Материалдар / заманауи педагогика және А.Байтұрсынов
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

заманауи педагогика және А.Байтұрсынов

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала заманауи педагогика мен Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеялары туралы айтылған. яғни қазіргі таңда біздің қолданып жүрген методикалар сол Ахмет Байтұрсыновтың тұсындағы қолданылған әдіс -тәсілдер екені айтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2018
2151
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Әр ғалым өз кезіндегі ғылыми жаңалықтарды, жетістіктерді толық меңгеру арқылы ғылыми тұрғыда қалыптасады. Осы ретте А.Байтұрсынұлының өз заманының әдістеме ілімін толық меңгеруі оның өз жүйесін жасауына негіз болған.А.С.ҚыдыршаевПедагогика бұл – адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас бір саласы болап табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихта жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.Біз заманауи педагогпыз деп өткенді жоққа шығаруға болмайды. Заманауи педагогика мен А. Байтұрсыновтың педагогикалық идеялары арасында тығыз байлас жатыр. Ахмет Байтұрсынов педагогика тұрғысынан қалай білім берген тиімді және дұрыс екені жайлы жазды. Міне бүгінгі таңдағы педагогтар да болашақ оқушыларға заманауи тұрғыда оқытудың тиімділігін іздеп, қарастырумен келеді. ХХ ғ. басындағы қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосқан азаматтардың бірі-  Ахмет Байтұрсынов ірі ғалым –лингвист , әдебиет   зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын, аудармашы, қазақ тіл  білімінің  іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсемсөзші, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұламасы. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми-теориялық негіздерін жасады. Ахмет Байтұрсынов педагогика садласына өшпес мұра қалдырды. Ағартушы, ғұлама, ғалымдарымыздың еңбектерінің арқасында білімді, сауатты, тәрбиелі ұрпақ өсіп өңді.Еліміздің келешекте үлкен бір жетістікке жетіп, бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болуына білім саласының орны бірінші екені анық. Сол білім жүйесін одан әрі берік ету әр педагогтардың міндеті. Бірақ тарихымызды білмей, өрге асқанымыз болмас. Ахмет Байтұрсыновтың  оқытудың білімдік – танымдық  жағымен бірге, тәлімгерлік жағына  да баса көңіл бөлді. Педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан зерттеушілеріміздің ой пікірлерін қазіргі таңда қолданып, тіпті жүзеге асырумен келеміз. А. Байтұрсынов қазақтан шыққан алғаш әліппиін құрушы, халық педагогикасын қағазға түсіріп, өзіндік идеяларын қалдырған ағартушы. А.Байтұрсынұлы әліппелерінің жалпы сипаттамасы мен әдістемелік негізі кітапта толық талданған. Ал ана тілі бойынша оқулықтарын талдау, сипаттау да ғылыми тұрғыда толыққанды теориялық негізде жазылған. Еңбекте, әсіресе, А.Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің ірге тасын қалаушы ретіндегі қызметі өте тиянақты, теориялық тұрғыда анық дәлелдемелер арқылы ғылыми негізде жазылған. Қазақ халқының ұлы данышпан азаматының мол ғылыми мұрасын халыққа жан-жақты толық таныстыру қазіргі ғалым азаматтардың зор міндеті.Педагогиканың ғылым ретінде мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты даму мәселесін ғылыми зерттеу және оның заңдылығын түсіну, ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық білім берудің жағдайы мен өзара байланысын  зерттеу, ақыл-ой, адамгершілік, дене, еңбек, эстетикалық, тәрбие мен политехникалық білім берудің жағдайы мен өзара байланысын  зерттеу, тәрбие-білім беру қызметінің теориясы  мен методикасын жасау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, топтастыру және  тәжірибеде қолдану, педагогтарды алдыңғы қатарлы тәрбие және оқыту әдістерімен қаруландыру.Қазақ халқы өзінің алдына жаңа міндеттерді бірінші орыс революциясы кезінде – ақ қойған болатын. Бұған дейіңгі кезеңдердегі ағартушылық-демократиялық дәстүр- үлгілер Ахмет Байтұрсыновтың еібек мұраларымен толыға, зорая түсті. Бұл ретте жас ұрпақтың адамгершілік сапасын арттыру, оған қатысты тәжірибе, өлшемдерді айқындау, әрі тәлім-тәрбие тақырыбы мен оқу жүйесін жетілдіру мақсатындағы әдістеме оқулық үлгілері кітап түрінде жарыққа шыға бастады. А.Байтұрсыновтың 1912 жылы «Оқу құралдары», 1915 жылы «Тіл құралдары», 1926 жылы «Әліп-би» мен «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми –танымдық мұралары шықты. Қазіргі кезде сол ағартушы ғалымдарымыздың салып кеткен дара жолымен, тастап кеткен мұраларын жалғастырып келеміз. Тек заман талабына сай сәл өзгертулермен қолданудамыз.Бірақ А.Байтурсынов халық педагогикасына ұлттық тәрбиеге аса мән берілсе, қазіргі таңда халық педагогикасы сәл ақсаңқырап тұр деуге болады. Білім саласындағы ғылыми зерттеулеріндегі еңбектерін әлі күнге дейін қолданыс табуда. Заманауи педагогика мен Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларының ұқсастығы неде ?- Педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.- Мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.- Сабақтар құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді .Заманауи педагогиканың ерекшелігі сабақтың мақсатына оқушылар жетеді, өздері бағалайды, егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімнің өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің! Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті қазіргі таңда педагогтарды заман талабына сай қайта оқытып жатыр.Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi -  үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында – «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі заманауи педагогиканың ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:1.А.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы»2.Қазақ тілі мен әдебиет журналы «Қазіргі кездегі педагогиканың ерекшелігі»3.Баймуканова М.Т. Электронный курс лекций «Жалпы және әлеуметтік педагогика». – Караганда, 2006







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!