Материалдар / : Мыс қосылыстарының токсикологиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

: Мыс қосылыстарының токсикологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кең байтақ Қазақстан Республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан мал шаруашылықтарының малдарының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланалары жиі кездесетін жаңдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Онымен қатар ауылшаруашылық малдарының улануы, олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы (сүт, ет) өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландырулары мүмкін Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді. Сонымен қатар жануарлар тәрізділердің уларынан болатын уланулар да болады. Қазақстан территориясының солтүстік-шығыс аймағындағы мал шаруашылығында жиі кездесетін уланулардың ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын сол өңірде еңбек етіп жүрген мал мамандары мен малдардың күтіміне тікелей айналысып жүрген, мам
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2024
46
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»КеАҚ

Факультет: «Ветеринария және Агроменеджмент»

Кафедра: «Ветеринария»



Ғылыми жұмыс



Бағыты: Ветеринариялық токсикология.


Тақырыбы: Мыс қосылыстарының токсикологиясы






Ғылыми жүмыс авторы: Мұқат Диас Октябрьұлы

Ғылыми жұмыс жетекшісі: Аға оқытушы Жексенаева А.Б.

Мамандығы: Ветеринариялық санитария
















Семей 2024 жыл


Жоспар:

Кіріспе........................................................................................................3

I. Әдебиетке шолу.................................................................................5

II. Негізгі бөлім.......................................................................................7

2.1 Мыс жəне оның туындылары............................................................7

2.2 АБ препараты......................................................................................8

2.3 Мыстың хлорлы тотығы....................................................................8

2.4 Мыс үшхлорфеноляты........................................................................9

III. Өзіндік тексеру.................................................................................10

3.1 Шаруашылыққа сипаттама................................................................10

3.2 Шаруашылықтың індеттік жағдайы.................................................11

3.3 Шаруашылықтағы малдардың құрамында мыс туындылары бар өсімдіктермен улануы.......................................................................................14

3.4 Ауру тарихы........................................................................................16

3.5 Жалпы зерттеу....................................................................................16

3.6 Курация...............................................................................................15

IV. Қорытынды.......................................................................................16

V. Ұсыныстар.........................................................................................17

VI. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................18















Kipicпе

Кең байтақ Қазақстан Республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан мал шаруашылықтарының малдарының ішінде әр түрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен уланалары жиі кездесетін жаңдай. Бұған себеп жер көлемі үлкен болғандықтан және табиғаттың әр түрлі құбылмалы әсерінен онда өсетін өсімдіктер фаунасы да неше алуан, құбылмалы болып келеді. Малдардың улануының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Онымен қатар ауылшаруашылық малдарының улануы, олардың организміндегі улы заттары өнімдері арқылы (сүт, ет) өсім төлдерін, тіпті адамдарды да уландырулары мүмкін Кей кезде уланулардан болатын шығын індетті аурулардан келетін шығындардан да асып түсетін көрінеді. Сонымен қатар жануарлар тәрізділердің уларынан болатын уланулар да болады. Қазақстан территориясының солтүстік-шығыс аймағындағы мал шаруашылығында жиі кездесетін уланулардың ерекшеліктері мен оларды емдеу әдістерін, сақтандыру шараларын сол өңірде еңбек етіп жүрген мал мамандары мен малдардың күтіміне тікелей
айналысып жүрген, мамандық куәліктері болмаса да, бұл салада тәжірибелері мол адамдарда қазіргі ғылым жүзіндебар деректерді жинақтап жеткізу аркылы нақтылы көмек көрсетілетінін білеміз.

Токсикология – улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,

өсімдіктер т.б.) тигізетін әсерін зерттейтін киім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерін де зерттеумен шұғылданады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Шаруашылықтарда малдарды жайылымға жібергенде олардың құрамында мыс және мыс туындылары бар улы заттармен улану белгілерімен танысып, олардан ауылшаруашылық малдарының улануының теориялық негіздерін анықтап, оларға сипаттама беру.

