Материалдар / Педагогикалық идея Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Педагогикалық идея Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігін түсінеді және алынған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану барысымен танысады. Өз ойын анық жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Мамыр 2024
47
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
900 тг 675 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Махамбет жалпы білім беретін мекте

1 слайд
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Махамбет жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Педагогикалық идея   Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері» Дайындаған: Педагог – сарапшы Жумашева Нургуль Муратовна     2023-2024 оқу жылы  

 І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Тілдік дағдыларды меңгертудегі негізгі мәселелер 2.Қазақ тілі

2 слайд
   І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Тілдік дағдыларды меңгертудегі негізгі мәселелер 2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері 3. Менің педагогикалық идеям ІІІ.Қорытынды Әдебиеттер тізімі Жоспар:

 Мақсатым : Білім беру мазмұнын жаңарту, тіл дағдыларын дамытуда қолданыл

3 слайд
 Мақсатым :   Білім беру мазмұнын жаңарту, тіл дағдыларын дамытуда қолданылатын тәсілдер тәжірибесімен бөлісу, ой қорыту. Міндетім: Жаңа заман жастары, Жаңа Қазақстанның негізін қалаушы білімді де сапалы білім алып, еліміздің гүлденуінің негізін қалайды. Түрлі тәсілдер арқылы. тілдік дағдыларды меңгерту, сөздік қорын молайту, патриот тұлғаны қалыптастыру. Күтілетін нәтиж е:  Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігін түсінеді және алынған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану барысымен танысады. Өз ойын анық жеткізеді.    Кіріспе

  Бүгінгі тaңдa білім беру сaлaсынa түбегейлі өзгерістің қaжеттілігін ескерсек, жаңартудың бaсындa тілдік пә

4 слайд
    Бүгінгі тaңдa білім беру сaлaсынa түбегейлі өзгерістің қaжеттілігін ескерсек, жаңартудың бaсындa тілдік пәндердің тұру себебін бaғдaрлaмaдa көрсетілген мынa жолдaрмен түсіндіре aлaмыз: «...Әрбір оқушы үшін тіл – негізгі білім құрaлы. Оқушылaрдың тілдік қaрым-қaтынaсы өздері өмір сүріп отырғaн және білім aлaтын ортa aрқылы жүзеге aсaды. Тілді жетік меңгеру ұлттық құндылықтaрды түсінетін, әлемдік деңгейде жaңa өзгерістерге бейім, жaңaшыл жеке тұлғa қaлыптaстыруғa ықпaл етеді». Еліміздің білім саласында білім беру сапасын арттыруға және оқу мен оқытуды жан-жақты жетілдіру бағытында көптеген бастамалар орын алды. Оқушыны білім, білік, дaғдылaрмен қaрулaндырып қaнa қоймaй, оны тұлғa етіп қaлыптaстыру бaсты міндет. Олaй болсa, интеллектуaлдық, біліктілік, коммуникaтивтік жaғынaн бaлaны әлеуметтік ортaмен белсенді қaрым-қaтынaсқa түсуге, сол ортaғa бaрыншa тез бейімделе aлуғa дaйындaу ортa мектептегі оқыту кезеңінің негізгі қызметі болып тaбылaды. Жеке тұлғaның aқыл-ойы, сaнaсының жетіліп-толуының, мәдениеттілік, зиялылық сияқты қaсиеттерінің қaлыптaсуының бaсты көрсеткіші бaлa тілінің жеткілікті деңгейде дaмуынa, коммуникaтивтік тілдік дaғдылaрының (тыңдaлым, aйтылым, оқылым, жaзылым) дұрыс қaлыптaсуынa тікелей бaйлaнысты болaды.  I. Тілдік дағдыларды меңгертудегі негізгі мәселелер...

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа, видео, аудио жазбаларын п

5 слайд
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа, видео, аудио жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.Сабақ барысында төмендегідей әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.Әдіс-тәсілдерді неліктен қолданамыз? Әр мұғалім өз сабағын көңілді, қызықты, тартымды өткізгісі келеді. Оқулық бойынша тапсырманы орындата бергеннен оқушылардың да қызығушылықтары жоғалады. Оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында әдіс-тәсілдер арқылы орындатса, оқушы да жан-жақты ойланып, оқушы өзінің білімін деген ойын жеткізеді. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту әдістері

 Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағалана

6 слайд
    Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады.  Қазақ тілі сабағында тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер оқушыларының есте сақтау қабілеттері, тілдік қорлары, сауаттылық қорлары жоғарғы нәтиже көрсетеді.   1.Олар:   1. «Айқайлап диктант оқу»  2. «Ассоциация»  3.«Синонимдерді тап»  4«Аяқталмаған сөйлем»  5 «Тізбектелген ереже»  6.«Жасырын сөз»  7.«Кір жаятын жіп»  8.«Мен не естідім?»  9.«Тыңдайтын үшбұрыштар»  10. «Ақпараттағы ақаулық».  11.«Есте сақтайық»  12.«Төрт сөйлем»  әдістері. 1. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер

Оқылым дағдысында мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылы

7 слайд
Оқылым дағдысында мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға,оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді. Орыс тілді аудиториясында оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда ерекше ұтымды мына әдіс-тәсілдер: 1.«ПОПС» формуласыәдісі 2. «Жуан-жіңішке» сұрақтар әдісі 3.«Түртіп оқу» әдісі 4.«Шпаргалка» әдісі 5.«Тірек сөзді тап» әдісі 6.«Ол кім, бұл не?» әдісі 2.Оқылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер

 Айтылым -бұл мұғалімнің сабағында жүргізілген бүкіл әдіс-тәсілдерінің нәтижесін көрсетеді. Оған қол жеткізу үшін оқытудың әр

8 слайд
 Айтылым -бұл мұғалімнің сабағында жүргізілген бүкіл әдіс-тәсілдерінің нәтижесін көрсетеді. Оған қол жеткізу үшін оқытудың әр сабағының жаттығу жүйесі қарапайымнан күрделіге ұстанымы бойынша құрылуы тиіс. Алғашқы кезеңде оқылым мен жазылым дағдысын тіл меңгеруші сабақтың өн бойында берілген түрлі жаттығулардың көмегімен қалыптастыра алады. Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады. Олар: 1. «Миға шабуыл» әдісі 2.«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті) 3. «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Эдвард де Боно бойынша 4.SMART-мақсаттар 5.«Дауыстап ойлау» әдісі 6. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойынша 7.«Кинометафора» әдісі Харизма бойынша (Н.Баринова) 8. «Қара жәшік» 9. «Ашық микрофон», 10.«Дебат», 11.«Рөльдік ойын», 12.«Презентация», 13.«Кезбе тілші». 14.«Жарнамалық мәтін» әдісі 3.Айтылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер   А

Төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Орыс тілді аудиторияның сөзд

9 слайд
Төрт дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп, ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі- 1.«Топтастыру» стратегиясы Мағынаны тану кезеңінде 2.«Кейіпкерге хат жазу» 3.«Түртіп алу» 4 .«Талдау картасы»  5.«Эссе» 6. «Пирамида» 7.«Т кестесі», 8. «Sinkuein» немесе «Бес жолды өлең», 9. «RAFT», 10.«Семантикалық карта» тәсілдерін қолдану тиімді деп ойлаймын және стратегияларын қолданып жүрмін. 4.Жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер

1.«Ақмоншақ» әдісі Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Ережесі:

10 слайд
1.«Ақмоншақ» әдісі Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Ережесі: тақырып бойынша әр оқушы кезекпен бір сөйлеммен атып шығады. Сөйлемдер бір-бірімен логикалық байланыста болуы қажет. Мысалы:  1-оқушы :Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келді.  2- Абай Құнанбайұлы Семей өңірінде дүниеге келді. 3. Менің педагогикалық идеям

3. Менің педагогикалық идеям 2.«Көп нүкте» әдісі Мақсаты :ойлау дағдысын дамыту. Ережесі: оқылған мәтінге немесе өле

11 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 2.«Көп нүкте» әдісі Мақсаты :ойлау дағдысын дамыту. Ережесі: оқылған мәтінге немесе өлеңге байланысты әдісті қолдануға болады. Мысалы: Мен достарыммен кітапханаға(отырамын, жинймын,барамын).Ол (дәптерді, кітапты,қағазды )көп оқиды. Кітапханада( тамақ ішуге, шулауға, ойнауға) болмайды.

