Материалдар / Алып шаһар Алматыны не күтіп тұр? Жер сілкінісінің қаупі қай кезде басылады?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алып шаһар Алматыны не күтіп тұр? Жер сілкінісінің қаупі қай кезде басылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Алып шаһар Алматыда орын алған жер сілкінісінің сипаты қандай? Қала тұрғындарын дүрбелеңге салған бұл жайт қашанға дейін жалғаса бермек? Мақала мазмұны осы сұрақтардың түйінін тарқатады.
Авторы:
03 Мамыр 2024
43
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сараптамалық мақала

Тақырыбы: Алып шаһар Алматыны не күтіп тұр? Жер сілкінісінің қаупі қай кезде басылады?

Автор: Тұраш Ақбота Қайратқызы



2024 жыл бастала салысымен Қазақстанның ірі мегаполисіндегі жер сілкінісінің орын алуы елдегі түйіткілді мәселелердің біріне айналды. Жалпы Алматы тұрғындары үшін бұл таңсық жағдай емес. Өңірдегі сейсмологиялық ахуалдың күрделі екені өткен ғасырдан бері мәлім болып келе жатыр. Ару қаланың ауа-райы мен әсемдігігне, сұлулығы мен сипатына қызықпайтын жан жоқ шығар сәрә?! Шалғай ауылдардағы мектеп бітіріп ,үлкен өмірге қадам басып жатқан түлектердің басым бөлігінің осы қалаға құмартып тұратыны жасырын емес. Республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел астанасын 1997 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдан Ақмола(Астана) аумағына көшіруінің де, басты себептерінің бірі осы болды. Бұл табиғи құбылыстардың бірі болғандықтан, оған нақты болжам жасап, шешім шығару мүмкін емес.

1887 жылдың 28 мамырына қараған түні орын алған аты шулы Верный апаты тарихымызда орын алған ауыр соққылардың бірі. Апат орын алғанына 1 ғасырдың ширегі болды. Осы уақыт аралығында, осы оқиғаны ескерместен аспанмен таласардай биіктікте бой көтерген мыңнан аса зәулім ғимараттардың қазіргі тұрпаты қандай? Алдағы жағдайы қандай болмақ? Осы сұрақ көпті алаңдататыны анық. Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қаупі белсенді аймақтарда орналасқан, бұл аймақтар кейде қатты сілкінуі мүмкін, сондықтан мұнда өмір сүру өте қауіпті. Ал ең үлкен сейсмикалық аймақ Алматы қаласы болып саналады.

- "Біз сейсмикасы жоғары аймақта тұратынымызды ұмытпауымыз керек, мұнда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Болашақта бұл қауіптің сейілуі де екіталай. Бұл аймақтың барлық тұрғындары кез келген уақытта үлкен жер сілкінісі болуы мүмкін екенін түсініп өмір сүруі керек", - деді Сейсмология институтының аймақтық сейсмикалық зертхана меңгерушісі Алла Садықова.

2024 жылдың 23 қаңтары мен 4 наурызы күндеріндегі жер сілкінісінен кейін, Қазақстан көптеген елдерден сарапшылар шақыртты. Қазақстандық профессор Алуқат Нұрмахамбетов Қырғызстаннан келген сейсмологтың болжамына түсініктеме берді. Сейсмологтың айтуынша 2026 жылға дейін Алматыда жер сілкінісі белсенді болатынын, содан кейін "қысқы ұйқыға"кететінін айтты.

  • "Мен Қырғызстандағы әріптесімнің пікірін теріске шығара алмаймын, бірақ бұл тек ғылыми жұмыс, ғылыми болжам, оны көпшілікке жариялау қажет емес еді. Толық ақпаратқа ие емес қарапайым халық бекер дүрбелең болып кетеді. Оның мәлімдемелері екі жыл бойы қалада белсенді түрде жер сілкіністері болып тұратынын, содан кейін басылатынын ұғындыруы мүмкін. Бірақ бұған ешкім кепілдік бермейді. Кезекті жер сілкінісі қашан және қайда болатынын болжау мүмкін емес. Біз тектоникалық процестердің жүріп жатқанын және алдағы уақытта да жүріп отыратынын білеміз, оларды тоқтату мүмкін емес. Екі жылдан кейін барлық процестер тоқтатылады деп ешкім айта алмайды. Әрине, уақытша тыныштық болуы мүмкін, бірақ әр аймақ үшін нақты болжам айту қиын". –дейді.



Осы орайда ҚазҰУ профессоры, шығыстанушы Такашими Ниномияның айтқан пікірінде тілге тиек ете кету керек. «Жапонияда жер сілкінісін амал жоқ деп ойлайды. Бірақ теңіз жанында тұратын адамдарға цунами де қорқынышты. Жер сілкінісі 5 не 7 балл болса да, дүрбелең тудырмай, заттарды дайындап қою керек» - дейді ғалым.

Бұл айтылған сөздің жаны бар. Себебі осындай деңгейдегі сейсмологиялық қаупі жоғары аймақты тұрып, жер сілкіну кезіндегі қарапайым ережелерді білмейтін халықтың қарасы көптеп кездесті. Бұл қағидаларды қазірден бастап-ақ мектеп бағдарламаларына қосу керек. Сонда ғана оқушы шақтан бастап, осы үрдісті санасына сіңіріп өскен бала апатты жағдайлар орын алғанда, дүрбелеңге бой алдырмайтын болады. Себебі қазақта «Сақтансаң сақтаймын» деген аталы сөз тектен-текке айтылмаса керек. Әркім өз өмірінің кепілі жолында сақтық шараларын біліп жүруі тиіс.

Атақты сейсмолог Мұхтар Хайдаров Алматыдағы соңғы жер сілкінісінен кейін көпшілік назар аударуы тиіс бірнеше фактілерді атап өтті. Маманның айтуынша, соңғы дүмбулер Кемин жарықшағының ошағына жақын жерде болған. Бұл сол аймақтағы жер бедерінің белсенділігін тудыруы мүмкін. Тағы бір алаңдатарлық фактор-қаладағы су қоймалары. Кез-келген тербеліс күшінің еселігі жинақталған су массасы тектоникалық процестерді тудырады.

  • Бұл ошақ оянады ма деп ойлаймын. Бұл күшті жер сілкінісінің ошағы. Екінші факт, егер 6.1 шамасына қарасақ, онда үлкен қысым бар, - деді сейсмологиялық сарапшы Мұхтар Хайдаров.

Апат айтып келмейді. Дүниежүзі қаншалықты даму шегінде болса да, осы бір «Жер сілкінісі» деп аталатын апаттың нақты шешімін ешкім тауып көрген емес. Сондықтан да адамзаттың қолынан келетіні тек қауіпсіздік ережелерін сақтау болып саналады. Алматыдай алып шаһарымыздың осы сипатынан айрылмай, Алатаудың төрінде мәңгі жасай беретініне сенейік. Бұл Алматы бастан өткерген алғашқы әрі соңғы дүмпулер емес. XXI ғасыр технологияның қарыштап дамыған кезеңі. Қазіргі уақытта әлем үшін шығу жолы жоқ секілді көрініп тұрған бұл мәселенің де шешімін болашақта тауып қалармыз. Тек ол үшін ғылым жолында, болашақтың игілігі үшін еңбек ететін жастар қауымы көп болғай. Осы тұста «Болашақ жастардың қолында» деген ұлағатты сөзді естен шығармайық. Сонда ғана бұл мақалаға арқау болған тақырыптың түйінін бірге отырып тарқата аламыз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!