Материалдар / «Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған ұстаз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қосымша мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
620
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан қаласы Абай атындағы №31 жалпы

орта мектеп тарих пән мұғалімі: Л.Алибекова


Баяндама: «Ыбырай Алтынсарин – білімнің ірге тасын қалаған ұстаз"

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққан . Əкесі Алтынсары оқымаған, өз еңбегімен тіршілік еткен қарапайым шаруа адамы болған. Шешесі Айман (кейбір деректерде Аймен) Арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы екен. Ол халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Ыбырайдың шешесі халық ертегілері мен жырларын ұлының құлағына жастайынан құйып тəрбиелеген.

Ыбырай 3–4 жасқа толғанда, əкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожа бидің қолында қалады. Бүкіл балалық шағы сол атасының қолында өтеді. Ағартушының атасы Балғожа Жаңбыршыұлы өз заманындағы ірі феодалдардың бірі еді. Ол ұзақ уақыт Орынбордағы шекара комиссиясы қол астында Қыпшақ руына старшын болған, өз аймағының атақты кісілерінің бірі, ірі бай. Ел ішіндегі көп жағдайларда биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігінің алдында да, орыс шенеуніктеріне де сыйлы, беделді, белгілі кісі болыпты. Немересін адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған, Балғожа оны өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып, қанатын қатайтқан [1].

Жасынан зерек Ыбырай да атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшіліктің үмітіне айналады. Атасы Балғожа төңірегіне ақын-жырауларды жинап, өзі де өлең жазған. Сондықтан да Ыбырай бала кезінен туған халқының мəдениеті мен əдебиетінен сусындаған.

Ыбырай Алтынсарыұлының маңызды өмірдеректері

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. 1850 жылы дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Бұдан бұлай ел билеу ісі орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп ұққан Балғожа би немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырайда болды. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

Ол уақытта Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті əкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер əзірлеу еді.

Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тəрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі əдебиеті мен орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып нəр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857–1859 жылдар аралығында ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды.

Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп ашады. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі басталады.

1860–1879 жылдар арасында Ы.Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868–1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы; 1876–1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жəрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап Ыбырай зайырлық мектептер ашуды қолға алды [2].

Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.[2]Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар керек екенін білді.

Қазақ халқын мəдениетке үндеп, халық ағарту мəселесінде көп еңбек еткен тұңғыш ағартушы 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап, мектеп ашу, оларды оқыту, тəрбиелеу, оқулықтар, оқу құралдары жəне əдістемелік кітаптар жазу жұмысына арнайды. 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында «Инспектор көлі» жағасында, өз үйінде ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болады.

Қазақтың тұңғыш педагогы əрі ақын, əрі жазушы Ыбырай Алтынсарин ауырып, төсек тартып қалғанда орыс жолдастарының оны дəрігерге қарату ісін ұйымдастырулары; қайтыс болған күні ақырғы рет қоштасу үшін қаладан көптеген таныстары мен шəкірттерінің арнайы келуі; кейін Н.И.Ильминскийдің «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы Алтынсариннің ел ішінде беделді, сыйлы болғандығын дəлелдейді. Бір айта кететін жайт, Ы.Алтынсарин қайтыс болғанда қазақ салтымен оған жоқтау айтылған.

Ол жоқтау 1976 жылы Мəскеу мұрағатындағы «Ильминский папкасы» деген бумадан табылды. Ондағы [3]:

Дəріден себеп болмады,

Шын келген соң ажалы.

Күн де ауылда болушы ед,

Жəрмеңкенің базары.

Өтіп те кеткен дүние-ай,

Дүбірлесіп жиылып,

Аспанға шығып тозаңы!

Жетімсіреп қалды ғой

Төрт ояздың қазағы... —

деген жолдармен жалғасатын ұзақ жоқтауды Ыбырайдың туыс-жұрағаттарының бірі жазған болуы керек деп көрсеткен. Ал зерттеушілер мұны Ыбекеңнің өзі қадірлеген, жанында жүрген жəне қайтқанда қасында болған қазақтың белгілі ақыны Нұржан Наушабаев екенін айтады.

Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы

Ы.Алтынсарин орыс тілімен қатар, араб, татар тілдерін жетік меңгеріп, көксеген бар арманы халыққа білім беру болды. Ол кезде қазақ балаларына арнап, мектеп ашу өте қиындыққа түсті. Соған қарамастан, Ыбырайдың тікелей атсалысуымен 1864 жылы қаңтар айында тұңғыш қазақ мектебі ашылды.

Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйі, құрал-аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады. Ол ауыл-ауылды аралап, халыққа білім беретін мектептердің артықшылығын түсіндірді. Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып, түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде оқу-білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.

1864 жылы ол Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді: бəрі жақсы, есті балалар... Бұл балалар небəрі үш айдың ішінде орысша, татарша жаза білетін болды» [4], — деп жазды. Бұдан біз Ыбырайдың ұстаздық жолының сəтті басталғанын байқаймыз.

1879 жылы Ы.Алтынсарыұлы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879–1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Қыздар мектебін ұйымдастыруы — ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі.

Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ы.Алтынсарин мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды күн тəртібіне қояды. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш Мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырайдың инспекторлық жəне ағарту саласындағы қызметін аталған мектептерді ашу ісімен шектеуге болмайды. Ол сол мектептердегі тəлім-тəрбие, оқу жұмысының жанды ұйтқысы болды. Ыбырай туған халқын ерекше сүйді, оның болашағына зор сеніммен қарады. Сондықтан халық ағарту ісін айрықша шабытпен орындады.

Ағартушы қайтыс болғаннан кейін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта жəне 1896 жылы Ақтөбеде Қыздар училищелерін ашуға рұқсат етілді. Бұл да Ы.Алтынсариннің ізденулерінің нəтижесі екендігі құжаттар бойынша дəлелденіп отыр [5; 12].

Кезінде Ы.Алтынсарыұлы салдырған Қостанай өңіріндегі мектептерде Алаштың ғұламалары А.Байтұрсынов пен М.Дулатов оқыған, «Алашорда» дүниеге келген.

Ыбырайдың өмірінде ерекше орын алған зиялылар

Жалпы, Ыбырай Алтынсариннің рухани өсуіне профессорлар В.В.Григорьев пен Н.И.Ильмин- скийдің ықпалы ерекше болған.

Ыбырай өзінің қалыптасу барысында шығыстанушы-ғалым В.В.Григорьевтің тікелей ықпалында болды. Атасы Балғожа биді жақсы білетін жəне сыйлайтын В.В.Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға мүмкіндік берген. Ыбырай оның кітапханасынан əдебиет, тарих, философия кітаптарын, дүниежүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы шығармаларды көп оқыған.

В.В.Григорьев — орыстың көрнекті Шығыс зерттеушісі, Ресей ҒА-ның корреспондент мүшесі. 1834 жылы Петербург университетінің Шығыс бөлімін бітіргеннен кейін Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Шығыс тілдері институтында істеді. 1851 жылы Орынбор генерал- губернаторлығының қарамағына жұмысқа ауысып, Орынбор шекара коммиссиясын (1854) жəне Орынбор облысын басқарды (1859–1863). Григорьев қазақ халқының тарихы, мəдениеті, этнографиясы, саяси өмірі, экономикасы, т.б. жөнінде көптеген еңбектер, мақалалар жазды. Олардың бір бөлігі «Россия жəне Азия» деген атпен 1876 жылы жеке бір жинақ болып шықты [6].

В.В.Григорьевтың жобасы бойынша 1861 жылы Троицкіде қазақ жастары үшін мектеп ашылды. Ол Ш.Уəлихановпен дос болды жəне Ы.Алтынсариннің ғалым жағынан қалыптасуына септігін тигізді.

Ағартушылық мұраттарын іске асыруында Ыбырайға Ильминский елеулі ықпал жасаған адам. Н.И.Ильминский (1822–1892) — орыс зерттеушісі, консервативтік бағыттағы педагог. 1858 жылдан Орынбор шекара комиссиясында қызмет істеді. Ол қазақ, татар, чуваш, мордва, т.б. аз ұлт халықтарының ағарту ісіне елеулі үлес қосты. Араб алфавиті орнына осы халықтардың орыс графикасына негізделген алфавитін ұсынды. Ы.Алтынсаринмен қызметтес болды. Ол туралы естелік жазды [7].

Патша үкіметі Еділ бойы, Орал, Сібір аймақтарындағы «бұратана» халықтарға (татар, чуваш, башқұрт, мордва, қазақ т.б.) оқу-ағарту ісін жүргізуде Ильминскийдің «педагогикалық жүйесін» қолданды. Ол ұсынған педагогикалық «қағидалар» бойынша мектепте оқудың білімдік мəнінен гөрі, діни-насихаттық жағы басым болды.

