Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Зерделеу жұмысы.Б.Сүлейменовтың "Дос-көгершін" әңгімесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
7
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
Б.Майлин атындағы №21 жалпы орта мектебі
Тақырыбы: БЕЙСЕНБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ «ДОС-КӨГЕРШІН» ӘҢГІМЕСІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Авторы: Халық Айшабибі, 4-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Азбергенова Жадыра бастауыш сынып мұғалімі
2021-2022 оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе..............................................................................................1
1.1 Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының қысқаша өмірбаяны
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы әңгімелерінің негізгі тақырыбы...........................................
2.2 «Дос-көгершін» әңгімесіндегі тәрбиелік мәні.................................
2.3 Достық,адамгершілік туралы ұғым...................................................
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
АҢДАТПА
Бұл шағын зерделеу жобада жерлес атамыз, мақтанышымыз жазушы Бейсенбай Сүлейменовтың шығармашылығы жайлы деректерге шолу жасалған. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, публицист, жазушы, қоғам қайраткері Бейсенбай Сүлейменовтың еңбегіне бүгінгі заман тұрғысынан баға беріліп, әңгімелерінің тәрбиелік мәні, адам бойындағы асыл қасиеттер, оқырманға берер үлкен тәлім – тәрбие екендігі жайлы кеңінен түсінік берілген.
АННОТАЦИЯ
В этой небольшой научно – исследовательской работе даны сведения о творчестве лауреата премии Президента РК, публицисте,общественном деателе и гордости нашего народа Бейсенбае Сулейменове. Его рассказы рассмотрены и оценены с современной точки зрения и определё их воспитательный смысл, который даёт и помогает читателям воспитывать в себе благородные качества и об этих качествах дано широкое объеснение.
АNNOTATION
This small study project provides an overview of the work of the writer Suleimenov, who is proug to be called a compatriot.
The work of Suleimenov, a publicist, writer and public figure, winner of the Prize of the President of the Republic of Kazakhstan, was evaluated from a modern point of view. There is a wide understanding of the educational value of the stories, the noble qualities of man, the fact they give a great educarion to the reader.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерделеу жоба төменде көрсетілген міндеттер бойынша жұмыс жасауды мақсат етеді:
-
Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының өмірбаяны туралы деректерді жинақтау;
-
Шығармаларын, әңгімелерін оқу арқылы тақырып төңірегіндегі мәліметтерді топтастырып, балалардың тұлғалық болмысының жан-жақты ашылуына ықпал жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-
Бейсенбай Сүлейменовтың әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу;
-
«Дос-көгершін» әңгімесіндегі адамгершілік қасиеттерді адам бойына дарыту;
-
Бейсенбай Сүлейменовтың шығармаларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау;
Махаббат, достық, бауырмалдық-адамның
ең бір асыл қасиеттері.
(Ғабит Мүсірепов)
Кіріспе
Жазушы Бейсенбай Сүлейменов – Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, публицист, жазушы, қоғам қайраткері.
Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов 1951 жылы 27 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Жетісай ауданындағы Ш. Ділдәбеков атындағы совхозда туған.
1973 жылы ҚазГУ – дің журналистика факультетін бітірген.
1976 – 1989 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде тілшіліктен бас редакторға дейінгі жолдан өтті.
1990 – 1995 жылдары «Газет» баспасының, 1995 – 1999 жылдары «Әл –Фараби» баспасының, 1999 – 2005 жылдары «Құс жолы» баспасының директоры қызметтерін атқарды.
Қазір «Әдебиет әлемі» баспасын басқарады.
Жазушы қаламынан туған шығармалар «Кечуа тайпасының үндістері» (1985), «Қуанышты күн» (1989), «Бес ғасыр атылмаған садақ» (1992), «Жолдасбек Сүлейменов» (1998) деген атпен кітап болып баспадан шықты.
Негізгі бөлім:
2.1. Жалпы әңгімелерінің негізгі тақырыбы
Жазушы Бейсенбай Сүлейменовтың жалпы әңгімелерінің негізгі тақырыбы: балалар тәрбиесіне, оқуына, дем алуына, еліміздің нағыз азаматы болып өсуіне, табиғатты сүюге, жан – жануарларға қамқорлық жасауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Жазушы Бейсенбай Сүлейменов:
-
Балалардың арман – тілегіне, жанайқайын түсінуге, талпынған қамқорлық деп білемін. Мен өзімді балалар аманатын арқалап жүрген мыңдаған ата –ананың, жүздеген шығармашылық өкілдерінің бірімін деп есептеймін.
