Бұл бір жылдық шөптік
өсімдік. Сабақта талшықтық қабат көлбеу жата орналасады. Оның биіктігі 1
метрге дейін жетеді. Зығырдың екі түрі өседі, олар - 1.5-су- ретте көрсетілген
талшық алынатын салалы зығыр, тұқым алынатын бұйра шашты зығыр.
Зығыр талшығының құрылысы. Зығыр сабағының құрылысы
1.6суретте
көрсетілген.
Зығыр
талшығы
сабақта
1
қабықшамен және 3 ағашпен, өзара жабысқан 2 қабықты шоғыр көлденең
жата орналасады.
Сабақтың қабықты қабатынан бөлінген зығырлы техникалык
талшықтар қарапайым талшықтармен (өте ұсаққа бөлінбейтін даралық)
бірге жабысқан жұқа будалы болып келеді, бұл құрылыс 1.6-суретте
көрсетілген.
Қарапайым талшықтардың ұштары бойлық, жұқа, үшкірленген пішінді,
жабық құбырлы және иілген қалың түрімен сипатталады, ол
1.7суретте
көрсетілген.
Техникалық талшықтар иірімжіп иіретін және мата өндіретін талшық
болып табылады.
Зығыр мақта сияқты негізінен целлюлозадан (80 %) тұрады. Бұдан басқа
техникалық зығыр талшықты дөрекілендіретін, ауырлататын және оған
тұрақты ашық-сұр немесе тұнық сұр түс беретін жабысқақтан тұрады.
Зығыр талшығының қасиеті. Техникалық зығыр талшығының
ұзындыгы 400-700мм шекте, ал қарапайым талшықтың ұзындығы - 20- 30мм
ауытқиды.
Техникалық талшықтың жіңішкелілігі өте әртүрлі, ол қарапайым
талшықтың жіңішкелігіне және олардың бумадағы санына байланы- сты.
Қарапайым талшықтың жіңішкелігі мақта талшығына жақын. 0,015-0,025
мм болып келеді.
Зығырдың қарапайым талшығының мықтылыгы 10 г үзілу күшімен
анықталады. Оның үзілу ұзындығы - 60-62 км және мықтылық шегі 80-120
кг/мм2. Техникалық талшықтың мықтылығы 200 г үзілмелі жүктемемен
анықталады, оның үзілу ұзындығы - 40 км, ал беріктік шегі - 50-60 кг/мм2
Үзілу кезіндегі зығыр талшығының ұзаруы - 1,5-2,5%.
Ылгал тартқыштыгы - зығыр талшығының бағалы қасиеті. Ол үшін
қалыпты ылғалдылық 12 %. Зығыр талшығы ылғалды тез сіңіреді және
оны тез береді, яғни кебеді.
Ылғалдың әсері. Ылғалды жағдайда зығырдың қарапайым талшығының
мықтылығы мақта талшығынікі секілді болады. Бұл судың әсерімен
жабысқақ - пектиналық - заттар бумада жұмсарады және қарапайым
талшықтардың арасындағы байланыстар әлсірейді, буманың беріктігінің
әлсіреуін тудырады.

14

Зығыр талшықтары мақта талшығы секілді қызу температура- сын
көтере алады және сілтілерден бұзылмайды, ал қышқылдардан бұзылады.
Зығыр талшықтары мақта талшықтарына қарағанда күн сәулесінің
әсеріне төзімдірек болады. Өңделмеген матадағы зығыр талшығының
мықтылығы 990 сағат бойы тікелей күн сәулесінің жарығын түсірген кезде
50 % төмендейді.

