Материалдар / 10-сынып қазақ тілі 1, 2 БЖБ 4-тоқсан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

10-сынып қазақ тілі 1, 2 БЖБ 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып қазақ тілі 1 БЖБ 4-тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
32
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

  • Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей

Уақыты:

15-20 минут


Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Сәулет өнерінің озық үлгісі – Сфера

Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің тарихы 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген «Барлық халықтардың өнеркəсіптік еңбектерінің ұлы көрмесінен» бастау алған. Лондонда алғашқы дүниежүзілік көрмені өткізу үшін барлық көрме қойылымдары орналастырылатын бір ғимарат қажет болды. Осы мақсатпен сол кездегі құрылыс жəне сəулет өнерінің ең озық үлгісі болып табылатын – Хрусталь сарайы салынды. Хрусталь сарайы бүкіл əлем техника жетістіктері алдында бас иетін, жаңа қоғам құлшылық ететін жаңа сенім ордасы ретінде тұрғызылды. Лондонда басталған сол техникалық жəне технологиялық жаңалықтарға деген ұмтылыс үрдісі халықаралық көрме шежіресінде күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Аста надағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қалашығында да əлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – көрме символына айналатын нысан бой көтерді. Ол ұлттық бас павильон ғимараты – Сфера. Ұлттық бас павильон ғимараты – Сфера əлемдегі ең үлкен сфералық (барлық нүктелері орталықтағы нүктеден бірдей қашықтықта болатын тұйық шар) ғимарат болмақ. Оның диаметрі 80 метрді құраса, биіктігі 100 метрді құрайды. Сфера сегіз қабаттан тұрады. ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушылардың жобасы бойынша Сфераның əрбір қабаты балама электр қуатының бір түрін көрсететін болады. Атап айтар болсақ, бірінші қабатта гидроэнергетиканың, екінші қабатта күн энергетикасының, үшінші қабатта жел энергетикасының, төртінші қабатта биоэнергетиканың жəне басқа қуат көздерінің жетістіктері көрініс табады. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы мамандарының айтуынша, ғимараттың сыртқы қасбеттерін қаптаған шы ны материалдары фотоэлектрлі қабыр шықтармен əрленген. Сөйтіп, ғимарат тың сыртқы қабаты күн энергиясын тұтынып, оны электр энергиясына айналдырады. Ал ғимараттың үстіңгі қабатында екі жел генераторлары орналастырылған. Ғимараттың сыртқы пішіні жан-жақтан соққан желді бір арнаға бағыттап, жел генераторларының жұмысын жүйелеп отыруға арналған. Сөйтіп, ЭКСПО-2017-нің «Болашақтың энергиясы» атты негізгі тақырыбына сай ұлттық бас павильон ғимараты толықтай күн жəне жел энергиясымен жұмыс істейтін болады. Түнге қарай Сфера ғимара ты түрлі-түсті түрге еніп, сансыз сəуле лермен құлпырады. ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірейтін күндері Сфера ғимаратының айналасы қызылды- жасылды жарық шашатын шоуға айналады. (280 сөз).


Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»



  1. Мақала жанрына тән терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазыңыз.


терминдер

сәулет өнеріне

қатысты ұғымдар

тілдік оралымдар

жаңа қолданыстағы

сөздер

















  1. Терминдер мен ұғымдарды қолдану аясы туралы ойларыңды жазыңдар.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады

1-2

терминдерді теріп жазады;

1

сәулет өнеріне қатысты ұғымдарды теріп

жазады;

1

тілдік оралымдарды теріп жазады;

1

жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазады;

1

жаңа қолданыстағы сөздерді ажыратады;

1

автордың тілдік оралымдарды қолданудағы мақсатын талдайды

1

автордың бұл тілдік оралымдарды не үшін қолданғандығын өз сөзімен түсіндіреді.

1

Барлығы

7






























«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

2-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу);

10.3.3.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

Бағалау критерийлері:

  • БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі;

  • Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Уақыты:

    1. минут


Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.


Сәулет өнерінің патшалығы

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен Алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі – 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы – 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы – 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері – ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады.

  Қаншама ғасырлардан бері осы кезге дейін сақталған асыл мұрамыз тек біздің ғана емес, күллі түркілердің баға жетпес байлығы. Барша әлемге мәшһүр бұл ғимарат талайларды тамсандыруда. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көресем деушілердің қатары жыл санап аспаса, кеміп жатқан жоқ. Сол себепті, Түркістан қазірде тарихи және туризмдік ірі қала. Бірақ, талайды тамсандырған бұл кесененің құрылысы аяқталмай қалғаны барлығымызға мәлім. Егер бұл кесене аяқталғанда қандай болар еді.( 364 сөз). https://massaget.kz/blogs/baykau/22413/

 

А ) Мәтіннен нақты деректерді анықтаңыз

1-дерек:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-дерек_:



_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Ә) Жасаған сілтеме жолдары:

1-сілтеме

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-сілтеме

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. «Қазақстанның сәулет өнері ертеректе дамыған ба?» тақырыбында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.

1 -абзац

-Көп адамдар ойлайды...

2 -абзац

Өз көзқарасын білдіретін фразалар

- Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім...

- Бұдан басқа...архитектура...сондай-ақ...

3- абзац

- «қосыламын» және «қарсымын»

-Қорытындылай келе...

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі ;






Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды

қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;


1










2

Мәтіннен нақты деректерді анықтап, сілтеме жасаңыз

-нақты деректерді анықтайды;

1 дерек

2 дерек

- сілтеме жасаудың жолдарын біледі;

-1 сілтеме

-2 сілтеме




1

1



1

1

-эссенің құрылымын сақтайды

- Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады ;

- көтерген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады;


1


1


1




Барлығы















«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімдер бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-нұсқа


Оқу мақсаты:

10.2.3.1 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу


Бағалау критерийлері:

  • Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

  • Оқылым матер

    525тг - Сатып алу
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!