Материалдар / Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
948
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: алгебраСынып: 8Сабақ тақырыбы: Ықтималдық теориясы туралы түсінік және математикалық статистика.Сабақ типі: жаңа материалды меңгеруТүрі: практикалықСабақ мақсаттары:
  • білімділік – Оқушыларды «кездейсоқ оқиға», «ықтималдық» ұғымдарымен таныстыру.
  • дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта.Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру.2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау. 1. График. 2. Диаграмма. 3. Бағанды диаграмма.3. Жаңа материалды меңгеру.Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады. Ал берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны мүмкін емес оқиға деп атайды. Келесі оқиғалардың қайсысы «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес оқиға», «ақиқат оқиға» екенін анықтайық..
  • а, к, и, т, а, м, е, т, а, м әріптерін кездейсоқ тергенде, «математика» сөзінің құрылуы.
  • Сенбі күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі;
  • Тиынды бер рет лақтырғанда, елтаңба бетінің түсуі;
  • Ойын кубигін бір рет лақтырғанда, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі;
  • Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда , 19 ұпайдың болуы.
  • Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.
Ықтималдық теориясы дегеніміз- кездейсоқ оқиғалардың орындалуының заңдылығын зерттейтін математиканың бөлімі. Ықтималдықтар теориясының негізінде «математикалық статистика» ғылымы пайда болды. Мат. Статистиканы бақылау нәтижелерін қорытындылайтын әдістерді зерттейтін ғылым деп есептеуге болады. Ол қызметтің барлық салаларында маңызды роль атқарады. Күнделікті өмірде әр түрлі кездейсоқ оқиғалармен кездесеміз және олардың орындалу жиілігі әр түрлі.Мысалы, ойын сүйегін 48 рет лақтырып, 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының түсу кестесін құрайық:

«цифрлар»123456
Түсу саны6897810
Диаграмма тұрғызайық.Әрбір оқиғаның түсу саны оқиғаның жиілігі болады.Қандай да бір оқиғаның орындалу жиілігінің жалпы оқиғалар санына қатынасы оқиғаның ықтималдығы деп аталады. Мысалы ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда, 5 цифрының түсу ықтималдығы 8/48-ге тең.
  • Жаңа материалды меңгергенін тексеру.
Оқулықтан: №320, № 322, №324, №325
  • Қорытынды.
  • «ықтималдық» ұғымы не үшін оқытылады?
  • Математикалық статистика қандай мақсатта қолданылады.
  • Үй жұмысы. №321, №323
  • Бағалау.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!