Материалдар / Ас тұзының құпиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ас тұзының құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ас тұзының пайда болуы , адам денсаулығына тигізетін әсері және тұздың басқа да қасиеттерін зерттеу.
Авторы:
04 Мамыр 2024
54
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
АС ТҰЗЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ Автор: Онболсын Диас Жетекшісі: Қуатбай Айнұр Мұратқызы

1 слайд
АС ТҰЗЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ Автор: Онболсын Диас Жетекшісі: Қуатбай Айнұр Мұратқызы

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Тұздың шығу тарихы Тұз сипаттамасы және алынуы ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ Тұзға байланыста қазақ салтынд

2 слайд
  МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ Тұздың шығу тарихы Тұз сипаттамасы және алынуы ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ Тұзға байланыста қазақ салтындағы ырым-тиым нанымдар, мақал- мәтелдер ПРАКТИКА-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ Тұздың адам денсаулығына зияны Тұздың адам денсаулығына медициналық тұрғыда пайдасы ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі: Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры

3 слайд
Тақырыптың өзектілігі: Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады. Ал мен тұздың басқа да қасиеттерін зерттедім. Ас тұзының алуан түрлі сырқатқа қарсы шипалық қасиетін тиімді пайдалану және насихаттау бұлзерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді. Зерттеу жұмысының мақсаты: Ас тұзының пайда болуы , адам денсаулығына тигізетін әсері және тұздың басқа да қасиеттерін зерттеу. Міндеттері: 1. Тұздың пайда болу тарихын зерттеу 2. Тұздың тіршілік және адам ағзасы үшін маңызын анықтау 3. Қазақстан тұзды қайдан алады? 4. Тұздың әртүрлі заттарға (өсімдіктерге, суға, теріге, ұлпаларға, шикі етке) әсерін бақылау. Зерттеу объектісі: Тұз.

I. КІРІСПЕ Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарл

4 слайд
                    I. КІРІСПЕ Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес?

II. НЕГIЗГI БӨЛIМ Тұздың шығу тарихы Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропа

5 слайд
II. НЕГIЗГI БӨЛIМ Тұздың шығу тарихы Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын, Таяу Шығыста одан көп ерте - 8000 жыл шамасында басталса керек. Ежелгі дәуірде әр ел тұзды әр түрлі әдіспен өндірген. Мысалы, теңізге бөренені батырып, артынан суырып алып күнге қақтайтын. Сонан соң бөрененің үстінен тұздың «қаспағын» жонып алып асқа қосатын.

Тұз- бұл минерал, хлор және натрия деген химиялық элементтердің қоспасынан тұрады. Табиғатта ол ақ немесе сұр түсті кристалл б

6 слайд
Тұз- бұл минерал, хлор және натрия деген химиялық элементтердің қоспасынан тұрады. Табиғатта ол ақ немесе сұр түсті кристалл болып кездеседі. Тұз - деген дәмдеуіш. Оны тамаққа аздаған мөлшерде қосады. Тұз да адамға су сияқты қажет зат. Адам жылына 5 -тен 10 кг дейін тұз жейді. Әлемде жылына 100 миллион тонна тұз өндіреді, бірақ оның 6 проценті ғана тамаққа кетеді. Негізінде тұзды металл, сабын, сонымен қатар бұлғары, тері өндіргенде пайдаланады. Тұз - еттерді,балықтарды, көкөністерді ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізеді. 2 .2. Тұз сипаттамасы және алынуы

Тұзды қайдан аламыз? Бұрынғы заманда адамдар тұзды көлдің жағасында тұрып, тұз кесектерін күрекпен, темір ойғышпен ойып алған.

7 слайд
Тұзды қайдан аламыз? Бұрынғы заманда адамдар тұзды көлдің жағасында тұрып, тұз кесектерін күрекпен, темір ойғышпен ойып алған. Ал қазіргі заманда жеріміз тұзға бай және көптеген жылдарға жетеді. Теңіздер мен мұхиттар, көлдерде де тұзға өте бай. Тұзды шахталардан алады.

III. ЗЕРТТЕУ БӨЛ I М I Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар, мақал- мәтелдер Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі

8 слайд
  III. ЗЕРТТЕУ БӨЛ I М I Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар, мақал- мәтелдер Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай- ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар. 40 күн толғанша сәбиді бір күн сабынды, бір күн тұзды сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылған бала, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді екен. Алайда оларды салу мақсаты әр түрлi. Мысалы: қазақтар тұзды терiсi пiссiн деп салса, өзбектер маса, шыбыннан қорғау, денесi бөртпеу үшiн салады.