Жалпы, миссионер Н.И.Ильминский тəрізді ағартушылардың шын мəнінде қазақ жерінде мектеп ашу дегеніміз — бұл халықты негізінен орыстандыру жəне тіл жағынан, дін жағынан да орыстарға мүлдем қосып жіберу болып табылатынын ашық айтқаны белгілі. Ы.Алтынсарин мұндай ұстанымға, мұндай көзқарасқа мүлде қарсы болды. Ол қазақ ағартушыларының арасынан алғашқылардың бірі болып, шын мəнінде қазақ халқын орыс тəрізді, еуропа халықтары тəрізді мəдениеті, білім деңгейі едəуір алға кеткен халықтар деңгейіне жеткізіп жəне сонымен бірге өз халқының тілдік жəне мəдени мұраларын, рухани мұраларын қорғайтын, қолдайтын, алдағы уақытта оны үздіксіз өркендететін, мəдениетті, рухани тұлғалы қазақ интеллигентін қалыптастыруды көздеген болатын. Ыбырайдың осындай       өркениеттік        көзқарастары        империяның        ағартушы-ғалымдарына  ой    салды.   Тіпті Ильминскийдің өзі Ыбырайға жоғары баға берді [8].

Ы.Алтынсарин өзінің дидактикалық көзқарасы жағынан — ұлы ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, адамгершілік педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті адам. Ян Амос Коменскийдің озық идеялары, ағартушылық, педагогтік оқулары Ыбырай жүрегінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты даңқты педагогтерді ұстаз тұтты. Ыбырай осындай ұлы адамдардан тəлім алып өсті. Өзінің педагогтік қызметтерінде солардың қағидаларына сүйенді. Оны қазақ жағдайына, жаңа ортаға қолдану жолын қарастырды [9].

Ыбырай Алтынсарыұлы өзі құрастырған «Қырғыз хрестоматиясын», сондай-ақ Я.А.Коменскийдің материалдарын мұғалімдер үшін өте құнды деп түсінді.

Ян Амос Коменский (1592–1670) — ХVІ ғасыр мен ХVІІ ғасырлардың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы чехтың ұлы педагогі, гуманист, қоғам қайраткері. Өзінің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» (1657) атты еңбегін жəне тарихта бірінші рет жанұя тəрбиесі жөнінде «Ана мектебі» (1632) жетекші құралын жазған.

Коменский педагогикасының негізі гуманизм мен демократизм болды. Ол мектеп балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тəрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты насихаттады. Ұлы педагог тəрбиені адамның табиғатына сəйкес жүргізу керек деп есептеді. Осы талапты ол тəрбие мен оқытудың жалпы принципі деп санады. Я.А.Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған бірыңғай мектеп жүйесін ұсынды: ана мектебі (6 жасқа дейін), ана тілі мектебі (6–12 жас), латын мектебі немесе гимназия (12–18 жас), академия (18–24 жас). Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады. Педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — класс-сабақ жүйесін ұсынды [10].

Я.А.Коменский дүние жүзі педагогикасының дамуына зор ықпал жасады. Сондықтан да қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин жəне басқа халықтардың прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларына сүйенді.

Ы.Алтынсаринге атақты орыс педагог-демократы К.Д.Ушинскийдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы ұстаздық қағидалары қатты ұнаған.

К.Д.Ушинский — Ресейде ғылыми педагогиканың негізін қалаушы. 1844 жылы Мəскеу университетінің заң факультетін бітірген. 1862–1867 жылдары шетелдерде болып, мектеп ісін зерттеген. Ушинскийдің педагогика жүйесінің негізгі өзегі білім беру мен оқыту жүйесін демократияландыру болды. Ол педагогика мен философия арасындағы байланыстылықты түсінді. Білім алу құқығын мойындау идеясы Ушинскийдің педагогика жүйесінің негізіне айналды. Осы тұрғыдан ол ер жəне қыз балалардың жаппай ана тілінде міндетті оқуын талап етті. Тəрбиені қоғамдық құбылыс деп қарады. Балаларды жан-жақты зерттеуді талап етті. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы орыс ғалымының «Адам тəрбиесі. Педагогикалық антропология» деген еңбегінде айқын бейнеленді. Бұл дүние жүзі əдебиетіндегі бірінші проблемалық зерттеу болды [11].

К.Д.Ушинский славян халықтары прогресшіл педагогикасының дамуына зор ықпал етті. Қазақ жерінде Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық ісінде Ресей ғалымының шығармашылық қызметінен көп үлгі алды.

Сонымен, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Б.Ф.Бунаков сынды атақты əдіскер-педагогтардың оқыту əдістерін батыл да шебер қолдану нəтижесінде Ыбырай Алтынсариннің тəжірибесі артты. Педагог-ғалымның дидактикалық көзқарасы қалыптасты. Ол баланың мектептен алатын білімін өмір талабына қолдануды тамаша ұштастырды.