Өмірді сүю – балаларға қамқорлық жасаудан басталуы керек! Еш уақытта, қандай қиын заман болса да бала тәрбиесін ұмытпайық. Босаңсу – болашақ ұрпақтан айырылу – деп бар шығармашылығын бала тәрбиесіне арнап, кітаптар жазды.
2.2. «Дос-көгершін» әңгімесінің тәрбиелік мәні .
Бейсенбай Сүлейменовтың шығармалары тұнып тұрған үлкен тәлім -тәрбие. Соның ішінде «Дос-көгершін» әңгімесінде автор адам бойындағы асыл қасиеттерді, құстарға деген жанашырлықты, мейірімділікті, достықты шеберлікпен жаза білген.
Әңгімеде Гүлімнің бойындағы досқа деген махаббаты, қадір – қасиеті, мейірімділігі баяндалады.
Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым – қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.
Әңгімедегі Гүлім қыздың құстарға деген жанашырлығы, мейірімділігі, сағынышы бейнеленгенін төмендегі үзіндіден байқауға болады.
Гүлім терезеден сыртқа телміре қарайды.
«Қарындары ашып, ұшып келуге шамалары келмей жатқан шығар», – деді өзіне – өзі басу айтып. «Өліп қалмаса жарар еді», – деді артынша. Жабайы құс болғанымен бейбіт құс қой. Өздерін сағынып қалыпты. Осы ауладағы нағыз досы солар. Дос – көгершіндер. Әттең, сөйлей алмайды дегенің болмаса, айтқаныңның бәрін, бәрін түсінеді. Жо – жоқ, сөйлеседі. «Қыт – қыттағанының» өзі әңгімелескені. Ал, ол сөздердің бәрін Гүлім жаттап алған, түсіне қояды.
Гүлімнің мейірімділігі өзінің дос балапан көгершініне деген қамқорлығын, ол үшін уайымдап ұйықтай алмағаны, түстерінде балапан көгершінінің қиналып жүргенін көруі адамгершілік құндылығы керемет әсерлі дәріптелгені мына көріністен айқындалады:
Балапан ПВА желімін абайсызда қағып кеткені сол еді, ішінен аппақ желім қаймақтай төгіліп қалғаны. Ашқарақ балапан шұқылап, іше бастады.
-
Кел, сүртейін дегені сол еді, балапан көгершін үркіп, ұшып кетті. Бишара құс сол кеткеннен мол кетті. Бір күн өтті, жоқ. Екі, үш күн өтті, көрінбейді. Гүлім жаны ашып, уайымдаумен жүрді. Көзі іліне кетсе, түсінде көретіні сол көгершін.
-
Балапанның тұмсығы аппақ, асты-үстіне жабысып қалған. Қарны аш, әбден шөлдеген. Сол көрініс көз алдына келген сайын, отыра қалып жылайды. «Сурет салып, желімдеп нем бар еді», – деп өзін – өзі кінәлайды.
Автор Гүлім бойындағы жанашырлық, мейрімділік қасиеттерін анық, айқын көрсетеді.
Бейсенбай Сүлейменов бұл әңгімесі арқылы оқырманға үлкен ой сала отырып, өсіп келе жатқан бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу керектігін көрсете білген.
2.3 Достық, адамгершілік туралы ұғым
Достық – адам бойындағы адал қасиеттің бірі. Адам бойындағы ізгі қасиеттер –адамгершілік қағидалары, әлемнің татулығы бәрі де достықтан бастау алады. Достықтың кілті – адалдық, мейірімділік, бауырмалдық.
Достармен ең қызықты өмірді бастан кешіресің. Достықты жырламаған ақын жоқ, соның бірі – ұлы Абай. Ол достық қадірін былай жеткізеді: Жүрегі жұмсақ білген құл, Шын дос таппай тыншымас. Пайда, мақтан – бәрі тұл, Доссыз ауыз тұшымас. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов т.б. ақындардың достық туралы шабытты өлең –жырлары көп. Олар өз өлеңдерінде достықты бағалауға, қастерлеуге, досқа адал болуға шақырады
ІІІ. Қорытынды
Жалпы Бейсенбай Сүлейменов шығармаларынан үлкен тәлім-тәрбие алуға болады. Адамгершілік қасиеттерге аса мән беріп,оны үлгі ретінде келешек ұрпаққа жеткізе білген.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.
ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер
Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов - Уикипедия
https://kk.wikipedia.org › wiki
bejsenbaj-sulejmenovtin-balalar-alemi-18157
https://anatili.kazgazeta.kz/news/7559
7