Материалдар / Зат есімнің тәуелденуі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зат есімнің тәуелденуі

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріме көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
338
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: «А.Байтұрсынов атындғы орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Сағимолла Гүлсара

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Зат есімнің тәуелденуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Мен қандай адаммын ?

Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол бойынша қорытынды жүргізіледі .

«Қарбыздар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған қарбыздарды алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Бастауышын тап» ойын-жаттығудың шарты: мұғалім «соғылды, тұсалды, семірді, күлімсіреді, келді» сөздерін айтады, ал оқушылар қимыл, іс- әрекет иесі – бастауышты табады. Мысалы: Қайрат келді.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау






Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Мәтінді оқу. Мәтіндердің түрін анықтау. Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. 52-жаттығу. Текемет туралы мәтіндерді оқып, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Текемет қай мәтінде нақты, қай мәтінде бейнелі сипатталғанын анықтап, дәлелдейді. Мәтіннің жанрын анықтайды.

(Ө; Ұ) «Автор орындығы» стратегиясы бойынша жасаған ой қорытуларын топта жариялайды.

(Ө; Ұ; Қ) Жұмысты бағалау.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Бағдаршам» әдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.

Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады.

Жұмысты тыңдап, бағдаршам түстеріне сәйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.

«Жасыл» түс – ойын толық жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.

«Қызыл» түс – ойын жеткізді. Тақырыптың мазмұны ашылды.

«Сары» түс – мазмұны толық ашылмаған. Тақырыптан ауытқыған.

3.4.2.2 (МК; Ө; Ж; Қ) Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

53-жаттығу. Берілген сөздерді оқиды. Түбір

сөздерді тәуелденген сөздермен салыстырады.Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріске ұшырағанын айтады. Бұл сөздердің емлесін сақтап айтуларына назар аудартылады. Берілген тәуелдеулі сөздермен сөйлем құрастырып айтады.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Өз тұжырымдарын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, талдайды.


Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


3.3.4.1 (МК; Ө) Суреттің және тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу. Тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сызу.

55-жаттығу. Тапсырма топтық жұмыс түрінде орындалады. Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті әңгімеле» стартегиясы қолданылады.

Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Суреттің және тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазады. Құрастырған мәтіндерінен тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сызады.


(Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялап оқу. Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты орындау және оны қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді және қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:

тапсырманы орындау барысында тақырыптан ауытқымау;

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.


(МК; Ұ; Қ) Өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-

бірінің жұмысын бағалайды.

Дескриптор:

Тілдік нормаларды сақтап сөйлеп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтап, салыстыра алады.

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

(Ө; Ж; Қ) Сызба арқылы жасырынған мақалды оқу. Мағынасын талдау.

Сызба арқылы Әлидің Мерейге жолдаған хабарламасын оқиды. Шешуі: Өнерлінің өрісі кең.

Парталас досына мақалдың мазмұнын қалай түсінетінін айтып береді.

2.1.3.1 (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс








Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім





Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!