Материалдар / Заманауи жағдайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен бейімделуінің бір құралы ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заманауи жағдайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен бейімделуінің бір құралы ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өз бетінше өмір сүруге бейімделуіндегі қиыншылықтар барлығымызға белгілі. Оның басты себебі олардың жетімдік тағдыры мен көбінесе балалар үйіндегі ерекше жағдайда әлеуметтік енжар тұрғыдағы тұлға қалыптасуымен байланысты. Бұл шынайы жағдайлар, осылар әлеуметтік жетімдердің жағдаяттық дамуы. Сондықтанда қазіргі уақытта тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру жұмысы маңызды болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2018
694
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Заманауи жағдайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен бейімделуінің бір құралы ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы

Жұмысқа жалпы мінездеме:

Зерттеу жұмысының өзектілігі:Қазіргі күрделі саяси»-қоғамдық өзгерістерге сай тәрбие жүйесінің қызметтік құрылымы жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершіліктерді сіңіру арқылы оларды жеке тұлға деп танып, ақыл-ой әлеуетінің қалыптасып, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, «Білім» заңы негізінде, «Бала құқығы туралы» Конвенция мен Декларациясында, ел Перезидентінің дәстүрлі Жолдауында, жастар саясаты туралы заңдар аясында, басқа да нормативті құжаттарда көрініс тапқан.Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өз бетінше өмір сүруге бейімделуіндегі қиыншылықтар барлығымызға белгілі. Оның басты себебі олардың жетімдік тағдыры мен көбінесе балалар үйіндегі ерекше жағдайда әлеуметтік енжар тұрғыдағы тұлға қалыптасуымен байланысты. Бұл шынайы жағдайлар, осылар әлеуметтік жетімдердің жағдаяттық дамуы. Сондықтанда қазіргі уақытта тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру жұмысы маңызды болып табылады.Осы орайда мен биыл бірінші жыл «Заманауи жағдайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен бейімделуінің бір құралы ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы» деген тақырыпта №2,7 жанұялық тобының тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізе бастадым. Қазіргі таңдағы қоғамның әлеуметтік-эканомикалық жаңаруы жағдайындағы білім мекемелерінің мақсат және міндеттерінің ішінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау мәселесі алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болып табылады.Балалар үйі тәрбиеленушілері бүгінгі таңда нарық жағдайында кімнің жақсы кәсіби дайындығы бар, тілі жетік, еңбек өзгерісіне бейімделгіш, жұмыссыздық кезінде бәсекелестікке шыдай алатындар ғана жетістікке жете алатынын түсінгендері абзал. Сондықтанда тәрбиеленушілермен кәсіби бағдар беру жүмыстарын жүргізу қажет және тәрбиеленушілерді кәсіби түрғыда өзін-өзі анықтауға дайындау керек. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің психологиялық ерекшеліктері олардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау үрдісін қиындата түседі. Балалар үйі жасөспірім-тәрбиеленушілерінің кәсіби түрғыда өзін-өзі анықтаудағы қиыншылықтар олардың зияткерлік дамуының; таным үрдісінің яғни ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерініңтөмен деңгейіне; көңіл-күй сферасының жұпынылығын дұрыс бағаламауына байланысты. Отбасының не екенін білмейтіндерге кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау үрдісі қиындау.Сондықтанда көбінесе баланың өз-өзіне сенімсіздігіне әкеледі.Жасөспірімдерді кәсіби қызмет арқылы өмірде өз орындарын табуда салиқалы ізденіске дайындау маңызды. Бұл осы арқылы жасөспірімдердің өздерінің қажеттіліктерін сезіне алатындай әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне кіруге мүмкіндік тудырады.Мінез-құлықтарындағы ерекшеліктерді, қабілеттерін ескере отырып кәсіп таңдауда дұрыс таңдау жасау ересек өмірдегі жетістіктің кепілі. Кіші мектеп жасындағы тәрбиеленушілер үшін айқын қызығушылықтары және бейімдері жоқ болғандықтан тұрақты кәсіби таңдау жасаудың әлі негізі жоқ.Таңдаған қызығушылықтары жиі ауытқуы мүмкін.Балалармен жұмыста негізгі басымдылық олардың қызығушылықтарына, икемдері мен бейімдеріне бағытталғаны дұрыс. Балаларды кәсіп әлемімен ойын, экскурсия, әртүрлі кәсіп иелерімен кездесулер арқылы таныстыру қажет. Орта мектеп жасындағы тәрбиеленушілерде ерекше қабілеттерін анықтап дамыту қажет. Жеткіншекті өз қызығушылықтарын, икемділіктері мен бейімдерін кәсіби қызмет талаптарымен байланыстыруды үйреткен абзал. Жоғары мектеп жасында кәсіби таңдауда ізденіс, кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен және нарықтық қатынас, кадр бәсекелестігі жағдайындағы еңбекті ұйымдастыру формаларымен танысупайда болады. Бұл этапта бала психологиялық және физиологиялық ресурстарды ескере отырып болашақ қыметінің саласын таңдауда өзі үшін нақты түрде міндет қою алу керек.