Курстық жұмыстың міндеті:

  1. Өсімдіктерді мыс қосылыстарымен өңдегеннен кейін, бұл өсімдіктер мен малдардың, əсіресе қой мен шошқаның жеп қоймауын болдырмаған жөн.

  2. Құрамында инсектофунгицидтер улы химикаттар ретінде сақталуы қажет.

  3. Мыс мөлшерінің бұршақ жəне соя күнжарасында қанша бар екендігін зертханалық тексеруден өткізу керек.


















I. Әдебиетке шолу


XIX ғасырдың басында ғылыми токсикологияның негізін салушы Матео Жозе Бонавентура Орфила жазған: “У – аз ғана мөлшерде тірі организммен әсерлесуінде денсаулықты бұзатын немесе өмірді жоятын зат” [1].

Сонымен қатар, «уға» анықтама берген шамамен жүз жыл өткен соң, отандық токсикологияның пионерлерінің бірі Ресей әскери-медициналық академия профессоры Д.П. Косоротов : “У деп аз мөлшерде организмге енгізгенде өзінің химиялық қасиеттерінің күшімен денсаулықты зақымдауы немесе өлімге әкелетін затты айтады” [2].

Голиковтың зерттеуі бойынша: “Токсикология – уландырғыш заттардың адам немесе жануар организміне әсерінен болған патологиялық процестің (улану) ағымы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым” [3].

Өз зерттеулерінде Лужников Е.А. токсикология туралы былай деп айтқан: “Токсикология – тірі организм мен удың өзара қатынасын зерттейтін

медицина саласы ” [4].

Теріге немесе дененің шырышты қабаттарына әсер ету арқылы денсаулыққа зиян келтіретін немесе өлім туғызуға қабілетті барлық химиялық заттарды у деп атайды” деген зерттеуші ғалым Пеликан [5].

Саватеев Н.В. айтуы бойынша: “Уды нақты жағдайдың нәтижесінде улану пайда болатын химиялық заттың әсер ету мөлшері (саны мен сапасы) ретінде анықтауға болады”. [6].

Отандық өндірістік токсикологияның негізін қалаушылардың бірі, атақты ғалым және педагог Лазарев былай деп жазады (1936):

Улар – заттың механикалық емес жолмен организмге зақым келтіру” [7].

Адамзат жинақтаған білімдер тәжірибе көзімен қарағанда, әсер ету санына тәуелді кез – келген химиялық зат организм үшін мәні жоқ немесе пайдалы, не зиянды болуы мүмкін деген түсінікке алып келді (яғни у ретінде болуға).

Ең алғаш рет мұны ХV ғасырда атақты дәрігер және химик Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм (Парацельс) көрсетті: “Барлығы у. Ешқайсысы улылығын жоғалтпаған. Тек доза ғана уды дәріден ажыратады” [8].


























II. Негізгі бөлім


2.1 Мыс жəне оның туындылары

Мыс (Cuprum), Си - атомдық массасы 63,54 болатын ауыр металл. Бұл металл бізге ежелден белгілі. Табиғатты құрамында 1-10 пайыз таза мыс бар қосынды түрінде кездесіп, мыс сол қосындылардан алынады. Мыс өсімдіктер мен жануарлар ағзасына күнделікті өте қажетті элемент. Ветеринария саласында мыстың күкіртті қышқылы кеңінен қолданылса, ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресу үшін тыңайтқыш түрінде əртүрлі бейорганикалық жəне органикалық қосылыстары қолданылады. Мыстың микрозлемент ретіндегі маңызы өте зор. Мыс ағзадағы ферментативтік тотығуға, ал омыртқалыларда қан түзу процесіне қатысып, қалыпты деңгейде сүйек кемігінде қан түзу функциясын қуаттандырады, тотығу процесін жеделдетеді. Сөйтіп, зат алмасу процесіне əсерін тигізеді. Мыс – шаян тəрізділер, маллюскалардың тыныс алу пигменті – гемоцианин құрамына кіреді.

