Материалдар / Зерттеу жұмысы Құс атаулары жайында тұрақты сөз тіркестері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зерттеу жұмысы Құс атаулары жайында тұрақты сөз тіркестері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болумен қатар, ол – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмірінің айнасы. Тіл әлемі қандай күрделі болса, оның ең бір айшықты, тұла бойы сыр тұнған бөлігі фразеологизмдері десек, фразеологизмдердің бір тобы - тұрақты теңеулер дүниесі, фразеологиялық теңеулер. Теңеу әдісі таным мен қарым – қатынаста маңызды рөл атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2019
934
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚҰС АТАУЛАРЫ ЖАЙЫНДА ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ


Юлдашева Г.Б. – Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы



Кілт сөздер: Құс атаулары, түркі тілдері, тұрақты сөз тіркестері



Тіл – адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы болумен қатар, ол – қоғам мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмірінің айнасы. Тіл әлемі қандай күрделі болса, оның ең бір айшықты, тұла бойы сыр тұнған бөлігі фразеологизмдері десек, фразеологизмдердің бір тобы - тұрақты теңеулер дүниесі, фразеологиялық теңеулер. Теңеу әдісі таным мен қарым – қатынаста маңызды рөл атқарады. Теңеу – лингвистикалық категория және тілдік фразеологиялық құрамының ерекше түрі ретінде түрлі тілдік материалдар негізінде ғалымдар тарапынан зерттелген.[1.511б]

Түркі тілдеріндегі фразелогизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған.Солардың бірі- құс атауларына қатысты фразеологизмдер.Көптеген түркі (мысалы: саха, төлеу, алтай, түркімен, өзбек) халықтарының тотемдерінің бірі бүркіт болған.Кейбір тайпалар өздерінің арғы тектерін бүркіттен шыққан деп есептеп, оны өздерінің қолдаушысы деп түсінді.Сібір халықтарында да бүркіт күннің әміршісі мен табиғаттың жаңартушысы, қырғыз, қазақтарда жаңа туған сәбилердің жебеушісі, бақытсыздықтан қорғаушысы саналған.Сондықтан жас балалардың киіміне көз тимеу үшін оның тырнағын қадап қоятын болған.Түркі фразелогиясында бірқатар фразелогизмдер қанат, құс атауына қатысты жасалған.Мысалы, қырғыз, қазақ тілдерінде қанаттыға қақтырмау, тұмсықтыға шоқыттырмау, қанат жаю тіркестері ортақ қолданылады.Ұчарына қанат, конорына куйрук болуу( арқа сүйер тірек болу), ала қанат (тұрақсыз, жеңілтек болу) мағынасында қырғыз ілінде жиі қолданылады.

Бірқатар фразеологизмдер жалпы құс сөзімен байланысты жасалған.Ол фразеологизмдердің көпшілігі кішкентай, мардымсыз, аз деген ұғымда жұмсалады. Мысалы, қырғыз, қазақ тілінде құс ұйқы, құс ұшырмау тіркестері ортақ қолданылады.

