Материалдар / Ықшам сабақ Әбу Насыр әл-Фараби 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ықшам сабақ Әбу Насыр әл-Фараби 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептердің қазақ әдебиеті мұғалімдері үшін дайындалған ықшам сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
871
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ықшам сабақ

(қазақ әдебиеті)

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Мектеп «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ

Күні


Мұғалім

Жумабекова Аида Еркінқызы

Қатысушылар

(оқушылар)

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Әлемнің екінші ұстазы!

Мақсаты

Әлемде «Екінші ұстаз» атанған бабамыз, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ұстаздық жолдағы еңбектерімен таныстырып ой-пікірлерінің маңыздылығын анықтап, түсіндіреді.

Әдісі

«Құпия сандық», «Блум түймедағы», «Сұрақты тауып ал», «Сюжеттік кесте»

Тілдік мақсат

Муаллим ассана, ұстаз, білім нәрі, халық қадірлісі

Жоспар



Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті

Басы

Ұйымдастыру «Құпиялы сандық»

Прямоугольник 1

Ұстаз



БПравая фигурная скобка 2 ілім нәрін беруші



Сәулелі жарық шашушы ?


Болашаққа дара жол

салушы



Берілген перифразалар арқылы «Құпиялы сандық» ішіндегі сөзді табады.

Ортасы

«Блум түймедағы» әдісі арқылы видеода айтылған ақпараттарға сүйене отырып, әрбір күлтелердегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды.

  1. Қарапайым сұрақ:

Әл-Фарабиді неліктен «Муаллим ассана» - «Екінші ұстаз» дейді?

  1. Анықтайтын сұрақ:

Ғұлама Әл-Фарабидің түсінігінде ұстазды қалай сипаттайды?

(Жауабы: Осы ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей – теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады.

Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі.)

  1. Бағалау сұрағы:

Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Осыған байланысты өзіндік баға бер.

  1. Шығармашылық сұрақ: «Сұрақты тауып ал.....!»

(бірнеше жауаптар арқылы сұрақты табады)

1.Медицина саласында да өз мәнін күні бүгінге дейін жоғалтпаған көптеген еңбектер жазған.

2. Ұлы ғалымның еңбектерін парақтасақ, олар: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» («Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы»), «Музыка туралы үлкен трактат» және 150-ге жуық философиялық және ғылыми-теориялық еңбектері бар.

3. Бүкіл шығыс пен батыс еуропа елін тамсандырған Әбу-Насыр Әл-Фарабидің ғылымдағы дана да дара жолы Ұлы Жібек жолының басты көшбасшысы іспеттес.

  1. Кіріктірілген сұрақ: Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталу себебі?!

  2. Практикалық сұрақ: «Сюжеттік кесте» құру.

Кім?

Нені?


Қайда?


Не істеді?


Дескрипторлар:

  • Берілген сұрақтарға жауап береді;

  • Әл-Фарабидің ұстаз бен шәкірт туралы пікіріне баға береді;

  • Әл-Фарабидің түсінігінде ұстазды сипаттауын түсіндіре отырып жазады;

ҚБ: «Динар тиындар» әдісі арқылы бағалау.



«Блум түймедағында» берілген сұрақтарға жауап жазады. Әр түймедақтың күлтелеріне жеке-жеке тоқталады.

















«Сұрақты тауып ал...!» әдісі бойынша жауап бойынша сұрақты табады.








«Сюжетті кесте» арқылы Әл-Фараби туралы кестені толтырады.

Соңы

Кері байланыс

«Әл-Фараби ізімен»

Карта бойынша бүгінгі сабақта орындалған тапсырмаларды белгілеп, өз әсерлерін жеткізеді.

Сабақ бойынша оқушылар кері байланыс орындайды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!