Жалпы мыс туралы түсініктеме Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық мателиалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткзгіштігімен ерекшелінеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Ескі замандарда негізінен қалайы мен мыс қосындысы нәтижесінде қола алынып, қару-жарақ дайындалған. Бұл адамзат тарихында қола дәуірі ретінде белгілі. Мыстың латынша Cuprum атауы Кипр аралына байланысты онда біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта мыс рудниктері қолданылып балқытылған. Страбон жазбаларында мыс Эбвей жеріндегі Халкида қаласының атымен Халкос деп аталған. Осы сөзден ескі грек тілінде мыстан және қоладан жасалған заттар, ұсталық өндіріс, ұсталық заттар мен құймалар атаулары шыққан. Мыстың екінші латыншы атауы AES (санскр, ayas, гот тілінде air, неміс тілінде err, ағылшынша ore) руда немесе рудник дегенді білдіреді. Еуропа тілдерінің үнді-герман теориясында қолданылып, орыстың «медь»(полякша miedr, чех тілінде – med) ескі немісше smida (металл) және shmied (ұста, ағылшынша smith) сөздерінен шығарады.Әрине, бұл сөздердің түбірлерінің туыстығына дау жоқ, бірақ та бұл екі сөзде гректің рудник, копь деген сөзінен бір-біріне байланыссыз түрде шыққан. Осы сөздерден басқада туыс атаулар шыққан – медаль-медальон(французша medaile). Орыстың ескі жазбаларында мыс және мыстан жасалған деген сөздер кездеседі. Алхимиктар мысты Венера (Venus) деп атаған. Қазақстанда да мұндай атаулар ерте заманннан бар. Олардың атауларын ерте кезде өмір сүрген ата-бабаларымыз қойған, және де осы күнге дейін сол аттарын сақтап қалған. Мысалы: Мыстау, Мыстөбе, Жезді тағы басқа сол сияқтылар. Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды.

Кейбір өсімдіктер құрамында мыстың мөлшері өте көп болады да, малдардың улануына əкеп соқтырады. Жануарлар ағзасында мыс күрделі жəне əртүрлі органикалық қосылыстар түрінде болады. Олар ақ заттар мен байланысқа түсіп, басқа мүшелерге қарағанда бауырда көбірек жинақталады. Одан басқа мыс көптеген ферменттер құрамына да кіреді (лактаза). Қойлардың азық рационына мыс қосындыларын қосып беру, олардың өсуін жəне жүнінің сапасын жақсартады, ал мыстың топырақта жетіспеуі өсімдіктерді экзантема ауруына шалдықтырады. Өсімдіктер құрамында мыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы малдарда, əсірепе, мүйізді ірі қарада анемия, халықтық (лизуха), іш өту секілді аурулар тудырады. Кейбір мемлекеттерде (Англия, Дағыстан) азық құрамында мыстың жетіспеуінен қозыларды жаппай өлімге ұшырататын ауру энзоотикалық атаксия пайда болатындығы дəлелденген. Аурудың ең негізгі белгілері - қозғалыс координациясының бұ- зылуы, теңселіп жүруі, дірілдеуі, кейбір кездері аяқтарының ты- рысуы жəне салдануы жатады. Энзоотикалык атаксиядан өлген малды сойып, зерттегендегі негізгі белгілердің бірі - ми жарты шарындағы ми ұлпаларының сұйылуы.

Күкірт қышқылды мыс немесе мыс сульфаты - көбінесе дезинфекциялағыш зат ретінде қолданылады. Ол қара-көк түсті кристалл, суда жақсы ериді. Бұл препарат бізге тотияйын деген атпен белгілі. Тотияйын құрамында күкірт қышқылды мыстан басқа темірдің, мырыштың жəне магнийдің күнірт қышқылды тұздары, аз мөлшерде мышьяктың туындылары кездеседі. Тотияйынның əкпен қосындысын бордос сұйықтығы түрінде өсімдіктердің зиянкестері мен, соның ішінде, саңырауқұлақтар тудыратын аурулармен күресу үшін қолданылады. Сонымен бірге, бордос сұйықтығын жəндіктермен күресу үшін париж көгімен де (зелень парижская) араластырып қолданылады. Мыс сульфатының уландырғыш мөлшері: 1 килограмм салмағына шаққанда қойға-200 мг, ірі қара малына-40 мг.