|

II

III

IV

Сурет 1.5 - 1 - салалы зығыр; 2 және 3 аралық зығыр; 4 - бұйра-зығыр.
15

ҚАРАПАЙЫМ ТАЛ ШЫҚ

САБАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІ НДІСІ

ҚАРАПАЙЫМ ТАЛ ШЫҚТЫҢ БӨЛІГІ
Б¥ТАҒЫ ТҮҚЫМДЫ

ҚАУАШАҚ

Сурет 1.6 - Зығыр талшығының жалпы қүрылымы

2

1-қабығы, 2-қабықты бума, 3-ағашы

Сурет 1.7 - Зығыр талшығының құрылысының сызбасы және
микроскоппен қарағандағы талшық
Жаққан кезде зығыр талшығы мақта секілді жанады.
Зығыр қалың қабырғалы, тар құбырлы, жабық ұшты болып келеді,
талшықтың беттігі біркелкі және тегіс, нәтижесінде мақта матасына
қарағанда зығыр матасы аз кірленеді және жеңіл жуылады. Зығырдың бұл
қасиеті ішкиімдік жаймалар үшін өте құнды. Зығыр талшықтары ылғалды
тарту кезінде басқа тоқыма талшықтарына қарағанда, ылғалды тез сіңіреді
және береді, ол - мақта матасына қарағанда мықты, салы- стырмалы үзілу
күші 60 сН/текс, үзілу кезінде ұзаруы 2-3 % құрайды. Зығыр талшығында
лингиннің құрамы оны жарықтың, ауарайының,
17

2-6313

микроорганизмдердің әсеріне төзімдірек етеді. Талшықтың термиялық
бұзылуы 160°С температурага дейін болмайды. Зыгыр талшыгының
химиялық қасиеті мақтаға ұқсас, ол сілтінің әсеріне төзімді, бірақ қышқылға
төзімсіз. Зығыр матасының табиғи әдемі, жібекті жылтыр- лы сыртқы түріне
байланысты мерсерлеуге ұшырамайды.
Бір жағынан төмен серпімділігіне бола, зығыр талшығы тез мыжылады, ағартылуы және боялуы қиындайды.Жоғары гигиеналық және
мықтылық қасиетінің арқасында зығыр талшығынан іш киімдік, жаймалық
мата (дене іш киімі, төсек, дастархан жаймасы), жаздық костюмдік-көйлектік
маталар алынады. Зығыр матасының жарты- сы басқа талшықтардың
қоспасынан өндіріледі, көптеген бөлігі негізі бойынша мақта иірімжіпті
жартылай зығырлы жаймалық ма- таларда қолданылады. Зығыр
талшығынан кенептен тоқылған мата, өртке арналған қолғаптар, баулар,
аяқ киім-дік жіптер, ал зығырдың қалдығынан өте дөрекі маталар, ол қаптық, брезенттер, жайғақтар өндіріледі.
Жаңазеландиялық зығыр өсімдіктің жапырағынан қосылған, талшықты
материал. Бұл зығыр түрінің отаны Жаңа Зеландия, соны- мен қатар, қазіргі
уақытта ол Австралияда, Үндістанда, Оңтүстік Аме- рикада, Ресейде, Сочида
және Сухумда кеңінен таралған.
Жаңазеландиялық зыгыр өсімдігі тропикалық белбеуге қарағанда біркелкі.
Оны егу үшін кеппеген ылғалды, бірақ батпақ емес топырақ қажет. Зығыр
тамырдың ұшы мен тұқымнан ажыратылып алынады, ол жай өседі.
Тамырдан 1,2м ұзындыққа жететін және көлемді енді, көптеген жапырақтар
алынады. Жапырақтың розеткасының ортасынан сары гүлдердің бір жақ
шоқтарынан шыққан, гүлді тілше пайда болады. Зығырдың гүлді сабағы
әрбір үш жыл сайын шығады. Талшық арқан және дөрекі мата дайындау
үшін қолданылады. Зығырдың техникалық ұзындығы 1 м жетеді.
Олар кендір мен зығырға қарағанда берік, сары түсті, бірақ сынғыш
және тез үзіледі. Тұқымдық қауашақтың, гүлдің және қарапайым
талшықтардың жалпы көрнісі 1.8-суретте көрсетілген.
Зеландияның зығыр талшығының техникалық талшығы 1,75 м
ұзындыққа дейін жетеді.
Кендірдің қарапайым талшығының құрылысы зығыр талшығының
құрылысына ұқсас, көлденең қимада қарапайым талшықтар сопақша
пішінді және кең құбырлы, ұшы қосарланған болып келеді. Химиялық
қатынаста кендір талшықтары сыртқы ағаштық зат - бастозаны қолдану
арқылы целлюлозаны құрайды.
Кендір бір жылдық шөпті өсімдіктен алынады. Орташа орыстық
сораның сабағының ұзындығы 1-2м, оңтүстіктікі - 4м. Сораны бастапқы
өңдеу зығырды өңдеуге ұқсас. Зығырмен салыстырғанда кендір талшығы
дөрекілеу және беріктігі аз. Ұзын кендір талшығынан арқан, қысқалардан кендір жіп, ораушы және қапты маталар өндіріледі.