Дәл осы уақытта тәрбиеленуші өзі таңдаған мамандыққа қаншалықты дайын екендігіне түйсіну қажет. Жоғары мектеп жасындағы кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау үрдісінің нәтижесі болашақтағы мамандық таңдауы болып табылады. Тәрбиеленушілердің мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауы үшін олдардың қызметін арнайы ұйымдастыру қажет екенін ескерген жөн. Алға қойған мақсат пен алынған тақырыптың өзектілігінің сәйкестігіне қарай зерттеудің келесі міндеттері анықталды:1. Балалар үйі тәрбиеленушілеріне қатысты «кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау» түсінігін тиянақтау.2. Педагогикалық тәжірибеде пайда болған балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындығын қалыптастырудағы тәжірибені сараптау, балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындықтың қалыптасу ерекшеліктерін және факторін анықтау.3. Балалар үйі жағдайындағы жетім-балалардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындығын сәтті қалыптастыруына себепкер педагогикалық жағдайды анықтау.4. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындығының критерилері мен деңгейін айқындау.5.Балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындықтың қалыптасуының педагогикалық-ұйымдастыру моделін ойлап шығару және сынақтан өткізу.6. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындықтың қалыптасуының пайдалы бағытты курсты бағдарламасын дайындау.Төменде көрсетілген әдебиеттер зерттеу жұмысының әдістемелік-теориялық негізі болып табылды:
  • «Жастардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау концепциясы»
В.А. Поляков, С.Н. Чистякова, Т.Н. Шалавина және т.б.;
  • «Тұлғаны субьективті түрдедамытудың теориялы идеялары»
К.А. Абульханова-Славская, A.B. Петровский, C.JI. Рубинштейн және т.б.;
  • «Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауынадамның динамикалы үрдісі ретінде жеке дара қаралуы»Е.А. Климов, С. Фукуяма және т.б.;
  • «Кәсіби бағдар беру ғылыми-басқару үрдісі ретіндеП.А. Шавир және .т.б;
  • «Мамандық таңдаудың және жасөспірімнің тұлғалық өсуіне мүмкіндік берудіңпедагогикалық қосалқы концепциясы» П.С. Лернер, Л.М. Митина, A.B. Мудрик, Н.Ф. Родичев, C.Н. Чистякова және т.б.;
  • «Балалар үйі қызметінің ұстанымдары мен негізгі идеяларын анықтайтын, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың және балалардыңәлеуметтік тәрбие концепциясы» A.B. Мудрик, Г.В. Семья, Л.М. Шипицина және т.б..
Зерттеу жұмысының әдістемелері:
  • теоретиялық: зерттеу мәселелері бойынша ғылыми әдебиеттерге сараптама, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауүрдісінің құрастырылуы; эмпириялық: тәжірибе жұмыстары, анкета жүргізу, ауызша және жазбаша сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауғақалыптасу дайындығын анықтаудағы қызметтің пайдалы түрлеріне сараптама;
  • зертеудің нәтижелерін сұрыптаудағы математиклық әдістер.
Зерттеу жұмысы Семей қаласы «№8 отбасылық үлгідегі балалар үйі»КММ үш жыл барысында жүргізіеді.Зерттеу жұмысына балалар үйіндегі 14 жастан 17 жас аралағындағы 21 тәрбиеленуші қатысады.Зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы және кезеңдері (2015ж. -2018 ж.):
  • (2015-2016 ж.). Аналитикалық-ізденіс кезеңі.Зерттеу жұмыстары бойынша психолого-педагогикалық әдебиеттер оқылып сарапталынады.Зерттеу жұмысының тақырыбыжәне мақсаты мен міндеті анықталып гипотеза қалыптасады.Интернатты мекемелердегі тәрбиеленушілердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға дайындығына әсер ететін білім беру тәжірибесінің ерекшеліктері анықталып, факторлері айқындалады.Балалар үйі тәрбиеленушілердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға дайындығының моделі және тәжірибенің бағдарламасы дайындалады
  • (2016-2017 ж.). Қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде зерттеу жұмысының теориялық жағдайын анықтау мақсатында экспериментті-тәжірибе жұмысы жүргізіледі;балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға дайындығының моделі экспериментальді кеңістіктеенгізіледі, нәтижелер жүйеленіп сарапталынады. Алынған нәтижелердің сараптама негізіндебалалар үйі жағдайындағы жетім балалардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтаудайындығыныңқалыптасуына көмектесетінпедагогикалық жағдайдың жиынтығы анықталады.
  • (2016-2017 ж.). Қорытынды кезең. 3-ші кезеңде зерттеу жұмысының материалдары жүйеленіп таратылады, байлам тұжырымдалады,бағдарлама түрінде дайындалған алынған нәтижелер суреттеледі.