Сурет – 1. Мыс

2.2 АБ препараты (фитопатолог Александр Борнаард есімімен аталған) - сұр-көкшіл түсті, құрамында 15-16% мыстың күкірт қышқылды гидрототығының тұзы бар құрғақ ұнтақ. Астық тұқымдастардың дəнін қара күйеге қарсы өңдеу үшін қолданылады.


2.3 Мыстың хлорлы тотығы - ақшыл-жасыл түсті, құрамында 50% белсенді əсер ететін заты бар, құрғақ немесе суспензия түрінде қолданылатын ұнтақ. Құрамында мыстың хлорлы тотығынан басқа: куприкол 30%, купритокс 30-50%, купрозан 37,5% жəне цинеб 15% кездеседі. Бұл препараттар ұнтақ жəне паста түрінде шығарылып, фунгицидті əсер етеді.


2.4 Мыс үшхлорфеноляты - қызыл-қоңыр түсті ұнтақ, враганикалық еріткіштерде жəне суда ерімейді. Дуст түрінде қолданылады. Құрамы 20% негізгі əсер етуші заттан, 80% қоспа заттардан тұрады. Бұл препарат мақтаның гоммоз ауруымен күресте қолданылатын өте күшті химиялық зат. Бұл препарат малдың паренхиматозды мүшелерін жəне орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Токсикологиясы. Мыс препараттары ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы, ал мал дəрігерлік жұмысында антгельминт де кеңінен қолданылады. Мыс бұршақ жəне соя күнжарасында (жмых) көп кезігеді, сондықтан бұл құнарлы мал азықтарын көп бергенде, мал уланады. Мыс тұздары ағзадан өте баяу бөлініп шығады. Мыс тұзының əлсіз ерітіндісі тұтқыр дəрі ретінде əсер етіп, ішек-қарынның кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, ал оның 10-30 пайыздық ертіндісі қарынның кілегейлі қабығын күйдіреді, ащы ішекте ағзаға сіңіп, бауырға барып жиналады. Алиментарлы жолмен түскен мыс қосылыстарының уыттылығы əлсіз. Қарынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіретін мөлшерде түскен мыс тұздары малдарды құстыртады. Сондықтан, мыстың күкірт қышқылды тұзын ертеде осы мақсат үшін қолданылған. Бұл препарат ағзаға өте аз мөлшерде ғана сіңеді. Ұзақ уақыт əсер еткенде ағзада жинақталып, ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, малды арықтатады, жəне басқа да клиникалық белгілер мен паталогиялық өзгерістер байқалады. Көптеген зерттеулер нəтижесіне сүйенсек, кілегейлі қабықтар Зақымданған сайын, мыс қосылыстарының ағзаға сіңуі де арта түсетіндігі дəлелденген.

Мыс ағзаға альбуминат түрінде сіңеді. Бүкіл ағзаға таралып, онда ұзақ уақыт сақталынады. Көп мөлшерде бауыр мен бүйректе жинақталынады. Ағзадан несеп, нəжіс жəне түсу арқылы бөлінеді.

Мыс қосылыстарын қанға немесе тері астына енгізу өте қауіпті. Қоянның терісі астына мыс тотығының 0,05г, ал итке 0,5г мөлшерін жіберсе, өледі. Мыс сульфатының тауықтарды жаппай өлтіретін мөлшері 1 грамм. Мыс сульфатының концентрацияланған ерітінділері ұлпалар мен кілегейлі қабықтарды күйдіріп əсер етсе, араласқан ерітінділері капилярларды тарылтып, секрецияны тежеп, тұтқыр жəне дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. Ауыл шаруашылығы малдарының мыс қосылыстарымен жіті улануы сирек кездеседі. Ал мыстың ағзаға аз мөлшерде түсіп, онда жиналуынан болатын созылмалы түрі кездеседі. Уланудың бұл түрі қойлар арасында жиі кездеседі.