18

Сурет 1.8 - Жаңа Зеландиялық зығыр
Кендір киім, желкен және арқан дайындау үшін қолданылатын
талшықты материал. Кендір зығырға қарағанда ағартылуы қиын. Бұл
талшықтан өндірілген судың әсеріне түсетін арқандар, торлар, кендір жіптер,
өртке арналған қолғаптар өте маңызды қасиет шіруге жай ұшырайды.
Кенеп және джут. Жөке мен құлқайыр тұқымдасқа жататын, бір
жылдық кенеп пен джут өсімдігінен алынады. Кенеп пен джуттың негізінде
қаптық және ыдыстық маталар өндіріледі. Сипағанда құрғақ, бірақ ылғал
тартқыштығы жоғары болуынан кендірден жасалған қаптар үлкен ылғалды
қасиетімен сипатталатын, тауарды сақтау және тасу үшін қолданылады.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында кенепті өсіруден Солтүстік Иран
атақты бола бастады, сондай-ақ, Кавказда, Орта Азияда кеңінен таралды.
Кенеп өсімдіктің сабағынан алынған талшықты материал. Ке- неп иран
тілінен ауда-рылған, ол «иірімжіп» деген мағына береді. Ке- неп биіктігі 1,5
метрге жететін, бір жылдық шөпті өсімдік. Гүлдері өте қысқа гүл аяғында
отырған, ол жоғарғы жапырақтың қуысында үштен немесе біреуден
орналасқан. Гүл жапырағының негізінде күңгірт- қызыл дақты, сары түсті,
қауашағы өткір ұшты, сопақша пішінді, ағаш тәріздес, кенеп 1.9-суретте
көрсетілген.
Джут - үнді сөзінен аударылғанда - «ораушы қап» деген мағынаны
білдіреді. Джуттың отаны Үндістанның Танга, Брамаптры және Мигра
өзендерінің аймағы болып саналады, сондай-ақ, ол Африкада, Амери- када,
Қытайда, Египетте және Ташкент ықшам аудандарында өсіріледі. Джут - бір
жылдық шөпті өсімдік. Оның сабағының биіктігі - 3-5м және қалыңдығы 25-35 мм. Жапырағы сопақша өткір, ірі-тісті, гүлі ұсақ, сары. Джут тұзды
көлемі үлкен, жақсы тыңайтылған, тасқын су- мен суарылған топырақты
жақсы көреді. Джут талшығының ұзындығы