Түркі тілдері ішінде татар тілінде де құс атауына қатысты фразеологизмдер көп кездесетінін байқадық.Дала құстарына қатысты фразелогизмдердің ішінде татар тілінде сандуғаш құсының көп қолданылатыны аңғарылады:аның сандугачы сайрый « жұмысы жақсы жүріп жатыр» деген мағынада; сандугач йоқысы қазақ тілінде «құс ұйқы» деген тіркеспен сай келеді.Құс атауы бар фразеологизмдердің жасалуы көбіне сол құстың жағымды не жағымсыз қасиетін екінші бір затқа балаудан немесе көлеміне, түсіне байланысты болып келеді.Сондай құстың бірі- шымшық.Ол көлемі жағынан кішкене құс.Сондықтан болар осы құсқа байланысты жасалған фразеологизмдердің көбі көлеміне қатысты жасалған.Татар тілінде кішкентай ғана деген мағынада чыпчык оясы, чыпчык чукырлык, ақылы аз, ақымақ деген мағынада чыпчык баш, чыпчык тезеннән секілді фразеологизмдер қолданылады.Сонымен қатар «түкке тұрғысыз» деген мағынада чыпчык чупләп бетермәс фразелогизмі қолданылады. Түркі фразелогиясында бірқатар фразелогизмдер қанат, құс атауына қатысты жасалған.Мысалы, қырғыз, қазақ тілдерінде қанаттыға қақтырмау, тұмсықтыға шоқыттырмау, қанат жаю тіркестері ортақ қолданылады.Ұчарына қанат, конорына куйрук болуу( арқа сүйер тірек болу), ала қанат (тұрақсыз, жеңілтек болу) мағынасында қырғыз ілінде жиі қолданылады. Қырандар арасындағы ерекше құстың бірі – бүркіт. Бұл құсты бойына дарытқан ерекшеліктерді адамның бойындағы қасиеттерімен салыстырылып ерекше сипат береді. Тілдік қолданыста дала бүркітіндей қырағы, қасқырға түсетін бүркіттей, қаршығадай алғыр кескінді, қаршығадай лып ету, бүркіттей шеңгелін жазу, қырандай шарықтау т.б. тілдік бірліктер адамның түр – тұлғасына, күші мен жігері т.б. сипатталғанда қолданылатын теңеулер.

Ауға түскен бүркіттей аласұру – қолға түскен асау бүркіт сипаты өзінің табиғи қорғану дағдысымен алғашқы сәтте шошынып, абыржып, аласұрып, қорқып, секем алып, әрбір сәт сайын өзіне төнген қауіп – қатерге қарсылық көрсетіп, өзін арашалауға дайын тұруы. Қазақта бүркіт – еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі ретінде танылады.Қолға түскен сәтте бүркіт қанатымен жер сабалап, долбырлайды, тулайды, жер бауырлап жатып алады.Қашан өзі шаршап шалдығып, сілесі қатып, діңкесі құрығасын барып тыныш отырып тыныстауға мәжбүр болады. Мысалы, Жастық көңілі ауға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл – ойға ырық бермеді (Ғ.Мүсірепов ).

Тояттаған бүркіттей. Бұл тіркес адамға қаратып айтылғанда «әбден тойғанынша жан- жағына шашып – төгіп жеп, жан баласына бермей, өзі тойса да, көзі тоймайды немесе жегені алдында, жемегені артында» дегенге саяды. Мысалы, Ойынды еті бөп- бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті.(Абай). Құстың «тояттануы» жөнінде Ж.Бабалықұлы былайша түсіндіреді: «Түз қырандары өзі басып алған аңын алаңсыз отырып аузынан қалағанынша жеп, жемсауын лықита толтырса немесе қолда отырған бүркіт алдына тасталған жемді әбден тойғанынша жеп, лиқия тойғаннан кейін өз еркімен тұғырға барып қонса, осы сәтте жерде жемтік қалса, мұны қазақ құсбегілері аузынан шыққанынша жеп «тояттау» деп атайды.

Алдырған томағасын ақ сұңқардай Айман қыз отыр ма екен аппақ болып (Батырлар жыры); Томағасын жұлып алған бүркіттей қазірет басын көтеріп алды ( С.Сейфуллин).т.б. тілдік деректердегі томаға – қыран құсқа басына көзін бастыра кигізіп қоятын былғарыдан жасалған тұмылдырық. Бұл құсқа сәндәі үшін кигізілмейді.Құстың дұрыс үйретіліп, баптап – баулау үшін адамға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін, сонымен бірге томағаланатын құстың бір бір қаупі – жақындағанды шап беру қаупінен сақтану үшін томағалайды. Құсқа арналып тігілген томаға құстың басын қыспайтын, қажамайтын, көз жанарын баспай, құстың басынан түсіп қалмайтындай етіп жасалады. Қалай болса солай, олпы- солпы тігілген томаға құстың басын қажап, шаршатады. Сол томағаны шешуге асығады. Томағаны құстың басынан тек аңға жібергенде және жемдеген сәтте шешеді. Оны құстың тыныштығы үшін кигізеді. Томаға киген құс момақан күйге түседі.