Мақал – мәтелдер 1.Ас тұзбен дәмді, Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді. 2.Түйе «тұз» деп қартаяды, Бойдақ «қыз»

9 слайд
  Мақал – мәтелдер 1.Ас тұзбен дәмді, Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді. 2.Түйе «тұз» деп қартаяды, Бойдақ «қыз» деп қартаяды. 3.Астың дәмі – тұз, Тұзды уыстап жемес. 4.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ. 5.Ет сасыса тұз себер, Тұз сасыса не себер? 6.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, Май түспес қара суды піскенменен. 7.Тұз-астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің сәнін келтіреді. 8.Ас бұзылса – тұз түзейді, Байұлы бұзылса – беріш түзейді. 9.Астың дәмін келтірген тұз әулие Елдің сәнін келтірген қыз әулие. 10.Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең. 11.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? 12.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам. Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек.  

ПРАКТИКА-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ Тұз қан тамырларына жарты сағаттың ішінде орасан нұқсан келтіреді. Тамаққа көп қосылған тұздың ағ

10 слайд
ПРАКТИКА-ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ Тұз қан тамырларына жарты сағаттың ішінде орасан нұқсан келтіреді. Тамаққа көп қосылған тұздың ағзаға қалай әсер ететінін арнайы тәжірибе барысында анықтадым .  Тәжірибеге әкем, анам, әпкем, мен төртеуміз қатыстық. әрқайсымыздың жеген тағамымызға 4 г тұз қосылды. Бұдан соң 0,3 г тұзы бар тағам жедік. Сынақтың алдында әрбіреуіміздің иық артериямыздағы қан тамырларының соғысы өлшенді. Зерттеу барысында қан айналымымыз айтарлықтай тежелгені байқалды. Тұз 30 минуттан соң-ақ ағзаға әсер ете бастап, қан жүгірісін шамамен бір сағат бойына тоқтатқан. 4 г тұз –адамның жалпы рационына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне тең. Соған қарамастан, тұзды көп қолдану адамды оқыс өлімге итермелеуі ықтимал. Сынақтың қорытындысы пайымдасақ, адамның қан тамырларын қатайтқан нәрсе тұз болуы мүмкін. фото фото

Тұздың пайдалы әсері Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі: ·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды

11 слайд
Тұздың пайдалы әсері Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі: ·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек. ·Баспаны жазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек. ·Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады. ·Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы сумен шаю керек. ·Тіс ауырған кезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады. ·Мұрын қабынуға және гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.  

·Маса шаққанға: аз мөлшердегітұздыөсімдікмайына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез ай

12 слайд
·Маса шаққанға: аз мөлшердегітұздыөсімдікмайына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез айығады. ·Шаян, көзілдірікті жылан шаққанда да осы емді қолданса уытын қайтарады. ·Ісікті қайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады. ·Соқырішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді. ·Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Ол үшін кішкене 1 қапшық тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады да мақта- матасынан дорба тігіп, соған салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаңаяқ тұру керек. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам құлан-таза айығып кетеді. ·Тырнақ қатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына 2 рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды. ·Синусит— бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен демалу керек. ·Аз ғана тұз қосылған жылысумен көзді жуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.

1 Зерттеу жұмыс. Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кезде, тамағым ашып ауырып, жұтыну қиын болды. Дәрігердің диагнозы – фарин

13 слайд
1 Зерттеу жұмыс. Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кезде, тамағым ашып ауырып, жұтыну қиын болды. Дәрігердің диагнозы – фарингит. Дәрігердің жазып берген емі бойынша, анам дәріханадан әкелген «Ингалипт» спрейі, «ангисепт» дәрісі, «фурацилин» езбесімен шаюдың орнына, тұзбен емделу әдісін таңдап көрдім. 1 стакан жылы суға 0,5 шай қасық ас тұзын қосып араластырдым. Осы тұзды сумен күніне 3 рет тамағымды шайып отырдым. Кезекті қабылдауға барғанда, дәрігер жазылғанымды айтып, мектепке баруға болады деп, анықтама жазып берді. Эксперименттік бөлім фото

2 зерттеу жұмыс Былғары етікке тұздың әсерін зерттеу Былғары етік тұзды ерітіндісі бар ыдысқа салдым. Ботинка тұзды сумен қанық

14 слайд
2 зерттеу жұмыс Былғары етікке тұздың әсерін зерттеу Былғары етік тұзды ерітіндісі бар ыдысқа салдым. Ботинка тұзды сумен қаныққан және 2 сағаттан кейін етіктің жоғарғы бөлігінде тұз кристалдары пайда болған (1- сурет). 3-ші күні етіктің бүкіл бетін кристалдар басып, тығыз тұзды қабық пайда болды. Тері ақшыл түсті болды. Ақ жабын қабығы кетпеді - тұз аяқ киімнің терісіне терең енген. Тері жылтырлығы мен серпімділігін жоғалтты Қорытынды: Мен тұздың шынымен де аяқ киімімізге қатты әсер ететінін түсіндім. Сондықтан аяқ киімді күн сайын креммен жуып, жылтыратып отыру қажет, бұл біздің аяқ киімнің әдемі көрінуіне көмектеседі.

