Материалдар / "Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар" 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып "Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар" тақырыбы бойынша сабақ жоспары ұсынылып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2022
541
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семей қаласы «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42ЖОББМ» КММ

Каупбаева А.К

химия пәні мұғалімі



Химия пәні 7 сынып

ІI тоқсан

Сабақтың нөмірі: 1

Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар.


Мақсаты: 7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу

Бөлім:

7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар


Педагогтің аты-жөні:

Каупбаева А.К

Күні:

10.11.2021

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Атомдар мен молекулалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Атом заттың ең кіші бөлшегі екенін біледі;

Көпшілік оқушылар үшін:

Молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екенін біледі

Кейбір оқушылар үшін:

Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын біледі



Үй тапсырмасын сұрау. «Терминдер» кестесі

1-термин

2- термин

3-термин

Балқу

Булану

Сублимация

Кристалдану

Конденсациялану

Десублимация


Жаңа тақырып

Оқулық-7-сынып 40-42 беттерден оқушылар оқып шығады.Содан видео көріп болған соң, тақырып талданады. «Ситуациялық талдау» әдісі



1.Видеоматериал көрсету. /видео туралы қысқаша түсінік/ Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

BilimLаnd сайты

https://www.youtube.com/watch?v=qKD6_9k0vwg

https://www.youtube.com/watch?v=jzCt4D5gHts


2. .Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Атом-молекулалық ілімін дамытып, оны алғаш химия ғылымында қолданған – ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов. . Бейнекөрсетілімді оқушылар көре отырып, өздік білімдерін жетілдіріп, керекті материалды өздеріне түртіп жазып отырады.



Заттың қасиеттері мен құрамы сақталатын ұсақ бөлшектері молекулалар деп аталады. Молекулалар химиялық реакция барысында ыдырайды. Яғни, олар химиялық бөлінетін бөлшектер.

Атомдар – заттың химиялық бөлінбейтін ұсақ бөлшектері. Атомдар өзара бірігіп молекула түзеді. Молекулалар атомдарға ыдырайды.



Заттарды жай заттарға жіктеу арқылы олардың құрамын анықтау әдісі анализ деп аталады.

Атомдардың бір түрінен түзілетін заттар жай заттар деп аталады. Мысалы: мыс, темір, күкірт, оттек т.б

Атомдардың әр түрінен түзілген заттар күрделі заттар деп аталады. Олар: қант, су, сода тб

Күрделі заттар химиялық қосылыстар деп аталады.



3.Оқушыларға арналған тапсырмалар

Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/

1-тапсырма

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі атты тапсырмамен жұмыс жасаймыз

1. ............. денелерді құрауыштар.

2. Олар ұсақ бөлшектер ................ құралады.

3. Олар бірігіп ................. құрайды.

4. Сутек пен оттек әрекеттескенде ........... түзіледі. Мұнда Прусттың .......... заңы сақталады.

5. Екі молекула сутекпен бір молекула оттек әрекеттескенде екі молекула су түзіледі. Мұнда М.В.Ломоносовтың ........... заңы сақталады.

6. Бірнеше элемент атомдарынан .......... заттар деп атайды.

7.Бір элемент атомдарынан ..........заттар деп атайды.


2-тапсырма

Төменде берілген сөйлемді анықтаңыз


Атом дегеніміз-------------------------------------------------------------------------

Молекула дегеніміз-------------------------------------------------------------------




3-тапсырма

Атом мен молекуланың айырмашылығын айтып, «Иә» «Жоқ», кестені толтырыңыз.


Атом Молекула

Құрамы



Электр зарядының болуы



Жеке бола алуы



Ары қарай бөлінуі




Кері байланыс: әр тапсырмадан соң , жасалынып отырады.



Сабақтың рефлекциясы 0%, 50%, 100 %. Сабақты қаншалықты меңгергенін осы позицияны таңдау керек.


Үй тапсырмасы: 5 параграфты оқуға, 4 бет 4,5-жаттығу.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!