Ә.Нұрмағамбетов «томаға» сөзінің зерттелуін былайша түсіндіреді. М.Қашқари сөздігінде томлығ дыбыс құрамындағы тұлғаның бірінің мағынасы – «суық, салқын» болса, туынды, ауыспалы мағынасы – «көңілсіздік, қаталдық». Қазіргі туваларда да осындай мағынаны «дүмбей» сөзі береді. Құмықтарда мағына ауысуы алшақтай түсіп, томақ тұлғасы – «топас», татарларда томай –« жан – жағы бітеу»іспеттес түсінікке нұсқайтын болған. Осылардың қай- қайсысы да тұңғыш түбірі- том, мағынасы – суық.

Аш қалған қаршығадай - «ашкөз, қомағай, тамақ көрсе тұра ұмтылатын адамға» қаратып айтылған тіркес. Мысалы, Нияз аш қалған қаршығадай қабағын түйіп алды.(С.Сейфуллин).

Қаздай байпаңдап жүру/ Балалы қаздай байпаңдау// Қаздай майпаңдау – «мамырлай басқан қаздың жүрісі сияқты, асықпай аяғын сүйрете басып, жан – жағына барлай қарап жүретін адамдарға» тән жүрістің бірі. Мысалы, Балалы қаздай байпаңдап, Танадай көзі жайтаңдап ( Батырлар жыры);

Қызыл көрген қаршығадай / Қызылшыл қырандай – тұрақты теңеу тіркестері ашкөздікті, қомағайлықты меңзейді. Себебі, құс жемі ретінде айтылып отырған қызыл – қаны, сөлі сорғымаған не сорғыса да жансыз денеде қаны ұйып, сол қанның өңімен қызыл түсті болып көрінетін бір кесек қызыл ет құсбегілер тілінде « қызыл» деп аталады. «Құстың, аңның, малдың бір бөлшек еті,. Қай қыран болса да құлқынның құлы, олардың табиғи тамақтану дағдысы өз тамағын аяғымен басып тұрып, жұлып жеуге бейім. Ал олардың осы табиғи дағдысын пайдаланған құсбегілер құсқа көп уақыт қолдан тамақ беріп, қолға шақырып, қолдағы қызылды аяғымен бастырып тұрып жұлдыру әдісі арқылы құсты өзіне етене жақындатады. Осылай әдеттендірілген құстың қашан да жарылқаушысы қолында қызылы бар, құсбегі болады да, қолға шақырылған заматта құсбегінің қолына қонуды жаңылмай қайталайды. Құсбегілер құс шақыратын осы шырғаны «шақыру жем, қызыл, қызылға шақыру» деп атайды. Қыран мен құсбегінің арасындағы байланыста бір жапырақ қызыл еттің алар орны тым ерекше. Мысалы, Сұлу ұрғашы көрсе, қызыл көрген қаршығадай мойны қылқылдай қалатын (С.Мұқанов).

Қызғыштай қору – Осындағы «қызғыш құс» қолданысын Қ.Өмірәлиев белгілі бір тарихи- халықтық танымнан алынған символ ретінде түсіндіреді. Қазақ халқында қызғыш туралы дәстүрлі түсінік бар. Ондай қызғыш құс «көл қорықшысы» деген түсінікті білдіреді. Махамбет қызғыш құстың ел түсінігіндегі осы «қасиетін» ескеріп барып теңеуге алған. Бала мен есіл ерді қызғышқа теңеп отыр. Исатайдың халыққа, жұртқа, қамқоршы болуын, ел қорғаны болуын, жанашырлығын ескеріп отыр. Мысалы, Аттың қасынан шықпай, қызғыштай қорыған өткір бала көзі жайнап, шаңқ – шаңқ етеді.( С.Жүнісов).

