Материалдар / Заманның заңғар жазушысы (эссе)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Заманның заңғар жазушысы (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазушы Әбіш Кекілбаевқа арналған эссе жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2019
3441
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


...Ол өзі де қазақтың маңдайына жазылған,

бағына туған нағыз баһадүр тұлға.

Әбіш Кекілбаев – адамзат пен

ғаламзаттың дара құбылысы,

нағыз феномен ҚАЗАҚ!

Ғалым Әріп


Халқымызда «Өнер алды – қызыл тіл» деген керемет сөз бар. Қандай өнер болмасын, ең алдымен сөзден, тілден басталатыны анық. Өйткені, сөз сүйектен өтеді. Әлем мойындаған сондай көркемсөз шебері, сөз атасы – Әбіш Кекілбайұлы. Әбіш туралы көп айтылды, айтыла да береді. Себебі ол – ашылғанынан ашылмаған қыры, айтылғанынан айтылмаған сыры көп жазушы, қоғам қайраткері. Ал осындай жанды қалай мақтасаң да маңдайға біткен сөнбес жұлдызымыз емес пе?

Қасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы. Бұл маңғаз өлке Маңғыстаудың сұлулығы мен кереметін ақындар жырмен, сазгерлері әнмен жеткізуде. Маңғыстау өлкесі күннен күнге жасарып, жаңарып келеді. Не себепті үш жүз алпыс екі әулиелі мекенді сөз етті дерсіз? Өйткені, заманымыздың заңғар тұлғасы, алып кемеңгер, ойшыл, дана, дара, осы бір ғажайып өлкенің қыры мен сырын ашушы, яғни өзгелерге туған өлкесін таныстырушы Әбіш Кекілбайұлы осы қасиетті өңірде дүниеге келген еді.

Ол – қазақ әдебиеті ұлы даналарының, әрісі әлем әдебиеті жазушыларының санатында тұрған кемел ойлы сөз шеберлерінің бірі. Қанатты қаламы Әбішті әдебиет әлемінің биік шыңына жеткізді. Әдебиеттегі ең алғашқы қадамын өлеңмен бастап, «Алтын шуақ», «Дүние ғапыл» кітаптарын жарыққа шығарды. Бірнеше тақырыпты кеңінен қозғай білген туындылары оқырманын өзіне баурап алары анық. Өзімізге етене таныс әңгімесі «Шыңырауды» алып қарайтын болсақ, халық тағдырын жан-жақты көретін боламыз. Сондай-ақ, кейіпкері Еңсеп арқылы оқырман бойына еңбекқорлықты ғана емес, өнерді сіңіріп, елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра аламыз. Сондай-ақ, «Ажар», «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі», «Ханша-дария», «Күй» атты әңгіме-повестері арқылы қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталғанын және тарихты жалықпай көп зерттегендігін байқап білеміз.

Әлем тарихындағы ұлы тұлғалар арасында қазақ тарихына да тікелей қатысы бар Шыңғыс пен Ақсақ Темір туралы жазушы шығармалары көп ой салады. Сансыз адамның қанын төккен ұлы әміршінің жан азабын «Аңыздың ақыры» романынан оқып білуге болады. Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған кезінде жазылған «Үркер» романы да қазақ тарихына қатысты құнды дерек көзі болып саналады. Сонымен қатар, «Абылай хан» драмасынан Әбекеңнің ақындық шабыты мен ішкі толғаныстарын, арман-мүддесін, халқымыздың тағдырын, ғасырлар бойғы мақсат-тілегін Абылай бейнесі арқылы бергендігін көреміз. Жазушының қаламынан өрілген туындыларды оқыған әрбір оқырман тарихи жайттар тұрғысында толғанбай қоймайды. Бұл айтылғандар Әбіш шығармаларының бірегейі болатын. Осындай шығармаларын оқи отырып, кейінгі ұрпақ өткен тарихымызға үңіле білуге, терең ойлай білуге , болашаққа қарауға тәрбиеленелі.

Біздің асты байлығымыз тіліміз, дініміз, адамгершілік асыл қасиетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз бен әдебиетіміз, өнеріміз бен мәдениетіміз болып табылады. Осы айтылғандардың бәрін танытуда Әбіш Кекілбаев қоғамдағы қызметімен ғана емес, қаламынан туған құнды еңбектерімен, кемел ойымен, көркем сөзімен әдебиет әлемінде ойып тұрып орын алады.

Әбіш – заманымыздың ең биік тұлғасы, үлкен әлемі. Өзі өмірден өтсе де, том-том туындылары кейігі ұрпаққа ұлы мұра болып қалмақ. Әбіш әлемі тұрғысында айтып тауыса алмасымыз анық. Ұлтын сүйер ұлы тұлғаның қайталанбайтын туындыларын кейінгі ұрпақ насихаттап жүрсе екен деймін. Қазақ әдебиетінің Әбіштей шоқ жұлдыздары, біртуар ұлдары, таланттары көп болсын, рухымыз асқақ болсын!




«Күйкен орта мектебі» КММ










Заманның заңғар тұлғасы



Д айындаған: Кличканова Жібек

9-сынып оқушысы


















Бейнеу, 2019 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!