Материалдар / Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет "Қыс қызығы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет "Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ересек,мектепалды даярлық топтарына арналған ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс туралы білімдерін бекітеді.
Білімділік: Балалар қыс мезгілінің ерекешеліктері туралы әңгімелейді,қыс айлары мен қысқы ойын түрлері туралы ойын анық жеткізеді. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атайды.Қыс туралы өлең,ән жатқа біледі.Геометриялық пішіндері мен түстер туралы білімдерін пысықтайды.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Мнемотехнология, ақпараттық-коммуникациялық технология, әңгімелесу, сұрақ-жауап,түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,мазмұнды суреттер, аққала, музыкалық аппараттар,ойынға қажетті заттар.
Қызмет кезеңдері    Педагогтің әрекеті    Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш    

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

-Балалар,бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін дүйсенбі.

-Жарайсыңдар! Ал аптаның күндерін айтайықшы?

-Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

-Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырайын?

Шана зырғып  желетін.

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын.

Бұл қай кез деп ойлайсың?

-Қыс мезгілі

-Дұрыс айтасыңдар! Әрине қыс мезгілі.Қыс айларын атаңдаршы балалар?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыс айлары туралы қандай тақпақ жаттап едік,балалар?

Қары мұз боп тапталды,

Ел суықтан сақтанды.

Боранды қысқа жатқыздық,

Желтоқсан,қаңтар,ақпанды.

-Жарайсыңдар,енді ,балалар,қыстың ерекшеліктерін айтайық. Ол үшін мына кестеге назар аударайық!









МНЕМОКЕСТЕ


Қ




-Қазір қыс мезгілі.Қыста қар жауады.Дала суық.Адамдар жылы киінеді.Балалар қар лақтырып ойнайды.Балалар аққала жасайды.

Мұғалім:Балалр,мен сендерге буындар оқып отырамын сендер сол буынға арнап сөйлем құрайсыңдар.Ол сөздерді тақтада берілген суреттерің ішінен табасыдар!

Ойын: «Сиқырлы буындар»
1) Ша-ша-ша
    Жап жасыл  шырша.
2) Ар-ар-ар
    Қандай аппақ қар.
3) Ыс-ыс-ыс
    Келіп қалды қыс.
4) Лар-лар-лар
    Далада ойнаиды балалар.
5) Ла-ла-ла
   Соғамыз қардан аққала .

-Аққаланы неден жасайды ,балалар?

-Аққаланы қардан жасайды.

Есік ашылып аққала кіреді.

-Сәлеметсіздер ме,балалар?! Мен туралы айтып жатқандарыңды естіп сендерге қонаққа келіп қалдым.Менің сендерге сыйлығым бар.Алдымен мына тапсырмаларды орындау қажет.

-Сәлеметсің бе,Аққала! Әрине, біз тапсырмаларды орындаймыз.

-қолыңдағы не Аққала?

-Бұл қар

-қар қандай болады?

-қар аппақ,суық,ұлпа,жұмсақ

Аққала: -балалар,қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.





Аққала: Жарайсыңдар,балалар!Мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. Мына қыс туралы суретте көптеген қателекер бар екен,қане бірге табайық!

Дамытушылық ойын: «Суретшінің қатесін тап»

-Қыста алма ағашы өспейді. Қыста жаңбыр жаумайды,қолшатыр ұстамайды.Қыста көбелек ұшпайды.

Сергіту сәті : «Қыста не болады?»

Төмендегі тірек -сызба кестелер арқылы қыс ерекшеліктері туралы әндете отырып,қимыл жасайды.

Қыста не болады?

аппақ қар жауады.

Даладағы ақ қарды

күрекпен тазартады.

Қыста не болады?

аяз соғады.

Балалар ойнайды

Шанамен сырғанап,шаңғы тебеді.

Шанамен сырғанап,коньки тебеді.


Picture 4



Құрылымдалған ойын: «Дұрыс тап». Берілген түрлі кестелердің ішінен тек қыс мезгіліне қатысты суреттерді тауып ,тақтаға іледі.Дұрыс тапқан суреттер бойынша,әңгімелейді.

Мынау қыс мезгілі.Мынау аққала.Аққаланы қардан жасайды. Мынау шырша,шыршаның түсі жасыл.Мынау шана,балалар шанамен сырғанайды.,т.с.с.

Мұғалім: Жарайсыздар,балалар! Енді аққалаға арналған тамаша ойын ойнайық!





Қимылдық ойын: «Аққала, шырша жасайық». Түрлі геометриялық пішіндерден аққала мен шырша бейнесін құрастырады.

Picture 10

  • Шыршаның түсі қандай?

  • Шырша қандай пішіндерден тұрады?

  • Ойыншықтарының пішіні,түсі қандай?

  • Шыршаға неше ойыншық ілінген?

  • Аққала қандай бөліктерден тұрады?

  • Басы,денесі,қолы.

  • Денесі дөңгелек,басы дөңгелек,қалпағы төртбұрыш,мұрны үшбұрыш.

Аққала: Жарайсыңдар,балалар! Қазақ тілінде білімдерің өте жақсы екен! Сендермен бірге тамаша уақыт өткіздім.Енді мен қайтайын.Міне,сендерге сыйлығым! (мұз кәмпит береді) Қоштасады.

Рефлекстік түзету.

Қорытынды:

-Балалар,сендерге сабағымыз ұнады ма?

-Ендеше,ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ұнаса ,жаңа жылдық отшашу жасайық!Бір,екі,үш!!!

Мадақтау.Қоштасу.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!