19

ю
о

ЖАЛ ПЫ ТҮРІ

ҚАБЫҚТЫ БУМАНЫҢ КӨЛДЕНЕҢ
КЕСІНДІСІ

Сурет 1.9 - Кенеп

1,5 - 2,5 м. Талшықтың көлденең қимасы әртүрлі пішінді, жақсы жа- нады,
зығыр мен кендірге қарағанда, беріктігі орташа, қалыпты ылғалдылығы 13,5%. Ол жиһаздық материалдарды, қапты өңдеу үшін қолданылады,
талшықтың түсі ақ сары түстен күңгірт-қызыл түске дейін. 1.10-суретте
джуттың техникалық талшығының көлденең бойлық түрі көрсетілген.
Қалақай - ащы күйдіретін өсімдік, оның сабағынан талшықты материал
алынады, ол техникалық материалдар дайындау үшін қолданылады. 1.11суретте қалақай талшығының жалпы түрі және көлденең қимасы
көрсетілген. Қалақай - биіктігі 1,5 м, көп қабатты шөпті өсімдік. Жапырағы
сопақша, үшкірленген. Қалақайдың техникалық талшығы өте берік болып
келеді, ол жақсы боялады, оның талшықтарының ұштары локатор тәрізді.
Талшықтық материал рами өсімдіктің сабағынан алынады. Ол
Қытайды, Жапонияда, Мексикада, Колумбияда және Бразилияда өседі және
жылына сабақтың 2-3 жинағын беретін, тек жылы әрі ылғалды ауа-райында
дамиды.
Рами - тармақталған шөпті қалақайдың бір түрі, биіктігі 1,5 - 2,5 м. Түсі
жасылдау, ашық және күңгірт-қоңыр, өте жоғары беріктікпен сипатталады,
ылғалдылығы 6,5%, талшықтан арқандар, жіптер және торлар
дайындалады.
Сизаль - өте қысқа сабақты және ұзын етті жасыл жапырақты,
айырылған қалпақты көп жылдық өсімдік. Отаны тропикалық және
субтропикалық Америка болып саналады, сонымен қатар, Мексикада,
Флоридада, Кубада, Перуда және Үндістанда кезкелген құрғақ тасты
топырақта өседі. Жапырағының ұзындығы 1,5 м, ені 8-14 см, жылы- на үш
рет жиналады. Жалпы суреті мен көлденең қимасы 1.12-суретте көрсетілген.
Алоэ - өсімдіктің жапырағынан алынатын талшықты материал. Ота- ны
Оңтүстік Африка, Америка және Үндіс-танның ыстық аймақтарында
өсіріледі. Алоэ - көп жылдық өсімдік, оның сабағының биіктігі 30-50 см дейін
жетеді. Көп қабатты жапырағы түбіне жиналған және 1.13-суретте
көрсетілгендей бірінен соң бірі орналасқан. Жапырағы етті және шеті тісті,
өсімдіктің ұшы үшкірленген. Жапырақтың ұзындығы 40-50 см, ені 7-8 см.
Ұзын көп қабатты гүлдермен гүлденеді. Техникалық талшығының
ұзындығы 20-50 см. Талшық мықты және дөрекі, ылғалдылығы 8 %,
жіптерді, арқанды және қапты өндіруде қолданылады.
Банандар жер бетіндегі шөпті өсімдіктерінің бірі, ол 1.14-сурет- те
көрсетілген. Бананның көптеген түрі бар, оның ішінде екі түрі көп кездеседі,
олар:
жеуге жарайтын банандар;
жеуге жарамсыз банандар.
Бананның екінші түрі иірілетін талшық ретінде қолданылады, олардың
жапырақтары бір-біріне жақын орналасады, олар өз

21

¥ШЫ

ТАЛШЫҚТЫҢ
ЭЛЕМЕНТІ
ҚАРАПАЙЫМ ТАЛШЫҚТАР
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ
КЕСІНДІСІ
Б¥ТАҚ

Суреті.10 - Джуттың жалпы көрінісі

САБАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ
КЕСІНДІСІ

ТАЛШЫҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ

¥ШТАРЫ

ЕРКЕК

¥РҒАШЫ

Сурет 1.11 - Күйдіргіш қалақайдың қүрылысы

ҚАРАПАЙЫМ ТАЛШЫҚТАР

ЖАЛПЫ ТҮРІ

Сурет 1.12 - Сизальдің жалпы құрылысы

V

Сурет 1.13 - Алоэнің жалпы құрылысы

0\

ҚАБЫҚТЫ БУМА

ЖАЛҒАН ДІҢГЕК БӨЛІГІНІҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ

ЖАЛҒАН ДІҢГЕК

ОРТАСЫ

[
,і і
И
I
ь
.
!<
»
і•*
1

ІІ
ҚАРАПАИЫМ 1
ТАЛШЫҚ
м

ЖАЛПЫ ТҮРІ

Сурет 1.14 - Бананның жалпы қүрылысы

ҚАРАПАИЫ
М
ТАЛШЫҚ

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ
КЕСІНДІСІ

бұтақтарымен жанасып тұрады. Тех-никалық талшықтары берік және
ұзындау, ұзындығы 2,5 м. Түсі өте қатты жылтырлы сары және қоңыр.
Бананды техникалық материалдар дайындауда қолданылады.
Кендір өсімдік сабағының қабығынан алынған талшықты матери- ал.
Орта Азия мен Қазақстанда өсіріледі. Кендір - тамыры қыстайтын және
сабағы қыста қататын, жартылай түпті көп жылдық өсімдік. Сабақтары 230240 м.
1.2.2. ЖАНУАР ТЕГІНЕН АЛЫНҒАН ТАЛШЫҚТАР
1.2.3. Қой тұқымдары
Қойлардың шығуы. Қойлар өте ерте кезеңнен қолға үйретілген.
Археологиялық және басқа да зерттеулерден алынған мәліметтер бойынша
қойлар біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қолға
үйретудің мүмкін ошағы болып Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Кіші Азия
табылады. Қойлар ұсақ қоректенетін, шайнай-тын, тұяқты және қой
тұқымына жатады. Зоологиялық топтастыру бойын- ша жақыны ешкі
болып табылады.
Қойлардың тұқымының мүмкін басталуының бірыңғай мәліметі жоқ.
Биологиялық тұрғыдан үй қойларына жақын жабайы қойлардың алуан
түрлілігінің көп болуымен байланыстырылады. Үй қойларының ата тегіне
муфлон, архар және аргали жатады. Ол 1.15-суретте көрсетілген.
Муфлондар Жерорта теңізінде және Кіші Азия жағалауларында және
аралдарында мекендейді. Қой шаруашылығындағы негізгі өндіріс болып,
белгілі бір өнім алу мақсатындағы нақты климатты ортада