Бағдарламаның екінші кезеңі бойынша топта мынандай диагностикалық жұмыстар жүргізілді:
  • Кәсіби бағытты бағалаумен анықтауға арналған анкета.
(авторыТ.В. Косинец);2. Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға арналған сауалнама.(В.Б. Успенский, модифициялаған Т.В. Косинец);3. Лайықты-ау деген еңбегінің мақсатын анықтауға арналған сауалнама.(Ю.И. Киселев);4. «Кәсіп таңдау мотиві» әдістемесі (авторы Р.В. Овчарова, балалар үйі тәрбиеленушілеріне ыңғайланып модифицияланған Т.В. Косинец);5. «Балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауын бағалау» анкета (Т.В. Косинец, В.А. Перцева). Сонымен бірге тәрбиеленушілермен әңгімелесу жұмысын жүргіздім. Психологпен бірлесе отырып сауалнамалар жүргізілді. Өткізілген тәжірибе барысында менің басты мақсатым жетім балалардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға дайындық жағдайын анықтау.Зерттеудің диагностикалық аппараты балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұлғалық ерекшеліктеріне бейімделген әдістемелерден тұрады.Тәжірибе жұмысы барысының кезеңін қорытындылай келе мынандай байлам жасалды: тәрбиеленушілердің 22% -і ғана 9-шы сыныптан кейін не істейтіндерін бағдарлай алады, 68% сауалнамаға жауап бергендерге мектеп пәндері «ұнамайды», олардың ары қарай дамытуға қызығушылықтары жоқ. Қатысушылардың көп бөлігі өздерінің мамандық игерудегі икемдері мен бейімдерін анықтауда жауап беруге қиналды. Сонымен бірге сауалнама тәрбиеленушілердің көпшілігінің еңбек нарығында қажет мамандықтар жайлы мағлұматтарының төмен деңгейде екенін көрсетті(65%),көбі өздеріне ұнайтын мамандықты қайдан алу керек екенін білмейді. Сауалнамаға жауап берген 84% тәрбиеленушілер өздерінің кәсіби ниеттерін іске асыра алмайды.Олар бұл жауаптарына әртүрлі себептерді келтіреді, оның ішінде басты себептер: балалар үйі қабырғасынан тыс жерде білім алуға деген қорқыныш, «үй балаларымен» сиысу қиындығы, өмір сүруге қаражаттың жоқшылығы. Зерттеу үрдісі барысында көптеген тәрбиеленушілердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға кезеңінде дайындығы төмен (62%).Бұл оқу-кәсіби қызметін жалғауға деген енжарлықты, жаңа өмір жағдаяттарында өз беттерінше бағдарлай алуда және өз болашақ өмірлерін болжай алуда төмен дайындықты көрсеткен жетім балалар.Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтаудағы дайындықтағы орта деңгей 23% тәрбиеленушіде, жоғары деңгей 15%тәрбиеленушіде. Сонымен психолого-педагогикалық диагностика нәтижесі негізінде балалар үйі тәрбиеленушілерінің кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына дайындықтың қалыптасу үрдісін қиындататын бірнешеауқымды психолого-педагогикалық мәселелерді айқындауға болады: өзара қарым-қатынас мәселелері,тәрбиеленушілердің көпшілігінің еңбек нарығында қажет мамандықтар жайлы мағлұматтарының төмен деңгейі,көбі өздеріне ұнайтын мамандықты қайдан алу керек екенін білмеулері,өз іс-әрекеттерін жауап бере алмаулары, төмен мотивация.



























































«№8 отбасылық үлгідегі балалар үйі»ММ





Әдістемелік тақырып бойынша шығармашылық есеп

«Заманауи жағдайда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтендірілуі мен бейімделіуінің бір құралы ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы»







Дайындаған: №2,7тобының тәрбиешісі Ермухамбетова А.С.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!