«Қазақ хрестоматиясы» — ұлттық мəдениетіміз тарихындағы тұңғыш оқулық

«Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі

Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен араб, парсы сөздеріне лық толған; сондықтан ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда да дүниеяуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін, мысалы, орыс тіліне аудартып жаттықтыру үшін қолайсыз. Осылармен қабат бір ескертетін нәрсе — қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр. Ал осы айтылған мақсаттарға жету жолында, мен білсем, осы күнге дейін ешқандай жетекші құрал болған жоқ.

       Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық. Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомствосының көптеген білімді қайраткерлері бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан мен сол білімді адамдардың ақылын алып, екінші жағынан, өзім де осылай етуді қажет деп тауып, осы хрестоматияны құрастыруға кірістім.

Ы.Алтынсарин оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық əдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мəн берген. Сондықтан да «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық жəне «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазған.

Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім, сондықтан бұл кітапқа енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды. Бұл хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды ойладым. Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді:

1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы»: бірінші — балалар өмірі туралы орыс тіліндегі əр түрлі хрестоматиядан, көбіне Паульсонның хрестоматиясынан алынған əңгімелер; екінші əр түрлі жастағы адамдардың өмірін суреттейтін əңгімелер; үшінші — қазақ жыршыларының өлең жырларынан үзінді; төртінші — қазақтың мақал-мəтелдері тəрізді төрт бөлімнен құралған.

Зерттеушілер кітапқа енген əңгімелердің көпшілігі И.И.Паульсонның «Оқуға жəне орыс тілінде практикалық жаттығулар жасауға арналған кітап» хрестоматиясынан алынғанын, сондай-ақ кейбіреулері К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», «Ана тілі», Л.Н.Толстойдың «Əліппе жəне оқу кітабы», Б.Ф.Бунаковтың «Əліппе мен құрал» сияқты кітаптарынан алынғандығын анықтап отыр. Олардың көпшілігі дəл аудармалар да, бірқатары — ерікті аудармалар [5; 11].

Оқулықта орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту қажеттігі басым айтылған. Бұл оқу құралы сол кезең үшін де және қазіргі талап тұрғысынан да терең негізгі лингвистикалық-әдістемелік еңбек болып табылады. Мұнда шет тілін жаңадан бастап үйренуге арналған оқу құралының сипаты қандай болуы керек деген мәселе шешімін тапқан.

Сонымен бірге екі тілдің грамматикасы үйлестіре оқыту мәселесі де алғаш рет Алтынсарин заманында қолға алынған. Шет тілінде дұрыс жазуға үйрету, тіл ұстарту мәселелері көтеріледі. Алтынсариннің оқу құралы тіл үйренудің лингвистикалық негізгі тілдің лексиклық жүйесіне негізделуі керек деген қортындыға әкелді.

        Мен өз ғылыми — ізденістерім арқылы барлық баллалардың бойына әдептілік, адамгершілік болса , артымнан ерген бауырларым инабатты да ибалы болса деймін.            Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұртта» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды.

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз Азған елдің ішінен Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден. Жақсыны көзден салмаңыздар, Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

       Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған.  «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады: 

Оқысаңдар, балалар,  Шамнан шырақ жағылар. 

Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. 

Кел, балалар, оқылық! 

Оқығанды көңілге  Ықыласпен тоқылық! Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады. 
Мал, дәулеттің байлығы – Бір жұтасаң, жоқ болар.

 Оқымыстың байлығы–Күннен күнге көп болар, 

Еш жұтамақ жоқ болар. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. 
Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. 

Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. 

Айшылық алыс жерлерден  Көзіңді ашып, жұмғанша, 

Жылдам хабар алғызды. …

Отынсыз тамақ пісірді, 

Сусыздан сусын ішірді. 

Теңізде жүзді балықтай, 

Дүниені кезді жалықпай. Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты. 
Біз надан боп өсірдік, 

Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі» деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз,Үміт еткен достарым,

      Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады. 
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.Табиғат суреті  Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді. 
Таулардан өзен ағып сарқыраған, 

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, 

Аралап тау мен тасты арқыраған. 

Көңілің суын ішсең, ашылады, 

Денеңде бар дертіңді қашырады. 

Өксіген оттай жанып жануарлар, 

Өзеннен рақат тауып, басылады. Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің «өзеннен рақат тауып» жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. «Жаз» өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. «Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп», «Аспаннан рақымменен күн төнгенде», «Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі», «Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып», т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді. 

Бір малы шаруаның екеу болып, 

<

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!