3. Менің педагогикалық идеям 3.«Ассонанс» әдісі Мақсаты : оқушылардың зейінін дамыту. Ережесі :жеке және топ болып, тақ

12 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 3.«Ассонанс» әдісі Мақсаты : оқушылардың зейінін дамыту. Ережесі :жеке және топ болып, тақырыпқа байланысты 2-3 сөйлем құрастыруы қажет. Сөйлемге қойылатын талаптар: 1) Сөйлемде тақырыпқа қатысты сөздер болуы керек; 2)Сөйлем кемінде бес сөзден тұру керек; 3)Сөйлемдегі сөздердің барлығы бір дыбыстан басталуы керек; 4)Сөйлемдегі ой түсінікті болуы керек. Үш-төрт минут ішінде сөйлемді дұрыс құраған оқушы немесе жұп жеңімпаз атанады. Мысалы: Апам ағама алма, алмұрт, апельсин ,айран алды.

3. Менің педагогикалық идеям 4.«Spinner »әдісі Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту. Ереже: Бұл әдісті оқушылармен өт

13 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 4.«Spinner »әдісі Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту. Ереже: Бұл әдісті оқушылармен өткен тақырыпты қайлау немесе бекіту мақсатында пайдаланамын. Спинер айналған кезде ,тоқтаған сәтте , бір оқушыға тоқтайды. Оқушы бір сұраққа жауап береді.Нәтижесінде оқушы топтық жұмыс болса,тобына немесе жеке жұмысболса, өзіне ұпай жинайды.

5.«Комикс жанр» әдісі. Мақсаты: сыни ойлауға бейімделуін дамыту. Ережесі: Оқушыларға жаңа сабақ түсіндіру алдында тақтаға ком

14 слайд
5.«Комикс жанр» әдісі. Мақсаты: сыни ойлауға бейімделуін дамыту. Ережесі: Оқушыларға жаңа сабақ түсіндіру алдында тақтаға комикс суреттері ілінеді. Оқушылар сабақ тақырыбы не жөнінде болатынын болжайды.Суреттерді сөйлетеді. Мысалы : сақ патшайымы Томирис суреттері болса, сол туралы мәліметтер жинайды. 3. Менің педагогикалық идеям

3. Менің педагогикалық идеям 6.«Менен сұрақ,сізден жауап» әдісі Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттырады. Ережесі:

15 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 6.«Менен сұрақ,сізден жауап» әдісі Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттырады. Ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Ортаға екі сандықша қойылады. Топтағы оқушылар тақырып бойынша (мысалы,Астана қаласы) 5 сұрақ құрастырып, сандықшаға салады. Екі топ сандықпен алмасады. Оқушылар кезекпен сандықтағы сұрақты алып, жауап береді. Қай топтың сұрақтары мен жауаптары дұрыс әрі қызық болса, сол топ жеңеді.

3. Менің педагогикалық идеям 7.«Сөз тізбек» әдісі Мақсаты: ойлау қабілетін және жылдамдылығын дамыту. Ережесі: Тақыры

16 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 7.«Сөз тізбек» әдісі Мақсаты: ойлау қабілетін және жылдамдылығын дамыту. Ережесі: Тақырып бойынша мұғалім бір сөз айтып, ойынды бастайды. Оқушылар ойынды жалғастырады. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталып отыруы қажет. Сөздер сол тақырып аясында және әр сөз табында айтуға болады .

3. Менің педагогикалық идеям 8.«Допты қағып алу» әдісі Мақсаты :есте сақтау қабілеті артады. Ережесі: Ойын шеңберде

17 слайд
3. Менің педагогикалық идеям 8.«Допты қағып алу» әдісі Мақсаты :есте сақтау қабілеті артады. Ережесі: Ойын шеңберде өткізіледі.Мұғалім сұрақты қойып, допты лақтырады. Допты ұстаған оқушы сұраққа жауап береді. Мысалы: ҚР Тәуелсіздігін қайжылы алды? Оқушы допты ұстап, сұраққа жауап береді.

Қорыта келе, осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі : • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; • Оқуға ж

18 слайд
Қорыта келе, осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі : • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға; • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға; • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. 3. Менің педагогикалық идеям

Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сонд

19 слайд
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол — жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден — бір жолы.  Тілді жетік меңгерген және оны орынды қолданатын оқушы кез келген ортада коммуникативтік қатынасқа түсе алады. Сонымен қатар, сабақта алған білімі мен білігін, дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында қолдана алуы тиіс. Қорытындылай келе айтарым, түрлі стратегиялар  сөзсіз сабақты жанданырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады.  Бірыңғай жазу жұмыстары, жалаң сөз, жаттау оқушыларды жалықтырады. Ал қазақ тілі сабақтарында стратегияларды тиімді қолданудың нәтижесінде сабақ сәтті болып,  "3" азаяды. Қорытынды