3-зерттеу жұмыс «Бөлме гүлін бақылау» Гүлді күн сайын 1 апта бойы тұзды ерітіндімен суарып отырдым (Cурет 3). Суарудан кейінгі

15 слайд
3-зерттеу жұмыс «Бөлме гүлін бақылау» Гүлді күн сайын 1 апта бойы тұзды ерітіндімен суарып отырдым (Cурет 3). Суарудан кейінгі 2-ші күні гүлдер сабағының төменгі бөлігінде тұз кристалдары пайда болды 4-ші күні бүкіл жер беті кристалдармен жабылды, жапырақтары түсе бастады (4-сурет).

4-зерттеу жұмысы «Тұз тағамның бұзылуын төмендететін зат ретінде» Өнімдерді сақтау. Мен екі ет алдым, бір бөлігін тұзбен тұзда

16 слайд
4-зерттеу жұмысы «Тұз тағамның бұзылуын төмендететін зат ретінде» Өнімдерді сақтау. Мен екі ет алдым, бір бөлігін тұзбен тұздадым Ал бір бөлігін сол күйі шыны ыдыстарға салып қойдым. 5 күннен кейін тұздалмаған ет (5-сурет) нашарлап, жағымсыз иіс шығара бастады, көгеріп кетті, ал тұзбен өңделген бөлік (6-сурет) тек құрғап қалды.

Тұздан декоративті құмыра жасау фото

17 слайд
Тұздан декоративті құмыра жасау фото

ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеу барысында мен көптеген жаңа ақпаратты білдім. Ғылыми фактілерден басқа, мен тұз туралы, үйде тұзды қалай пайд

18 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеу барысында мен көптеген жаңа ақпаратты білдім. Ғылыми фактілерден басқа, мен тұз туралы, үйде тұзды қалай пайдалану керек, табиғатта тұздың қалай көрінетіндігі туралы фотолар мен мақал- мәтелдер жинадым. Менің гипотезаларым 1. Тұз адамдар үшін пайдалы, әйтпесе ол соншалықты көп өндірілмеген болар еді. Алайда, тұзды артық қабылдау ағзаға зиянды. 2. Табиғатта тұз өте кең таралған. 3. Тұздың көп мөлшері табиғатқа зиянды, өйткені ол барлық тірі организмдерді өлтіреді. 4. Тұз қардың, судың, былғарыдың қасиеттерін өзгерте алады. 5. Тұзды тағамның бүлінуіне арналған жуғыш зат ретінде пайдалануға болады. «Тұзсыз өмір сүре алмайсың» деген ескі мақал-мәтелі бүгінгі күнге дейін шындық. Адам тек тұзсыз өмір сүре алмайды, сонымен қатар қазіргі заманғы индустрияның көптеген салалары дами алмайды. Тұзды қабылдауды, оны дұрыс пайдалануды, ең бастысы, қанша мөлшер қолдану керектігін түсіндім! Ағзаның тұз бен суға қажеттіліктерінің арақатынасын сақтау қажет. Артық тұзды ағызу үшін жеткілікті су ішкеніңізге көз жеткізген абзал.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.С. Бәкіров. Түз тұзы. – Алматы: Қазақстан, 1992. 120б 2.Г. Касенова. Шаңырақ.-Алматы:Үй- тұрм

19 слайд
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.С. Бәкіров. Түз тұзы. – Алматы: Қазақстан, 1992. 120б 2.Г. Касенова. Шаңырақ.-Алматы:Үй- тұрмысэнциклопедиясы, 1991.-191 б. 3.М. Сәулебекова. Оқушыанықтамасы. - Алматы: Арман, 2005.- 86-88 б. 4.Ә. Нысанбаев. Қазақстан.-Алматы: Ұлттықэнциклопедиясы, 2006.-№ 8-том С- У.519-520б. 5.К. Аханбаев. Химия.- Алматы: Анатілі, 1993.- 104-108б. 6.М.Әбдіқадырұлы. Жан дауа. Республикалықжурналы.- Алматы: 2012.- №1.- 21- 22б. 7.А. Покровский. Тағамтуралытолғау. Алматы: Қайнар, 1990.-66-67 б. 8.В.Долгушев. Звезда Прииртышья. С любовью к родной земле. 2011.-№9 -4б 9.О.Әбдіраман. Халықмедицинасы.- Алматы: Қазақпарат, 2002. 160б.