Сурет 1.15- Жабайы қой муфлон
27

адамдардың білімді еңбегінің және талабының арқасында асыл тұқым- ды
алу табылады.
Табиғатта жаратылған 1-2 жабайы тұқымды түрлерінен адамзат осы
уақытқа дейін 600 тұқымды қой түрлерін өндірді. Тәуелсіз мемле- кеттер
достығы (ТМД) елдерінде өндірістің барлық бағытында қойдың 60 тұқымын
өндірді. Соның ішіндегі 22-биязы жүнді, 15 - жартылай би- язы жүнді, 4
жартылай қылшықты, қалғаны - қылшықты (қылшықты, тондық).
Биязы жүнді қойлардың бірнеше ерекшеліктері бар. Олардың жүнінің
қалыңдығы орташа есеппен 15-25 мкм, түбіті қалың ақ жүннен тұрады. Осы
тұқымдас қойлар үшін биязы жүн басының көз сызығына дейін және
төменірек, сондай-ақ тұяқ ұшына дейін жауып тұрады. Бұл малдардың
мойын бөлігінде, дене бөлігінде және құйрық ұшында қатпарланып білінетін
артық былғарысы бар. Биязы жүнді тұқымдас қойларды зоологиялық
топтастыру бойынша ұзын арық құйрықтыға жатқызады.
Будандастыру арқылы алынған биязы жүнді қой тұ-қымдары өзара
өнімділігімен және дене бітімінің ерекше-лігімен ажыратылады. Оларды
жүнді-етті, жүнді, және етті-жүнді деп бөледі. Бұлай бөлудің негізі жүннің және
еттің өнімділігіне, сондай-ақ олардың шығу тегіне бағытталған.
Жүнді-етті тұқымдар. Бұл тұқымдастың қойлары кейбір шығу
ортақтығымен сипатталады. Көп жағдайда олар жергілікті меринос
қойларымен американдық рамбулье тұқымын будандастыру арқылы
өндіріледі. Бұл тұқымдас ірі мал, жақсы дене бітімді, жүні сапалы болып
келеді. Соңғы жылдары жүнді-етті тұқымдардың бағытын А және Б то- бына
жіктеу қабылданған. А тобына жататын тұқымдастар: асканилік,
кавказдық, алтайлық және солтүстік кавказдық меринос; Б тобына жататын
тұқымдастар: Забайкальдық, Қырғызстандық, Красноярлық, Оңтүстік
Қазақстандық меринос және Оңтүстік Оралдық.
Асканилік тұқым. 1925-1934 жылдар аралығында академик
М.Ф.Ивановпен Аскании-Новада, ең жақсы жергілікті меринос қойларын
дене бітімі ірі, қалың қысқа жүнді американдық рамбулье қойларымен
будандастыру арқылы өндірілген. Жергілікті украиналық мериностар аз
қатпарлы, ұзын жүнді, олар құрғақ климатқа жақсы бейімделген.
М.Ф.Ивановтың алдында аса ірі салмағы 60 кг жететін жүнді өнімділігі
жоғары және жетерліктей етті пішінді қой тұқымын алу міндеті тұрды және
бұл мақсатқа өте қысқа мерзім ішінде 12 жылда жетті. Асканилік қойлар
әлемдегі меринос түқымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Ол 1.16суретте көрсетілген және биік жүнімен еттілігінің сәйкестігімен сипатталады.
Қойлардың салмағы 123-130 кг жетеді, үрғашысының салмағы 62-65 кг,
қырқылған жүннің салмағы 16-17 кг,таза жүннің шығуы 38-42 %.

28

Сурет 1.16- Асканилік қойлар
Алтай тұқымы. Бұл тұқым 1936-1948 жылдар аралығында Алта
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!