Материалдар / Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы ағылшын тілі пән бірлестігінің сабақты зерттеу (Lesson study) дің рефлексиялық есебі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясы ағылшын тілі пән бірлестігінің сабақты зерттеу (Lesson study) дің рефлексиялық есебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты зерттеу (Lesson study )– дің басты мақсаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
26
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

[Введите текст] 

Сактаганова Мөлдір Қожаниязқызы

Ататүрік атындағы №Сабақты зерттеу (Lesson study )– дің басты мақсаты:

-Оқушыларға білім алуға көмектесу;

-Топ мүшелерінің, жеке мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету.

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» - деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын бастау ,жүйелеу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді деп сеніммен айта аламын. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында бүгінгі коучинг семинар сабағына қош келдіңіздер.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны меңгерген мұғалімдер Т.М педагаог-зерттеуші топ басшы ,С.М педпгог-сарапшы хатшы, С. А педагог -сарапшы,И. С педагог- модератор Х. Д педагог-сарапшы Зерттеу тобында осы мұғалімдермен қоса, сынып жетекшісімен байланыста болдық және мектеп психологтары болды.

Зерттейтін сыныпты таңдауда, Ағылшын тілі пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 8«б» сыныбын алдық. Ағылшын тілі пән мұғалімі И. С Бұл сыныпты алу себебі, ол сыныпта бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа көшкенде әртүрлі мұғалімдерге бейімдеуінде қиындықтар болды. Сабаққа қызығушылықтары төмен жәнеде ағылшын тілі әдетте бөлініп оқытылады алайда бұл сынып бала саны бөліп оқытуға жетпеген соң толық сыныппен сабақ өтіледі.

Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын қарастыра отырып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Ағылшын тілінде мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алдық.

Зерттелетін пәннің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады.

Мұнда С оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді.

В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы.

Ал А оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 8 «б» сынып оқушыларының оқылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды.

Сауалнама қорытындысында:

Кітап оқисың ба? деген сұраққа 19 оқушының 9-ы ешқашан деп, мәтінді қанша рет оқығанда түсінесің? дегенде 10 оқушы 3 реттен көп деп, үй тапсырмасын орындауда 10 оқушы үлкендердің көмегіне сүйенетінін байқадық. Демек, оқушылардың мәтінді оқу дағдысының қалыптасуына ықпал ету керек екенін түсіндік.

Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.

Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, Топ мүшелері бірлесе отырып №1 зерттеу сабағының жоспарын жасадық.

Исакова Сурайе №1 зерттеу сабағын бірлесе жоспарланды. Осы жоспарға Джиксо әдісі топтық жұмыс бойынша мәтінмен жұмыс жасауды ұсынып жоспарға енгіздік.Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

Осы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.

Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін сыныпқа ағылшын тілі пәні бойынша №2 зерттеу сабағының Джиксо әдісі жұппен жұмыс бойынша мәтінмен жұмыс жасауды ұсынып жоспарға енгіздік жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша бір оқушыны бақылайтын үш бақылаушы болды.

Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.

1 зерттеу сабағы Ағылшын тілі сабағында: Сабақтың тақырыбы: « » болды. Оқушыларға мәтін таратылды, тапсырма мәтінге тақырып қою және мәтіннің түсінігін өз сөзімен түсіндіру мәтінің негізгі ойын жеткізу, « Джиксо » әдісі арқылы оқып түсіну болды. Нәтижеде, А оқушылары – өз деңгейінде түсіндіре алды , ал В оқушылары – түсінгенін еркін айта алмады сөздік қорының аз екені байқалды.С оқушылары – өз ойын еркін айта алмады тек оқып шығумен шектелді.Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын «Джиксо» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, «Интервью» әдісін жұппен жұмыста қолдануды жоспарладық. №2 зерттеу сабағына тоқталсақ,Сабақтың тақырыбы: « » болды. Пән мұғалімі де осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, мәтін не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдап айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық.

А оқушылары – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.

3 зерттеу сабағы. Сабақтың тақырыбы: « ». Бұл сабақта «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдандық. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар мәтінге ат қойып өз сөздерімен мәтінің негізгі ойын айтты . Сабақты бекіткенде, мәтінді өмірмен салысиыра отырып нақты дәйектер бере алды,оқушылардың қызығушылығын артты. А оқушылары – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.

Қорытынды: Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасын түсінеді және зерттеушілерге айналады.

Оқушының оқуы жақсарады.

Функционалдық сауаттылығы дамиды.

Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік. Сабақты зерттеу (Лессон Стади)оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!