Уланудың клиникалық белгілері. Ас қорыту жүйесіне мыс қосылыстары көп мөлшерде əсер етсе, уланудың жіті түрінің белгілері байқалады: ауыз қуысы кілегейлі қабығы тітіркенеді, сілекей ағады, құсады, іші өтеді, жүрек жұмысы нашарлайды, кейбір кездері тырысу, салдану белгілері жəне өлім мен аяқталатын коллапс байқалады. Нəжісі шырыштанған, жасыл-көк түсті.

Мыс қосылыстарының ұзақ уақыт əсер етуі, көп жинақталып, баяу бөлінуі нəтижесінде уланудың созылмалы түрінің белгілері байқалады. Мыстың көп жиналатын орны - бауыр. Бауырдың ағзаға түскен мысты залалсыздандыру қабілеті əлсіремейінше, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Бауырдың жұмысы əлсіреген кезде көзге көрінетін кілегейлі қабықтар даң сарғаюы жəне айқын көрінетін гемолиз байқалады. Осы белгілер көріне бастағаннан ауру жіті түрге дауысы, аурудың соңы өліммен чакталады. Несеп қызыл-қоңыр түстеніп гемоглонинурия немесе гемоглобинемия қалыптасады. Мыс сульфатымен улануда, бұл белгілерден баска, ринит, коньюктивит секілді белгілер байқалады.

Қойларда: қойдың мыстан улануы жақсы зерттелген. Ауру қой үйірінен қалып қояды, басы салбырап, сыртқы орта тітір- кендірулеріне жауап беру қабілеті төмендейді, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары, кейбір кездері терісі сарғаяды, тамыр соғуы жиілейді, несебі қызыл-қоңыр түсті, іші өтеді. Бұлшық еттері дірілдеп, мойны артқа қайырылады, жүріс-тұрысы бұзылады. Бүйірін басса ауырсыну байқалады. Мал кешкілік мезгілде ешқандай ауру белгісін көрсетпей, таңға жуық өліп кетуі мүмкін.

Мүйізді ірі қарада: қойларға қарағанда ірі қараның мыс қо- сылыстарына қарсы тұру қабілеті жоғары. Кейбір əдебиеттерде, егер 227кг салмақты бұқаға күнде 5г мыс беріп отырса, ол созылмалы түрде уланып, 4 айдан соң өлімге душар болатыны айтылған (Shand kewis, 1961). Сақа малға қарағанда бұзаулар улануға сезімтал келеді. Егер 8-11 айлық бұзауларға құрамында 80-130 мг/кг мыс бар сүт алмастырғышпен азықтандырғанда уланудың өршуі байкалады. Мыс қосылыстарымен созылмалы уланғанда кілегейлі қабықтары сарғаяды, зəрі қызыл-қоңыр түсті, орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылады (мазасызданады, дірілдер байқалады). Басқа да клиникалық белгілері қойдікіне ұқсас.

Шошқа: Мыс қосылыстарымен жіті улану сирек кездеседі. Өйткені, шошқалар құсады, сондықтан, шошқа құсқан кезде, оның өміріне қауіпті мыстың мөлшері сыртқа шығып кетеді. Созылмалы улану белгілері қойлардікіне ұқсас, бірақ шошқаларда гемоглобинурия байкалмайды. Жылқының жəне ит-мысықтардың мыс қосылыстарымен улануы өте сирек кездеседі. Байқалатын клиникалық белгілері негізінен ірі қара малға ұқсас.