Қырғидай тию – «Астан кестенін шығарып, талқандады, бүлдірді» деген мағына да жұмсалады. Қырғи- өте өткір де батыл, өжет қыран. Ойнақы, өте қытымыр, құйтұрқы, адамға етене жақын келмей, ылғи да жабайылық мінез сақтағысы келеді. Шама – шарқына қарамай қағып, ұйтқып, өрекпіп, өзгеріп, құйқылжып, бірде дос, бірде жау бола қалғыш. Болымсыз нәрседен райы бұзылып, аяқ астынан қырбай бола салатын мінезі бар. Қазақ халқының «қырғи қылтың, қырғи қырбаң, қырғи қабақ» дейтін сөздерінің шығуы да қырғидың аумалы- төкпелі мінезіне байланысты. Кейде осы сөз жоқтан өзгені сылтауратып, ауыға қалатын адамдардың мінез – құлықтарын ұқтыру үшін де айтылады. Мысалы, Қырғидай бір шетінен біз тиген соң, Торыған жауың тозар ырың – жырың.

Үкідей ұшу/ Үкідей көзі жарқырау// үкідей желкілдеу// үкідей бұлғаңдау – тұрақты тіркестерінің уәжі ретінде Қ.Ғабитханұлы былай дейді: « Үкінің үлпілдеген қауырсын, құмрық жүнін қазақтар адамға көрік беретін, жағымды әсер ететін сәнді зат ретінде де, тіл – көзден сақтайтын ырымдық зат ретінде де күні бүгінге пайдланып келеді. Үкінің қараңғы түнде көретін көзінің жітілігі, дыбыс шығармай ұшатын сақтығы, көп жасау т.б. өзге құстарда жоқ ерекшеліктері оны қасиетті, киелі құс деп санауға себеп болған». Мысалы, Сатан өкпесін аузына тістегендей олардың артынан үкідей ұшты.( І.Жансүгіров).

Бұл тәрізді теңеулерді теориялық тұрғыдан алғанда кез – келген атау сөзден жасауға болатынын ескерсек, оның ең қарапайым «бұлбұлдай сайрады» сияқты түрінен бастап, «қанды көз қыран құстай» тәрізді күрделі түріне дейінгі дүниеге келген теңеу конструкцияларының түрлері өте көп.[2. 76б]

Құстардың қилы әрекеттері адамзат бойынан табылатын неше түрлі қасиеттерді бейнелеу үшін теңеуге образ ретінде жиі қолданылады. Сол сияқты құстың көзінің өткірлігі өңменіңнен өтеді деген де түсінік бар. Мысалы, жанарынан от шашқан қара көз, қанды көз, құмды көздер сыншылар назарынан тыс қалмағандықтан қанды көз қыран құстай, қыранша көз тастау, сұңқардай көзі сүзілу, аш бүркіттей көз қадау, ителгідей сүзілу т.б. теңеулерді де кездестіреміз.

Міне, көріп отырғанымыздай, тіліміздің көркемсөз тәсілдеріне айналған салыстырма – теңеу модельдері іштей даму нәтижесінде түрленіп, толассыз толығып, қат – қабат сөз қорының бір құнарлы саласына айналып отыр.









Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қоңыров Т. Қазақ теңеулері – Алматы: Алаш, 2005 – 511б

2. Э.Ә.Өтебаева Құстарға қатысты тұрақты теңеулердің этномәдени сипаты «Тілтаным» журналы. 2013.№4

3. Қ.Қалыбаева « Түркі тілдеріндегі құс атауларына қатысты фразеологизмдер» Қазақ тілі мен әдебиеті 12.2008

4.Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977. -712б

5.Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы:филол.ғыл.докт. ... дис.: 10.02.02. – Алматы,1997.- 282б.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!