Құстар: Балапандардың мыс қосылыстары на сезімталдығы өте жоғары екенін айта кеткен жөн. 1кг азықта 100 мг-нан жоғары көлемде мыс қосылыстары бар азықты беруге болмайды. Егер ондай азық берілсе, олардың өсуі төмендейді, гемолитикалык анемия, əлсіреу, бұлшық ет дистрофиясы байқалады.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық көрсеткіштер қарынға түскен мыстың көлеміне жəне ағзаға əсер ету ұзақтығына байланысты. Өлексе іші кеуіп дөңкиген. Тексеру барысында қарым мен ішектің кілегейлі қабығындағы қабыну процесстері назар аудартады. Ішек-қарынның кілегей қабығы қанталап қабынған, оның кей жері ойылған, құрсақ қуысына қызыл су толған. Басқа мүшелердегі өзгерістер айқын емес. Созылмалы улануда керісінше, өлексені сойғанда өзгерістер айқын көрінеді. Мұндай өзгерістердің негізгісі - кілегей қабықтардың сарғаюы. Бауыр аздап үлкейген, сырты кедір-бүдірлі, сарғыш түсті, атрофиялық цирроз байқалады. Өт қабы өтке толып, үлкейген жəне өт қою, жасыл-қоңыр түсті. Бүйрек үлкейген, бүйрек қабы астында қанталаулар бай- қалады, паренхимасы болбыр, оңай жыртылғыш. Талап қанға толған, қара-қоңыр түсті. Перикард сұйықка толы, эндокард асты қанталанған. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қанталаған, сары-қоңыр түсті.

Емі. Малдың қарынын жуып, тазалау керек. Одан кейін адсорбциялық заттар (көмір қоспасы), мыс қосындыларын бейтараптайтын заттар: күйдірілген магнезия, күкірт енгізу керек. Жұмыртқа ақ затын, дəм түзгіш заттар (глюкоза) берген жөн. Симптоматикалық ем ретінде строфантин, кофеин иолдануға бо- лады. Созылмалы улану кезінде ең алдымен азық арқылы мыс қо- сылыстарының ағзаға түспеуін қадағалау керек. Азықпен бірге 3 апта бойы қойға емдік зат ретінде 30-500. мг. мөліеріндегі мо- либден қышқылды аммоний беруге болады, 0,3-1г. гипосульфитін күнде беріп отырса, жақсы нəтиже берері сөзсіз.

Балау. Жіті улануды балау малдың клиникалық белгілері мен бірге патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне жəне химиялық- токсикологиялық талдау нəтижелеріне қалай қойылады.

Созылмалы улану клиникалық белгілері, яғни кілегейлі қабыктардың сарғаюы, гематурия белгілеріне қарай баланады. Сонымен қатар, бауырдағы мыстың көлемін химиялық зерттеудің үлкен маңызы бар. Егер мал мыстан уланса, онда бауырдың 1-килограмында мыстың мөлшері 1000 мг. асып кетеді. Қалыпты жағдайда бауырдағы мыс көлемі 23-30 мг/кг-нан аспауы керек.

Алдын алу шаралары. Өсімдіктерді мыс қосылыстарымен өңдегеннен кейін, бұл өсімдіктер мен малдардың, əсіресе қой мен шошқаның жеп қоймауын болдырмаған жөн. Құрамында инсектофунгицидтер улы химикаттар ретінде сақталуы қажет. Мыс мөлшерінің бұршақ жəне соя күнжарасында қанша бар екендігін зертханалық тексеруден өткізу керек.




















III. Өзіндік зерттеу

3. 1. Шаруашылыққа сипаттама.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылына қарасты «Айдос» атты шаруа қожалығы. Шаруашылық негізінен мал шаруашылығымен айналысуда. Төрт түлік малдың барлығы яғни, ұсақ малдары ірі қара малы, жылқы малы кездеседі. Шар ауданының жері ойлы-қырлы болып келеді. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа температурасы қаңтарда - 15,5С, шілдеде - 20,5С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 250-350 мм. Ал күннің жарығы, жылулығы ауыл шаруашылық өнімдерін алуға қолайлы жағдай туғызады. Мал шаруашылығын дамытуға өте - қолайлы жер. Жəне де шаруашылықта малдарға арнайы салынған жы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!